Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ugolovnoe_pravo_-_zhalpy.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
90.62 Кб
Скачать
  1. Қылмыстық құқықтың қызметі.

Қылмыстық құқықтың негiзгi мақсаты қылмыскердi жазалау немесе белгiлi бiр мемлекетте, қоғамда қауiптi болып табылатын əрекеттi жасағаны үшiн қаралау емес, керiсiнше, қоғамға қауiптi əрекеттердi болдырмау жəне қылмыстың алдын алу болып табылады жəне бұл жөнiнде қылмыстық заңда көрсетiлуi тиiс. Ал осы негiзгi мақсатқа қол жеткiзу үшiн қылмыстық заң мынадай негiзгi мiндеттердi алдына қояды:

  1. қылмыстық жауаптылықтың қағидалары мен шарттарын анықтау,

  2. қылмыстық жауаптылықтың негiзiн анықтау;

  3. қылмыс ұғымының жалпы белгiлерiн анықтау;

  4. қоғамға қауiптi əрекеттердiң шеңберiн анықтау;

  5. қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын жаза түрлерiн анықтау.

  1. Қылмыстық заңның түсінігі, жүйесі мен құрылымы.

Қылмыстық заң - қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен принциптерiн бекiтетiн, қоғамға қауiптi əрекеттердiң қайсысы қылмыс болып табылатындығын жəне оларды жасағаны үшiн қандай жазалар қарастырылатынын анықтайтын, сонымен бiрге қандай жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату мүмкiн екендiгiн белгiлейтiн заңдық нормалардан құралған мемлекеттiк билiктiң өкiлеттi органы қабылдаған нормативтi акт.

Қылмыстық заң алдына екi үлкен мiндет қояды:

Бiрiншi мiндет – адамды, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн, сонымен бiрге адамзат пен бейбiтшiлiктi қорғау мақсатында қылмыстылықпен қылмыстық - құқықтық күрес жүргiзу.

Екiншi мiндет - қылмыстардың алдын алу. Ол жалпы жəне жеке (арнайы) алдын алуды қамтиды.

Жоғарыда аталған мiндеттердi шешу үшiн қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен принциптерiн анықтап, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай əрекеттер қылмыс болып табылатындығын айқындайды, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын белгiлейдi.

Қылмыстық заңның құрылымы деп белгiлi бiр техникалық ережелерге бағынған заң шығарушының еркiн бiлдiру формасын түсiну қажет. Қылмыстық заңның мазмұны мен мағынасын дұрыс түсiну оны құрайтын элементтердiң қызметтiк рөлiн жəне өзара байланысын нақты жəне анық бiлу арқылы мүмкiн болады. ҚР қылмыстық заңы, яғни қылмыстық кодексi Жалпы жəне Ерекше бөлiмдерден тұрады.

  1. Гипотеза. Диспозиция. Санкция. Түсінігі мен түрлері.

Гипотеза деп белгiлi бiр мiнез-құлық ережесiн қолданудың жағдайларын анықтайтын құқық нормасының элементiн түсiну қажет. Алайда, қылмыстық құқық теориясында көптеген авторлар қылмыстық құқықтық нормадағы гипотезаның рөлiн оның диспозициясы орындайды деп тұжырымдайды. Бұл əлi де болса пiкiрталас мəселелердiң бiрi.

Диспозиция қылмыстық əрекеттi жəне оның құрамдарын анықтаушы жəне қылмыс белгiлерiн суреттеушi қылмыстық құқықтық норманың бiр бөлiгi. Басқаша айтқанда, диспозиция санкцияны қолдану мүмкiндiгi туралы алғышартты қамтиды. ҚР ҚК Ерекше бөлiмiнде диспозициялардың мына түрлерi көрсетедi: жай, сипаттамалы, сiлтемелi, бланкеттi.

Жай диспозицияда қылмыстың аты ғана аталынады. Онда қылмысты сипаттайтын белгiлер көрсетiлмейдi.

Сипаттамалы диспозиция жасалған əрекеттi қылмыс ретiнде анықтайтын бiрқатар белгiлердi қамтитын диспозицияның түрi. Сипаттамалы диспозиция қылмыстың барлық белгiлерiн заңның өзiнде нақтылап ашып көрсетедi.

Сiлтемелi диспозиция белгiлi бiр қылмыстың белгiлерiн анықтау үшiн қылмыстық кодекстiң басқа тиiстi бабына, бабының бөлiгiне немесе тармағына сiлтейтiн диспозиция ның түрi.

Бланкеттi диспозиция – нақты бiр қылмыстың белгiлерiн анықтау үшiн ол қылмысқа тиiстi түсiнiктi беретiн басқа заңдарға немесе нормативтiк актiлерге сiлтеме жасайтын диспозицияның түрi. Мұндай диспозициялар ҚР ҚК-ң экологиялық, экономикалық, транспорттық қылмыстар үшiн жауаптылықты қарастыратын тарауларында жиi кездеседi.

Құқық теориясы бойынша, санкция – тиiстi мемлекеттiк органның құқық нормасының талаптарын бұзған адамға қолданатын мəжбүрлеу шаралары.

Қылмыстық құқықтық норманың санкциясы деп диспозициядағы қылмыс үшiн қолданылатын жазаның түрi мен мөлшерiн көрсететiн элементтi түсiну қажет. Санкция белгiлi бiр Ерекше бөлiм бабының ажырамас бөлiгi. Диспозиция мен санкция арасындағы байланысты қылмыс пен жаза арасындағы тəуелдiлiктiң көрiнiсi деп айтуға болады. Санкцияның мəнi ең алдымен оның құқық нормасының талаптарын орындауды қамтамасыз ету қабiлеттiгiмен түсiндiрiледi.

ҚР Қылмыстық Кодексiнде санкцияның үш түрi көрсетiлген:

Салыстырмалы санкция – анықталған санкция, жазаның нақты түрi мен мөлшерiн көрсететiн немесе жазаның бiр шегiн белгiлейтiн санкцияның түрi.

Баламалы санкция екi немесе одан да көп жазаның түрiн көрсететiн санкция.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]