Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
geeodezia_vysshaya_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.77 Mб
Скачать
    1. Оптикалық тіктеуіштің окулярын тексеру және түзету

Бұл түзетпе оптикалық тіктеуіштің окулярын вертикалдық осьпен сәйкестендіру үшін қажет. Басқа жағдайда, аспапты оптикалық тіктеуіш бойынша орнатқан кезде оның вертикаль осі вертикалдық жағдайда орналасатын болмайды.

Тексеру:

1. Пункттің ортасын оптикалық тіктеуіштің ортасымен сәйкестендіру қажет.

2. Аспапты вертикаль осі бойынша 180˚ бұрып, оптикалық тіктеуіштің ортасының орналасуын тексеру керек. Егер оптикалық тіктеуіштің ортасы пункттің ортасымен дәл келетін болса онда түзету қажет емес. Басқа жағдайда төмендегідей түзетпе орындалады.

Түзетпе:

1. Оптикалық тіктеуіш окулярының түзету бөлігінің қақпағын ашу қа-жет. Онда төрт түзету бұрандасы орналасады. Бұл бұрандаларды түзету сымымен бұрап оптикалық тіктеуіштің ортасын пункт ортасынан ауытқуынан 1/2 бөлікке жылжыту қажет.

2. Содан кейін, көтеру бұрандаларын қолданып оптикалық тіктеуіштің ортасын пункттің ортасымен сәйкестендіру керек.

3. Аспапты вертикаль осі бойынша 180˚ қайта бұрып бұрып, оптикалық тіктеуіштің ортасының орналасуын тексеру керек. Егер оптикалық тіктеуіштің ортасы пункттің ортасымен дәл келетін болса онда түзету қажет емес. Басқа жағдайда түзетпені қайталау қажет.

Ескерту: алдымен оптикалық тіктеуіштің ортасы жылжуы керек жақтағы түзетпе бұрандасы бірнеше айналымға бұралып босатылады. Содан кейін, қарама – қарсы жақтағы түзетпе бұрандасы сонша айналымдар санына бұралады. Нәтижесінде түзетпе бұрандаларының тартылысы бұрынғыдай қалыпта қалады. Бұранда босатылуы кезінде сағат тіліне қарсы бағытта бұралады, ал қысылу кезінде сағат тілі бағытымен бұралады және мұны ақырын және ұқыпты істеу қажет.

    1. Вертикаль дөңгелектің нөл орнын тексеру

Егер көру дүрбісінің «дөңгелек оң жақ» және «дөңгелек сол жақ» жағдайында А нүктесінің вертикаль бұрышын өлшеген кезде тура және кері өлшемдердің қосынды саны 360˚ тең болмаса онда алынан мәннің және 360˚ жарты айырмасы нақты ноль орнының жалпы қателігі болып табылады. Бұл жағдай түзетпе жүргізіледі.

6.1- кесте Вертикаль дөңгелектің нөл орнын тексеру

Жұмыстық үрдіс

Әрекет

Экран

1. Дөңгелек деңгейді қолданып, аспапты нивелирленеді.

2. [F1] батырмасын баса отырып, тоқ көзі қосылады.

3. [F1] батырмасы басылады.

4. А нүктесін «дөңгелек сол жақ» жағдайында бақылау керек.

5. [F4](ОК) батырмасын басу керек.

6. А нүктесін «дөңгелек оң жақ» жағдайында бақылау керек.

7. [F4](ОК) батырмасын басу керек.

Өлшенген мән анықталды.

Енді стандартты бұрыштық өлшемдер жүргізіледі.

8. «Дөңгелек оң жақ» және «дөңгелек сол жақ» өлшеміндегі өлшемдердің қосынды саны 360˚ тең болуын тексеру қажет.

[F1]

+

тоқ көзі

ВКЛ

[F1]

Бақылау А

ДС

[F4]

Бақылау А

ДО

[F4]

Тахеометрді түзету 1/2

F1: Вертикаль дөңгелектің нөл орны

F2: Аспаптың тұрақтысы

F3: Осьтерді тексеру C↓

НО түзету

<Қадам 1> ДС

ВД : 90˚00′00″

ОК

НО түзету

<Қадам 2> ДО

ВД : 270˚00′00″

ОК

<Орындалды>

ВД : 270˚00′00″

ГДп : 120˚30′40″

0˚ ГД Фикс Ввод C↓

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]