
- •3.Психология пәні және оны зерттеу әдістері.
- •4.Психологиядағы тұлға мәселесі
- •5Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
- •9Психологиядағы іс-әрекет мәселесі.
- •11Психикалық қасиеттерге сипаттама.
- •12.Психикалық құбылыстардың құрылымы.
- •13Психология дамуының негізгі кезеңдері.
- •14Cана және психика.Сананың деңгейлері (з.Фрейд)
- •15Қабілет және нышан.
- •16Қажеттілік түсінігі. Масловтың қажеттілік пирамидасы.
- •17Психология ғылымының негізгі кезеңдері 4кезеңіне сипаттама
- •18Психологияның философиялық шеңберде дамуы
- •19Зейін, түрлері мен қасиеттері.
- •20Қарым-қатынастың функциялары.
- •21Қабылдау және оның физиологиялық негізі.
- •22Ойлаудың психологиялық теориялары.
- •23Эмоция және оның түрлері
- •24Тұлғаның жас ерекшелік дамуы. (Эриксон бойынша).
- •25 Ес операцияларының түрлері. Ес туралы теориялар.
- •26Холерик, сангвиник,меланхолик, флегматик типтеріне сипаттама
- •27.Мінез типологиясы а.Е.Личко бойынша:жас өспірімдерді бақылауға негізделген нақты бір мінез күшейуін қарастырады,ол сыртқы жағдайларына байланысты.
- •28Ойлау мен сөйлеудің өзара қарым-қатынастары.
- •30Түйсіктің түрлері мен заңдылықтары
20Қарым-қатынастың функциялары.
Адамның даралық әрекеті негізінде қарым-қатынастың атқаратын қызметтері туралы қысқаша айтуды жөн көрдік. Бұл қызметтер жан-жақты, бірақ негізінен қызметтердің үш түрін атап көрсетуге болады: ақпараттық-коммуникативтік, реттеуші-коммуникативтік және эффектілік-коммуникативтік. Осының негізінде қарым-қатынастың үш жағын бөліп қарастырады: ақпарат алмасу, жеке тұлға аралық өзара әрекет және адамдардың бір-бірін түсінуі. Қарым-қатынастағы ақпарат алмасу әрекеті туралы айтқанда, қарым-қатынастың коммуникативтік жағы деп түсінеді. Сөздің тар мағынасында коммуникация туралы айтқанда, ең алдымен адамдар бірлескен іс-әрекеттің барысында өзара әртүрлі елестетулермен, идеялармен, қызығулармен, көңіл-күйлермен және т.б. пікір алысады. Осының бәрін ақпарат ретінде қарастыруға болады. Сондықтан да қарым-қатынастың коммуникативтік жағын қарастыруға ақпарат теориясы кейбір ережелерінің қолдану мүмкіншіліктерін жоққа шығармай, міндетті түрде негізгі мәселелерге мән беру қажет. Коммуникативтік үрдісте тек қана ақпарат қозғалысы іске асып қоймайды, сонымен қатар белсенді ақпарат алмасу жүреді. Қарым-қатынастың әрбір қатысушысы үшін ақпараттың мәні ерекше рөл атқарады, ақпаратты тек қана қабылдап қою жеткіліксіз, сонымен қатар түсінікті болуы керек. Екіншіден, адамдар арасында ақпаратты алмасу сипаты белгілер жүйесі арқылы бір-біріне ықпал етуі мүмкін. Басқаша айтқанда, осындай ақпарат алмасу міндетті түрде әріптесіне әсер етеді. Коммуникативтік әсер ету бір адамның екінші адамға психологиялық әсері болып табылады. Үшіншіден, ақпаратты алмасу нәтижесі ретінде коммуникативтік ықпал сол уақытта мүмкін болады, егер қарым-қатынастың екі қатысушысы қабылдаудың бірыңғай жүйесін меңгергенде. Төртіншіден, адамзат коммуникациясы жағдайында әлеуметтік және психологиялық сипаттағы ерекшелігі бар коммуникативтік кедергілер пайда болуы мүмкін. Сөйлеу қарым-қатынастың ерекше жетілген түрі, тек қана адамға тән. Сөйлеу қарым-қатынасында екі жақ қатынасады — айтушы және тыңдаушы. Айтушы жақ ойды мәнерлі беруге қажетті, сөздерді тыңдап алады, оны грамматиканың ережелерімен байланыстырады және сөйлеу органдары артикуляциясының арқасында айтып береді.Тіл қарым-қатынас құралының қатаң нормаға түскен жүйесі, ал сөйлеу қарым-қатынас үрдісінде ой мен сезімді беру үшін оның қолданылуы. Тілде ой жоқ, бұл ойды беру үшін қолданылатын әртүрлі тәсілдердің жиынтығы.
21Қабылдау және оның физиологиялық негізі.
Қабылдау дегеніміз –дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың тұтас қасиеттерінің адам санасындағы бейнесі. .Қабылдаудың құрамына әруақытта да түйсіктер кіреді, біз белгілі түсі, исі, түрі, температурасы және т.б қасиеттері бар заттарды қабылдаймыз. Түйсіктерге қарағанда қабылдаудың жүйке –физиологиялық амалдары өте күрделі.Қабылдаудың физиологиялық негізі біздің сезім органдарымызға әсер ететін заттар мен құбылыстардың жекелеген ғана емес, тұтас, жиынтық, кешенді қасиеттерді шақыратын бас ми қыртысының анализдік –синтездік қызметі болып табылады.Қабылдаудың жүйке –физиологиялық амалы заттардың жиынтық қасиеттерінің әсерімен іске асатын уақытша байланыстар жүйесін ұйымдастыру.Сондықтан да әрбір қабылдау түйсіктердің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар заттың тұтас бейнесі: қабылдау күрделілігімен және сонымен қатар тұтастығымен ерекшеленеді. Қабылдаудың тұтастығы сол қабылданатын заттардың тұтастығымен анықталады. Қабылдауда қиял үрдісі ес үрдістері сияқты санамыз үшін еріксіз іске асады. Қабылдаудың құрамына ойлау мен сөйлеудің қызметі кіреді. Ойлау мен сөйлесу ең алдымен қабылданатын заттың атынан байқалады. Біздің қабылдауларымыз сөйлеудің қатысымен іске асады, қабылдаулардың физиологиялық негізі тек бірінші сигнал жүйесімен шектеліп қоймайды, сонымен қатар екінші сигнал жүйесінің жүйкелік байланыстары болып табылады. Қабылдауда бірінші және екінші сигналдар жүйесі қызметінің бірлігін көруге болады. Қабылдануда эмоциялық көңіл –күй ерекше орын алады. Оған ең алдымен сол түйсіктердің сезімдік ырғақтары қабылдаудың құрамына кіреді. Оған қабылданатын зат туралы бұрынғы көңіл күйлері және ойлармен байланысты сезімдер жатады. Кейде қабылданатын заттарға бізде кездесетін эмоциялық жағдайларды енгізуге болады: қуанышты, көңілді, қайғы және т.б. Сондықтан да біз көңілді немесе көңілсіз пейзаж, қайғылы шөл дала, қуанышты, күлімсіреуді және т.б. қабылдаймыз. Қабылдау үрдісіне зейін ерекше рөл атқарады, ол қабылдаудың белсенділігін арттырады, оның мынадай сапаларын дамытады. Зейін сияқты қабылдау да ерікті және еріксіз болып бөлінеді. Қабылдау –заттар мен қабылдауға көру түйсіктері (жасыл, қызыл және басқа түстерді) , иіс түйсіктері , дәм түйсіктері (тәтті,ащы,тұщы), бұлшық ет қозғалыс түйсіктері ( қаттыны , ауырлықты түйсіну ) және т.б.Түйсіктерге қарағанда қабылдаудың жүйке –физиологиялық амалдары өте күрделі.Қабылдаудың физиологиялық негізі біздің сезім органдарымызға әсер ететін заттар мен құбылыстардың жекелеген ғана емес, тұтас, жиынтық, кешенді қасиеттерді шақыратын бас ми қыртысының анализдік –синтездік қызметі болып табылады.Қабылдаудың жүйке –физиологиялық амалы заттардың жиынтық қасиеттерінің әсерімен іске асатын уақытша байланыстар жүйесін ұйымдастыру. Сондықтан да әрбір қабылдау түйсіктердің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар заттың тұтас бейнесі: қабылдау күрделілігімен және сонымен қатар тұтастығымен ерекшеленеді.Қабылдаудың тұтастығы сол қабылданатын заттардың тұтастығымен анықталады. Сонымен қабылдау –бұл бір ғана емас, бірнеше сезім органдарының, бірнеше анализатордың іс -әрекетінің нәтижесі. Бұл жағдайда кез –келген қабылдау органдарының бірі негізі болып табылады.Қабылдаудың құрамына ойлау мен сөйлеудің қызметі кіреді. Ойлау мен сөйлесу ең алдымен қабылданатын заттың атынан байқалады. Бұл жерде қабылдаудың мазмұндылығы аңғарылады. Егер де қабылданатын зат бізге жаңа белгісіз болса, ондай ойлау сәті бұл не? деген сұрақтармен бейнеледі. Сонымен қатар бұл қабылдау үрдісіне ойлаудың қатысын көрсетеді. Қабылдануда эмоциялық көңіл –күй ерекше орын алады. Оған ең алдымен сол түйсіктердің сезімдік ырғақтары қабылдаудың құрамына кіреді. Оған қабылданатын зат туралы бұрынғы көңіл күйлері және ойлармен байланысты сезімдер жатады. Кейде қабылданатын заттарға бізде кездесетін эмоциялық жағдайларды енгізуге болады: қуанышты, көңілді, қайғы және т.б. Сондықтан да біз көңілді немесе көңілсіз пейзаж, қайғылы шөл дала, қуанышты, күлімсіреуді және т.б. қабылдаймыз.