
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •6М030100-заңтану мамандығының(тарының) білім алушылары үшін
- •1. Курсты жүргізетін оқытушы туралы мәліметтер:
- •4.Оқу пәнінің переквизиттері мен постреквизиттері:
- •Переквизиттері:
- •Постреквизиттері:
- •5 Оқу пәнінің сипаттамасы
- •5.2 Оқу пәнінің мақсаты:
- •5.3. Пәнді оқыту міндеттері:
- •5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары:
- •6 . Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •6.2. Қосымша әдебиеттер:
- •8.Оқу пәнінің саясаты.
- •Ііі. Дәріс кешені Пәннің тақырыптары бойынша дәріс мәтіні.
- •1 Заңды тұлғаның ұғымы,ғалымдардың пікірлері.
- •2 Заңды тұлғаның белгілері.
- •3 Ұйымдық бірлік.
- •1 Заңды тұлғаның органдары.
- •2 Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері.
- •1 Заңды тұлғаның пайда болуы (құрылуы)..
- •2 Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы.
- •Тақырып 4 Заңды тұлғалардың түрлері.Коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар.
- •Жоспары:
- •1 Заңды тұлғалардың түрлері.
- •2 Коммерциялық заңды тұлғалар.
- •3 Коммерциялық емес заңды тұлғалар.
- •4 Қоғам акционерінің құқықтары. Қоғам акционерінің міндеттері.
- •6 Еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам
- •1 «Кәсіпорын» терминінің ұғымы
- •2 Мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері
- •3 Негізгі кәсіпорын
- •2 Мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері.
- •V семинар сабақтарының жоспары
- •VI. Пәнді оқытудағы әдістемелік ұсыныстар
- •4. Пікір-таласқа арналған тақырыптар мен сұрақтар
- •VII. Студенттің өзіңдік жұмысына арналған материалдар
- •1. Білім алушылардың еңбек көлемі анықталған өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •2. Семинар, практикалық немесе зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау тақырыптар мазмұны
- •VIII. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылаумен бағалауға арналған материалдар
6.2. Қосымша әдебиеттер:
1 Гражданский кодекс РК (Общая часть); комментарий под ред. Басина Ю.Г., Сулейменова М.К. Алматы, 2005.
2 Грешников И.П. Понятие юридического лица в гражданском праве и законодательстве. Автореферат диссертации. Алматы, 1998.
3 Климкин С.И. Юридические лица по законодательству РК: общие положения. Алматы, 2001.
4 Климкин С.И. О делении юридических лиц на коммерческие и некоммерческие по ГК РК. Гражданское законодательство РК: статьи, комментарии, практика. 1998. Вып.5.
5 Степанов Д. Формы реорганизации коммерческих организаций // Хозяйство и право, 2001. № 3.
7Оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау.
Ағымдағы бақылау – сабақ барысына белсенді қатысу, сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларды шешу, докладтар дайындау, өтілген тақырыптарды қайталау барысына қатысу – 20%
БӨЖ тапсырмаларын орындау сапасын бақылау ( жобалар, келісімшарттар схемаларын құру, рефераттар дайындау, тесттік тапсырмаларға жауаптар) –– 20%;
Аралық бақылау (коллоквиум формасында – 14 апта, жазбаша бақылау – 7апта) – 20%;
Ағымдық және аралық бақылау-60%. Қорытынды бақылау емтихан түрінде - 40%.
8.Оқу пәнінің саясаты.
Оқыту пәні «Заңтану» мамандығының студенттері үшін бекітілген арнайы пән.Оқу жүктемесінің көлемі 2 кредитті құрайды: дәрістер – 15сағат, семинарлар – 15 сағат.
Оқу пәнінің талаптары: сабақтарға міндетті түрде қатысу, сұрақтарды талқылау барысына белсенді қатысу, дәріс және семинар сабақтарға оқыту-әдістемелік құрал және негізгі әдебиеттер арқылы алдын ала дайындалу, СӨЖ тапсырмаларын өз уақытында және сапалы орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдағы бақылау, СӨЖ, аралық және қорытынды бақылау), сонымен қатар сабақтарда белсенділік көрсету міндетті.
.
Ііі. Дәріс кешені Пәннің тақырыптары бойынша дәріс мәтіні.
Тақырып 1 Заңды тұлға ұғымы,белгілері. Заңды тұлғаның органдары.
Дәріс мақсаты: студенттерге заңды тұлғалардың ұғымын тереңірек түсіндіріп жетілдіру. Цивилист ғалымдардың ғылыми жұмыстарын қолдана білу және пайдалана білу.
Жоспары:
1 Заңды тұлғаның ұғымы,ғалымдардың пікірлері.
2 Заңды тұлғаның белгілері.
3 Ұйымдық бірлік.
1 Заңды тұлғаның ұғымы,ғалымдардың пікірлері. Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы).
Заңды тұлға дегеніміз - бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құкықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: «заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар».
Құқықтық санат ретінде заңды тұлғаның әдебиеттерде бір мағыналы анықтамасы жоқ.
Кеңес мемлекеті өмір сүріп тұрған кезенде азаматтық құқық теориясында заңды тұлғалардың мәні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралғанды. Негізінен алғанда, заңды тұлғалар - мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік етуімен түсіндіруге болатын еді.
Мемлекеттік ұйымдарға қатысты алғанда, заңды тұлғаның академик А.В. Венедиктов берген барынша толық ұғымы заң әдебиеттеріне «ұжым теориясы» деген атпен енді.
Қазіргі уақытта заңды тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардың теориялық пікірталастарында соншама кең таралмаған. Әдебиеттерде кездесетін соңғы пікірлердің ішінен заңды тұлғаның «мақсатты мүлік ретіндегі» анықтамасын атап көрсетуге болады. Е.А. Сухановтың пікірі бойынша, «...осы заманғы коммерциялық практикада азаматтық немесе сауда (коммерция) айналымына қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды тұлғаның мәнін түсіндіретін «мақсатты мүлік» теориясын қостайтын дәлелдер жеткілікті».
Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралған - жалған теория және шындық теориясы, бұларға ортақ нәрсе - ұжымдық құрылымдардың құқық субъектілігін дәлелдеу.
Заңды тұлғаның жалған теориясы герман заңгері, XIX ғ. пайда болған құқық тарихы мектебінің басшысы К.Ф. Савиньидің есімімен байланысты. Ол құқықтың нақ субъектісі адам және тек адам болып табылады деп тұжырымдады. Оның тұжырымдамасы мынаған негізделді: заңды тұлға дегеніміз қарапайым өтірік арқылы қолдан жасалған құқық субъектісінен басқа ештеңе емес, құқық субъектіліктің бірден-бір мүмкін болатын иелері - жеке тұлғалар заңды тұлғадағы құқықтық қатынастардың нақты субъектілері болып қала береді.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жалған теориядан туындайтын заңды тұлға пайда болуының рұқсат ету тәртібі және арнайы құқық қабілеттілігі, ең алдымен, мемлекеттің пайда табу мақсаттарын көздемейтін адамдар бірлестіктеріне бақылау жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған болатын.
Жалған теория Англия мен АҚШ-та кең таралған.
Заңды тұлғаның өмір сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация құқығының іргелі принципі болды. XIX ғасырда жоғарғы судья Д.Маршалдың корпорацияға берген мынадай кең таралған анықтамасы АҚШ-тағы теория мен практикада мәлім болды: «Корпорация дегеніміз - бұл көрінбейтін, сезілмейтін және заң жүзінде ғана өмір сүретін жасанды құрылым».
Шындық теориясы, немесе XIX ғ. герман заңгері Гиркенің есімімен байланысты органикалық теория заңды тұлғаны мемлекеттің қалыпты тіршілік етуіне қажетті құқықтың нақты өмір сүретін субъектісі ретінде, әлде бір әлеуметтік шындық ретінде мемлекеттен тәуелсіз өмір сүретін одақтас тұлға ретінде қарастырды.
Шын мәнінде, Гирке де «нақты» одақтас тұлғаны адамға ұқсас құрастыра отырып, Савиньи ұстанған идеалистік ұстанымды басшылыққа алды. Органикалық теорияның қазіргі ізбасарлары заңды тұлғаны құқық тәртібі құқықтар мен міндеттер берген мүдделердің оқшауланған бірлігі ретінде қарастырады.
Батыстағы құқықта заңды тұлғаны азаматтық-құқықтық қатынастардың дербес қатысушысы ретінде әрекет ететін ұйым немесе мекеме ретінде түсінеді. Дегенмен, батыс мемлекеттердің азаматтық заңдары заңды тұлғаға мұлде анықтама бермеуді артық көреді (ФРГ-де 1978 ж. дейін «заңды тұлға» деген терминнің өзі болған емес, Италияның Азаматтық кодексінде 1942 ж. заңды тұлғалардың дережеленуі ғана берілген), немесе заң шығарушылар жалпылама және өте қысқаша тұжырымдамалармен шектеледі. Мәселен, Швейцарияның 1907 ж. Азаматтық Заңдар жинағының 52-бабы заңды тұлғаларды әлде бір ерекше мақсат үшін бірлескен құрылымды, дербес мекемесі бар адамдар құрамасы ретінде анықтайды.
Заңды тұлғаның барынша толық анықтамасын Латын Америкасы елдерінің азаматтық кодекстерінен табуға болады. Мысалы, Чилидің 1865 ж. азаматтық кодексі заңды тұлға ұғымына мынадай тұжырымдама береді: «Құқықтарды жүзеге асырып, азаматтық міндеттерді атқара алатын, құқықтық және құқықтық емес қатынастарға түсе алатын ойдан шығарылған адам заңды тұлға болып табылады». Колумбияның, Сальвадордың, Эквадордың азаматтық кодекстерінде де осындай анықтамалар бар.
Жоғарыда келтірілген заң практикасының негізінде заңды тұлға институты азаматтық құқықта басты орындардың бірін алады деп атап көрсетуге болады.
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың ұйымдық-құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы ретіңде анықтауға болады.
Заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33-бабының 1-тармағында баянды етілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс».
2 Заңды тұлғаның белгілері. Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымның заңды тұлға ретінде таныла бермейтінін көреміз. Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы болуы қажет:
ұйымдық бірлік;
мүліктік оқшауланушылық;
дербес мүліктік жауапкершілік;
азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету.
3 Ұйымдық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым - заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек.
Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті ұдайы көптеген адамдардың міндетті түрде қатысуына әкеп тіреуге болмайды. Соңғы онжылдықта көптеген елдерде капиталдың орталықтануы жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке немесе заңды тұлғадан) тұратын заңды тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда. Мысалы, ФРГ-де 70-жылдардың басына қарай 42000 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің шамамен 9300-і, яғни 22%-ы бір адамнан тұратын компанияларға айналған. Германияда бір ғана мүшеден тұратын акционерлік қоғамдар құруға (1968 ж. 10 мамырдағы Заң) және бір адамнан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестік құруға (1980 ж. 4 мамырдағы Заң) рұқсат ететін заң актілері қабылданған. Франция, АҚШ, Норвегия, Швеция, Швейцария, Дания, Англия секілді бірқатар елдердің заңдарында да осындай құбылыстар байқалады. Бұларда Франция мен АҚШ-пен салыстырғанда бір адамнан тұратын корпорациялар құруға ресми түрде тыйым салынғанымен, әлде бір оқиғалардың нәтижесінде корпорацияның, компанияның қалған бір мүшесіне корпорацияның борыштары бойынша шектеусіз жауапкершілікті жүктеу арқылы компанияны жанама жолмен тану жүзеге асырылады.
Біздің еліміздің заңдары бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғаның кызмет етуіне жол берген жоқ. Қазіргі АК бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғалар құруға мүмкіндік беруді көздейді (АК-ның 40, 58-баптары).
Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі. АК-ның 41-бабына сәйкес, заңды тұлғалар өз қызметін жарғының және құрылтай шартының не жарғысының негізінде жүзеге асырады. Жарғыны кәсіпорын құрылтайшысы (құрылтайшылары) бекітеді, ал құрылтай шартын - құрылтайшылар жасайды. Жарғыда заңды тұлғаның атауы, тұрғылықты жері, нысанасы, қызмет мақсаты және басқа да қажетті мағлұматтар болуы тиіс. Жарғының болуы - занды тұлғаның - мемлекеттік кәсіпорынның қызмет етуінің міндетті шарты (ҚР АК-ның 103, 104-баптары).
Мүліктік оқшауланушылық - заңды тұлғаның іргелі белгісі, бұдан оның дербес мүліктік жауапкершілігі туады. Заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы оған мүліктің бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке билік жүргізе алуынан көрінеді. Ю.К. Толстой «заңды тұлғаның белгісі, бәрінен бұрын, оның оқшауланған мүлкінің болуы емес, ұйымның қызмет етуінің мүліктік оқшауланушылық секілді принципі, ал бұл екеуі бір нәрсе емес» деп әділ атап көрсеткен. Мәселен заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы ол тіркелген сәттен басталады (мысалы, АҚ үшін төленген қаржы (Акционерлік қоғамдар туралы Заңның 11-бабын қараңыз).
Заңды тұлғалардың оқшаулану дәрежесі түрліше және ол осы мүліке меншіктің түріне (мемлекеттік, жеке) байланысты. Егер бұл мемлекеттік кәсіпорын болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың мүлкінен оқшауланады.
Өзін-өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың болуы - заңды тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс (АК-ның 33-бабының 1-тармағы).
Дербес мүліктік жауапкершілік заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығына сүйенеді. Бұл белгі АК-ның 44-бабында былайша көрініс тапқан: әрбір заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша дербес азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның құрылтайшысы (немесе құрылтайшылары) да, мемлекет те жауап бермейді. Сонымен бірге, кейбір жағдайларда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету үшін бұл жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер көзделген. Мәселен, қазыналық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және несие берушілердің борыштары бойынша өзінің барлық мүлкімен емес, олардың қолында бар ақшасымен ғана жауап беретін мекемелер үшін ерекшеліктер белгіленген (ҚР АК-ның 207-бабын қараңыз), мысалы, қазыналық кәсіпорынның ақшасы жетіспейтін жағдайда, ҚР Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган оның міндеттемелері бойынша ортақ жауаптылықта болады (АК-ның 1998 ж. 16 желтоқсандағы редакциясының 207-бабының 1-тармағындағы 2-абзацты қараңыз).
Занды тұлғаның банкроттыққа ұшырауы оның құрылтайшысының немесе мүліктің меншік иесінің іс-әрекеттерінен туындайтын кезде және заңды тұлғалардың кейбір түрлері құрылтайшыларының олардың борыштары бойынша субсидиарлық ортақ жауаптылығы туатын жағдайларда заңды тұлғаның жауап беруінің жеке ережелері белгіленген (АК-ның 70, 84-баптары, 96-бабының 3-тармағы). Бұған қоса, заңды тұлғалар құрылтайшыларының (қатысушыларының) олардың борыштары бойынша қосымша жауаптылығы құрылтай құжаттарыңда көрсетілуі мүмкін (АК-ның 44-бабының 2-тармағы).
Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету, атап айтқанда, заңды тұлғаның өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіңдік құқықтарды иелену, міндеттер атқару, сотта талапкер және жауапкер болу мүмкіндігінен де көрінеді.
Заңды тұлғаның атауы белгілі бір ұйымды құқықтық қатынастардың субъектісі деп тану үшін оны дараландыру және нақтыландыру құралы болып табылады. Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету - заңды тұлғаның басқа белгілерінен шыққан туынды болып табылады. Мәселен, АК-ның 38-бабына сәйкес, заң шыгарушылар заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын нақ осындай атаумен байланыстырады. Мысалы, қазыналық кәсіпорынның фирмалық атауында кәсіпорынның қазыналық болып табылатыны көрсетілуге тиіс (АК-ның 104-бабының 4-тармағы).
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның міндетті түрде фирмалық атауы болуға тиіс. Мұнда заңды тұлғаның бөгде фирмалық атауды пайдаланғаны үшін кінәлы субъектілерді материалдық жауаптылыққа тартуға дейінгі фирмалық атауды пайдалану ерекше құқығы бар. Басқа тұлғалар белгілі бір ақы үшін заңды тұлғаның фирмалық атауын пайдалана алады.
Заңды тұлға фирмалық атаумен қатар, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі (сауда маркасы) секілді дараландыру құралдарын да пайдалануы мүмкін. Тауарлық белгі (қызмет көрсету белгісі) дегеніміз - бұл тіркелген ауызша, бейнелік, көлемдік немесе басқа да таңбалар, олар бір шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарларын немесе көрсететін қызметін басқа шаруашылық субъектілерінің осы тектес тауарлары мен көрсететін қызметінен айыруға мүмкіндік береді (1993 ж. 18 қаңтардағы «Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығарылған орындарының атауы туралы» Заңның 4-бабы). Заңды тұлғаның даралану құралы ретіндегі тауарлық белгінің немесе қызмет көрсету белгісінің заңды тұлғаның өнімдерін тұтынушылар үшін де, заңды тұлғаның өзі үшін де зор практикалық маңызы бар. Мысалы, өндірушіге сапасыз тауары үшін шағым айтып, талап қою үшін қайырылу қажет болатын жағдайда тауарды дайындаушыны тауарлық белгі бойынша табу мүмкіндігі бар. Сонымен бірге, тауарлық белгі, тауарлық марка белгілі тауардың өңдірушісін айыру құралы болып табылады.
Тауарлық белгіге теңестірілетін қызмет көрсету белгісін негізгі міндеті қызмет көрсету болатын заңды тұлғалар тіркеп отырады.
Тауардың шығарылған орнының атауы да заңды тұлғаны дараландыру құралы болып саналады. Қасиеттері едәуір дәрежеде табиғат жағдайларына немесе олардың шығарылатын жерлеріңдегі адам факторларына байланысты болатын өнімдерді дайындайтын ұйымдар тауардың шығатын орнының атауын тіркеуге және пайдалануға құқылы (мысалы, Вологда шілтері, Дымково ойыншықтары). Тауарлық белгіден өзгеше, тауардың шығарылатын орнының атауын пайдалану құқығы айрықша құқық емес, оны сол жерде осындай тауар дайындайтын басқа заңды тұлғалар да пайдалануы мүмкін.
Сонымен, заңды тұлға дегеніміз - бұл меншігінде, шаруашылықты жүргізу құқығында, оралымды басқаруында оқшауланған мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша осы мүлкімен дербес жауап беретін, азаматтық айналымда өз атынан әрекет ететін ұйым.
Бақылау сұрақтары:
Жеке және заңды тұлға ұғымының айырмашылығы
Мүліктік оқшауланушылық
Дербес мүліктік жауапкершілік
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім I – том. Алматы 2005 жыл.
2. Сулейменов М.К. Басин Ю.Г. Гражданское право ( академический курс). Алматы. Баспа 2003ж.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі / Ерекше бөлім/.- Алматы: ЮРИСТ,2010.- Б.151- 164.
Тақырып 2 Заңды тұлғаның органдары. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері. Заңды тұлғаның тұрған жері.
Дәрістің мақсаты: студенттерге заңды тұлғалардың органдарын тағайындау, сайлау түрлері мен тәртібін, филиалдар мен өкілдіктер ұғымын және заңды тұлғаның атынан қандай іс-әрекеттер жасайтынын ашып көрсету.
Жоспары: