
- •Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні, міндеттері және маңызы.
- •Қылмыстық құқықтың принциптері.
- •Қылмыстық құқықтың жүйесі мен өзге құқық салаларымен байланысы.
- •Қылмыстық құқықтың қызметі.
- •Қылмыстық заңның түсінігі, жүйесі мен құрылымы.
- •Гипотеза. Диспозиция. Санкция. Түсінігі мен түрлері.
- •Қылмыстық саясат.
- •Қылмыстық заңның кері күшінің қағидалары.
- •Қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі әрекеті.
- •10. Қылмыстық заң нормаларын түсіндіру ұғымы, түрлері және тәсілдері.
- •11. Қылмыстың ұғымы және белгілері.
- •12. Қылмыстарды жіктеу.
- •13. Қылмыстың санаттары.
- •14. Территориялдық пен азаматтық принциптер.
- •15. Қылмыстың өзге құқық бұзушылықтардан айырмашылығы.
Қылмыстық құқық (жалпы бөлім) – Сейдуалиева Айжан Нурмухановна
Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні, міндеттері және маңызы.
Қылмыстық құқық — құқық саласы ретінде заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тəртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан жəне жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Қылмыстық құқықтың пәні – қылмыстың жасалуы кезінде, оны жасаушымен жəне құзіретті органдар немесе мемлекет арасындағы (құқықтар жиынтығы мен міндеттері) қарым-қатынастар.
Қылмыстық Кодекстің міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтанқорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай əрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді.
Қылмыстық құқықтың принциптері.
Қылмыстық құқықтың қағидалары деп – қылмыстық құқықты басшылыққа алатын оның нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастауларды айтамыз.
Қылмыстық құқықтың негізгі принциптеріне мыналар жататады:
1. Заңдылық принципі – бұл принциптің мәні қылмыс пен күресуді заң шеңберіндегі, оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып жүргізуді білдіреді. Ешкімде соттың үкімінсіз, заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды.
2. Адамдардың заң алдындағы теңдігі принципі – бұл принцип адамның тегіне, ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, тіліне, дінге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді.
3. Жауаптылық принципі – бұл принцип бойынша кез келген адам лауазымдық және басқа да жағдайларға қарамастан өзінің істеген қылмысы үшін нақты жауаптылықты мойындауы қажет.
4. Әділеттілік принципі – бұл принциптің мәні қылмыстық жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.
5. Демократизм принципі – бұл принциптің мәні сот төрелігін жүзеге асыру барсында істі қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу, егер қажет етсе аудармашының көмегімен қамтамасыз етуді білдіреді.
6. Гуманзим принципі – бұл принциптің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайыедап, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға неғұрлым ауыр жаза тағайындаудан тұрады.
7. Интернационализм принципі – бұл принцип ұлттық теңдікті бұзғаны үшін, басқа мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауакершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.
Қылмыстық құқықтың жүйесі мен өзге құқық салаларымен байланысы.
Қылмыстық құқықтың жүйесi Жалпы жəне Ерекше бөлiмдерден тұрады. Жалпы бөлiмде қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсiнiгi мен мiндеттерi, қылмыстық жауаптылықтың негiздерi мен одан босату негiздерi, қылмыс құрамының түсiнiгi, қылмыстық заңның кеңiстiктегi жəне мезгiлдегi күшi, қылмыс жасау сатылары туралы ұғым мен қылмысты қатысып жасау, жаза жəне оның мақсаты мен жүйелерi, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жазадан босатудың басты мəселелерi зерттеледi. Ерекше бөлiмде нақты қылмыс құрамдары жəне оларды жасағаны үшiн белгiленген жаза түрлерi көрсетiледi. Жалпы жəне Ерекше бөлiм өзара тығыз байланысты сондықтан осы екi бөлiмнiң жиынтығы қылмысты құқықты құрайды.
Қылмыстық құқық ғылымы – заң ғылымдарының құрамдас бөлiгi. Ол қылмыстық заң туралы түсiнiктердiң, олардың əлеуметтiк тиiмдiлiгiн, оның даму жəне жетiлдiру заңдылықтары мен тенденциялары жөнiнде, қылмыстық құқықтың қағидалары жəне тарихы туралы қылмыстық құқықтық көзқарастар мен ой-пiкiрлердiң жүйесiн құрайды. Қылмыстық құқық ғылымының негiзгi зерттеу обьектiсi қылмыстық заң жəне оның құқық қолдану органдары тəжiрибесiнде дұрыс қолдануын, жаза тағайындаудың, қылмыстылықпен күрес жүргiзудiң ғылыми негiздерiн белгiлеу болып табылады. Осы күрделi мəселелердi зерттеуде қылмыстық құқық ғылымы криминология, қылмыстық-
атқару құқығы, құқықтық статистика, криминалистика, қылмыстық iс-жүргiзу құқығы, сот психологиясы, сот психиатриясы жəне басқа да заң ғылым салаларымен тығыз байланысты. Бұл ғылым салаларының ортақ мiндетi - қылмыстылықпен күрес проблемасын шешу, оны азайтудың жəне одан сақтандырудың жолдары мен əдiстерiн зерттеу болып табылады.