Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
geeodezia_vysshaya_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.77 Mб
Скачать

7 Геодезия және астрономияның байланысы

Астрономия аспан денелерін: жұлдыздарды, планеталарды, каметаларды, сонымен қатар Күнді, Айды және Жерді зерттейтін ғылым болып табылады. Сонда зерттеу пәні қозғалыс, аспан денелерінің өзара орналасуы немесе олардың құрылымы болуы мүмкін.

Аспан денелерінің құрылымын астрономияның ерекше саласы – астрофизика зерттейді.

Аспан денелерінің қозғалу заңдарын астрономияның ерекше саласы – аспан механикасы зерттейді.

Аспан денелерінің, әсіресе Күннің, Жердің және жартылай Айдың қозғалысымен адамның күнделікті өмірі тығыз байланысты, мысалы: күн мен түннің ауысуы, жыл мезгілінің ауысуы, жыл шамасы, уақыттың өлшенуі және саналуы. Геодезиялық жұмыстарда да астрономия кез қолданысқа ие. Жер бетінің барлық карталары мен жоспарлары, тау жұмыстарының жер асты жоспарлары, теңіздер мен мұхиттардың карталары, ұшқыштардың планшеттері жалпы бастамадан геодезиялық жұмыстың жүргізілу орнына қарамастан бірыңғай координаттар жүйесінде құрастырылуы керек.

Бастапқы нүкте немесе координаттар басы ,сонымен қатар бастапқы бағыт астрономиялықтарға (бойлық, ендік және азимутқа), теңестірілетін өзінің геодезиялық координаттарына ие. Триангуляция енді жасалып жатқан жерлерде ол сондай астрономиялық бекеттерге және бағыттарєа сүйенеді. Бекеттер мен бағыттардың астрономиялық координаттары үлкен аймақтарды қамтитын триангуляцияларды қадағалау үшін кез қолданылады. Мысалы, мемлекеттік триангуляцияның әр шығу ұшында астрономиялық ендік, бойлық және бағыт азимуты анықталады. Сайып келгенде, тек қана геодезиялық жұмыстардың астрономиялық өлшеулермен жиынтығында Жердің пішіні мен өлшемдерін анықтауға болады. Жердің пішіні мен өлшемдерін сәйкесінше геодезиядағы пән зерттейді.

Енді мынадай міндет бар.

Жұлдыз толық шеңберді әлемнің осін айнала 24 өтеді, ол 360 24 сәйкес келеді, одан:

Градус шамаларын уақыт шамаларына және кері айналдыруды жеңілдету үшін арнайы кестелер бар. Ал кестесіз мынадай жолмен табуға болады. Мысалы: та қанша градус,минут және секунд бар;

жауап

Д – Жерден Күнге дейінгі қашықтық

R – Күннің көрінетін радиусы, ол Күннің орналасуына байланысты өзгереді

Р - Күннің тәуліктік паралаксы, ол Жердің тұрақты шамасы Р =

Күн алыс болған сайын параллакс аз болады.

Күн аспан денесі сынудын өтеді, сыну әсерінен біз Күнді төменірек көреміз. Аспан сферасының көрінетін айналуымен байланысты нүктелер және түзулер. Аспан сферасының көрінетін тәуліктік айналуы жүретін Жердің айналу осіне паралель PP түзуі әлем осі деп аталады. Сфераның әлем осімен қиылысуымен түзілетін Р жјне Р нүктелері әлемнің солтүстік және оңтүстік полюстері деп аталады. Әлемнің солтүстік полюсіне жақын жерде Поляр жұлдызы орналасқан. Әлем осіне перпендикуляр және сфераның ортасынан өтетін OQRQ жазықтығы аспан экваторының жазықтығы деп аталады, ал осы жазықтықтың және сфераның қию доғасы QRQ аспан экваторы дап аталады. Құрамына әлем осі және қандай да бір аспан шырағы кіретін жазықтықпен аспан сферасының қиылысуымен сферада сол шырақ арқылы өтетін ию шеңберін түзеді. Аспан сферасының көрінетін тәуліктік айналуы нәтижесінде әр шырақ шеңберін экваторға паралель жазықта айналып өтеді. Шеңбер тәуліктік параллель деп аталады. Бақылаушының орналасуымен байланысты нүктелер және сызықтар.

Жер бетінің берілген нүктесінде аспан сферасымен қиылысқанға дейін жалғастырылған ойдағы ілінбелі түзу онда z – зенит және z - надирді түзеді. Зенит бақылаушының басының үстінде болады. Ілінбелі түзуге перпендикуляр және аспан сферасының ортасынан өтетін жазықтық онымен қиылысуда аспан көкжиегі деп аталатын NWKSE шеңберін түзеді. Аспан сферасының полюсі арқылы өтетін вертикаль берілген нүктенің астрономиялық меридианы деп аталады( ).

Күннің, айдың және планеталардың жұлдыздарға қатысты орналасуы айтарлықтай өзгереді. Бақылаушыға Күн жыл бойы аспан сферасы бойынша бір айналым жасайтын болып көрінеді. Күннің аспан сферасы бойынша жылдық қозғалысының көрінетін жолы эклиптика деп аталатын шеңбер түзеді. Эклиптиканың жазықтығы экватор жазықтығына бұрышқа иілген.

Эклиптика экватормен көктемгі және күзгі күн мен түннің теңелуі нүктесінде қиылысады. V нүктесінде Күн көктемде 21 наурызда болады, ал ... нүктеде = күзде 23 қыркүйекте. Бұл мезгілерде күн түнге тез ауысады.

Эклиптиканың жоғарғы және төменгі нүктесін Күн 22 маусымда және 22 желтоқсанда өтеді, олар жазғы және қысқы күнтоқырау күндері деп аталады.

Жазда ең ұзақ күн, қысқа түн.

Қыста ең ұзақ түн, қысқа күн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]