- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •6М030100-заңтану мамандығының(тарының) білім алушылары үшін
- •1. Курсты жүргізетін оқытушы туралы мәліметтер:
- •4.Оқу пәнінің переквизиттері мен постреквизиттері:
- •Переквизиттері:
- •Постреквизиттері:
- •5 Оқу пәнінің сипаттамасы
- •5.2 Оқу пәнінің мақсаты:
- •5.3. Пәнді оқыту міндеттері:
- •5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары:
- •6 . Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •6.2. Қосымша әдебиеттер:
- •8.Оқу пәнінің саясаты.
- •Ііі. Дәріс кешені Пәннің тақырыптары бойынша дәріс мәтіні.
- •1 Заңды тұлғаның ұғымы,ғалымдардың пікірлері.
- •2 Заңды тұлғаның белгілері.
- •3 Ұйымдық бірлік.
- •1 Заңды тұлғаның органдары.
- •2 Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері.
- •1 Заңды тұлғаның пайда болуы (құрылуы)..
- •2 Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы.
- •Тақырып 4 Заңды тұлғалардың түрлері.Коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар.
- •Жоспары:
- •1 Заңды тұлғалардың түрлері.
- •2 Коммерциялық заңды тұлғалар.
- •3 Коммерциялық емес заңды тұлғалар.
- •4 Қоғам акционерінің құқықтары. Қоғам акционерінің міндеттері.
- •6 Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам
- •1 «Кәсіпорын» терминінің ұғымы
- •2 Мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері
- •3 Негізгі кәсіпорын
- •2 Мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері.
- •V семинар сабақтарының жоспары
- •VI. Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсыныстар
- •4. Пікір-таласқа арналған тақырыптар мен сұрақтар
- •VII. Студенттің өзіңдік жұмысына арналған материалдар
- •1. Білім алушылардың еңбек көлемі анықталған өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •2. Семинар, практикалық немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау тақырыптар мазмұны
- •VIII. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылаумен бағалауға арналған материалдар
6 Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам
Бір заңды тұлға келесі заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады. Қазақстан заңдары басқа заңдардың ішінен құқықтық реттеу ерекшеліктеріне қарай құрылтайшыларымен айрықша байланысы болатын ұйымның екі түрін - еншілес ұйым мен тәуелді акционерлік қоғамдарды бөліп көрсетеді. Олардың ерекшеліктері ҚР АК Жалпы бөлімінің 2-тарауындағы 2-параграфтың 4-бөлігінде бейнеленген. Мұнда кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық ұйымның еншілес ұйым бола алатынын ескеру керек.
Жарғылық капиталының басым бөлігін басқа заңды тұлға (бұдан әрі - негізгі ұйым) қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымнын қабылдайтын шешімдерін айқыңдай алатын заңды тұлға еншілес ұйым болын табылады.
Еншілес ұйым өзінің негізгі ұйымының борыштары бойынша жауап бермейді. Еншілес ұйымдар басқа субъектінің шаруашылық қызметіне толық бақылау жүргізу үшін құрылады. Сондықтан бақылаушы ұйымдар тарапынан асыра сілтеушіліктер мен алаяқтыққа жол бермеу мақсатында мынадай ережелер енгізілген: еншілес ұйыммен жасасқан шарт бойынша (не өзгедей түрде) оған міндетті нұсқаулар беруге құқылы негізгі ұйым онымен осындай нұсқауларды орындау үшін жасалған мәмілелер бойынша еншілес ұйыммен қосалқы (субсидиарлық) жауапты болады. Негізгі ұйымның кінәсынан еншілес ұйым банкрот болған жағдайда негізгі ұйым оның борыштары бойынша қосалқы жауапты болады. Егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, еншілес ұйымның қатысушылары негізгі ұйымнан оның кінәсынан еншілес ұйымға келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқылы (АК-ның 94-бабының 1—3-тармақтары).
Тәуелді акционерлік қоғам өзінің мазмұны жөнінен еншілес ұйымға жақын келеді. Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының 20 пайызынан астамы басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанікі болса, ол тәуелді қоғам деп танылады. Басымырақ (қатысушы) заңды тұлға тәуелді акционерлік қоғам акцияларының тиісті бөлігін сатып алғаны туралы мәліметті заң құжаттарында көзделген тәртіп бойынша дереу жариялауға міндетті.
Тәуелді акционерлік қоғам сондай-ақ өзінің басым қоғамының акцияларын сатып ала алады. Бұл жағдайда қоғамдардың бір-бірінің капиталына өзара қатысуы көзделеді. Заңның бұзылуына жол бермеу және алаяқтықтан қорғау мақсатында бұл жағдайды реттейтін нормалар бар. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың бір-бірінің шығарылған жарғылық капиталдарына өзара қатысуы әрбір шығарылған жарғылық капиталдың 25 пайызынан аспауға тиіс. Бір-бірінің шығарылған жарғылық капиталына өзара қатысатын акционерлік қоғамдар басқа қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында 25 пайыздан артық дауысты пайдалана алмайды.
Бақылау сұрақтары:
1 Ашық акционерлік қоғам ерекшеліктері
2 Акция ұғымы
3 Акционерлік қоғамның органдары
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім I – том. Алматы 2005 жыл.
2. Сулейменов М.К. Басин Ю.Г. Гражданское право ( академический курс). Алматы. Баспа 2002ж.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі / Ерекше бөлім/.- Алматы: ЮРИСТ,2010.- Б.151- 164.
Тақырып 7 Өндірістік кооператив
Дәріс мақсаты:Өндірістік кооперативтің өзекті мәселелерін айқындау түрлерін ашып көрсету.
Жоспары:
1 Өндірістік кооператив ұғымы
2 Кооператив мүшесінің құқықтары
3 Кооператив мүшелікке тоқтатылу негіздері
4 Өндірістік кооператив мүшелері жалпы жиналысының ерекше құзіреті
1. Өндірістік кооператив.Өндірістік кооператив дегеніміз - бұл бұрынғы кезде де, қазіргі уақытта да кеңінен қолданылатын, адамдардың ұжымдық еңбегін ұйымдастырудың ескі түрлерінің бірі. Революцияға дейінгі Ресейде артельдер түріндегі өндірістік кооперативтер кең таралған болатын. Мысалы, Сібірде және Солтүстік Қазақстанда елдің ішінде сатуға және экспортқа шығаруға арналған сары майдың басым бөлігі кооперативтік май шығаратын орындарда дайындалатын.
Қазақстанда кооперативтік өндірістер қыш-құмыра және былғары өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылды және Романовтар Үйінің 300 жылдығын мейрамдау күндерінде қазақстандық делегацияның патшаға сыйға тартқан ерекше әсем әрі мықты өнделген ат әбзелдері жиынтығының сол кездегі Ақмола артельдерінің бірінде жасалуы кездейсоқтық емес еді. Жаңа экономикалық саясаттың негізін құраған кооперативтер кеңестік Ресейді күйзелістен, аштықтан және шаруашылықтың күйреуінен құтқарған басты тұтқалардың бірі болды десек артық айтқандық болмас.
Өкінішке қарай, қазіргі кезде өндірістік кооперативтер Қазақстан экономикасынан өзіне лайықты орын алмай отыр. Оның көптеген себептері бар, олардың біреуі - кооперативтердің құрылуы мен қызмет етуінің тиісті құқықтық негізінің болмауы. Қазіргі уақытта, Азаматтық кодекстің қабылдануына (оған арнайы бөлім арналған) және өндірістік кооператив туралы заңның шығуына байланысты жағдай өзгеріп, кооперативтердің сандық және сапалық жағынан өсуі байқалды.
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады (АК-ның 96-бабының 1-тармағы). Өндірістік кооператив заңды тұлға болып табылады және коммерциялық ұйымдардың қатарына жатады.
Өзінің еңбекке қатысуы (жай айтқанда, кооператив мүшесі онда жұмыс істеуге тиіс) факторы өндірістік кооперативтің акционерлік қоғамнан және шаруашылық серіктестіктен айырмашылығы болады, ал кейінгілердің қатысуы ақша енгізумен аяқталатын, қатысушының оларда жұмыс істеуі міндетті емес болатын. Басқаша айтқанда, өндірістік кооператив дегеніміз - бұл ең алдымен, еңбек бірлестігі, ал шаруашылық серіктестік - бұл ең алдымен капиталдар бірлестігі. Өндірістік кооперативтердің демократиялық және халықтық сипаты, міне, осы жағымен айқындалады, оларды қомақты ақша қаражаттары болмағанымен, жұмыс істей алатын жұмыс істегісі келетін азаматтар құра алады.
Заң шығарушылардың өндірістік кооперативтер кызметінің негізгі принциптерін көрсету керек деп есептеуі кездейсоқ жағдай емес, олар осы арқылы кооперативтер қызметінің коомерциялық ұйымдар ретіндегі ерекшелігін ерекше атайды. Мәселен, Өндірістік кооператив туралы заңның 1-1-бабына сәйкес өндірістік кооперативтерді құрудың және олардың қызмет етуінің негізгі принциптері мыналар болып табылады: - кіру және шығу еркіндігі;
— мүліктік жарна енгізу міндеттілігі;
— басқарудың демократиялылығы;
— өзара жәрдем көрсету және оның мүшелері үшін экономикалық пайда табуды қамтамасыз ету;
— өндірістік кооперативтің қызметі туралы ақпараттарды алу мүмкіндігі.
Өндірістік кооператив жеке кәсіпкерлік үшін заң актілерімен тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы (Өндірістік кооператив туралы заңның 2-бабы). Бұл Заңның бұрынғы қолданыста болған заңдардан принципті айырмашылығы осыңда, оларда кооперативтер үшін тыйым салынған қызмет түрлерінің арнайы тізбесі болатын (ал одан бұрынырақта кооперативтер қатаң белгіленген өндіріс салаларында ғана құрылуы тиіс деген тәртіп болған - ауылшаруашылық артельдері, балық аулайтын кеңшарлар, кәсіпшілік кооперациясы, алтын іздеушілер артельдері және т.с.с.). Сонымен бірге, кейде кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін арнайы реттеп отыратын заң актілерінде осы қызметпен айналыса алатын заңды тұлғалар түрлерінің тізбесі ішінде кооперативтер аталмайды (мысалы, банк және сақтандыру қызметі). Әлбетте, бұл Өндірістік кооператив туралы заңға қайшы келеді және ашық түрде кооперативтерді кемсітушілік болып табылады. Алайда, мұнда заңның өзінің мынаны көздеген нормасын басшылыққа алуға тура келеді: кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін арнайы реттейтін заң актілерінің ережелері Өндірістік кооператив туралы осы заңның нормаларына қайшы келетін жағдайда арнайы заң актілерінің ережелері қолданылады (Өндірістік кооператив туралы заңның 2-бабын қараңыз).
Осыған қарамастан, арнайы заңдарда кездесетін өндірістік кооперативтердің қызметін шектеу құқықтық тұрғыдан да, іс жүзінде де негізсіз және ескірген көзқарастардың көрінісі болып табылады.
Егер құрылған кооперативтің қызметі лицензияланатын қызмет түріне жататын болса, кооператив оны лицензиясы болғанда ғана жүзеге асыруға құқылы.
Өндірістік кооператив жеке тұлғалардың - құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша құрылады. Бұрын қолданылып келген заңдардың өңдірістік кооперативке жеке тұлғалардың ғана емес, сондай-ақ мүліктік салым салғанымен, әлбетте, оның қызметіне еңбекпен қатысуға тартылмайтын тұлғалардың да қатысу мүмкіндігіне жол бергенін есте ұстау керек. «Қаржылай қатысушы» деп аталатын мұндай тұлға кооперативтің материалдық жағдайын нығайтуға өзінің жарналарымен жәрдемдесуге тиіс болды. Алайда тәжірибе мынаны көрсетті: «қаржылай қатысушы» көп ретте кәсіпорындардың материалдық құндылықтары мен ақшалай қаражатын жалған құрылған кооперативтерге аудару үшін пайдаланылды, оларда мұндай құндылықтар мен қаражаттар ешқандай қиындықсыз жалған тұлғалар немесе «қаржылай қатысушы» басшыларының туыстары болған кооператив мүшелерінің өзіндік меншігіне етті. Сонымен қатар, кооператив мүшелері ретінде заңды тұлғалардың болуы осы ұйымдық-құқықтық нысан мен шаруашылық серіктестік арасындағы айырмашылықты жояды. Сондықтан ҚР Азаматтық кодексі және тұлғаларға ғана өндірістік кооперативтің құрылтайшылары (қатысушылары) болу мүмкiндігін берді.
Кооператив - бұл қашан да бірнеше адамның еңбегін біріктіретіндіктен, оны бір адам құра алмайды (оның бір адам құратын немесе бір адамнан тұратын, яғни «бір адамның компаниясы» ретінде өмір сүретін акционерлік қоғамнан айырмашылығы осында). АК-ның 96-бабының 2-тармағы кооператив мүшелерінін, саны екеуден кем болмауға тиіс деп белгілейді, бұл оның санының ең төменгі мөлшері болып табылады (Ресейде мысалы, кооператив мүшелері кемінде бесеу болуға тиіс). Мұндай шаманы белгілеудің себебі - заң шығарушылардың кооператив құру мүмкіндігін барынша жеңілдету - ол үшін екі адамның қалауы жеткілікті болады.
16 жасқа жеткен, кооператив мүшесі болуға тілек білдірген және оның қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуға қабілетті кез келген жеке тұлға өндірістік кооперативтің мүшесі бола алады.
Заң кооператив мүшелерінің оның қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуының түрлері мен әдістерін ашып көрсетпейді. Демек, бұл мәселелерді тікелей кооперативтің өзі шешеді. Мұнда еңбек шарты (келісім-шарт) бойынша жұмысшы немесе қызметші ретінде кооперативте толық жұмыс күні жағдайларында жұмыс істеу мүлде міндетті емес - кооператив қызметіне жеке өз еңбегімен қатысу қоса қызмет атқарудан тұруы мүмкін және ол негізгі жұмысынан (оқуынан) бос кезінде жүргізілуі (айтпақшы, кооперативке қіру үшін негізгі жұмыс орны немесе оқу әкімшілігінің келісімі талап етілмейді), үйге алып істейтін жұмыс сипатында, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша бір жолы және ауық-ауық орындалатын, кооперативке белгілі бір қызметтер көрсету түрінде болуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, егер ол кооперативтің мүдделеріне сай келетін болса, жеке өз еңбегімен қатысудың алуан түрі болуы мүмкін. Алайда қаңдай жағдайларда болса да, мұндай қатысу, біріншіден, кооперативке мүшеліктің міндетті шарты болады, екіншіден, ол нақты сипатта болуға тиіс. Зейнетақы жасына жеткен адамдардың кооперативке мүшелігін сақтау мүмкіндігі бұл ережедегі бірден-бір ерекшелік болып саналады.
Кәмелетке толмаған азаматтардың кооперативке кіруі үшін олардың ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімін алу талап етіледі. Бұл мынаған байланысты: кооператив қызметіне жеке өз еңбегімен қатысу оның мүшесінің еңбек қабілеттілігіне жетуін ғана емес, сондай-ақ кооперативке кіру үшін мүліктік жарна төлеуді де қажет етеді, ал бұл азаматтық-құқықтық әрекет қабілеттілігін талап етеді.
Өндірістік кооператив өзінің қызметін жарғының не құрылтай шарты мен жарғының негізінде жүзеге асырады. Өндірістік кооперативтің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын кәсіпкерлік субъектілері де өз қызметін мазмұнын ҚР Үкіметі айқындайтын үлгі жарғының негізінде жүзеге асыруы мүмкін. Бұл шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кооператив құру және оның қызметін ұйымдастыру процесін жеңілдету үшін істелген, өйткені жарғыны жекедара жасау кооперативтің болашақ мүшелерінің қолынан келмейтін арнайы танымды талап ететін айтарлықтай қиын міндет болып табылады.
Егер өндірістік кооперативтің құрылтайшылары оны құруды жарғыдан басқа, құрылтай шартымен рәсімдейтін болса, бұл шартта мыналар болуға тиіс:
- өндірістік кооперативті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және тұрғылықты жері;
- олардың аты-жөні, туылған кезі мен орны, тұрғылықты жері көрсетілген кооператив мүшелерінің дербес құрамы;
- кооператив құру қызметінің тәртібі;
- құрылтайшылардың кооператив меншігіне беретін мүліктік жарналарының құрамы мен мөлшері туралы мәліметтер;
- кооперативті құру және тіркеу үшін қызметі қажет болатын кооперативтің лауазымды тұлғаларын тағайындау (сайлау туралы шешім);
- кооперативті құру және оның жұмысын ұйымдастыру мәселелерін шешуге байланысты аталған адамдардың өкілеттіктерін айқындау;
- кооперативтің жарғысын бекіту;
- пайда мен залалды бөлу тәртібі;
- құрылтайшылардың кооперативтен шығу тәртібі.
Өндірістік кооперативтің құрылтай шартына заң актілерне қайшы келмейтін басқа да шарттар енгізілуі мүмкін.
Құрылтай шартына оның барлық құрылтайшылары қол қояды. Бұл арқылы осы кооперативті құратын барлық тұлғалардың оның болашақ қызмет жағдайларымен келісетіні және оған мүшеліктен туындайтын міндеттемелерді (оның ішінде, муліктік жарнаны енгізуге және кооператив қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуға байланысты) өздеріне қабылдайтыны баса көрсетіледі.
Өңдірістік кооператив туралы Заң құрылтай шарты коммерциялық құпияны құрайтын кұжаттардың құрамына кіреді және кооператив басқармасының шешімімен ғана, не заң актілерінде белгіленген жағдайларда мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға көрсетуге жатады деп көздейді. Демек, құрылтай құжаты кооперативтің ішкі қажеттеріне қызмет ететін және кооперативтің мүшелеріне ғана арналған өзінің қызметтік құжаты ретінде қарастырылады. Сондықтан әлде кімнің және белгілі бір мақсаттар үшін (мысалы, кооперативті мемлекеттік тіркеу процесінде) кооперативтен оның құрылтай шартын талап етуі, әрине, заңда көзделген реттерден басқа жағдайларда (мысалы, тиісті істерді қарау немесе тергеу барысында соттың немесе тергеу оргаңдарының талап етуі бойынша) заңсыз болып табылады.
Кооператив басқармасының келісімінсіз немесе рұқсатынсыз құрылтай шартының талаптарын жария еткен кооператив мүшесі немесе оның лауазымды адамы кооперативтің коммерциялық құпиясын бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін.
Өндірістік кооперативтің жарғысында мыналар туралы мәліметтер болуға тиіс:
1) кооперативтің фирмалық атауы;
2) кооперативтің тұрғылықты орны;
3) өндірістік кооперативке мүшелер қабылдау, оларды шығару тәртібі, олардың құқықтары мен міндеттері;
4) кооперативтің басқару және бақылау органдарының құрамы және құзіреті туралы, оның ішінде шешімдер бірауыздан немесе білікті көпшілік дауыспен қабылданатын мәселелер бойынша ережелерді жасау тәртібі;
5) өндірістік кооперативтің әрбір мүшесінің жарнасының мөлшері, өндірістік кооператив мүшелерінің құрамы және мүліктік жарнаны енгізу тәртібі және олардың жарна салу жөніндегі міндеттемелерін бұзғаны үшін жауаптылығы;
6) кооператив мүшелерінің оның қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуының сипаты және тәртібі және жеке өз еңбегімен қатысу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін жауаптылығы;
7) кооператив пен оның мүшелері, кооперативтің атқарушы органы мен қызметкерлердің еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар;
8) кооперативтің таза табысы мен шығындарын бөлу тәртібі;
9) кооперативті қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі.
Өндірістік кооперативтің жарғысында ол турлы заңға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.
Кооперативтің фирмалық атауында оның аты, сондай-ақ, «өндірістік кооператив» деген сөздер болуға тиіс.
Жарғыны құрылтайшылардың жалпы жиналысы бекітеді. Өндірістік кооператив туралы заңда көзделген тәртіппен, кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен жарғыға өзгерістер енгізіледі (Өндірістік кооператив туралы заңның 15-бабын қараңыз).
Жарғыға кооператив басқармасының төрағасы қол қояды. Өндірістік кооперативтің жарғысы мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ кооперативпен шарттық қатынастары бар немесе осындай қатынастар орнатуды қалайтын үшінші тұлғалардың талап етуі бойынша көрсетіледі. Осылайша, құрылтай шартынан өзгеше, кооператив жарғысы ашық құжат болып табылады.
Мына жағдайға назар аударған жөн: кооперативтің құрылтай шарты мен жарғысының мазмұны туралы сөз еткенде, Өндірістік кооператив туралы заң екі құжаттан да оларда кооперативтің нысанасы мен қызмет мақсаттарының көрсетілуін талап етпейді. Бұл кездейсоқ нәрсе емес: заң шығарушылар кооперативке өзі айналысатын кәсіпкерлік қызмет түрін тандаудың толық еркіндігін бере отырын, сондай-ақ қалыптасқан нарық жағдайларына қарай (өндіріс конверсиясы) кез келген сәтте бұл қызметті ауыстыру мүмкіндігін беру арқылы кооперативтің арнайы құқық қабілеттілігін жарғы арқылы бекітуді талап етпейді. Сонымен бірге, егер кооператив әлде бір себептерге байланысты өзі қызметінің мамандануын немесе бағытын (нысанасын, мақсатын) жарғыда көрсеткісі келсе, оның мұны істеу құқығы бар.
Кооператив жарғысы бірауыздан бекітілуі тиіс (Өндірістік кооператив туралы заңның 6-бабының 3-тармағы). Мұндай ереженің қабылдануы мынаған байланысты: өндірістік кооператив азаматтардың ерікті бірлестігі болып табылады және өзінің барлық мүшелерінің бірлескен еңбек әрекетіне негізделеді. Сондықтан кооперативтің ұйымдастырылу және қызмет ету жағдайлары оның әрбір мүшесі үшін тиімді болуы тиіс, мұны оның жарғысына бірауыздан қол қою дәлелдейді. Жарғыны бекіте отырып, кооперативтің әрбір мүшесі өзіне белгілі бір міндеттер алады (ең алдымен, кооперативке қосатын мүліктік жарнасы және онда өзінің жұмыс істеуі арқылы). Егер құрылтайшынар кооперативтің қандай болуы, мүліктік жарналардың мөлшері, оның қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуы немесе басқа да шарттар жөнінде ортақ пікірге келе алмаса, бұл кооперативті дәрменсіз деп санау керек. Осы секілді құрылтайшылардың көпшілігінің пікірімен келіспейтін тұлға мұндай кооперативтің мүшесі бола алмайды.
Өндірістік кооператив мүлкін қалыптастырудың мынадай көздері бар:
- кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары. Бұл кіру жарналары арқылы кооператив мүлкі қалыптасатын оны ұйымдастыру сәтіне тән, сондай-ақ кейін, белгілі бір төтенше жағдайлардың салдарынан кооператив өз қатысушыларының қосымша жарналары түріндегі қаражатты тартуға мәжбүр болатын кезенге тен; кооперативтің қызметінен алынған табыстар. Қалыпты жұмыс істеп тұрған кооператив үшін бұл оның мүлкін еселей түсудің негізгі әдісі;
- заң актілерімен тыйым салынбаған өзге де көздер.
Заң кооперативті құру шарты ретінде оның қалыптасқан жарғылық қорының болуын талап етпейді, бұл кооперативтердің, мысалы, акционерлік қоғамдардан және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден айырмашылығы болып табылады, оларда бұл қор едәуір шаманы құрайтындықтан, оларды құрылтайшыларының айтарлықтай залал шегуіне әкеп соқтырады. Жарғылық қордың болуын талап етпеу, сөз жоқ, өндірістік кооперативтер құру рәсімін онайлатады, өйткені оларды бірден-бір байлығы өздерінің еңбекқор қолдары немесе ақыл-ойлары болын табылатын табысы аз азаматтар ұйымдастыруы мүмкін. Сондықтан шетелдерде өндірістік кооперативті кейде ептеген мысқылмен (әлде кекесінмен) «кедейлер компаниясы» деп атайтыны кездейсоқ болмаса керек, алайда бұл, олардың ойдағыдай дамуына тосқауыл бола алмайды. Оның үстіне, кооперативтер ұдайы мемлекеттің қолдауына ие болып келеді, өйткені олардың құрынуы (оған едәуір дәрежеде құрудың қарапайымдығы себепші болуда) азаматтарды кәсіпкерлік қызметке тартудың, жұмыссыздық деңгейін төмендетудің, оларға еңбек ету және өз табыстары арқылы өмір сүру мүмкіндігін берудің құралы болып отыр. Басқаша айтқанда, кооперативтер экономикалық фактор рөлін ғана атқарып қоймастан, сонымен бірге, белгілі бір әлеуметтік міндеттерді де шешеді.
Бұл заңның талабы болмаса да, кооперативтің құрылтай құжаттарында оның жарғылық қорын құру да көзделуі мүмкін, ол несие берушілердің мүдделеріне кепілдік жасайтын кооператив мүлкінің ең төменгі мөлшерін айқындайды. Бұл жағдайда жарғылық қордың мөлшерін және оны қалыптастыру тәртібін кооператив жарғысы белгілейді.
Сонымен қатар, егер кооператив осындай қызметті жүзеге асыратын ұйымда заң актілерімен белгілі бір мөлшердегі жарғылық қордың болуы көзделген ұйымдарға қатысты қызметті жүзеге асыратын болса, кооператив оны құрып, көрсетілген заң актілерінде көзделген тәртіппен пайдалануға міндетті. Заңда ол үшін мұндай міндет көрсетілмегенімен, кооператив резервтік қор да құра алады. Резервтік қор кооперативтің таза табысынан жыл сайын бөлінетін аударым қаражаты есебінен құрынады және оның несие берушілер алдындағы міндеттемелерін орындауды және көлденең шығындарды жабуды қамтамасыз етуге арналған. Резерв қордың мөлшері мен оны қалыптастыру тәртібін кооператив жарғысы айқындайды.
Өндірістік кооперативтің таза табысы жылдың қорытындысы бойынша анықталады. Салықтарды және басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған таза табыс кооперативтің толық билігіне өтіп, жалпы жиналыстың шешімімен кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген мақсаттарға бөлінеді.
Жалпы жиналыс анықтаған көлемдегі таза табыс олардың қосқан еңбек үлестеріне қарай кооператив мүшелері арасында бөлінеді, ал бұл кооперативтің негізгі принципіне («еңбегіне қарай – табысы») сай келеді. Алайда кооператив жарғысы таза табысты бөлудің өзгеше тәртібін көздеуі де мүмкін (мысалы, кооператив мүшелері жарналарының мөлшеріне қарай, ал мұнда, көбіне акционерлік қоғамдарға тән басқа принцип қолданынады – «қосқан капиталына қарай – табысы»).
Кооперативтің таза табысын бөлуге және шеккен зиянын жабуға қатысудан кооперативтің қайсыбір мүшелерін шеттететін кооператив мүшелерінің келісімдері немесе оның құрылтай құжаттарының ережелері жарамсыз болып табылады.
Сонымен, өндірістік кооперативте оның мүшелерінің мынадай екі арналы табыс алу жүйесі болады: еңбекке ақы төлеу түрінде (жалақы, сыйақы т.с.с.); кооператив алған таза табыс түрінде.
Кооператив құрылатын сәтте оның құрылтайшыларының мүліктік жарналары кооперативтің өндірістік-қаржы негізі қызметін атқарады. Мүліктік жарналар кооперативтің бастапқы капиталын құрайды, олар кооперативті құру және оның қызметін ұйымдастыру жөніндегі шығындарды жабуға арналған. Мүліктік жарналардың құрамы мен мөлшерін, сондай-ақ оларды енгізу тәртібін, әдістері мен мерзімін құрылтай шарты немесе жарғы айқындайды.
Мүліктік жарна бастапқы, қосымша және кіріспе жарналарға бөлінуі мүмкін. Бастапқы жарнаны кооперативтің құрылтайшысы ол құрылған сәтте енгізеді, қосымша жарнаны кооперативтің жалпы жиналысының шешімі бойынша ол қызмет етіп тұрған кезенде енгізеді (мысалы, жұмыста қиындықтардың тууына, берешектерді төлеу қажеттігіне, міндеттемелерді өтеу және банкроттықтың алдын алу керектігіне, қызмет ету саласын ұлғайту немесе оның бағыттылығын өзгерту әрекетіне және т.с.с. қарай), ал кіріспе жарнаны әлдеқашан құрылған кооперативке оның жаңа мүшесі ретінде қабылданатын азамат төлейді. Кiріспе жарнаның түрі мен мөлшері, сондай-ақ оны төлеу тәртібі жаңадан қабылданатын мүше мен кооперативтің келісімі арқылы анықталады және кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының хаттамасына жазылады.
Кооперативтің әрбір мүшесіне оның кіріспе жарнасының мөлшері мен түрі көрсетілген құжат беріледі.
Кооперативке төленетін жарна ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жерді пайдалану құқығы, интеллектуалдық меншіктің нәтижелеріне құқық және өзге де мүлік болуы мүмкін.
Кооператив мүшесінің мүліктік жарнасын ақшалай бағалауды кооператив құрылтайшылары арасындағы (ал егер жарна кіріспе жарна болса - кооператив пен оған кіретін мүше арасындағы) келісіммен ғана жүргізуге болмайды және оған тәуелсіз аудиторлық тексеру жүргізілуі тиіс. Кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары ақшалай қаражаттан ғана тұратын жағдайларда тәуелсіз аудиторлық тексеру жүргізілмейді.
Өндірістік кооперативті қайта тіркеуде оның мүшесінің мүліктік жарнасын ақшалай бағалау кооперативтің бухгалтерлік құжаттарымен немесе аудиторлық қорытындымен расталуы мүмкін.
Әдетте, жарна болып табылатын зат кооперативтің меншігіне өтеді. Алайда, мүлік жарна ретінде кооперативтің пайдалануына берілетін нұсқаны қарап көрейік. Бұл жағдайда жарнаның мөлшері осы мүлікті пайдаланғаны үшін жалдау төлеміне қарай анықталады, ал ол кооператив мүшелерінің келісімімен белгіленген кезең үшін есептеп шығарылады.
«Мүліктік жарна» ұғымы «пай» және «мүліктегі үлес» секілді ұғымдармен байланысты.
Жалпы алғанда, пай дегеніміз - бұл жалпы іске қосылатын үлес. Кооперативтің меншігіндегі мүлік оның жарғысына сәйкес кооператив мүшелерінің пайларына бөлінеді. Пай кооператив мүшесінің кооператив мүлкіндегі үлесі болып саналады. Бұл үлес пайызбен есептеледі. Айталық, А., Б. және В. деген үш азамат кооператив құрмақшы болды. Олар былайша келіседі: А. кооператив мүлкіне 5 мың теңге, Б. - 15 мың, ал В. - 80 мың теңге қоспақ. Әрқайсысы өзіне алған мiндеттемесін орындайды, соған сәйкес А.- ның мүліктік жарнасы 5 мың теңге, Б.-ның - 15 мың, В.-ның жарнасы - 80 мың теңге болды. Кооперативтің меншігіндегі мүліктің құны осы кезде 100 мың теңгені құрады. Осының нәтижесінде, әрбір құрылтайшының мүліктік жарнасының мөлшеріне қарай кооператив мүшесі А.- ның пайы осы мүлік құнының 5 пайызына тең болатын кооператив мүлкіндегі үлесіне, Б.-ның - 15 пайызына, В.-ның пайы - 80 пайызына тең болады.
Мынаны есте ұстау керек: кооператив мүлкінің құны - бұл құбылмалы шама: ол кооператив жұмысының саласына қарай артып отыруы немесе кемуі мүмкін. Мәселен, өндірісті ұлғайтуға тырысатын, жақсы жұмыс істейтін кооперативте жаңа станоктар мен жабдықтар сатып алу, өндірістік үй-жайлар салу, тауарлар өндіруді арттыру, банктегі есеп-шоттарында ақша қаражаттарын жинақтау және т.с.с. есебінен мүліктің құны артатын болады.
Мүлік құнының өзгеруіне сәйкес пайдың ақшалай шамасы да артуы немесе кемуі мүмкін. Айталық, жақсы жұмыс істеудің нәтижесінде кооперативте біраз уақыттан соң мүліктің құны 500 мың теңгеге дейін өсті. Осының нәтижесінде бастапқы 5 мың теңгеге тең пайдың ақшалай мөлшері енді 25 мың теңге болады. Алайда кооператив мүшелерінің оның мүлкіндегі үлес мөлшері өзгермейді.
Кооператив мүлкі оның мүшелерінің пайларына қарай үлестерге бөлінетінін айтқанда, бұл мүлік кооператив мүшелершің жалпы үлестік меншігі болып табылады деп ойламау керек. Кооператив мүлкі заңды тұлға ретіндегі кооперативтің өзінің мүлкі болып саналады. Оны үлестерге бөлудің шартты сипаты бар, сондықтан бұл үлестер белгілі бір мән-жайларда ғана (мысалы, кооперативтің мүшесі оның құрамынан шығарда) заңдық факті маңызына ие болады.
Кооперативті таратуда немесе кооператив мүшесі одан шығарда кооператив мүшелерінің санымен анықталатын пайлардың мөлшері, пайдың ақшалай шамасы, оның мүлкіндегі кооператив мүшесі үлесінің мөлшері үлкен рөл атқарады, өйткені мұндай жағдайларда кооператив мүшесінің кооператив мүлкіндегі өзінің пайына сай үлесін бөліп беруді талап ету құқығы бар.
2 Кооператив мүшесінің құқықтары.Өндірістік кооператив туралы заң оның мүшелерінің айтарлықтай құқықтары болуын көздейді, мұның өзі азаматтардың осы бірлестігiнің демократиялық сипатын көрсетеді. Мәселен, кооператив мүшесінің мынадай құқықтары бар:
- осы Заңда және кооперативтің құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен кооператив істерін басқаруға қатысуға;
- кооперативтің басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, кооператив қызметін жақсарту, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізуге;
- кооперативтің қызметі туралы толық ақпарат алуға, оның ішінде кооперативтің бухгалтерлік және басқа құжаттамаларымен танысуға;
- кооператив алған пайданы бөлуге қатысуға;
- егер құрылтай құжаттарында өзгеше тәртіп көзделмесе, кооператив қызметіне өз еңбегімен қатысуына сәйкес оның мүшелері арасында бөлінуге тиісті пайдадан үлесін алуға;
- кооперативтегі өз еңбегі үшін жалақы түрінде немесе кооператив белгілеген өзге де түрде ақы алуға;
- кооператив өзінің мүшелері үшін көздейтін жеңілдіктер мен артықшылықтарды, оның ішінде өздері өндірген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) бірінші кезекте алуға қатысты бөлігінде пайдалануға, кооператив мүлкін тұтынуға, кооперативтен әлеуметтік кемек алуға;
- демалыс күндерін беру арқылы қамтамасыз етілетін тынығуға, сондай-ақ ұзақтығы жұмысшылар мен қызметкерлердің тиісті санаттары үшін заңмен белгіленгеннен кем емес жыл сайышы ақылы демалыс алуға;
- әлеуметтік сақтандыруға және әлеуметтік қамсыздандыруға;
- белгіленген тәртіппен кооперативтен шығуға;
- кооператив мүшесінің осы Заңда, өзге де заң актілері мен кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.
Өндірістік кооператив мүшесі үшін осы Заң мен басқа да заң актілерінде көзделген құқықтардан бас тартудың немесе оларды шектеудің, оның ішінде кооператив мүшелерінің келісімі бойынша шектеудің күші жоқ.
Осындай құқықтарды иеленумен қатар, кооператив мүшесі белгілі бір міндеттерді де атқарады. Оның кооперативтегі мүшелігін айқындайтын бірінші кезектегі мiндеттерінiң қатарына, біріншіден, кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен, әдіспен және мөлшерде мүліктік жарналар салу; екіншіден, кооператив қызметіне жеке өз еңбегімен қатысу міндеттілігі жатады. Бұған қоса, ол:
- кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген талаптарды сақтауға;
- жалпы жиналыстың, кооперативтің сайланбалы басқару органдарының өз құзіретіне сәйкес қабылдаған шешімдерін орындауға;
- кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен, жолмен және мөлшерде кооператив мүлкіне мүліктік жарна енгізуге;
- кооператив қызметіне жеке еңбегімен қатысуды жүзеге асыруға;
- кооператив міндеттемелері бойынша мөлшері мен тәртібі осы Заңда белгіленген мөлшерде және тәртіппен қосымша (жәрдемақылық) жауапкершілікте болуға;
- өндірістік және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау ережелері мен қауіпсіздік техникасын сақтауға;
- кооператив өзінің коммерциялық құпиясы деп жариялаған мәліметтерді таратпауға міндетті.
Кооператив мүшесінің осы Заңда, басқа да заң актілері мен құрылтай құжаттарында көзделген өзге де мінеттері болуы мүмкін.
Кооператив мүшесі заң актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да міңдеттерді атқаруы мүмкін.
3 Кооператив мүшелікке тоқтатылу негіздері. Кооперативке мүшелік мынадай үш негіздер бойынша тоқтатылуы мүмкін: а) кооператив мүшесінің өз қалауы бойынша; б) азаматты кооператав мүшелігінен шығару тәртібімен кооперативтің бастамасымен; в) өзге де негіздер бойынша.
Кооперативке мүшелік ерікті болатындықтан, кооперативтің кез келген мүшесі одан өз қалауымен шығуға құқылы (АК-ның 100-бабының 1-тармағы). Алайда бұлайша шығудың белгілі бір талаптары көрсетілген. Мәселен, кооперативтен шығатын азамат ол туралы шығуынан кемінде екі апта бұрын кооператив басқармасының төрағасына ескертуге міндетті. Құрылтай құжаттарында мұндай ескертудің едәуір ұзақ мерзімі белгіленуі мүмкін, алайда ол екі айдан аспауға тиіс (Өндірістік кооператив туралы заңның 11-бабының 1-тармағы).
Кооператив мүшелігiнен шығару жалпы жиналыстың шешімі бойынша мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) кооператив мүшесінің кооператив жарғысымен өзіне жүктелген міндеттерді ұдайы орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
2) осыған ұқсас кооперативке мүше болуына байланысты (бір экономикалық салада қызмет ететін бірдей екі кооперативке мүшелік сөзсіз мүдделер жанжалын туғызады);
3) құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағдайлар. Сонымен қатар, мынадай жағдайларда кооперативке мүшелік тоқтатылады:
- кооператив мүшесінің қайтыс болуы, оны өлді, хабар-ошарсыз кетті деп жариялау;
- кооператив мүшесінің өз пайын басқа адамға беруі;
- несие берушінің (берушілердің) кооператив мүшесінің пайынан оның жеке борышын өндіріп алуы.
Мұның ең соңғысына қатысты мынаны түсіндіру керек, пай кооператив мүшесінің меншігі емес, ол кооператив мүлкін үлестерге шартты түрде бөлуді білдіреді, ал мүліктің өзі залалды тұлғаның меншігі рөлін атқарады. Бірақ, сонымен қатар несие берушінің кооператив мүшесінің пайынан оның жеке борышын өндіріп алуын осы мүшенің кооператив мүлкі есебінен өз борыштарын өтеп алуы деп есептеуге болмайды. Құқықтық тұрғыдан қарағанда, мұның құрынысы мынадай болып көрінеді. Пай құқығы белгілі бір мән-жайларда кооператив мүлкінің бір бөлігін пай иесінің пайдасына бөліп беру мүмкіндігін білдіреді, ал бұл пайға қатысты меншікті кооперативтік меншіктен азаматтың өзіндік меншігіне өзгеруге әкеп тірейді. Сондықтан кооператив мүшесінің пайынан борышты өндіріп алу, шын мәнінде, борышқор-мүшеге бөлініп беріліп, оның меншігіне айналатын кооператив мүлкіндегі үлестен өндіріп алу болып шығады.
Кооператив мүшесінің жеке борыштарын оның пайынан өндіріп алуға мұндай берешектерді жабу үшін өзге мүлік жетіспейтін жағдайда ғана жол беріледі.
Берешекті пайда өндіріп алатын жағдайда кооператив өзінің борышқор-мүшесінің пайына сай келетін кооператив мүлкіндегі үлесін бөліп береді. Үлестің мөлшері несие берушінің талаптары түскен күнгі бухгалтерлік есептің мағлұматтарымен анықталады.
Заң кооператив мүшелері құрамының өзгеруі, оның ішінде пайдың ауысуы (берілуі) арқылы өзгеруі мүмкіндігіне жол береді. Алайда, мұңда мынадай мән-жайлар ескерілуге тиіс. Біріншіден, пайды беру кооперативке мүшелікті тоқтатады - оның мүлкіндегі пайды иеленбестен, кооперативтің мүшесі болу мүмкін емес. Екіншіден, пайды қабылдау кооператив мүшелігіне өту қажеттігін туғызады - пайды иелене отырып, кооперативтің мүшесі болмау да мүмкін емес. Үшіншіден, кооперативке мүше болу азаматты осы кооперативтің қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуға міндеттейді - кооперативте жұмыс істеместен, оның мүшесі (және тиісінше - пай иесі) болу мүмкін емес. Сонымен қатар, кооперативтің басқа мүшелері үшін оның жаңа мүшесінің кім болатыны бәрі бір емес - кооперативтің өзіндік ерекшелігі - оның мүшелері бірлесе, қоян-қолтық жұмыс істейді. Сондықтан кооперативтің қалыпты қызмет етуі үшін оның мүшелері арасында өзара қарым-қатынастың жақсаруы аса маңызды, ал мүшелері аса көп болмайтын кооперативтер көбіне достық байланыстар мен жеке сенім принциптерінде құрылады.
Осындай мән-жайлардың барлығын ескере келе, Өндірістік кооператив туралы заң кооперативке мүшелікті кенеттен, яғни кооперативтің басқа мүшелерінің келісімінсіз өзгерту мүмкіндігін барынша шектеуге тырысады. Мәселен, өндірістік кооперативтің мүшесі қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлері, егер кооперативтің жарғысында өзгеше көзделмесе, кооператив мүшесі етіп қабылдануы мүмкін. Егер кооператив жарғысында қайтыс болған мүшенің мұрагерін кооперативке мүше етіп қабылдауға тыйым салынған болса, мұндай жағдайда кооператив бұл мұрагерге қайтыс болған адамның пайына қарай мүліктегі үлесін төлейді. Оған қоса, егер мұрагерлер пайды қабылдамақ болса, олар кооперативке мүшелікке өтуге және оның қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуға міндетті.
Кооператив мүшесі, егер кооперативтің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, өзінің пайын немесе оның бір бөлігін кооперативтің басқа мүшесіне (мүшелеріне) сатуға немесе өзгеше жолмен беруге кұқылы. Бұл жағдайда кооперативтің жаңа мүшелері пайда болмайды, ал бұл пайды беру (сату) рәсімін оңайлатады.
Өндірістік кооперативтің мүшесі болып табылмайтын азаматқа жарнаны (оның бір бөлігін) беруге кооперативтің келісуімен ғана рұқсат етіледі. Бұл ретте кооперативтің басқа мүшелері мұндай жарнаны (оның бір бөлігін) сатып алуда басым құқықты пайдаланады (АК-ның 100-бабының 3-тармағы). Мұнда жарнаны беру кооператив мүшелерін өзгертуге ұласатындықтан, бұл тек олардың келісуімен жүргізіледі. Егер кооператив жарнаны басқа адамқа өткізуге келісімін бермесе, ол кооператив мүшесі одан қалай да шығуды ниет ететін болса, кооператив мұндай мүшесіне оның жарнасының құнын төлеуге міндетті.
Өзіне белгіленген тәртіппен жарна (оның бір бөлігі) берілген және кооперативке кіруге тілек білдірген, кооперативтің мүшесі болып табылмайтын адам оған мүше етіп қабылдауға жатады. Осы арқылы жарнаның иесі кооперативтің мүшесі болуға тиіс деген принцип баянды етіледі.
Қандай негіздерге сүйенсе де, кооператив мүшесінің кооперативтен шығуы айтарлықтай мүліктік зардаптар туғызады, олар негізінен алғанда кооперативтен шығатын мүшенің пайдасына төлемнің үш түрін беруден тұрады: а) оған тиiстi жарнаның құнын; б) кооператив тапқан пайданың оған тиесілі бөлігін; в) қосқан жеке еңбек үлесі үшін сыйақы (жалақы). Бұл азаматтың - кооперативтің бұрынғы мүшесінің, сондай-ақ кооперативтiң өзінің мүдделерін қозғайтындықтан (жасалатын төлемдер кооперативтің қызмет жағдайларын нашарлатпауы, мұның үстіне, оның ыдырауына әкеп соқтырмауы тиіс), мұндай мүдделерді теңестіру қажет.
Осындай мәселелерді реттей отырып, Өндірістік кооператив туралы заң былайша белгілейді.
Кооперативтен шығатын мүшеге оның жарнасына сәйкес мүлік беру қаржылық жыл аяқталып, кооперативтің бухгалтерлік балансы бекітілгеннен кейін жүргізіледі. Бұл түсінікті де: кооператив мүшесі оның құрамынан шығатын сәтте мүлік беру, біріншiден, кооперативтің қаржылық жағдайын күрделендіреді және ол бұрын қолда бар мүліктің негізінде жүзеге асыруды жоспарлаған өндірістiк қызмет жағдайларын нашарлатады, екіншіден, жарнаның мөлшері - құбылмалы шама болатындықтан, ол кооператив жұмысының қорытындылары шығарылатын қаржылық жыл аяқталған соң объективті болып шығады. Құрамынан шығатын мүшесінің кооперативпен келісімі бойынша жарнаның құнын төлеу заттай мүлік берумен алмастырылуы мүмкін. Бұл жерде мынаны атап көрсету керек: мүлікті беру азаматтық кооперативке кірген кезінде қосқан мүліктік жарнасы болған заттарды қайтарып беруге келіп тірелмеуі тиіс. Мысалы, азамат, кооперативке кірген кезде мүліктік жарна ретінде өзінің автомобилін косқан, кооперативтен шығарда ол автомобильді қайтаруды талап етеді. Бұл заңсыз талап болып саналады. Мүліктік жарна ретінде қосылған заттар кооперативтің меншігіне өтеді. Кооператив өзінің құрамынан шығатын мүшесіне оның жарнасына сай келетін мүліктің құнын қайтаруға міндетті және тараптардың келісімі бойынша бұл ақшалай және заттай түрде істелуі мүмкін (мысалы, кооператив шығаратын өнім, кооперативке тиесілі өзге де заттар түрінде). Кооперативтен шығатын қатысушының оған пайдалануға берген мүлкі, егер кооперативтің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, сыйақы төлеместен қайтарылады, бұл, алайда, бұл, қатысушыны өзіне тиесілі жарнаның құнын алу құқығынан айыра алмайды.
Жолай мынаны атап өту керек: қазіргі уақытга өндірістік коопе-ративтер туралы заңдарда мұндай ұйымдарда, кеңестік кезенде кендпарлар үшін көзделгеніндей, "бөлінбейтін қорларды" құру көзделмеген, олар кооператив мүшесі оның құрамынан шығатын жағ-дайда бөлуге жатпайтын. Сондықтан кооператив мүшесі қатысушылар құрамынан шығатын, кооператив мүшесі қайтыс болатын немесе кооператив мүшесінің жеке берешектерін оның жарнасынан өндіріп алатын жағдайларда төленуге тиісті жарнаның құны оның толық мөлшерінде есептелген кооператив мүлкінің құнымен анықталады.
Кооперативтен шығатын мүшеге осьвэдай мерзімде, яғни қаржылық жыл аяқталған соң кооперативтің таза табысының оған тиесілі бөлігі төленеді, бұл да түсінікгі жағдай, өйткені таза табыстың өзі шаруашылық жылының қорьпындыларын шығару үсіінде есептеледі. Сонымен қатар, кооператав мүшесін оның қызметіне жеке өз еңбегімен қатысу жөніндегі міндеттемелерін бұзғаны үшін құрамнан шығаратын жағдайда кооперативтің аталған мүшесі ол осы кооперативте жұмыс істеген кезең ішінде алынған таза табысты бөлуге қатыспайды. Бұл ережені былайша түсіндіруге болады: қатысушыларының табыстары ренталық сипатта болашн (яғни салынған капиталға қарай есептеледі) шаруашылық серік-тесгіктерден өзгеше, кооператив мүшелершің осы кооперативтің тапқан пайдасынан алатын табыстары еңбек сипатында болады, яғни кооперативтің пайда табуына өз еңбегімен қатыспайтын кооператив мүшесі бұл пайданың бір бөлігін алу күқығын иелене алмайды.
Кооператив қызметіне жеке өз еңбегімен қатысқаны үшін берілетін сыйақы (бұл әдетте жалақы түрінде болады) төлеміне келетін болсақ, ол кооперативке мүшелігі тоқтатылған күннен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.
Өндірістік кооператив туралы Завда оның қайтыс болған мүшесінің жарнасына сай мүлік үлесін, соңцай-ақ кооператив тапқан пайдасының қайтыс болған мүшесіне тиесілі бөлігін және кооператив қызметіне жеке өз еңбегімен қатысқаны үшін берілетін сыйақыны мұрагерге төлеу мерзімі көрсетілмеген. Бірақ, мұндай төлемдер кооперативтің құрамынан шығатын мүшелері үшін белгіленген мерзімде төленуге тиіс болъш көрінеді.
Кооператив мүшесінің оның құрамынан шығуы қалған қа-тысушыларға тиісті жарнаның құрамына және олардың кооператив мүлкіндегі үлес мөлшеріне өзгерістер енгізеді.
Кооператив мүшесі (мүшелері) оның шығып кеткен мүшесінің жарнасын немесе жарнасынъщ бір бөлігін сатып алуда сатын алушының кооператив мүлкшдегі үлесі оның жарнасының артуына орай көбейе түседі. Біз келтірген мысалға оралатын болсақ, кооператив мүшесі А. деген азамат өзінің жарнасын қалған қатысушылар Б. және В. деген азаматтарға сатқан. Осының нәтижесіңде, Б.-ның жарнасы кооператив мүлкінде 17,5 пайызға тең үлесті, ал В.-ның жарнасы — кооператив мүлкінің 82,5 пайызын құрайды.
Кооператив өзінің құрамынан шыққан мүшесіне немесе оның мұрагерлеріне жарна төлеуде немесе беруде, сондай-ақ кооператив мүшесінің жеке берешектері бойынша несие берушілер оның жарнасынан өндіріп алу кезінде кооперативтің қалған мүшелерінің үлесі олардың жарналарының мөлшеріне қарай артады. Мәселен, егер кооператив өзінің құрамынан шыққан А. деген азаматқа оның жарнасының құнын төлейтін болса, онда кооперативтің қалған өрбір мүшесіне тиесілі жарнаның мөлшері кемитіндіктен (кооператив мүшелері санының азаюына байланысты), кооперативтің қалған әрбір мүшесінің мүліктегі үлес мөлшері өседі және ол Б. деген азаматта 15,78 пайыз (бұрын 15 пайыз болатын), ал В. деген азаматга — 84, 22 пайыз (бұрын 80 пайыз болатын) құрайды.
Кооперативке жаңа мүше қабылдауда және ол кіріспе жарна қосарда (жарна төлемейінше, кооперативке қабылданбайды) кооператив мүшелерінің оның мүлкіндегі үлестерінің жаңа мөлшері айқындалады. Мысалы, біз айтып өткен кооператив өз мүлкінің құны сол кезенде 500 мың теңге болъш тұрғанда, өзіне жаңа мүше ретінде 125 мың теңге сомада мүліктік жарна төлеген Г. деген азаматты жаңа мүше ретінде қабылдайды. Кооперативтің ескі мүшелері жарналарының ақшалай шамасы өзгермейді, бірақ оладың кооператив мүлкіндегі үлестері бынайша кемиді: А. деген азаматга — 4 пайыз (бұрын 5 пайыз), Б. деген азаматта — 12 пайыз (бұрын 15 пайыз), В. деген азаматта — 64 пайыз (бұрын 80 пайыз), жаңадан қабылданған мүше Г. деген азаматга — 20 пайыз болады.
Өндірістік кооперативтерге тән сипатты ерекшелікердің бірі — бұл кооперативтің барлық мүшелері оның міңдеттемелері бойынша қосымша жауапкершілік атқарады (АК-ның 100-бабының 5-тармағы). Өндірістік кооперативтің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен айырмашылығы осында, өйткені оның қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және олардың салған салымдарының құны шегінде серіктестіктің қызметіне байланысты залалдар тәуекелін көтермейді.
Солай бола түрса да, кооператив мүшелерінің жауаггкершілііі шексіз емес; Өндірістік кооператив туралы заң былай деп белгілейді: кооператив мүшесінің оның міңдеттемелері бойынша қосымша жауапкершілігінің шекті мөлшерін құрылтай құжаттары айқывдайды, бірақ ол кооператив жарнасы құнының мөлшерінен кем болмауға тиіс. Кооператив мүшелері арасында жауапкершілікті бөлу олардың жарналарының мөлшеріне сәйкес жүргізіледі.
Бұл айтылғандарды біз мысалға алган кооператив арқылы түсіндіріп көрейік. Мөселен, кооператив 100 мың теңге сомадағы берешегш өтей алмады. Талап қоятын кезде кооператив мулкінің құны (бұл әрбір жарнаның ақшалай шамасын айқындайды) 50 мың теңге бодцы. Кооператив жарғысына сәйкес оның ербір мүшесінің қосымша жауапкершілігі жарна құнының мөлшерінде айқындалған. Мүңдай мән-жағдайларда кооперативтің өрбір мүшесі өздерінің жеке кдржыларынан кооперативке несие берушіге мынадай соманы төлеуі тиіс: А. деген азамат — 2 мың теңге, Б. деген азамат — 6 мың теңге, В. деген азамат — 32 мың теңге, Г. деген азамат — 10 мың теңге. Қорытындысында кооператив мүшелері қосымша жауапкершілік тәртібімен несие берушіге 50 мың теңге төлейді, бұл кооперативтің жалпы берешегін жаппайды, өйткені олардың жарғыда көзделген жауашсершілігінің шекті мөлшері өрбір мүшесіне тиесілі жарнаның құнымен шектелген. Өңдірістік кооперативтің толық серікгеслікген айырмашылығы нақ осыңда, өйткені оның қатысушылары осы серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болатын жағдайда оларға таесілі барлық мүлікпен оның міндеттемелері бойынша ортақ жауапты болады.
Әндірістік кооператив туралы заң кейбір ерекше жағдайлар үшін кооператив мүшелерінің қосыншажауаіжершілшнщ арнайы ережелерін белгілейді. Мөселен, кооперативке ол құрынғаннан кейін кірген кооператив мүшесі жарнаны беру немесе оны мұраға алу тәртібімен өзі кооперативке кіргенге дейін пайда болған мшдеттемелер бойынша кооперативтің басқа мүшелерімен бірдей жауап береді. Кооперативке ол құрылғаннан кейін кірген мүшесі жаңа мүше қабылдау тәртібімен өзі кооперативке кіргеннен кейін паіща болған міндеттемелер бойынша жауап береді. Өзінің жарнасын басқа мүшеге немесе үшінші тұлғаға беру тәртібімен оның құрамынан шыққан кооператив мүшесі несие беруші оның жарнасынан берешек өндіріп алатын жағдайда, сондай-ақ кооперативке қабылдаудан бас тартқан кооперативіің қайтыс болған мүшесінің мұрагері кооператавтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Адамдар ұжымы еңбек ететін және өндірістік процестер жүзеге асырылатын өндірістік кооперативтің қызметі оны ұйымдастыруды және ретке келтіруді қажет етеді. Бұл басқару органдары жүйесі арқылы орындалады.
Азаматтық кодекс (99-бап) және Өндірістік кооператив туралы заң мынадай басқару органдарын көрсетеді: а) өндірістік кооператив
мүшелерінің жалпы жиналысы; б) өндірістік кооперативтің бақынау кеңесі; в) тексеру комиссиясы; г) атқарушы органдар.
Кооперативтің жоғары органы оның демократиялық сипатын көрсететін, кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады.
Мүшелерінің саны 100-ден асатын кооперативтерде құрылтай құжаттары арқылы жоғары органның атқаратын қызметін уекілетгілер жиналысына жүктеу көзделуі мүмкін. Уөкілеттілер жиналысын (өкідціктер квотасы, уөкілеттілерді сайлау тәртібі, жиналысты өткізу тәртібі және т.с.с.) қалъштастыру тәртібін Заң айқындамаған, демек, бұл мәселелердің шешілуі кооперативтің өзінің құзіретіне жатқызылған (оларды тікелей жарғыда шешу тиімді болар еді).
4 Өндірістік кооператив мүшелері жалпы жиналысының ерекше құзіреті. Өндірістік кооператив мүшелері жалпы жиналысының ерекше құзіретіне (Өндірістік кооператив туралы заңның 15-бабының 2-тармағын қараңыз) мыналар жатады:
1) кооператив жарғысын өзгерту;
2) кооператив қызметінің негізгі бағытгарын анықтау;
3) атқарушы, тексеру органдарын және бақылау кеңесін құру және олардың мүшелерін кері шақырып алу;
4) кооперативтің қорлары мен резервтерінің түрлерін және мөлшерін және оларды пайдалану бағытгарын белгілеу;
5) ішкі еңбек тәртібі ережелерін, кооперативтің лауазымды адамдарына, оның мүшелері мен қызметкерлеріне еңбекақы төлеу туралы ережелерді және кооперативтің басқа да актілерін қабылдау және өзгерту;
6) кооперативтің филиалдары мен өкіддіктерін құру, шаруашылық серіктестіктерін ұйымдастыру және оларға қатысушы ретінде кіру;
7) қосымша пай жарналарын енгізу жөніндегі мәселені шешу;
8) кооперативке мүшелер қабылдау және шығару;
9) кооперативтің жыддық есеп-қисабы мен бухгалтерлік баланстарын бекіту, оның тапқан пайдасы мен шеккен залалдарын бөлу;
10) кооперативті қайта құру мен таратуды шешу;
11) тексеру комиссиясының есебін бекіту;
12) кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есебін тындау. Кооперативтің құрылтай құжаттары жалпы жиналысгың ерекше құзіретіне өзге де мәселелерді шешуді жатқызуы мүмкін.
Жалпы жиналыстың ерекше құзіретіне жатқызылған мәселелерді олар кооперативтің атқарушы органдарының шешуіне бере алмайды.
Жалпы жиналыстың ерекше құзіретінің мәні мынада: осы құзіретке жатқызылған мәселелер кооперативтің әлде бір өзге органының қарауына беріле алмайды (тіпті жалпы жиналыстың өзінің өкілетгікті беруі тәртібімен де).
Кезекті жалпы жиналыс кооператив басқармасы (кооператив төрағасы) белгілеген мерзімде өткізіледі, бірақ ол кезекті қаржылық жыл аяқталған соң үш айдан кешіктірілмеуі тиіс. Өндірістік кооператив туралы заң бойынша кезекті жалпы жиналыс жылына бір рет өткізіледі. Кооператив мүшелерінің кезекті жалпы жиналысы осы жиналыстың ерекше құзіретіне жатқызылған, атап айтқанда, жыл сайын қайталанын отыратын мынадай мәселелерді шешеді:
- кооперативтің жылдық есеп-қисабын және бухгалтерлік балансын бекіту, оның тапқан таза табысын және шеккен залалдарын бөлу;
- тексеру комиссиясының есебін бекіту;
- кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есебін тыңдау.
Сонымен қатар, басқарма төрағасы (кооператив төрағасы), сондай-ақ жалпы жиналыстың өзі кезекті жалпы жиналыстың қарауына кооператив қызметінің кез келген өзге де мәселесін енгізуге құқылы.
Кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) бастамасы бойынша бақылау кеңесінің шешімімен тексеру комиссиясының талап етуі бойынша, сондай-ақ кооператив мүшелерінің кемінде жиырма пайызының талап етуі бойынша кезектен тыс жалпы жиналыс шақырылады. Ол, әдетте, төтенше және кейінгі қалдыруды күтпейтін кез келген мәселелерді қарастыру үшін шақырылады. Кезектен тыс жалпы жиналысты шақыру туралы басқармаға койылған талап ол берілген күннен бастап жиырма күн ішінде орындалуға тиіс. Басқаша жағдайда, кезектен тыс жалпы жиналыс шақыруды талап еткен кооператив мүшелері жиналысты өздері шақыруға құқылы.
Басқарма төрағасы (кооператив төрағасы) жалпы жиналыстың (кезекті және кезектен тыс) өтетін күні, орны, уақыты туралы кооператив мүшелеріне жиналыс өткізілетін күннен кемінде жиырма күн бұрын жазбаша түрде хабарлайды. Мүшелердің жиналысы кворумы жеткілікті жағдайда жиналысқа қатысушы кооператив мүшелері бірауыздан өзгеше шешім қабылдамаған болса, жалпы жиналыс күн тәртібіне өзгерту енгізіп, оған енгізілмеген мәселелер бойынша шешімдер қабылдай алмайды. Бұл ереже кооператив мүшелеріне жиналысқа даярлану және онда талқыланатын мәселелер бойынша өз ұстанымдарын ұсыну мақсатында белгіленген.
Егер жалпы жиналыс кворумның жоқтығынан кейінге қалдырылған болса, оны қайта шақыру да осыдай тәртіппен жүргізіледі.
Егер оған кооператив мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, жалпы жиналыс заңды деп есептеледі.
Жалпы жиналыстың жұмыс регламентін және дауыс беру тәртібін (ашық немесе жасырын) жалпы жиналыстың өзі анықтайды.
Жарнасының шамасына қарамастан, кооперативтің әрбір мүшесінің жалпы жиналыстың шешім қабылдауы кезінде бір дауысы болады, бұл кооператив қызметін ұйымдастырудың демократиялық принциптерін тағы да дәлелдей түседі (мысалы, акционерлік қоғамның жалпы жиналысында дауыс беру «бір акция - бір дауыс» принципiмен жүргізіледі, яғни қатысушы қолында неше акциясы болса, сонша дауысқа ие болады).
Егер ол үшін жиналысқа қатысқан кооператив мүшелерінің немесе олардың сенім білдірген адамдарының жартысынан астамы дауыс берген болса, жалпы жиналыстың шешімі қабылданды деп есептеледі. Егер ол үшін кооперативтің барлык. мүшелерінің кемінде 2/3-сі дауыс берсе, яғни «білікті көпшілік» керек болса, кооператив жарғысын өзгерту, қосымша пай жарналарын енгізу, кооператив мүшелігіне қабылдау және одан шығару, сондай-ақ кооперативті қайта ұйымдастыру және тарату секілді мәселелер бойынша шешім қабылданды деп есептеледі. Бұл жағдайда дауысты есептеу жиналысқа қатысушылардың санына қарай емес, кооператив мүшелерінің тізімді құрамы бойынша жүргізілетініне назар аудару керек.
Кооперативті шаруашылық серіктестікке өзгерту жолымен қайта ұйымдастыру бірауыздан қабылданған шешімнің негізінде жүргізіледі.
Кооператив жарғысында бірауыздан немесе көпшілік дауыспен шешім қабылданатын басқа да мәселелер болуы мүмкін.
Мұндай ережелерді белгілеу кооперативтің (және тиісінше, осы мүшелер үшін) ерекше маңызды мәселелерін шешу кезінде азшылық болып қалуы мүмкін кооператив мүшелерінің мүдделерін қорғау мақсатынан туындаған.
Кооперативтен шығу туралы меселесі қаралатын кооператив мүшесі дауыс беруге қатыспайды.
Кооперативте оның атқарушы органдарының қызметін бақылауды жүзеге асыратын байқаушы кеңес құрылуы мүмкін.
Мұндай органның құрылуын (ол, әдетте, мүшелері аса көп болатын кооперативтерде құрылады) кооператив мүшелері кооператив басқармасының (төрағасының) жұмыс сапасына баға беретін жалпы жиналыстың ауық-ауық және жалпы алғанда, сирек шақырынатынымен түсіндіруге болады. Осының нәтижесінде әкімшіліктің қызметі бақылаудан тыс қалады, ал кооператив мүшелері - бұл қызметтен бейхабар болып шығады.
Кооператив мүшелері ғана байқаушы кеңестің мүшелері бола алады.
Байқаушы кеңестің мүшелері кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында сайланады. Байқаушы кеңестің саны, жұмыс істеу мерзімі және құзіреті кооператив жарғысымен белгіленеді. Байқаушы кеңестің мүшесі осымен бір мезгілде басқарма мүшесі немесе кооператив төрағасы бола алмайды, бұл түсінікті де, өйткені кеңес осы тұлғалардың қызметін бақылап отыруға тиіс.
Кооператив жарғысында байқаушы кеңестің құзіретіне кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есебін дүркін-дүркiн тыңдау, атқарушы аппараттың лауазымды тұлғаларын тағайындауға келісім беру, жарғыда белгіленген мөлшерден асатын сомаға жасалған мәмілелерді алдын ала мақұлдау, кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру жатқызылуы мүмкін.
Байқаушы кеңес өзінің ерекше құзіретіне жатқызылған мәселелерді кооперативтің атқарушы органдарының шешуіне бере алмайды.
Байқаушы кеңес мүшелерінің өндірістік кооператив атынан іс-әрекет жасау құқығы жоқ. Кооператив құра алатын тағы бір орган тексеру комиссиясы болып табылады.
Тексеру комиссиясы кооперативтің атқарушы органдарының қаржы қызметін бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Кооператив мүшелері ғана осы комиссияның мүшелері бола алады. Тексеру комиссиясының мүшелері кооперативтің байқаушы кеңесінің және атқарушы органдарының мүшелері бола алмайды. Комиссия мүшелері кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында сайланады. Комиссияның саны, жұмыс істеу мерзімі және құзіреті кооператив жарғысында белгіленеді. Кооперативтің құрылтай құжаттары тексеру комиссиясының орнына кооперативтің тексерушісін сайлауды көздеуі мүмкін.
Кооперативтің тексеру комиссиясы (тексерушісі) кооператив мүшелерінің жалпы жиналысына кооперативтің жылдық есептері мен бухгалтерлік баланстарының растығы туралы қорытынды береді. Ол кооперативтің жалпы жиналысының, байқаушы кеңестің тапсыруымен, өз бастамасы немесе кооператив мүшелерінің кемінде он пайызының талап етуі бойынша тексерістерді жүзеге асыра алады. Тексеру комиссиясы кооперативтің қаржылық құжаттамасымен танысуға құқылы.
Осылайша, тексеру комиссиясы кооперативте қаржылық бақылау органының қызметін атқарады.
Кооператив жұмысын ұйымдастыру жөніндегі күнделікті қызметті оның атқарушы органдары жүзеге асырады. Кооперативтің атқарушы органдары кооператив басқармасы немесе кооператив төрағасы, болып табылады.
Сонымен, басқаруды ұйымдастыру тұрғысынан қарағанда, кооперативті басқарма түріндегі алқалы орган арқылы және кооператив төрағасы арқылы жеке-дара басқаруға болады.
Кооператив басқармасын оның мүшелерінің жалпы жиналысы басқарма мүшелерінің ішінен сайлаған басқарма төрағасы басқарады (басқарма төрағасын басқарманың өзінің сайлауы заңсыз болады).
Мүшелерінің саны 20-дан аспайтын кооперативтерде басқарманың атқаратын қызметін кооператив төрағасына жүктеуге болады.
Кооператив басқармасының мүшелері (кооператив төрағасы) кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында сайланады. Басқарма мүшелерінің санын, сондай-ақ басқарма (кооператив төрағасы) сайланатын мерзімді кооператив жарғысы анықтайды.
Кооператив мүшелері ғана басқарма мүшелері (кооператив төрағасы) бола алады.
Басқарма мүшесі (кооператив төрағасы) осымен бір мезгілде байқаушы кеңестің мүшесі бола алмайды. Бұл ережені былайша түсіндіру керек: байқаушы кеңес басқарманың қызметіне бақылауды жүзеге асыруы тиіс және екі органға бір мезгілде мүше болу бір адамның өзін-өзі «бақылап отыруына» әкеп соққан болар еді. Бұл бүкіл құрылымның мәнін жою деген сөз.
Кооператив басқармасы (кооператив төрағасы) кооператив қызметіне ағымдағы басшылықты жүзеге асырады, байқаушы кеңестің бақылауында болады және кооператив мүшелерінің жалпы жиналысына есеп береді.
Кооперативтің жалпы жиналысының және байқаушы кеңесінің ерекше құзіретіне жатқызылмаған кооператив қызметінің барлық мәселелерін шешу кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) құзіретіне жатады.
Басқарма ұдайы өткізіліп тұратын отырыстарда өз шешімдерін қабылдайды. Егер оған басқарма мүшелерінің жартысынан астамы қатысатын болса, басқарма отырысы заңды деп есептеледі.
Басқарма отырысындағы мәселелер дауыс беру арқылы шешіледі. Егер оған басқарма мүшелерінің отырысына қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, басқарманың шешімі қабылданды деп есептеледі. Егер «жақтаған» және «қарсы» дауыстар бірдей болса, басқарма төрағасының дауысы шешуші дауысқа саналады.
Кооператив жарғысында бірауыздан немесе көпшілік дауыспен шешім қабылданатын мәселелер ауқымы да көзделуі мүмкін.
Басқарма төрағасы (кооператив төрағасы) кооперативтің атынан сенімхатсыз-ақ әрекет етеді; заңдарда белгіленген шектерде кооператив мүлкіне билік етеді, кооперативтің атынан сенімхаттар береді; банктерде кооперативтің есеп-шоттарын ашады; жалдамалы қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады; өзінің құзіреті шегінде, кооператив мүшелері мен жалдамалы қызметкерлердің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.
Өндірістік кооператив туралы заң мұнда белгілі бір иерархия түзе отырып, кооператив органдары актілерінің (іс-әрекеттері мен шешімдерінің) бағыныстылығы тәртібімен шағым жасаудың айтарлықтай сындарлы жүйесін көздейді, бұл кооператив мүшелері мен жалдамалы қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау әдісі болады (Өндірістік кооператив туралы заңның 19-бабы). Мәселен, кооператив мүшелері мен жалдамалы қызметкерлер атқарушы органдардың шешімдері мен іс-әрекеттері жөнінде байқаушы кеңеске шағым жасауы мүмкін, ол бұл мәселе коператив мүшелерінің жалпы жиналысында қаралғанға дейін шағым жасалған актілерді тоқтата тұруға құқылы.
Басқарма төрағасының шешімдері мен іс-әрекеттері жөнінде кооператив басқармасына шағым жасалуы мүмкін, ол шағым жасалатын актілерді бұзуға құқылы.
Кооперативтің атқарушы аппаратындағы лауазымды адамдардың шешімдері мен іс-әрекеттері жөнінде басқарма төрағасына (кооператив төрағасына) шағым берілуі мүмкін, ол шағым жасалатын актіні бұзуға құқылы.
Кооперативтің кез келген басқару органдарының және оның атқарушы аппаратындағы лауазымды адамдардың шешімдері жөнінде кооператив мүшелерінің жалпы жиналысына шағым жасалуы мүмкін, ал ол кез келген шағым жасалатын актіні бұза алады, бұл жалпы жиналыстың кооператив органдары жүйесіндегі үстемдігін дәлелдейді.
Актілерге бағыныстылығына қарай шағым жасаудан басқа, кооперативтің басқару органдарының шешімдері жөнінде сотқа шағымдануға болады.
Онда кооперативтің өзінің мүшелерінен басқа жалдамалы қызметкерлер ретінде кооперативтің мүшелері болып есептелмейтін басқа да адамдар жұмыс істеуі мүмкін. Кооперативтегі жұмыс еңбек туралы заңдардың талаптарына сай болуға тиіс.
Өндірістік кооператив өз мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша ерікті түрде қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы мүмкін.
Егер кооперативтің басқа мүшелерінің одан шығуының нәтижесіңде жалғыз мүшесі қалса (ол кооперативте ең кемінде екі адам болуға тиіс екенін еске саламыз), ол 6 ай iшiнде не жаңа мүшелер қабылдап, кооперативті сақтап қалуға, не оны Азаматтық кодекске сәйкес бір адам құра алатын шаруашылық серіктестік етіп қайта құруға құқылы. Бұл талаптар орындалмаған реттерде 6 ай мерзім өткеннен кейін кооператив таратылуға тиіс.
Бақылау сұрақтары:
1 Өндірістік кооператив мүлкін қалыптастырудың мынадай көздері бар
2 Пай ұғымы
3 Кезекті жадпы жиналыс өткізілу мерзімдері
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім I – том. Алматы 2005 жыл.
2. Сулейменов М.К. Басин Ю.Г. Гражданское право ( академический курс). Алматы. Баспа 2002ж.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі / Ерекше бөлім/.- Алматы: ЮРИСТ,2010.- Б.151- 164.
Тақырып 8 Мемлекеттік кәсіпорын.
Дәрістің мақсаты: студенттерге мемлекеттік кәсіпорынның басқа заңды тұлғалар түрлерінен айырмашылығын ашып корсету.
Жоспары:
