
- •Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні, міндеттері және маңызы.
- •Қылмыстық құқықтың принциптері.
- •Қылмыстық құқықтың жүйесі мен өзге құқық салаларымен байланысы.
- •Қылмыстық құқықтың қызметі.
- •Қылмыстық заңның түсінігі, жүйесі мен құрылымы.
- •Гипотеза. Диспозиция. Санкция. Түсінігі мен түрлері.
- •Қылмыстық саясат.
- •Қылмыстық заңның кері күшінің қағидалары.
- •Қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі әрекеті.
- •10. Қылмыстық заң нормаларын түсіндіру ұғымы, түрлері және тәсілдері.
- •11. Қылмыстың ұғымы және белгілері.
- •12. Қылмыстарды жіктеу.
- •13. Қылмыстың санаттары.
- •14. Территориялдық пен азаматтық принциптер.
- •15. Қылмыстың өзге құқық бұзушылықтардан айырмашылығы.
Қылмыстық саясат.
Қылмыстық саясаттың мазмұны – қылмыстық заңдарды қолданудың мiндеттерiн, қылмыстан сақтандырудың тиiмдi жолдарын табу, қылмыстылықпен күресуде заңдылық қағидаларын сақтау. Ауыр қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын қылмыстық шараларды жетiлдiру, ал керiсiнше, қоғамға қауiптiлiгi онша ауыр емес қылмыстарды жасағандарға қоғамнан оқшауламай-ақ қолданылатын шараларды белгiлеу болып табылады.
Қылмыстық заңның кері күшінің қағидалары.
Белгiлi бiр қылмыс үшiн қылмыстық жауаптылық сол қылмыстық әрекет жасалған уақытта қолданылған қылмыстық заңмен белгiленедi. Алайда, осы қылмыстық заңды уақытта қолдану бойынша бiр ерекше жағдай бар, ол қылмыстық заң осы заң күшiне енгенге дейiн жасалған әрекеттерге де қолдану мүмкiндiгiн қарастырады. Бұл жағдайды қылмыстық заңның керi күшi деп атайды. ҚР Қылмыстық Кодексiнiң 5-бабына сәйкес: Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңiлдететiн немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яғни осындай заң күшiне енгенге дейiн тиiстi әрекет жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға қолданылады деп көрсетiлген.
Қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі әрекеті.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңының кеңiстiкте қолданылуы мынадай төрт принциптерге негiзделедi:
Территориялдық принцип,
Азаматтық принцип;
Универсалды принцип;
Реалды принцип.
Территориялық принципке сəйкес, Қазақстан Республикасы ның территориясында жасалған барлық қылмыстар үшiн жауаптылық ҚР Қылмыстық кодексi бойынша туындайды. ҚР Қылмыстық кодексiнiң күшi Қазақстан Республикасының барлық территориясына таратылады.
Қылмыстық заңның кеңiстiкте қолданылуының азаматтық принципi бойынша Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары жəне ҚР тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар ҚР ҚК бойынша тек мына жағдайларда жауаптылыққа тартылады:
а) егер олар жасаған əрекет сол қылмыс жасаған мемлекетте қылмыс деп танылса;
б) егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса.
Шетел азаматтары жəне ҚР тұрақты тұрмайтын азаматтығы жоқ адамдар ҚР тыс жерде жасалған қылмыстар үшiн ҚР ҚК бойынша жауаптылыққа тартылмайды. Алайда, ерекше жағдай ретiнде ҚК-тiң 7-бабының 4-бөлiгiнде қарастырылған қылмыстық заңның реалдық принципi бойынша ҚР тыс жерлерде қылмыс жасаған шетел азаматтары ҚР мүдделерiне қарсы бағытталған қылмыс жасаған жағдайларда жəне ҚР халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса, ҚР ҚК бойынша жауаптылыққа тартылады.
Қылмыстық заңның универсалды принципi халықаралық қылмыстармен немесе халықаралық сипаттағы қылмыстармен (терроризм, кепiлге алу, əуе кемелерiн айдап əкету жəне т.б) күресу үшiн барлық мемлекеттердiң мүдделерiн ортақтастыру дегендi бiлдiредi. Осы принципке сəйкес Қазақстан Республикасы өзi мүше болып табылатын халықаралық конвенцияларды орындауға мiндеттi.
Қылмыстық жауаптылық туралы заңды дұрыс қолдану үшiн ең алдымен, қылмыстың жасалу уақытын, екiншiден, қылмыстық заңның қолдану уақытын анықтап алу қажет. ҚР ҚК-тiң 4-бабында заңшығарушы қоғамға қауiптi iс-əрекет жүзеге асырылған уақыт, зардаптың басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасалған уақыт деп нақты атап көрсеткен. Яғни, кез келген қылмыс түрi үшiн (материалдық, формальды, келте) қоғамға қауiптi əрекет немесе əрекетсiздiк жасалған уақыт қылмыстың жасалу уақыты деп танылады. Ал қылмыстық құқықта жасалу уақытының ұзақтығына қарай бөлiнетiн жалғаспалы жəне созылмалы қылмыстарда қылмыстың жасалу уақыты басқаша анықталады.
Əрекеттiң қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол əрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгiленедi, яғни тек заңды күшiне енген қылмыстық заң ғана қолданылады. Заңның күшiне енуi деп оның барлық мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес органдар, ұйымдар жəне азаматтар үшiн мiндеттi болу сəтiн түсiну қажет.
Заңның күшiне енуi туралы бiрнеше ережелер бар:
Егер заң құқық саласының негiзгi заңы ретiнде танылса, онда заңның күшiне ену мерзiмi сол заңның текстiнде тiкелей көрсетiледi жəне сол көрсетiлген уақытта күшiне енедi. Мысалы, ҚР Қылмыстық Кодексiн күшiне енгiзу туралы сол заңның өзiнде тiкелей көрсетiлген.
Егер заңның өзiнде заңның күшiне ену уақыты көрсетiлмесе, ресми басылымдарда жарияланғаннанкейiн 10 күн мерзiм өткен соң күшiне енедi. Мұндай ресми басылымдарға ҚР Парламентiнiң ведомстволары, ″Егемен Қазақстан″, ″Казахстанская правда″, ″Заң″, ″Юридическая газета″ басылымдары жатады.