- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •6М030100-заңтану мамандығының(тарының) білім алушылары үшін
- •1. Курсты жүргізетін оқытушы туралы мәліметтер:
- •4.Оқу пәнінің переквизиттері мен постреквизиттері:
- •Переквизиттері:
- •Постреквизиттері:
- •5 Оқу пәнінің сипаттамасы
- •5.2 Оқу пәнінің мақсаты:
- •5.3. Пәнді оқыту міндеттері:
- •5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары:
- •6 . Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •6.2. Қосымша әдебиеттер:
- •8.Оқу пәнінің саясаты.
- •Ііі. Дәріс кешені Пәннің тақырыптары бойынша дәріс мәтіні.
- •1 Заңды тұлғаның ұғымы,ғалымдардың пікірлері.
- •2 Заңды тұлғаның белгілері.
- •3 Ұйымдық бірлік.
- •1 Заңды тұлғаның органдары.
- •2 Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері.
- •1 Заңды тұлғаның пайда болуы (құрылуы)..
- •2 Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы.
- •Тақырып 4 Заңды тұлғалардың түрлері.Коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар.
- •Жоспары:
- •1 Заңды тұлғалардың түрлері.
- •2 Коммерциялық заңды тұлғалар.
- •3 Коммерциялық емес заңды тұлғалар.
- •4 Қоғам акционерінің құқықтары. Қоғам акционерінің міндеттері.
- •6 Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам
- •1 «Кәсіпорын» терминінің ұғымы
- •2 Мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері
- •3 Негізгі кәсіпорын
- •2 Мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері.
- •V семинар сабақтарының жоспары
- •VI. Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсыныстар
- •4. Пікір-таласқа арналған тақырыптар мен сұрақтар
- •VII. Студенттің өзіңдік жұмысына арналған материалдар
- •1. Білім алушылардың еңбек көлемі анықталған өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •2. Семинар, практикалық немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау тақырыптар мазмұны
- •VIII. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылаумен бағалауға арналған материалдар
1 Заңды тұлғаның органдары.
2 Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері.
3 Заңды тұлғаның тұрған жері.
1 Заңды тұлғаның органдары. Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы құқықтың басқа субъектілері алдында арнайы уәкілеттіксіз (сенімхатсыз) өз атынан әрекет етуге уәкілетті заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық құрылымдары заңды тұлғаның органдарына жатады.
Заңды тұлғаның органдары дара (директор, президент, басқарушы) не ұжымдық (алқалық) болуы мүмкін. Мысалы, жалпы жиналыс, басқарма, директорлар кеңесі және т.с.с. ұжымдық органдарға жатады.
Заңды тұлғалардың органдарын тағайындау, сайлау түрлері мен тәртібін, олардың өкілеттіктерін заңды тұлғалардың жекелеген түрлері туралы заң актілері мен құрылтай құжаттары анықтайды.
Заңды тұлғаның органы мүліктік қатынастарда дербес субъект ретінде емес, заңды тұлғаның атынан әрекет етеді. Сондықтан заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында өзінің органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттігін асыра пайдаланып қабылдаған міңдеттемелері бойынша жауап береді (АК-ның 44-бабының 4-тармағы).
Заңды тұлғаның органы оның өкілі емес, сондықтан органның қызметін атқару әлде бір сенімхаттың болуын талап етпейді. Бұл ретте лауазымдық жағдайын растайтын қызметтік құжатты көрсету жеткілікті болады.
Заңды тұлға үшін азаматтық құқықтарды иелену және өзінің қатысушылары мен өкілдері арқылы өзіне азаматтық міндеттерді қабылдау туралы тармақты түсіндірілетін баптан шығару заңды тұлғаның мұны істеуге құқысы жоқ дегенді білдірмейді. Бұл жағдайда өкілдік туралы жалпы ережелер қолданылады (АК-ның 5-тарауын қараңыз).
2 Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан мүліктік және аумақтық оқшау бөлімшелері болып табылады.
Филиалдар мен өкілдіктердің заңды тұлға мәртебесі болмайды.
Филиалдың (өкілдіктің) оқшау өз мүлкі болмайды, филиалдың (өкілдіктің) мүлкі есепке алыну мақсатында жеке баланста тұрады, бірақ мұндай баланс дербес болмайды; мүліктік тұрғыдан алғаңда филиал (өкілдік) өз атынан емес, оны құрған заңды тұлғаның атынан әрекет етеді; және ең ақырында, ол дербес мүліктік жауап бермейді, оның іс-әрекеттері үшін заңды тұлға жауап береді.
Заңды тұлғаның филиалы қызметтің барлығын немесе оның бір бөлігін атқарады (мысалы, Мемлекеттік заң университетінің Астанадағы филиалы). Өкілдік дегеніміз - бұл заңды тұлғаның атынан заңдық іс-әрекеттер жасайтын және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның бөлімшесі.
Филиалдар мен бөлімшелер оларды құрған заңды тұлға бекітетін Ережелердің негізінде әрекет етеді. Филиал (өкілдік) туралы Ереже филиал ішіндегі қатынастарды және филиалдар (олардың ішкі бөлімшелері) мен негізгі заңды тұлға арасындағы қатынастарды: филиал қызметінің мақсаттары мен негізгі түрлерін, оның лауазымды адамдарын тағайындау тәртібін, олардың құзіретін, мүлікті филиалдан заңды тұлғаға және керісінше тапсыру тәртібін, оны бақылау түрін, филиал (өкілдік) қызметінің тоқтатылу жағдайларын анықтайды.
Заңды тұлғалардың кейбір түрлері үшін көзделген жағдайлардан басқа реттерде филиалдар мен өкілдіктердің басшыларын заңды тұлғаның уәкілетті органы тағайындайды. Мәселен, қоғамдық бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) басшылары қоғамдық бірлестіктің жарғысында және оның филиалдары немесе өкілдіктері туралы ережеде көзделген тәртіппен сайланады (АК-ның 43-бабының 4-тармағын қараңыз).
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері заңды тұлғалардың құқықтарын иеленбестен есептік мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу филиалдар мен өкілдіктер туралы ережелердің республика заңдарына сәйкестігін тексеруді, есептік тіркеуден өткені туралы куәлік беруді, осының нәтижесінде тіркеу нөмірін тапсыруды, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді бірынғай мемлекеттік тіркелімге енгізуді қамтиды.
Филиал мен өкілдіктен еншілес және тәуелді заңды тұлғаларды айыра білу керек (АК-ның 94-95-баптарын, Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 46-49-баптарын қараңыз).
3 Заңды тұлғаның тұрған жері. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері деп танылады. Заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында пошталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетіледі (АК-ның 39-бабының 2-тармағы), заңды тұлғаға арналған іскерлік және ресми хат-хабарларды қайда жөнелту керектігін дәл анықтау үшін заңды тұлғаның бланкілерінде, жасасатын шарттарының мәтінінде де осындай мәліметтер көрсетіледі. Заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қарым-қатынастарында өзінің іс жүзіндегі мекен-жайының заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізілген мекен-жайға сай келмейтініне сілтеме жасау құқығы жоқ. Бұл орайда үшінші тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттік тізілімге енгізілген мекен-жайына да, нақты мекен-жайына да пошталық және өзге де хат-хабарлар жіберуге құқылы (39-баптың 3-тармағы). Заңды тұлғаның тұратын жерін анықтаудың маңызы - оның тұрған жері тұлғаның құрылу және қызмет ету жағдайларын - тіркеуші органды тандауды, несие берушілер заңды тұлғаға немесе заңды тұлға басқа тұлғаға талаптар қоярда сот органын тандауды, міндеттемелердің орындалу орнын анықтайды (АК-ның 281-бабы), ал әр түрлі елдердің заңды тұлғалары қатысатын сыртқы экономикалық байланыстарда - Қолданылатын құқықты таңдауға ықпал етеді.
Бақылау сұрақтары:
1 Филиал мен өкілдік ұғымдары
2 Заңды тұлғалардың органдарын тағайындау, сайлау түрлері қалай жүргізіледі
3 Заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қарым-қатынастары
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім I – том. Алматы 2005 жыл.
2. Сулейменов М.К. Басин Ю.Г. Гражданское право ( академический курс). Алматы. Баспа 2002ж.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі / Ерекше бөлім/.- Алматы: ЮРИСТ,2010.- Б.151- 164.
Тақырып 3 Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы.
Дәрістің мақсаты: студенттерге заңды тұлғаның құқық қабілеттігін түсіндіріп жетілдіру
Жоспары:
