
- •1 Жоғары геодезияның жалпы мағлұматтары
- •Жоғары геодезия пәні және негізгі есептері
- •1.2 Жер фигурасы жайында мәліметтер
- •1.3 Жердің физикалық бетіндегі нүктелерді референц эллипсоидқа түсіру
- •Астрономиялық және геодезиялық координаталар
- •Бастапқы геодезиялық даталарды орнату
- •Еркін түсу үдеуі, оның қалыпты мәні
- •Абсолютті және қатысты биіктіктер. Биіктіктер жүйесі туралы түсінік
- •Өлшенетін биіктіктер
- •1.8.1 Ортометриялық биіктіктер
- •1.8.2 Қалыпты биіктіктер
- •1.8.3 Динамикалық биіктіктер
- •1.9 Астрономды және астрономды–гравиметриялық нивелирлеу туралы түсінік
- •2 Жер эллипсоидының геометриясы
- •2.1 Геодезияда қолданылатын координаталар жүйесі
- •2.2 Меридиан және паралель доғасының ұзындығын анықтау
- •3 Негізгі геодезиялық жұмыстар. Геодезиялық жүйе
- •3.1 Бірінші класстық триангуляция
- •3.2 Екінші және төмен классты жүйелердің дамуы
- •3.3 Триангуляция жүйесінің жобасын құрастыру туралы жалпы мәліметтер
- •3.4 Триангуляция жүйесінің қабырға ұзындықтарының қателі-гін алдын ала есептеу
- •3.5 Триангуляция пункттерінің рекогносцировкасы
- •3.6 Жоғалтылған центрлерді табу
- •3.7 Пункттердің центрлері
- •3.8 Базистер және базистік жүйелер
- •3.9 Базисті өлшеу
- •3.10 Базистің ұзындығын есептеу
- •3.11 Бағыттарды айналдыру тәсілімен өлшеу немесе Струве тәсілі
- •3.12 Айналдыру тәсілімен өлшенген бағыттың теңдеуі және оның дәлдігі (Струве тәсілі)
- •4. Полигонометрия
- •4.1 Полигонометрияның түрлері
- •4.2 Полигонометрияның қолайлылығы мен кемшіліктері
- •4.3 Полигонометриялық жүрістердің түрлері
- •4.4 1 Және 2 дәрежелі полигонометрия
- •4.5 Полигонометриялық жұмыстардың жобаларын жасау. Орта-лықты белгілеу
- •4.6 Полигонометрияны жобалау
- •4.7 Рекогносцировка және полигонометрия пункттерін белгілеу
- •4.8 Полигонометриядағы бұрыштық және сызықтық өлшеулер
- •4.9 Бұрыштық өлшеулер кезіндегі қателіктер
- •5. Нивелирлеу әдістері
- •5.1 IV классты нивелирлеу
- •5.2 Нивелирлеуде қолданылатын аспаптар
- •5.3 Н05 нивелирі
- •5.4 Нивелир рейкалары
- •5.5 Рейкадан есеп алу
- •6 Topcon сериялы шағылыстырғыш gpt-3000 электронды тахеометрінің құрылысы, жаңа мүмкіндіктер
- •6.1 Topcon сериялы шағылыстығыш gpt-3000 электронды тахеометрінің тексермелері және түзетпелері
- •6.2 Горизонталь жазықтықтағы лазерлік және визирлік осьтердің бірегейлігін тексеру
- •6.3 Вертикаль жазықтықтағы лазерлік және визирлік осьтердің бірегейлігін тексеру
- •6.4 Шағылыстырғышсыз режим үшін
- •Лазерлік сәуленің оптикалық осін тексеру
- •6.6 Лазерлік сәуленің өсін түзету
- •Цилиндрлік деңгейді тексеру және түзету
- •Дөңгелек деңгейді тексеру және түзету
- •Қыл сызықты торды түзету
- •Аспаптың коллимациялық қателігі
- •Оптикалық тіктеуіштің окулярын тексеру және түзету
- •Вертикаль дөңгелектің нөл орнын тексеру
- •7 Геодезия және астрономияның байланысы
- •8 Картографиялық проекциялар
- •8.1 Географиялық карталар туралы жалпы мәліметтер
- •8.2 Карталардың мазмұнының негізгі элементтері
- •Жоғары геодезия
6 Topcon сериялы шағылыстырғыш gpt-3000 электронды тахеометрінің құрылысы, жаңа мүмкіндіктер
Қазіргі заманғы тахеометр – теодолит, нивелир және қашықтықтық өлшеуіш функциялары біріктірілген, өлшемдерді микропроцессорлы басқару, сақтау және нәтижелерді өндеу мүмкіндіктері бар оптикалық электронды аспап.
Сонымен қоса, қазіргі заманғы тахеометрде дәл оптика, дәл механика, электронды – есептеуіш техника, бағдарламалау және құрастырудың соңғы заманғы жетістіктері интеграцияланған.
Қазіргі заманғы тахеометрмен жұмыс істеп үйренген бір оператор, құрылыс ұйымында жұмыс атқара отырып, бұрын бірнеше адам істейтін жұмысты жалғыз өзі атқара алады. Басқаша айтқанда, еңбек өнімділігі, геодезиялық өлшемдердің дәлдігі, қолданыстағы оңайлылық және көпрежимділік қазіргі заманғы тахеометрді кез – келген құрылыс ұйымдарындағы бірден - бір аспап ретінде таниды.
Қазіргі кезде тахеометрлік жабдықтар нарығында TOPCON тахеометрлері кеңінен таралып, өзіне лайықты бағасын алып жатыр.
Нарықта олар әрбіреуінде 4...8 моделі бар сериялармен берілген.
Жалпы мақсаттағы тахеометрлер. Серия ішіндегі тиісті моделіне байланысты олар:
- дәлдігі 2" мен 9" аралығындағы бұрыш өлшеуді қамтамасыз етеді (тахеометр белгілеуіндегі соңғы цифр өлшем қателігінің бұрыштық секундына тең);
- стандартты бағдарламалық қамтамасыздандыру және 8000 өлшемге арналған жады бар;
- дәстүрлі топографты – геодезиялық өндіріс жағдайында қолдануға арналған.
Инженерлік тахеометрлер. Серия ішіндегі тиісті моделіне байланысты олар:
- дәлдігі 1" мен 5" аралығындағы бұрыш өлшеуді қамтамасыз етеді (тахеометр белгілеуіндегі соңғы цифр өлшем қателігінің бұрыштық секундына тең);
- MS DOS операциондық жүйесі, дамыған бағдарламалық қамтамасыздандыру және 5000 өлшемге арналған орнатылған жады бар;
- қолданушының жеке кеңейтілген бағдарламалық қамтамасыздандыруын қолдануға және топографты – геодезиялық өндіріс жағдайында, сонымен бірге арнайы инженерлі – геодезиялық зерттеулерде қолдануға арналған.
TOPCON тахеометрлерінің барлық типтерінде:
- әрбір қосылу кезіндегі автотестілеумен бірге топографты – геодезиялық өндіріс жағдайындағы қолданушылық тексеру және түзету құралдары бар, яғни бұл олардың тұтынушылық қасиетін ерекше жоғарлатады;
- моделіне байланысты 2-ден 5 мм +2 рргп қателігімен бір призма бойынша 3000 м-ге дейінгі арақашықтықтарды өлшенеді;
- GPT-2000, GPT-3000, GPT-6000 және GPT-8000 серияларында 250 м-ге дейін призмасыз және 7000 м-ге дейін призмамен өлшем жүргізуге болады;
- толығымен орыс тіліндегі қолданушы құралы бар;
- диапазоны 3′ және қателігі 1″ болатын екі осьті компенсатормен жабдықталған;
- бір өлшемге 1,2-ден 0,3 с уақыт кететін жылдамдықпен қамтамасыз етілген;
- температура және қысым өзгерісі, жер бетінің қисықтығы, рефракция, өлшем нәтижелерін жазықтыққа редукциялау әсерінен пайда болатын түзетпелерді енгізу мүмкіндігі бар;
Құрылыс кешені мамандарының назарына TOPCON тахеометрлерінің арасындағы жаңалықты, яғни GPT-3000 тахеометрін көрсетуге болады. Бұл серия қолданушыларға 2004 жылдың басынан жеткізіліп, өз облысындағы ерекше үлгі болып табылады. Онда корпорацияның тахеометрия облысындағы барлық соңғы жетістіктері интеграцияланған.
GPT-3000 сериясының тахеометрлері қашықтық өлшеу және белгіні көрсетудің жаңа лазерлік жүйесімен қамтамасыз етілген. Шағылыстырғышсыз өлшеу режимі кезінде 250 м-ге дейінгі қашықтықтарды миллиметрлік дәлдікпен өлшеуге мүмкіндік беретін көрінбейтін сәулелі импульстік лазерлер қолданылады. Бұл режимде қол жеткізбейтін нүктелерді өлшеуге және операторға қауіпті немесе жалпы қауіп туғызатын жағдайлар пайда болатын кезде өлшем жүргізуге болады. Ғимарат бұрыштарына көзделуге және электр сымдары үстінен өлшем жүргізуге болады.
Карьерлердегі маркшейдерлі жұмыстар өзінің құрамы бойынша алуан түрлілігімен, жеделдігімен және ашық тау жұмыстар технологияларының өзгеше жағдайларымен байланысқан бірнеше ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Мұндай жағдайларға мыналар жатады: тау—кен өнімдерін таратудың үлкен алаңы, күшті механизмдерді қолданғандықтан забойлардың жағдайын шапшаң өзгертуі, маркшейдер қызметінің араласуын талап ететін алуан түрлі көмекші жұмыстардың болуы. Бұл маркшейдерден таулы техника және технологиялық тапсырмалардың шешімімен байланыстыра отырып, маркшейдерлі жұмыстардың барлық түрлерін орындай алуды және терең білімді талап етеді. Карьерлерде маркшейдерлі жұмыстардың негізгі түрлері:
-тіреу және түсіретін желілердің (тораптардың) дамуы;
-тау-кен жұмыстарын және басқа да таулы техникалық обьектерді түсіру;
-тау жұмыстарының даму динамикасы мен жағдайын кескіндейтін графикалық құжаттарды құру;
-пайдалы қазбалардың қор табу және жоғалту қозғалысын тіркеу, келешекте кәсіпорынды қормен жабдықталуды анықтау;
-пайдалы қазбаның алынған және ашылған көлемін есептеу, жарылған массаның қозғалысын есепке алу;
-бұрғылау –жару жұмысын маркшейдерлі жабдықтау;
-пайдалы қазбаның сапасын немесе жату геометриясын үйрену, кеңістікте осы қасиеттерді таратуды кескіндейтін таулы-геометриялық графиктерді құру;
-тау-кен жұмыстарын басқару үшін арналған барлық таулы-геометриялық ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, қажет түрде беру;
-жоғалту нормасын сақтай отырып, пайдалы қазбаны толық алып шығуға бақылау жасау;
-таулы жұмыстарды жүргізу кезінде сырғу және құлау қауіпсіздікті жұмыстарымен сақтандыру, олардың жағдайына бақылау жасау.
Қазіргі нарық заманында маркшейдерлік және геодезиялық жұмыстарды жүргізу үшін алуан түрлі электронды аспаптар шығып жатыр. Ол аспаптардың көмегімен жер бетіндегі кен орындарында, құрылыстарда және басқа өлшеу жұмыстарында кеңінен пайдаланылып, өлшеу жұмыстарын бірнеше мәрте жеңілдеткен. Сол аспаптардың бірі TOPCON сериялы шағылыстырғышсыз GPT-3000 электронды тахеометрі. Бұл электронды тахеометрде арақашықтықтарды өлшеу лазерлі арақашықтық өлшеуіш арқылы жүзеге асады. Бұрыш өлшеу дәлдігі - 7'', ал қашықтық өлшеу дәлдігі – 1 мм шамасында, бір призма бойынша ең жоғары өлшенетін арақашықтық – 3500 м, ал шағылыстырғышсыз күйде 200 м-ге дейінгі қашықтықтарды өлшеуге болады.
Тахеометрдің сұйық кристалды дисплейі және аспап жадына мәліметтерді енгізетін әріпті – сандық пернетақтасы бар. Дисплейдің оң жақ төменгі бұрышында аккумулятордың зарядталу деңгейі көрсетіледі. Оң жақ жоғарғы бұрышында ағымдағы беттің нөмірі және мәзірдің бұл бөлігіндегі беттер саны, ал экранның төменгі жағында F1 – F4 функционалдық батырмалары орналасады.
Түсіріс жүргізген уақытта мәліметтер бекітілген қалыпта аспап жадында, екі файл түрінде, яғни өлшенген мәндер файлы және координаталар файлы түрінде сақталып отырады. Сондықтан, топографиялық түсірісті қатесіз орындау үшін, алдымен тұру нүктесінің координаталарын аспапқа жазу керек.
Бастапқы координаталардың файлын құру үшін төмендегі әрекеттерді орындау керек:
1. /МӘЗІР/---/F3-ЖАД/---/F4-(келесі бетке көшу)/---/F1-КООРДИНАТАЛАРДЫ ЕНГІЗУ /---Тірек нүктелерінің координаталарының енгізетін файлды таңдаймыз. /F1-ЕНГІЗУ (егер де координаталарымен файл әлі құрылмаса)---координаталар файлының атын енгізу. /F4-ОК/-файл құрылады.
2. КООРДИНАТАЛАРДЫ ЕНГІЗУ (координаталарды енгізу терезесі пайда болады)---/F1-XYH/---/F1-тірек нүктесінің атын немесе нөмірін енгіземіз/ және /F4-ОК/---нүкте координаталарын енгіземіз.
3. Осылайша, түсіріске керекті барлық нүктелердің координаталары енгізіледі.
Түсірісті орындаған кезде аспапты координаталары белгілі нүктеге орнатып (бұл нүкте БЕКЕТ деп аталады), координаталары белгілі басқа бір нүктеге бағыттаймыз (АРТҚЫ НҮКТЕ). Аспапты қосамыз /power – батырмасы/. Экранда горизонталь және вертикаль дөңгелек бойынша есептер көрсетіледі.
/МӘЗІР/---/ТҮСІРІС/ басамыз да, бақылау мәндерін жазатын файлды таңдаймыз (/F2-тізім/ тізімнен керекті файлды аламыз, немесе /F1-енгізу/ егер мәліметтерді жаңа файлға жазатын болсақ).
/F4/ кейін /F1-файлды таңдау/ --- тірек нүктелері бойынша мәліметтерді алатын файлды таңдаймыз. /F2-КООРДИНАТАЛАР/---/тізім/(керекті файлды таңдаймыз) және /енгізу/.
1/2 бетке, түсіріс режиміне көшеміз.
/БЕКЕТ/ - файлдан немесе пернетақтадан тұру нүктесінің координаталарын XYZ және аспап биіктігін (Ні) енгіземіз. Сақтағаннан кейін нүкте координаталары өлшемдер файлына жазылады да, дисплей / ТҮСІРІС / терезесіне көшеді.
Осылайша визирлеу нүктесінің координаталарын енгіземіз де, /ӨЛШЕУ/ басамыз, бақылаудың режимін таңдап, бақыланатын нүктеге бағытталамыз. Алынған нәтиже жадқа сақталады да, экранда түсіріс мәзірінің 1/2 терезесі пайда болады.
Содан кейін, ала таяқ ұстаушы шағылыстырғышты жергілікті жердің ерекше нүктелеріне қойып, бақылаушы бұл нүктелердің горизанталь және вертикаль бұрыштарын өлшейді. Өлшенген бұрыштарды өндегеннен кейін, түсіріс нүктелерінің координаталары алынады.
Жоғарыдағы жағдайда өлшеу нәтижелерінің жазылуы автоматты түрде өтеді, бірақ ол ылғи да қолайлы бола бермейді. Мысалы, контурды шығарған кезде қойылатын нүктенің арақашықтығын және белгісін тексеріп тұру қажет. Сондықтан нүктені аспап жадына жазу кезінде жазбаны дұрыстау мүмкіндігі бар. Ол үшін /СЪЕМКА/ мәзірінде 1/2 бетінде /НАСТРОЙКИ/ таңдап, бұл бетте /ПОДТВЕРЖДЕНИЯ/ДА батырмасын басу қажет.
2. Бұрыштық өлшемдермен өлшеу жүргізу
Кей кезде түсіріс кезінде бақылаушыдан бірдей қашықтықта, бірақ басқадай бұрышта орналасқан нүктенің координаталарын анықтау керек болады. Мұндай жағдайда өлшеу үрдісі кезінде /Режим/ таңдалып, кейін екінші бетте F3 және /ПРОМЕР/, /УГЛОВОЙ/ таңдап аспапты нүктенің жанында орналасқан шағылыстырғышқа бағыттаймыз да, керекті объектті таңдап /ДА/ батырмасын басамыз. Аспап бірінші өлшем арақашықтығы және өзгерген көлденең және вертикаль бұрыш бойынша нүкте координатасын есептейді.
3.Сызықтық өлшемдермен өлшеу жүргізу
Егер аспапқа дейін немесе одан кейін қол жетпес арақашықтықта орналасқан нүктенің координаталарын анықтау керек болса /РЕЖИМ/, /ПРОМЕР/, /ЛИНЕЙНЫЙ/ таңдап қосымша бағыт бойынша сызықтық өлшемдер енгіземіз, содан кейін аспапты шағылыстырғышқа бағыттаймыз. Осылайша қосымша сызықтық өлшемдер арқылы нүктенің координатасы анықталады.
4. Мәліметтерді компьютерге жіберу
Тахеометр жадындағы мәліметтерді компьютер жадына жіберу үшін, компьютердің арнайы құрылғысын кабель арқылы тахеометрге қосу қажет (тек қана компьютер сөніп тұрған кезде).
Аспапта - /МЕНЮ/ПАМЯТЬ/F4 екі рет басып, 3/3/ОБМЕН ДАННЫМИ/ФОРМАТ GTS-7/ОТПРАВИТЬ бетіне көшеміз де, ИЗМЕРЕНИЯ немесе КООРДИНАТЫ, экранда шығарылатын файлды таңдап, /ОТПРАВИТЬ КООРДИНАТЫ/ және /ДА/ батырмасын басамыз. Осылайша мәліметтер компьютер жадына жазылып, содан кейін керекті бағдарламаларда қолданылуға дайын болады.