Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор орэт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.36 Mб
Скачать

Dsl технологиясы

DSL технологиясы стандартты телефондық жолдарындағы қолданылмаған жиіліктік диапазонында мәліметтерді беруді қарастырады. Мыс кабельдерінде дауысты беру үшін тек ғана 4кГц жиілік диапазоны қолданылады. Стандартты DSL орнату кезінде жол мен тұтынушы жабдықтау арасында сплиттер (раздвоитель) орнатылады. Сплиттер дауысты тасымалдайтын төменжиілікті сигналды және мәліметтерді тасымалдайтын жоғары жиілікті сигналдарын ажыратады.

DSL технологиясы стандартты телефондық жолдарындағы қолданылмаған жиіліктік диапазонында мәліметтерді беруді қарастырады. Мыс кабельдерінде дауысты беру үшін тек ғана 4кГц жиілік диапазоны қолданылады. Стандартты DSL орнату кезінде жол мен тұтынушы жабдықтау арасында сплиттер (раздвоитель) орнатылады. Сплиттер дауысты тасымалдайтын төменжиілікті сигналды және мәліметтерді тасымалдайтын жоғары жиілікті сигналдарын ажыратады.

хDSL (digitalsubscriberline, цифрлық абоненттік желіжол) – дабылды цифрлық өңдеу әдістері мен қоғамдық пайдаланатын телефон микроэлетрониканың заманауи жетістіктерінің негізінде желіжолдардың бұрмалануын түзетудің бейімделген әдістерін мен тиімді желіжол қодтарын пайдалану арқылы желілерінің абоненттің желіжолдарының өткізу қабілеттігін мейлінше арттыруға мүмкіндік беретін технологиялар жиынтығы.

xDSL аббревиатурасында «х» символы нақты технология атауында бірінші символды білдіру үшін қолданылады, DSL абоненттік цифрлық желіжол DSL DSL (ағылш. Digital Subscriber Line— цифрлық абоненттік желіжол) білдіреді. хDSL технологиясы ең үздік ұқсас және цифрлық модемдерге қолжетімді жылдамдықтан мейлінше артық жылдамдықпен деректерді таратуға мүмкіндік береді.

Бұл технологиялар дауысты беруді, видеодабылдар мен жоғары жылдамдықты деректерді таратуды қолдайды, сонымен қатар провайдерлер үшін де, абоненттер үшін де барынша артықшылықты қалыптастырады.  Көптеген хDSL технологиялары бір және сол мыс жұп бойынша дауысты беру және жоғары жылдамдықты деректерді таратуды қоса орындауға м.мкіндік береді. хDSL технологиясының қолданыстағы типі негізінен деректерді тарату жылдамдығы мен пайдаланылатын модуляция үлгісі бойынша ажыратылады. хDSL негізгі типіне ADSL, HDSL, IDSL, MSDSL, PDSL, RADSL, SDSL, SHDSL, UADSL, VDSL жатады.

xDSL-жеткізу варианттары

HDSL және ADSL көмегімен байланыс жолдарын ұймдастыру сұлбалары көрсетілген. HDSL әрбір жолының аяғында бірдей құрылғылар қолданады. ADSL модемдер қолданған жағдайда қосымша жабдықтау қажет болады - сплиттерлер (мәліметтер және дауыс каналдарын ажырататын фильтр) және мәліметтер жіберу желілеріне қосатын мультиплексорлар DSLAM (Digital Subscriber Loop Access Multiplexer).

8-билет

1. Диодтар. Оның атқаратын қызметі және түрлері

2. Hpna технологиясы

3. Цифрлық аналогтық түрлендіргіштің негізгі параметрлері

ДИОДТАР. Оның атқаратын қызметі және түрлері

Дио́д (көне грекше: ди— екі және –од  шекті)  — екі электродты, электр тогының бағытына байланысты әр-түрлі өтімділігі бар электронды аспап (прибор).

1. Екі электродты электровакуумдық аспап немесе жартылай өткізгіштік диод, токты бір бағытта өткізетін құрал.Радиоаппаратураларда айнымалы токты түзету, модуляцияланған тербелістерді детекторлеу, жиіліктерді өзгерту, электр тізбектерін қайта қосу үшін қолданылады.

2. Екі электродты вакуумдықгазразрядты немесе шалаөткізгіш аспап; электр тогы бағытына байланысты өткізгіштігі әр түрлі болады: тура бағыттагы токтар үшін өткізгіштігі жоғары және кері бағыттағы токтар үшін — төмен. Электр және радиоэлектрондық аппараттарда айнымалы токты түзету, детекторлеу, электр тербелістерін түрлендіру, электр тізбектерін ажыратып-қосу үшін қолданылады.

Импульсті диодтар деп , 1 мкс оданда аз уақыттың  қосылуларында  жұмыс істей алатындарды  айтады.  Импульстік диодтарды аз уақытқа  созылған импульстердің  жұмыс істейтін схемадағы элементтер ретінде қолданады, сондықтан оларды қосқан кезде аз интеграциясына ие болуы керек. Импульстік диодтардың  құрамы мен параметрлері оларда болып жатқан процестермен анықталады.

Фотодиод — жұмыс істеу қағидасы ішкі фотоэффектіге негізделген, р-п өткелінен тұратын және екі шықпасы бар фотоэлемент. Фотодиод екі режімде жұмыс істей алады: сыртқы кернеу қосылмаған фотогальваникалық және оған кері кернеу қосылған фотодиодтық күйде. Фотодиод автоматика жүйелері мен басқа техника қондырғыларында, индикаторлық құрылғыларда, электр қозғаушы күші ретінде жарық ақпаратын электрлікке түрлендіру үшін қолданылады.

Шалаөткізгіш диод (орыс.Полупроводниковый диод) — бір электронды-кемтікті өткелі (р — n өткелі) немесе Шоттки өткелі (металл-шалаөткізгіш түйіспесі) бар екі электродтышалаөткізгіш аспап. Көбіне өткелдің бір жақты өткізгіштігі пайдаланылады және шалаөткізгіш диод тұрақты ток немесе төменгі жиілікті айнымалы тізбегіндегі әрекеті оның вольт-амперлік сипаттамасы бойынша анықталады. Шалаөткізгіш диодтың бір жақты өткізгіштігі мен вольтамперлік сызықты емес сипаттамасы түзеткіштік, детекторлық, түрлендіргіштік диодтарда пайдаланылады. р — n еткелінің тесіліп-ойылуына байланысты құбылыстар негізінде стабилитрондар, ағынды-үшпалы-диодтар жұмыс істейді. Варикаптың жұмысы негізінде р — n өткелінің тосқауылдық сыйымдылығы пайдаланылады. Концентрациясы жоғары шалаөткізгіштегі р- n өткелінде пайда болатын туннельдік эффект, туннельдік және қайтарылған диодтарда қолданылады. Конструкциясы жагынан Шалаөткізгіш диодтың негізгі екі тобы бар: жалпақ және нүк телік. Жасалу технологиясы бойынша диодтар балқыма, диффузиялық, планарлық және т.б. болып белінеді

Түзеткіш шалаөткізгіш диод ( орыс.Выпрямительный полупроводниковый диод) — айнымалы токты бір таңбалы бұлкілдеген токқа түрлендіруге арналған шалаөткізгіш диод. Түзеткіш шалаөткізгіш диодтың жұмыс істеу әрекеті электронды-кемтіктік өткелдің (р-n өткелінің) немесе металл-шалаөткізгіш түйіспесі өткізгіштігінің сыртқа берілген кернеудің шамасы мен таңбасына тәуелділігін пайдалануға негізделген. Түзеткіш шалаөткізгіш диод тура кернеу бергеңде ШО еткелдің потенциалдық тосқауылы темендеп, диод арқылы ететін үлкен тура ток жүреді. Егер диодты кері бағыттағы кернеуге қоссақ, онда потенциалдық тосқауыл есіп, диод арқылы ететін ток нелге жақындайды. Сөйтіп, түзеткіш шалаөткізгіш диод қосылған электр тізбегі арқылы ток тек қана бір бағытта жүреді. Түзеткіш шалаөткізгіш диодты, көбіне шалаөткізгіш кристалдан жасайды (Ge, Si, Se жене т.б.). Түзеткіш шалаөткізгіш диод өнеркәсіптік радиоэлектрондық аспаптар мен жүйелерді қоректендіретін ток түзеткіштерінде, тұрмыстық электрондық аппараттарда, зарядтайтын құрылғыларда, электр сигналдарын түрлендіргіштерде және т.б. кеңінен қолданылады

ДИОДТЫҢ БЕЛГІЛЕНУІ

Жартылай өткізгішті диод. Диод деп бір р-n –ауысудан тұратын жартылай өткізгішті приборларды айтады. Диодтың құрылысын арнайы дайындалған кесте көмегімен түсіндіріп, оның жұмысын тәжірибе жасап көрсеткен тиімді.

Әрі қарай диодтың вольт-амперлік сипаттамасы қарастырылады. Токты өткізу бағытында кернеуге байланысты ток жылдам өседі де, жапқыш бағытта ток аз және кернеуге айтарлықтай тәуелді емес. Графиктен р-n – ауысудағы токтың Ом заңына бағынбайтығын байқауға болады. Жартылай өткізгішті диодтардың айнымалы токты түзету үшін қолданылатындығы айтылады. Сонымен қатар әр түрлі мақсаттарда диодтардың радио – техникада, автоматикада, телемеханикада, кеңінен қолдалынып келе жатқандығын айту керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]