Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
geeodezia_vysshaya_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.77 Mб
Скачать

5.4 Нивелир рейкалары

I және II класс нивелирлеуде 3 штрихті метрлі рейкалар қолданылады. Рейканың ортасынан вертикаль бойынша тұрақты созылыммен 20кт инвар сызығы өтеді. Инвар кіші сызықтық үлкейту коэффициенті бар ерітінді. Инвар сызығында 2 бірдей шкала бөлімі бар, бір бірінен қозғалуы 2,5мм – ден (5.6-сурет). Бөлу штрихтары 1мм қалындықпен 5мм сайын өткізілген. Бір шкаласы – негізгі - рейканың ағаш бөлігінде 0-дан 60-қа дейін әр жартылай дециметр сайын саналған. Келесі шкаласы - қосымша –60-тан-119-ға дейін саналған. Негізгі шкаланың нөлдік штрихті рейканың жазықтық табанымен сәйкес келу керек, ол өз кезегімен рейканың осіне перпендикуляр болу керек. Рейканы ұстау үшін 2 ұстатқышы бар, ал оны вертикаль жағдайға қою үшін – дөңгелек деңгей 10’-12’/2мм бөлу бағасымен орнатылған.

5.5 Рейкадан есеп алу

Алдымен нивелирдің көру дүрбісін шамамен рейканы нысаналайды, сосың нысаналау бұранда арқылы дүрбіні вертикаль жіп өсі шкаладан біраз штрихтан солға қарай орнатады, мысалы негізгі. Элевациондық бұранда арқылы деңгейдің көпіршік соңыларының бейнесін сәйкестендіреді. Барабан есебін бұрау арқылы биссектор жіп торын рейканың жақын негізгі шкалаға көздеп, есеп алады (5.2-сурет) : алдымен биссетормен рейкадағы штрих нөмірін сәйкестендірген кезде есепаламыз (суретте ол 28,8), сосың барабаннан – Индекске (40) жақын немесе сәйкес штрих нөмірін. Толық есеп 28,2840 жартылай дециметрмен қосымша шкаладан есеп жоғарыдағыдай алынады, бірақ алдын ала дүрбінің вертикаль жібін нысаналау бұрандамен кішкене қосымша шкаладан солға қарай орнату керек. 5.4,б суретте көрсетілген: рейканың негізгі шкаласы бойынша - 28,3, барабан бойынша – 37.Жартылай дециметрдегі толық есеп - 28,337. Маховикпен рейканың штрихын биссектормен сәйкестендіру үшін қолданылады.

Көлденең осі бойынша айналу толқындығын тексеру. Егер көру дүрбісі көлденең ось бойымен тығыз айналса, онда өсті тазалап, майлау қажет. Бұл үшін астармалы нивелирдің үстіңгі бөлігін бекітетін (5.2-суретті қараңыз) жапсармалық қос бұрандасын бұрайды да, жапсарманы алады. Сағаттың бұранда мен кері серіппені алу мен гильзаны жабатын бұранданы үлкен отверткамен бұрап алу үшін (5.2-суретті қараңыз) кері серіппенің гильзасындағы өкшелік бұранданы бұрап алады.

5.4-сурет- Рейканы нысаналау

5.5-сурет - Нивелирдің көру дүрбісі Н-05

Сосын, дүрбіні ақырын екі жаққа бұрап жоғары көтеріп, нивелирдің үстіңгі бөлігін астармадан ақырын айырады. Осі мен төлкесін таза матамен сүртеді, ол мата шамалы суланған, оны тағы да таза матамен құрғағанша сүртеді. Өсті шыны таяқшалы майлықпен техникалық маймен майлайды, өсті құралдың үсіңгі бөлігіне кигізеді, мұнда, серппе тіреуші қысқыш бұранданың жүргізушісінің тіреуіне түсетінін қадағалау керек. Гильзадағы серіппені кигізеді, гильзаны жабатын бұранданы бұрайды және үлкен бұрандада сәйкеспейтін тіреулікті тауып өкшелі бұрандаға бұрау қажет. Соңғы операцияға өз орнына орнату жатады. Тазалау мен майлауды таза жабық жерде жасау қажет.

5.6-сурет – Нивелирдің рейкасы

Орнатушы деңгейді жөндеу және бақылау. Көтергіш бұрандалармен бақылау үшін домалақ деңгейлік көпіршікті нөлдік пунктке келтіреді де дүрбіні 180° бұрады. Егер көпіршік нөль пунктке түссе, онда оны ауытқу жартысына деңгейдің түзетуші бұрандасымен араластырады, ал нөль пунктте көтергіш бұрандамаларымен келтіреді. Бақылауды қайталайды. Деңгейдің үш түзетуші бұрандамаларымен әсер етер алдында деңгей кранштейнге бекітілген бұрандалық бұранданы босату керек. Егер орнатушы деңгей екі өз ара перпендикульярлы цилиндірлі деңгейді көрсетсе, онда бақылауды былай орындайды: нивелир дүрбіні екі көтергіш бұрандаға параллель орнатады да олармен түрлі жаққа жібереді, көпіршіктті нөль пункттігіне жіберсе параллель орналасқан деңгейге келтіреді.

5.7-сурет –Нивелир тексермелері

Үшінші көтергіш бұрандасымен нөль пункткке көпіршіктің келесі деңгейге келтіріледі. Дүрбіні 180° бұрады; егер деңгей көпіршіктері ортаға жиналса, онда көтергіш бұрандаларымен оларды ауытқу жартысындағы нөль пунктінің жағына ығыстырады, ал нөль пункт деңгейінің түзетуші бұрандаларына келтіреді. 180°-қа бұралғаннан кейін деңгей көпіршіктері нақты нөль пунктте қалуына қол жеткізу керек.

Келесі бақылаулар нивелирді жұмыс орнына келтіргеннен кейін орналады.

Тор жіптерінің қондырғысын түзету және тексеру. Тордың көлденең жібі ілінген жіп көршісімен сәйкес келу керек. Желден ықталған орын қабырғасына ауыр ілгіш іледі, оны су толтырылған шелекке түсіреді. Ілгіш жібінің артындағы қабырғаға ақ қағаз бетін жапсырады. Ілгіштен 20-25 метірге нивелирді орнатып, оны жұмысқа икемдеген соң көру дүрбісінің торындағы көлденең жіпті келтіреді де ілінген жіппен қосады. Егер, осындағы тор жібі ілінген жіптің 0,5 метірі көп сәйкестік болса, онда тор жіптерінің орнын жөндеу керек. Оны былайша орындайды. Окулярдың жағынан екі өкшесін бұрандасын алдын ала бұрып алады (5.6-суретті қараңыз), сосын көру дүрбісінің қаңқасымен біріктірілген окулярлы бөліктің үш бұрандасын бұрайды да оны шешіп алады. Үш бұранданың бұралған тіреудегі пластинканың жетекші торы (5.6-сурет) көрінеді. Пластинканың үстңгі және төменгі бұрандаларын сағат тлінің жүрісіне қарсы бір айналымға бұрау қажет, ал ортасын бір айналымға жақын бұрау қажет. Сосын, ақырындап саусақпен пластинаны қажет жаққа бұрайды, окулярды кигізеді де тордың көлденең жібінің орнын тексереді. Егер пластинаны тағы бұрау қажет болса, онда ортаңғы бұранданы біраз босату керек. Тордың көлденең жібі ілінген жіп көршісімен сәйкестенгенше операцияны қайталай береді. Оған қол жеткізген соң, пластинканың ортаңғы бұрандасын бекітеді, сосын шеттеріндегіні, тордағы жіптерді орнатудың дұрыстығына көз жеткізген соң дүрбінің окулярлы бөлігін үш бұрандамен бекітеді.

Цилиндірлі деңгейді орнатудың түземесімен тексерімі. (басты шартты тексеру). Дүрбінің көздеуш өсімен цилиндрі деңгей өсі өз ара параллель болуы керек. Бұл үшін екі шарттың орындалуы керек;

1) деңгей осі арқылы өтетін жауапты жазықтың дүрбінің көздеуші осі арқылы өтетін жауапты жазыққа параллель болуы керек. Рейкадан 50м қашықтыққа нивелирді орнатады, көтергіш бұрандалардың бірі рейкаға көздеу саңылауында орналасуы керек. Басқа екі бұрышында көздеу сызығына қатысты симметриялық орынға орналасады. (5.8-сурет). Нивелирді жұмысқа дайындайды көру дүрбісін рейкаға келтіреді. Деңгей көпіршіктерінің ұштарын элевационды бұрандамен қосады және ортаңғы тік сызықтан рейка бойынша есептеп алады, оны есте сақтау керек. Бей-жай кесілген бұрыштың көтергіш бұрандалар 1 және 2 жаққа 2-3 толық айналымда нивелирді бүйірге көлбеулейді. Сонда, дүрбінің көздеуші осі көлденең қалуы өте қажетті, ал тексеріс барысында алынған рейка бойынша есептеу тұрақтылығын қадағалаумен орындалады. Нивелирді көлбеулеген соң, көру дүрбісінің өрісінде көрінетін деңгей көпіршіктерінің орнын сызу керек (5.8 а-суреті). Содан кейін, кері бағыттағы көтергіш бұрандалар жұбының әсер еткенде нивелир бастапқы орынға келтіреді, ол д/з көпршік ұштарын қайтадан қосады да, рейка бойынша есептеу өзгергенін қарайды (5.8 б-суреті). Енді осы тәртіп бойынша барлығын нивелирдің келесі жаққа бұрағанда қайталаймыз. Егер деңгей көпіршіктері 5.8 а суреті сызылған жағына ыдыраса немесе ыдырамаса, онда деңгей қортындысы бірінші бөлігінде дұрыс болады.

5.8-сурет- Деңгей көпіршіктері

Егер нивелирді көлбеулегенде деңгей көпршіктері біріншіге қарсы жаққа болса және бір бөлігінен артық ыдыраса (5.8 в-суреті), онда деңгейді жөндеу қажет. Бұл үшін деңгейдің түзетуші бұрандасын жабатын тығынды бүйірлік бұранда ортасына бұрайды да деңгей көпіршігін ортаға келтіреді. Егер нивелирді солға көлбеулегенде көпршік 5.8 в-суреттей, оңға көлбеулегенде 5.8 в-суретіндей ыдыраса онда деңгей оправасын солға бөлу керек. Егер нивелирді оңға немесе солға көлбеулегендегі көпіршік орындары 5.8 а және в суреттеріне сәйкес болса, онда оңға бұру керек. Бұрандаларды ақырын қолдану қажет. Мысалы, деңгей оправасының томпағын оңға алмастырса, оң жақ бұранданы біраз бұрау керек, ал сол жағын томпағын оңға беріп бұрау керек. Солға бергенде керісінше орындау керек. Жөндеу жұмысы жақындау тізбегімен орындалады.

2) көздеу өсімен теңестіру өсінің жауапты жарығының өзара параллель және 20″ аспайтын бұрышта қиылысуы керек.

Тәжірбиелік тексеріс і анықтаумен орындалады. Оны анықтаудың бірнеше әдісі бар. І, ІІ, ІІІ және ІV пластарда нивелирлеу бойынша нұсқауға келтірілген і бұрышын анықтау әдісінің екіншісін қарастырамыз. Тегіс ауданда, бір-бірінен 51,6м қашықтықта жерге екі қада берік қағылады, ал олардың бүйіріне сопақ басты шегелер қадайды. Алынған №1 және №2 нүктелердегі (5.9 сурет) оның екі жағына 5,2м бойынша тесік қалдырады А және В нүктесін алады. Нивелирді А нүктесінің жанына орналастырады және нақтылап жұмысқа дайындайды. Қадалардың жауапты орнында орнатылған рейканы порка астында тұру қажет. Сосын нивелир дүрбісін жақын рейкаға келтіреді (№1 қада). Есептеуіштік барабанда 50 есептелу орындалады және сосын барабанға жақындатылмайды. Деңгей көпршіктерін элевациондық бұрандамен қосады да рейканың негізгі шкаласының үш жібі боынша (ортаңғы және алшақтағы штрихтар бойынша) есептеле алады, содан кейін дүрбіні алшақтағы рейкаға келтреді де жоғарыда айтылған пункттегі жұмыстарды орындайды.

5.9-сурет- Нивелир тексермелері

А нүктесінде жұмысты аяқтаған соң, нивелирді В нүктесіне ауыстырады, сонда дүрбі алшақтағы рейка бойынша фокусталуы өзгеріссіз күйде қалуын абайлау керек.

Нивелирді В нүктесіне орнатып, оны жұмысқа даындаған соң бақылауды бастайды;

  1. есептеулер алыстағы рейкадан, (өзгеріссіз фокусталуда) сосын жақынан алады. Есептеу тәртібі А нүктесінен өзгеріссіз болады, келесі қолданысқа өтуде аспап горизонтын өзгерту қажет. Әрбір қабылдаудай і бұрышын мына формула бойынша табады (5.9 суретті қараныз): і″=h2′- h1′,

мұндағы h1′=υ1-u1; h2′=υ2-u2; қолданыстарындағы і бұрышының мәндерінің арасындағы айырмашылық 4″ аспау керек. Бұрыштың абсолютті шамасы 20″ (10″) аспау керек. Егер і бұрышының шамасын өзгерту қажет болса, ұзақтағы рейка үшін дұрыс есептеп табады және u2правы=u2-0,55i″ элевациондық бұранда көмегімен көру дүрбісін алдында анықталған дұрыс есептелуге қолайлы. Сосын, деңгей бұрандаларының көлденең түзеткіштерімен деңгей көпіршіктерін қосады. Түзетулерден кейін і бұрышын анықтаудың бақылауын жасау керек, егер ол 20″ (10″) аз болса, оның соңғы мәнін қайта орындалған 3 мысалдан шығарады Н2 нивелиріндегі і бұрышының өз осінің айналасындағы оптикалық сыналымы бұру көмегімен орындалады, ол үшін бекітуші бұрыштарды n жіберу керек (5.8 б суретті қара). Оправадағы сынаны бұрғанда ортаңғы жіп алдыңғысына сәйкес есептеулілігін алады. Сынаны осы орында бекіту керек. Осы уақытта деңгей нөль пунктке тең болуы керек. Әдіс теориясын қарастырайық. 5.8 суреттегі табатынымыз:

(5.1)

Үш бұрыштардың теңдеуінен табатынымыз:

(5.2)

Алынған мәндерді қоямыз:

(5.3)

Мұндағы ( ) жарты млиллиметровкада көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]