- •Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні, міндеттері және маңызы.
- •Қылмыстық құқықтың принциптері.
- •Қылмыстық құқықтың жүйесі мен өзге құқық салаларымен байланысы.
- •Қылмыстық құқықтың қызметі.
- •Қылмыстық заңның түсінігі, жүйесі мен құрылымы.
- •Гипотеза. Диспозиция. Санкция. Түсінігі мен түрлері.
- •Қылмыстық саясат.
- •Қылмыстық заңның кері күшінің қағидалары.
- •Қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі әрекеті.
- •10. Қылмыстық заң нормаларын түсіндіру ұғымы, түрлері және тәсілдері.
- •11. Қылмыстың ұғымы және белгілері.
- •12. Қылмыстарды жіктеу.
- •13. Қылмыстың санаттары.
- •14. Территориялдық пен азаматтық принциптер.
- •15. Қылмыстың өзге құқық бұзушылықтардан айырмашылығы.
10. Қылмыстық заң нормаларын түсіндіру ұғымы, түрлері және тәсілдері.
Қылмыстық заңдарды талқылау түрлері:
Талқылау субъектілеріне байланысты: ресми – заң бойынша өзіне жүктелген өсы міндетті атқаруға құзіретті органның өзі жүзеге асырады; соттық – қылмыстық заң нормаларын қаралатын істер бойынша дұрыс қолдануға берілетін түсіндірмесі; ғылыми – ғылыми мекемелердің заңгерлердің беретін түсіндірмелері.
Талқылау көлеміне байланысты: дәлме-дәл, кең көлемді, тар көлемді.
Талқылау әдісіне байланысты: грамматикалық, жүйелі, тарихи.
11. Қылмыстың ұғымы және белгілері.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғадық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді.
Қылмыстың бiрiншi белгiсi оның қоғамға қауiптiлiгi. Қоғамға қауiптiлiк қылмыстың негiзгi материалдық белгiсi және қандай да бiр әрекеттi қылмыс деп танудың негiзi болып табылады. Әрекеттiң қоғамға қауiптiлiгi ең алдымен заңшығарушының қол сұғылатын негiзгi объектiлердi көрсетуi арқылы анықталады. Алайда, қоғамға қауiптiлiк - өзгермелi категория. Ол бiрнеше жағдайларға: iс-әрекеттiң өзiне (әрекет немесе әрекетсiздiк); қылмыстың жасалу жағдайы, орны, уақыты, тәсiлiне; қылмыскердiң жеке басының ерекшелiктерiне; қылмыстан келген зардаптың мөлшерiне; қылмыстың мақсаты мен мотивiне және т.б. жағдайларға байланысты анықталуы мүмкiн.
Қоғамға қауiптiлiктiң екi сипаты бар:
- сапалық немесе қоғамға қауiптiлiк сипаты,
- сандық немесе қоғамға қауiптiлiк дәрежесi.
Қылмыстың екiншi белгiсi - қылмыстық құқыққа қайшылық, яғни белгiлi бiр әрекетпен қылмыстық норманы бұзу. Құқыққа қайшылық қылмыстың формальды белгiсi.
Қылмыстың келесi белгiсi – кiнәлiлiк. Адамның өзi жасаған әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне қатысты психикалық қатынасы болса, оның әрекетi кiнәлi түрде жасалған деп танылады. Бұл психикалық қатынас қасақаналық немесе абайсыздық түрiнде көрiнiс табады.
Жазаланушылық - қылмыстың соңғы белгiсiн құрайды, өйткенi қылмыстық заң жазалау қатерiмен қорқытып тиым салған әрекеттi немесе әрекетсiздiктi жасау қылмыс болып саналады. Мұның өзi қылмыс құрамы туралы сипаттама тек қылмыстық заңда ғана көрсетiлгенiн және осы iс-әрекет үшiн қылмыстық заңның санкциясында жазалау қатерi қарастырылатынын бiлдiредi.
12. Қылмыстарды жіктеу.
Қазақстан қылмыстық заңындағы қылмыстарды шартты түрде мына түрлерге бөлуге болады:
I. Қол сұғушылықтың топтық объектiсiне қарай қылмыстарды он алты топқа бөледi:
Жеке адамға қарсы қылмыстар,
Отбасына жəне кəмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар;
Адамның жəне азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар;
Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;
Мемлекеттiң конституциялық құрылысына жəне қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;
Меншiкке қарсы қылмыстар;
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар;
Коммерциялық жəне өзге ұйымдардағы қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар;
Қоғамдық қауiпсiздiкке жəне қоғамдық тəртiпке қарсы қылмыстар;
Халықтың денсаулығына жəне адамгершiлiкке қарсы қылмыстар;
Экологиялық қылмыстар;
Көлiктегi қылмыстар;
Мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар;
Басқару тəртiбiне қарсы қылмыстар;
Сот төрелiгiне жəне жазалардың орындалу тəртiбiне қарсы қылмыстар;
Əскери қылмыстар.
II. Қоғамға қауiптiлiк сипаты бiртектi қылмыстарды қоғамға қауiптiлiк дəрежесiне қарай үш
түрге бөледi:
Жай қылмыстар ( ҚК 96-бабының 1-бөлiгi),
Сараланған немесе ауырлатылған қылмыстар (ҚК 96-бабының 2-бөлiгi);
Жеңiлдетiлген қылмыстар (ҚК 97-100- баптары).
III. Кiнəнiң нысаны бойынша қылмыстарды екi түрге бөледi:
Абайсыз қылмыстар;
Қасақана қылмыстар.
IV. Қылмыстың қоғамға қауiптi сипаты мен дəрежесiне қарай оларды төрт санатқа бөледi:
Ауырлығы онша емес қылмыстар,
Ауырлығы орташа қылмыстар;
Ауыр қылмыстар;
Аса ауыр қылмыстар.
