Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ЮР лица пос вар..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
952.83 Кб
Скачать

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәннің оқу-әдістемелі кешені

Басылым: үшінші

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк

Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы

(кафедраның атауы)

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Заң факультетінің деканы

Е.Қ. Қаржаубаев

________________20____ж.

6М030100-заңтану мамандығының(тарының) білім алушылары үшін

(мамандықтың шифры және атауы)

ZT 2223 «Заңды тұлғалар»

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕНІ

Астана 2012

СИЛЛАБУС

«Заңды тұлғалар»

1. Курсты жүргізетін оқытушы туралы мәліметтер:

Бердиярова Жамиля Серікбайқызы – заң ғылымдарының кандидаты, азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы.

Байланыс телефоны: 70-95-00 (34-504)

Ғылыми қызуғышылығы:азаматтық құқық,шарттық құқық,еңбек құқығы.

2.Пәннің атауы,коды және кредит саны: «Заңды тұлғалар»,код-ZT 2223, кредит саны- 2.

3. Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны: семестр -4, аудитория сабақ кестесі бойынша.

4.Оқу пәнінің переквизиттері мен постреквизиттері:

    1. Переквизиттері:

Осы курсты оқу үшін алдын-ала оқытылатын пәндер: римдік жеке құқық (жеке құқық субъектілері), мемлекет және құқық теориясы (құқық салаларының түсініктері, құқық институттары, қайнар көздері, құқық нормалары, құқықтық қатынастар, заңды жауапкершілік), шет елдердегі мемлекет және құқық тарихы мәселесі (континенталді құқықтық жүйедегі елдердің жеке құқығы), ҚР азаматтық құқығы (Жалпы бөлім).

    1. Постреквизиттері:

Қаржы құқығы, кәсіпкерлік (жекеменшік) құқығы, азаматтық іс жүргізу құқығы, азаматтық-құқықтық даулар.

5 Оқу пәнінің сипаттамасы

5.1 Оқу пәнінің мәні:бұл оқу пәнінің қажеттілігі «Заңды тұлғалардың» нарықтық экономика жағдайындағы азаматтық-құқықтық қатынастардағы рөлімен байланысты. Осыған орай «Заңды тұлғалардың» құқықтық статусы мен іс-әрекеттерін реттеу аумағындағы заңдылықтарға өзгерістер мен толықтырулар жиі енгізіледі. 1994жылы 27 желтоқсанда қабылданған «Заңды тұлғалардың» ұйымдастырушылық – құқықтық формалары көрсетілген ҚР Азаматтық кодексіне біршама өзгерістер енгізілді. Осы себеппен бұл арнайы курс студенттерге азаматтық-құқықтық нормаларын, «Заңды тұлғалардың» реттеуші құқықтық ережелерін меңгеруге мүмкіндік береді.

5.2 Оқу пәнінің мақсаты:

«Заңды тұлғалардың» категориялары туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.

5.3. Пәнді оқыту міндеттері:

«Заңды тұлғалардың» жеке түрлерінің заңдылықтарын, олардың құқықтық статусын, ерекшеліктері мен қалыптасуын және оның іс-әрекетте жүзеге асуы.

«Заңды тұлғалардың» оқу пәнін оқып білу барысында келесі міндеттер қойылады:

- «Заңды тұлғалардың» негізгі категориялары жайындағы жалпы ережелерді зерттеу;

- «Заңды тұлғалардың» туралы нормаларды дербес талдай білуге үйрену;

- «Заңды тұлғалардың» іс-әрекеттерін реттейтін нормаларды тәжірибеде қолдана алу дағдысын қалыптастыру;

5.4 Оқу пәнінің мазмұны:

«Заңды тұлғалардың» курсын оқу барысында заңды тұлғалардыңіс-әрекеттерін реттеу аясындағы ҚР заңдарының даму мәселесі, мекемелер мен мекемелік құжыттар және заңды жақлардың құқықтары мен құқықтың болмауы сияқты мәселелер қарастырылады. «Заңды тұлғалардың» оқу пәнінің курсы құқықтық салаларда, ғылыми және тәжірибелі заңды іс-әрекеттерде жоғары квалификациалық мамандар дайындау жүйесінің құрылымдық элементі болып табылады.