Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
geeodezia_vysshaya_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.77 Mб
Скачать

8 Картографиялық проекциялар

Жер эллипсоидының бетін жазықтықта бейнелеу әдісін картографиялық проекция деп атайды.

Картографиялық тор деп меридиандар және паралельдерді қандай да бір проекцияда бейнелеуді айтады.

Картографиялық проекцияларды бөледі:

1. Қателіктер сипатына қарай:

- теңбұрышты;

- теңшамалы;

- еркін.

2. Картографиялық тордың түріне қарай.

Теңбұрышты (конформды) проекциялар бұрыштардың шамасын, шексіз кіші фигуралардың пішінін сақтайды. Әр нүктеде масштаб барлық бағыттар бойынша тұрақты.

Теңшамалы аудандарды бұрмалайды, яғни эллипстердің бұрмаланған аудандары тең.

Проекция бір уақытта теңбұрышты және теңшамалы бола алмайды, себебі бірі екіншісін жоққа шығарады.

Еркін проекциялардың ішінен меридиандар немесе паралельдер бойынша масштабтың тұрақтылығын сақтайтын теңаралықтысын бөледі. Еркін проекциялар бұрыштар мен аудандарды бұрмалайды.

Қосымша геометриялық беттің түрі бойынша проекцияларды бөледі:

- азимутальді;

- цилиндрлі;

- конусты.

Азимутальді деп меридиандар мен паралельдер жүйесі жанама жазықтыққа орын ауытыратын проекцияларды айтады. Сонымен нүкте мағындағы бейне бұрмаланбайды, яғни жанасу нүктесі нөлдік бұрмалану нүктесі болып табылады.

Жанасу нүктесінің орналасуына байланысты азимутальді проекциялар белінеді:

- нормальді – (жанасу нүктесі – полюстердің біреуі) – тор түрі: меридиандар – полюстен радиус бойынша таралатын түзу сызықтар; параллельдер – полюсте орталықтары бар концентрлік шеңберлер;

- көлденеңдер – жанасу нүктесі экваторда жатыр;

- қисықтар – жанасу нүктесі – полюс пен экватор арасындағы кез келген нүкте.

Жобалау орталығының орналасуына байланысты азимутальді проекциялар бөлінеді:

- орталықты – проекция орталығы Жердің ортасында болады;

- стереографиялық – проекция орталығы жанасу нүктесіне қарама қарсы болады;

- ортографиялық - проекция орталығы шексіздікте болады;

- сыртқы – проекция орталығы Жер бетінен тыс болады, бірақ соңғы арақашықтықта.

Азимутальді проекцияларды ұзақтығы ендік пен бойлық бойынша шамамен бірдей болатын аймақтар үшін қолданады.

8.1 Географиялық карталар туралы жалпы мәліметтер

Карта деп белгілі заңдар бойынша тұрғызылған, өлшемдері олардың қисықтығын ескермеуге мүмкіндік бермейтін қағаз бетіндегі маңызды аймақтардың немесе жердің барлық бетінің кішірейтілген бейнесі аталады.

Жоспар деп жер бетінің кіші аймақтарының проекцияларының қағаздың көлденең жазығындағы кішірейтілген немесе ұқсас бейнесі аталады.

Карталардың қасиеттері:

- көрнекілігі;

- өлшемділігі;

- ақпараттығы.

Карталарды келесі белгілер бойынша жіктейді:

  1. бейнелеу тақырыбы;

  2. мазмұны;

  3. масштаб;

  4. мақсаты;

  5. аймақтық шолу.

Бірінші белгі бойынша карталар бөлінеді:

- географиялық;

- астрономиялық (жұлдызды аспан).

Мазмұны бойынша карталар бөлінеді:

- жалпыгеографиялық;

- арнайы:

- физика-географиялық (гипсометриялық, геоморфологиялық, гидрогеоло-гиялық, геологиялық, топырақты және т.б.);

- әлеуметтік-экономикалық (саяси-әкімшіліктік, экономикалық, демография-лық, тарихи және т.б.);

- техникалық (әскери, теңіздік, навигациялық, жерге орналастыратын және т.б.).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]