Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
geeodezia_vysshaya_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.77 Mб
Скачать

3.9 Базисті өлшеу

Базисті өлшеу үшін:

  1. жолды тазарту және белгілерді 2-3км сайын алдын ала орнату;

  2. 200-300м сайын базис сызығының алдында қада қағып толық ілу.

Штативтерді орналастыру және базисті келесіде өлшеуді ұзындығы 0,5 тен 1км дейін аралықтармен жүргізеді. Штативтер арасындағы қашықтықты оларды орнату кезінде болат арқанмен немесе динамометр (10кг) бойынша созылу кезінде рулеткамен өлшейді.

Соңғы штатив орнында аралықтар ұзындыєы 0,3-0,4м, диаметрі 10-15см уақытша орталық жасайды.

Соңғы аралық әдетте 24м аз болады. Бұл қалдықты өлшеу үшін қысқа аралықтарды түзетін 1 немесе 2 штатив орнатады.

Базистің әр аралығын 2 сыммен тура және кері бағыттарда өлшейді. 3 және 4 класс триангуляцияларының базистерін 4 сыммен, ал 1 және 2 классты триангуляцияларының базистерін 6 сыммен өлшейді.

3.10 Базистің ұзындығын есептеу

Бастапқыда әр сым үшін жеке аралық ұзындығын есептейді:

, (3.28)

мұндағы n – бұл аралықтағы қысқаларды санамағандағы толық арқалықтардың саны;

- сымның қалыпты ұзындығы = 24м;

- сымды тұтастыру үшін түзету (түзетулерден 1 және 2 тұтастыру кезіндегі орташа арифметикалық);

(П-З)I – сымның шкалалары бойынша есептеп шығарудың айырмасының орташа арифметикалық мәні;

- температуралардың айырмасы үшін түзету.

Әр сым үшін тура және кері жүріс үшін есептелген Li мәні бір бірінен 4√L(км),мм артық емес ерекшеленбеуі керек.

Одан кейін әр сым бойынша базистің ұзындығының негізгі бөлігін есептейді:

(3.29)

мұндағы - толық базис үшін қысқа арқалықтарды санамағанда арқалықтардың иілуі үшін түзету;

- тізбекті сызықтың симметриясыздығы үшін түзету.

Одан кейін қалдықтың немесе қысқа арқалықтардың ұзындығын есептейді:

(3.30)

мұндағы m – қысқа арқалықтар саны;

- арқалықтың өлшенген ұзындығы;

- тұтастыру, температуралар айырмасы, иілу үшін арқалықтың ұзындығының түзетулері.

Одан кейін әр сым үшін ұзындықты табады:

. (3.31)

өлшенген ұзындықтың орташа мәнін табады:

(3.32)

мұндағы q – сымдар саны.

Одан кейін базистің дәлдігін бағалауды жүргізеді.

3.11 Бағыттарды айналдыру тәсілімен өлшеу немесе Струве тәсілі

Лимбтің қозғалмаған күйінде теодолит алидадасын сағат тілі бойынша бұрады, көру дүрбісін бірінші, екінші, ... , соңғы көздейді; сонымен қоса горизонталь дөңгелек бойынша есеп алады. Берілген өлшемдердің комплексі бірінші жартылай тәсілді құрады. Одан кейін дүрбіні зенит арқылы сол пунктарға бұрады, бірақ кері кезектестіктен: соңғы, ... , екінші, бірінші, яғни екінші жартылай тәсілді жасайды. Екі жартылай тәсіл бір тәсілді құрайды.

Егер әрбір жартылай тәсіл соңында дүрбіні қайтадан бастапқы бағытқа бағыттаса және қайта лимб бойынша есеп алса, яғни горизонтты тұйықтаса, бұл әдіс бағыттарды айналдыру тәсілімен өлшеу деп аталады. Бұл әдісті 1816 жылы белгілі орыс геодезисі және астроном академик В.Я.Струве ұсынды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]