Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
geeodezia_vysshaya_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.77 Mб
Скачать

3.1 Бірінші класстық триангуляция

Мемлекеттік триангуляция жүйелерін 1, 2, 3, 4 класстарға бөледі.

1 класс – астрономды геодезиялық, Жердің өлшемі мен пішінін анықтаумен байланысты ғылыми мәселелерді шешуге арналған. Сонымен қатар 1 класстың триангуляция жүйелері төменгі классты триангуляциондық жүйелерді дамыту үшін негізгі болып табылады.

1 класстың триангуляциясының үлкен аймақтарында меридиандар мен паралельдер бағытында орналасқан және бір бірінен 200 км артық емес қашықтыққа алыстаған үшбұрыштар тізбегі ретінде жасалады. Триангуляция тізбектері өзара қиылысып периметрі 800 км артық емес полигондарды түзеді. Үшбұрыштардың қабырғалары пішіні бойынша теңқабырғалыларға жақын болуы керек. Түйіннің ұштарында А,В,С,D нүктелерінде базистік қабырғалар беріледі (қабырғаның ұзындығын өлшейді). Базисті қабырғалардың пункттері (Лаплас пункттері) ендіктің, бойлықтың және азимуттың астрономиялық анықтаулары жүргізіледі. Әр үшбұрышта жоғары дәлдікті аспаптық өлшеулер жүргізіледі. Одан кейін астрономиялық координаталардан геодезиялық және тікбұрыштыларға өтеді. Көлденең бұрыштарды өлшегеннен кейін 1 класс триангуляциясында гравиметриялық түсірілімді жүргіземіз.

3.2 Екінші және төмен классты жүйелердің дамуы

Бұл жұмыс 1 класстық жүйенің әр полигонында орындалады. 2 класстың триангуляциясы 1 класс полигонының толық ауданын толтыратын және контур бойында бірінші класстың тірек пункттерімен сенімді байланысқан үшбұрыштрдың тұтас жүйесі ретінде дамиды. Екінші класстық жүйесінің ортасында бір EF базистік қабырғасы беріледі, онда астрономиялық координаттардың анықталуы жүргізіледі. 2 класстың триангуляциясының үшбұрыштарының қабырғалары 7 ден 20 км дейін болуы мүмкін. 2 класстық триангуляциясында барлық бұрыштарды өлшейді және 1 класс триангуляциясына сәйкес теңестіреді. 3 және 4 класс триангуляцияларының тірек пункттері жоғары класстар тірек пункттерімен байланысты анықталады, негізгі пункттерді немесе жеке пункттерді салу. 3 класс триангуляциясын өзара жеке 1 және 2 классты кірістірмей теңгереді. 4 класс триангуляциясын жоғары класс үшбұрышына тура немесе кері таңбамен тіректіі қосумен салады.

3.1-кесте Триангуляция жүйелерінің шарттары

Көрсеткіштер атауы

1 класс

2 класс

3 класс

4 класс

1. Жүйе ұзындығы, км

200

-

-

-

2. Үшбұрыш қабырғасының ұзындығы, км

20 – 25

7 – 20

5 – 8

2 – 5

3. Базисті өлшеу-дің салыстыр-малы қателігі

1 : 400000

1 : 300000

1 : 200000

1 : 200000

4. Мүмкін бола-тын үшбұрыш-тағы бұрыштық қиыспаушылық

5.Өлшенген бұрыштың О.к.қ,

3.2-кесте Триангуляция жүйелерінің шарттары

О.к.қ. Лаплас белгілері үшін

1 класс

2 класс

Ц

Л

А

Мұндағы S – уақыт секундтары.

2, 3, 4 класстар триангуляциялары топографиялық түсірілімдердің дамуы үшін тіреуіш жүйе болып табылады. 1 : 50000 – 1 : 5000 масштабты түсірілімдерді қамтамасыз ету үшін біріктіру жүйелері жүргізіледі, оларға I, II дәрежелі триангуляциялар және I, II дәрежелі полигонометрия жатады.

1 : 2000 – 1 : 500 масштабтары үшін салынбалы жүйелер қызмет етеді.

1 класс триангуляциясының бекеттеріне 2 класс триангуляциясының бекеттерінің байланысу сызбасы үшбұрышпен, төртбұрышпен және желпеуішпен жүзеге асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]