
- •3.Психология пәні және оны зерттеу әдістері.
- •4.Психологиядағы тұлға мәселесі
- •5Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
- •9Психологиядағы іс-әрекет мәселесі.
- •11Психикалық қасиеттерге сипаттама.
- •12.Психикалық құбылыстардың құрылымы.
- •13Психология дамуының негізгі кезеңдері.
- •14Cана және психика.Сананың деңгейлері (з.Фрейд)
- •15Қабілет және нышан.
- •16Қажеттілік түсінігі. Масловтың қажеттілік пирамидасы.
- •17Психология ғылымының негізгі кезеңдері 4кезеңіне сипаттама
- •18Психологияның философиялық шеңберде дамуы
- •19Зейін, түрлері мен қасиеттері.
- •20Қарым-қатынастың функциялары.
- •21Қабылдау және оның физиологиялық негізі.
- •22Ойлаудың психологиялық теориялары.
- •23Эмоция және оның түрлері
- •24Тұлғаның жас ерекшелік дамуы. (Эриксон бойынша).
- •25 Ес операцияларының түрлері. Ес туралы теориялар.
- •26Холерик, сангвиник,меланхолик, флегматик типтеріне сипаттама
- •27.Мінез типологиясы а.Е.Личко бойынша:жас өспірімдерді бақылауға негізделген нақты бір мінез күшейуін қарастырады,ол сыртқы жағдайларына байланысты.
- •28Ойлау мен сөйлеудің өзара қарым-қатынастары.
- •30Түйсіктің түрлері мен заңдылықтары
17Психология ғылымының негізгі кезеңдері 4кезеңіне сипаттама
1кезең:Психология-жан туралы ғылым.Адам өмірінде түсініксіз болмысты жанның бар болуымен түсіндіреді.Бұдан екі мың жыл бұрынғы көзқарас.
2кезең:Психология-сана туралы ғылым.17ғ басталады.Сезіну қабілеті мен ойлау сана деп аталады.Негізгі әдіс-адамның өзін-өзі бақылау.
3кезең:Психология-мінез құлық туралы ғылым.20ғ психология-адамның мінез-құлқын реакциясын т.б.бақылап отыру.
4кезең:Психология-психикалық құбылыстарды зерттейтін ғылым.20ғасырдың екінші жартысынан басталады.
18Психологияның философиялық шеңберде дамуы
Бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып,Аристотельден (348-322) басталған философиялық ілім тарихы.Осынау,сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғалымдар,атап айтқанда,Герофил,Эрасизтарт,Гипократ,Демокрит,Гален,Гераклит,Декарт,Геббос,Спиноза,Лейбниц,Руссо,Дидро,Кант,Гегель т.б ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан.Мәселен,Аристотель өзінің Жан туралы трактатында жан тәннің өмір сүруінің формасы екендігін,мұның өзі ес,қиял,ойлау,эмоция,секілді процестерге бөлінетіндігін айтса,келесі бір грек ғалымы Демокрит жанды заттың атомдары,секілді өсіп,өшіп отыратын үнемі қозғалыста болатын қасиет деп түсіндіреді.Сонымен қатар ежелгі Грекияның философтары психиканы түсіндіру амалын отпен немесе бумен салыстырудан іздеді.Мысалы:Гераклит түсіндіру бойынша барлық әлем оттан пайда болады,жан ылғалдан буланып шығады,мұнда жанның құрғақ буы оның даналығын қамтамасыз етеді.Ал ылғалдылық жанды ауырлатып,оның мерт болуы сұйыққа айналдырады деп есептеді.Ал француз ғалымы Рене Декарт(1596-1650) жануар сыртқы ортаның әсеріне рефлекс(жүйке жүйесінің қызметі) арқылы десе,голланд ғұламасы Бендикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы(аффект,құмарлық т.б)дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан.Шығыс әлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Әбу Нәсір әл-Фараби (870-950) мен Әбу Әлі ибн Сина (980-1037),Ж.Баласағұни,әл-Ғазали,Ибн Рүшид,Ита Баджа т.б. қостаған.
19Зейін, түрлері мен қасиеттері.
Негізінен зейін екіге бөлінеді: еріксіз және ерікті. Еріксіз зейін деп алдымызға мақсат қоймай, біздің санамыздан тыс қалыптасқан зейінді айтамыз. Еріксіз зейіннің пайда болу себептері ең алдымен бізге әсер ететін тітіркендіргіштердің ерекшеліктері болып табылады, атап айтқанда, анықтығы, айқындығы, күші, көлемі, қозғалғыштығы, ұзақтығы, кенеттен болуы, қарама-қарсылығы. Күшті тітіркендіргіштер: күшті дыбыстар, ашық түс, өткір иіс — еріксіз зейінімізді аударады.Ерікті зейін деп саналы алдын ала мақсатты түрде зейін нысанын тандай отырып, адам санасының белгілі бір затқа, не құбылысқа бағытталуын айтады. Ерікті зейін физиологиялық тұрғыдан көп жағдайда екінші сигнал жүйесінің іс-әрекетімен анықталады. Студент профессордың лекциясын зейін қойып тыңдайды осы ерікті зейін арқылы іске асады. Еріксіз және ерікті зейіннің негізгі белгілері бірдей. Іс-әрекет үрдісінде кейде зейіннің негізгі жұмыстан шет нысанаға еріксіз ауысуы орын алады. Осындай құбылысты зейіннің бөлінуі деп атайды. Зейіннің бөлінуі жұмысқа жағымсыз әсер етеді.3ейіннің қасиеттері.Зейінге бірнеше қасиеттер тән, олардың ішіндегі негізгілеріне: ауыспалылығы, орналасуы, көлемі, күші мен тұрақтылығы, шоғырлануы жатады..Зейіннің ауыспалылығы — бұл зейіннің бір нысанадан екінші нысанаға, бір іс-әрекеттің түрінен екінші іс-әрекеттің түріне ауысуы.Зейіннің орналасуы дегеніміз адам зейінінің белгілі бір күрделі жұмыс үрдісінде бірнеше нысанаға (екі, үш) бағытталуын айтады.Зейіннің көлемі өте шектеулі уақыттың ішіңде зейіннің қамтыған нысандарының санымен сипатталады. Адам зейінінің көлемі бірдей бола бермейді. Кейбір адамны зейінінің көлемі кең болса, кейбіреулердікі өте тар болады. Зейіннің көлемі бір мезгіл ішінде бірнеше нысанды қабылдай алуға байланысты. . Зейіннің ерекше негізгі қасиеттеріне оның күші мен тұрақтылығы жатады. Зейіннің әртүрлі дәрежеде күші болады, күшті және әлсіз болуы мүмкін, зейін неғұрлым күшті олса, соғұрлым нысанаға көп шоғырланған болады. Зейіннің тұрақтылығы. Зейін тұрақты және тұрақсыз болуы мүмкін. Тұрақты зейін дегеніміз ұзақ уақыт бойына белгілі бір нысанда зейінін шоғырландыра білуді айтады. Егер белгілі бір іс-әрекет үрдісінде зейін қысқа мерзімнің ішінде басқа қажет емес заттарға бөлінсе, тез арада әлсірейді және сөніп қалады, осындай зейінді тұрақсыз зейін деп атайды.Үйреншікті зейін- адамға табиғи сіңісіп кеткен, күш жұмсамай-ақ орындалатын зейіннің түрі.