Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikhologia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
210.94 Кб
Скачать

22Ойлаудың психологиялық теориялары.

Ойлау үрдісін түсіндіретін белгілі теорияларға тоқталатын болсақ, ең алдымен бұл тұжырымдамаларды екі үлкен топқа бөлуге болады: бірінші топқа жататын тұжырымдаманың өкілдері адамдарда өмір тәжірибесінің әсерімен өзгермейтін табиғи, интеллектуалдық қабілеттіктердің болатындығы туралы қағидадан туындайды, екінші топтағы тұжырымдаманың негізіне ақыл-ой қабілеттіліктері өмірге келгеннен кейін, өмір бойы қалыптасады және дамиды деген түсінікті жатқызады. 1.Бірінші тұжырымдар бойынша интеллектуалдық қабілеттіктер және интеллектінің өзі жаңа білімді алу мақсатында қабылдау мен ақпаратты ондауда қамтамасыз ететін ішкі құрылымның жиынтығы ретінде анықталады. Сәйкес келетін интеллектуалдық құрылымдар даяр күйінде адамнан туғаннан беріледі, бірте-бірте организмнің ес үрдісінде дамиды деп есептеледі. Бұл интеллектуалдылық қабілеттіліктер (нышандар) идеясы неміс психологтарының мектебінде орындалған ойлау саласындағы көптеген еңбектерге тән. Ол ерекше айқын ойлаудың гештальт теориясында берілген. Бұл теория бойынша құрылымды қалыптастыру және қайта өзгерту, оларды реалдік шындықты көру интелектінің негізі болып табылады. 2.Бұл теорияға қарама-қарсы интелектінің генетикалық тұжырымдамалары бойынша ақыл-ой қабілеттіліктері туғаннан берілмейді, өмірге келгеннен кейін қалыптасады және дамиды деген қағиданы пайымдайды. Генетикалық тұжырымдамалар ойлауды сыртқы ортаның ықпалынан дей келіп, субьектінің өзіндік ішкі дамуы идеясынан немесе екеуінің өзара әрекетінен деп түсіндіреді. Ойлаудың өзіндік тұжырымдамалары психологиялық зерттеулердің төмендегідей бағыттарында қарастырылады: эмпирикалық субьективтік психологияда, ассоциативтік сипаты жағынан және интроспективтік негізгі әдісі бойынша, гештальтпсихологияда алдыңғыдан айырмашылығы тек қана психикалық үрдістердің элементтілігін жоққа шығаруы және олардың тұтастығын жеке элементтер құрамына қарағанда үстемдік етуі артықшылығын мойындайды, оның ішінде ойлауда, бихевиоризмде, оның жақтаушылары ойлау үрдісін субьективтік феномен ретінде мінез-құлықпен (ашық немесе жасырын ақыл-ой) ауыстыруға әрекет етеді: психоталдауда ондай ойлауға барлық басқа үрдістер сияқты талпынуға бағындырды. Ойлаудың белсенді психологиялық зерттеулері ХVII ғасырдан жүргізіле бастады. Сол кезде, содан кейін біршама ұзақ кең психология тарихында ойлауды логика ғылымының құрамында, оның бірден-бір түрі ретінде ұғымдық теориялық ойлау қарастырылды. Ойлауға қабілеттіліктің өзі туғаннан берілген, туа біткен қасиет, ал ойлау дамудан тыс қарастырылды. Интеллектуалдылық қабілеттіліктердің қатарына ол кезде пайымдау, логикалық ой қорытындысын жасау және рефлексия (өзін-өзі тану) жатқызылды. Ойлау тәсілдеріне (операцияларына) жалпылау, талдау, жинақтау, салыстыру және жіктеу кірді. Ойлаудың өзі ассоциативтік эмпирикалық психологияда, оның барлық әр түрлі көріністерінде қазіргі тәжірибеден алынған ассоцациаларға, өткеннің және көңіл-күйлер іздерінің байланыстарын жатқызады. Ойлаудың белсенділігі, оның шығармашылық сипаты да осы теория шеше алмаған негізгі проблема болды. Сондықтан да оның жақтаушыларына ақыл-ой шығармашылық қабілеттіктер ассоциацияға бағынбайтын туа біткен ақылдың қабілеттіктері деп хабарлаудан басқа ештеңе қалмады.Бихевиоризм бағытында ойлау стимулдар мен реакциялардың арасындағы күрделі байланыстарды қалыптастыру үрдісі ретінде жеке міндеттерді шешуге қатысты практикалық икемділіктер мен дағдыларды қалылтастыруды қарастырады. Гештальтпсихология бағытында интуитивтік тұрғыдан түсіндіреді. Психологиядағы: соңғы екі бағыт (бихевиоризм мен гештальтпсихология) ойлауды түсіну үшін ештеңе бермеді деп айтуға болмады. Бихевиоризмнің арқасында психологиялық зерттеулердің саласына практикалық ойлау енгізіледі, ал гештальтпсихологиясының арқасында психологтар ойлаудағы интуиция және шығармашылыққа ерекше көңіл бөлді. Ойлау психологиясы проблемасын шешуде психология бағытындағы психологтардың сіңірген еңбектері баршылық. Олар негізінен зейінді ойлаудың санасыздық түрлеріне қатыстырумен, сонымен қатар ойлаудың адамдардың талпынулары мен қажеттіліктеріне бағыныштылығын зерттеуге байланысты. Қазіргі іс-әрекет іліміне негізделген психология ғылымында ойлау жаңаша көзқарасқа ие болды. Ойлауды таным іс-әрекетінің ерекше түрі ретінде қарастырды. Ойлауды психологияға енгізу арқылы іс-әрекет категориясында теориялық және практикалық интелектіні танымның обьектісі мен субьектісін қарама-қарсы қоюды жеңу іске асты. Ойлаудың іс-әрекеттік теориясы балаларды оқыту және ақыл-ой дамуымен байланысты көптеген практикалық міндеттерді шешуге көмектесті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]