Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
geeodezia_vysshaya_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.77 Mб
Скачать

4.7 Рекогносцировка және полигонометрия пункттерін белгілеу

Аралық пункттерге көру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі керек.

Тұрғызу аймағында бекеттерді мөлтек аудандардың бұрыштарында және тротуарларда сызық фасадтық сызыққа паралель және нысаналық сәуле кедергіге қатысты 2 метрден жақын өтпейтіндей етіп орналастырады.

1-3 классты полигонометрия пунктерінде орталықтар түрін және сол түрлердің триангуляция кезінде бұзылған белгілерін салады.

1 және 2 дәрежелі полигонометрияда белгілер ретінде полигонометриялық маркалар және белгілер қызмет етеді, ал жер астындағы реперлер ретінде – темір-бетонды монолиттер, құбырлар немесе рельстер салынады. Қалаларда жер астындағы реперлерден басқа қабырғалыларын қолданады.

4.8 Полигонометриядағы бұрыштық және сызықтық өлшеулер

1-4 классты полигонометрияда бұрыштарды өлшеу үшін сәйкес триангуляциядағыдай теодолиттің түрлерін қолданады.

Полигонометрияның 1 және 2 дәрежелерінде Т2, Т5, Т10 теодолиттерін қолданады.

Міндетті түрде нысаналық маркалардың тексерісін жүргізеді.

Көлденең бұрыштарды оптикалық теодолиттермен шеңберлі тәсілдер әдісімен өлшейді.

2-4 классты полигонометрияда екі бағытты пункттерде сол және оң бұрыштарды өлшейді

4.3-кесте Полигонометриядағы бұрыш өлшеу аспаптары

Теодолиттердің түрі

Полигонометрия

4 класс

1 дәреже

2 дәреже

Т1(ОТ -02)

6

-

-

Т2(ТБ – 1, ОТС)

6

2

2

Т5(ТТ4, ОТШ)

-

2 қайталау, 2тәсіл

2

Т10

2 қайталау, 2тәсіл

Т15(ТТ5, ТТ - 50)

-

-

2 қайталау, 2тәсіл

4.9 Бұрыштық өлшеулер кезіндегі қателіктер

Қателіктердің негізгі көзі болып табылатын:

- нысаналау мен теодолиттердің дәл болмай орталықтау қателіктері;

- аспаптық (лимбтың бөлінісінің, алидада эксцентриситетінің қателіктері, коллимациондық қателіктер және т.б.);

- бұрыштарды өлшеудің қателіктері (есептеулер, келтірулер);

- сыртқы әсерлердің әсер ету қателіктері.

орталықтандырудың әсері:

, (4.8)

Мұндағы

(4.9)

- 4-ші класс үшін;

с – А және В пункттері арасындағы 1800 үшін S1+S2 тең болатын қабырғаның ұзындығы.

Аспаптық қателіктер (зертханалық жұмыстарды қараңыз);

Нысаналау қателігі

, (4.10)

мұндағы V – құбырдың ұлғаюы.

Есептеу қателігі лимбтың қарсы бөліктерінің штрихтарын есептеу кезінде басын қосуға болатын қателікпен анықталады. Сонымен ТБ-1 теодолиті үшін қыр жағдайларында ол ±1'' тең, ал зертханалық жағдайларда жақсы жарықтандыру кезінде ол ±0,4'' тең.

5. Нивелирлеу әдістері

Нивелирлеудің мақсаты нүктелердің биіктігін анықтау болып әр түрлі құралдармен және әдістермен орындалады. Нивелирлеуді келесі түрлерге бөледі:

геометриялық (жаяу және моторландырылған);

тригонометриялық;

барометрлік;

механикалық;

микротегістеу;

гидростатикалық;

фотограмметриялық әдістері.

Геометриялық нивелирлеу бір нүктенің басқа нүктеден, оған жақын нүктеден асып кетуін нысаналаудың көлденең сәулесі және сол нүктелерде іліп орнатылған рейкалар көмегімен тікелей анықтаудан тұрады. Оны ортадан және алдыға бағыттау түрінде орындайды. Орын ауыстыруды жылдамдату және өлшеудің дәлдігін жоғарлату үшін нивелир және нивелир бригадасын бір бекеттен екіншісіне тасымалдау кезінде автокөліктерді қолданады. Мұндай нивелирлеу моторландырылған деп аталады. Ол аса жылдам жасалынады. Тригонометриялық нивелирлеу – негізінен мемлекеттік геодезиялық жүйеде көрсетілген мақсатта геометриялық нивелирлеу қарастырылмаған аймақтарда 1, 2, 3 және 4 классты пункттерді анықтауға, таулы аймақтарда 1:25000 және 1:10000 масштабтарда топографиялық түсірілімдер кезінде биік геодезиялық тірек жүйелерін тұрғызу үшін жасалады. 1 және 2 жер бетінің нүктелерінің биіктігінің айырмасын (Н ) тригонометриялық нивелирлеу әдісімен анықтау үшін сол нүктелер арасындағы қашықтықты Д және визирлі осьтің иілу бұрышын немесе бақыланатын заттың зениттік арақашықтығын білу керек. Тригонометриялық нивелирлеу теодолитпен жүргізіледі. Барометрлік нивелирлеу – жер бетінің екі нүктесінің биіктігінің айырмасын сол нүктелердегі атмосфералық қысымды бір уақытта өлшеу нәтижелері бойынша анықтайды.

Халықаралық бірліктер жүйесінде СИ қысымның бірлігі Паскаль (Па) болып табылады. Атмосфералық қысымды өлшеу үшін Гиетопаскальді қолданады (ГПа): 1ГПа=0,750062 мм.сынап бағанысы бойынша шама. Құралдары микробарометрлер, серіппелі микробаронивелир СМБН болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]