Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikhologia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
210.94 Кб
Скачать

15Қабілет және нышан.

"Қабілеттілік" ұғымын тәжірибеде қодданғанда 3 белгісін ерекше атап өткен жөн. Біріншіден, қабілеттілік дегеніміз — бір адамды екінші адамнан ерекшелейтін дара психологиялық айырмасы.Екінішіден, қабілеттілік деп кез-келген жалпы, дара ерекшеліктер емес, тек қана қандай да болмасын іс-әрекетті немесе көптеген іс-әрекетті жемісті орындауға қатысы барларын атаймыз.Қабілеттіліктің дамуында табиғи, биологиялық факторлардың рөлі қандай? Көптеген шет ел ғалымдары адам қабілеттілігі тұқым арқылы берілетін, туа біткен қасиет деген көзқарасты жақтайды. Олардың дәлелдеуінше, қабілеттіліктің түрі және оның деңгейі туғаннан берілетіндігі алдын-ала анықталған. Ғылыми психология бұл қате көзқарасты сынай отырып, қабілеттіліктердің дамуының табиғи алғышарттары ретінде табиғи, биологиялық факторлардың белгілі дәржеде ролін мойындайды, жоққа шығармайды. Осындай қабілеттіктер дамуының табиғи алғышарттары нышан деп аталады.Туа біткен тек анатомиялық — физиологиялық ерекшелік, демек, нышандар болып табылады, олар қабілеттіліктер дамуының негізіне жатады, қабілеттіліктердің өздері әруақыттта да дамудың нәтижесі.Нышандар — мидың, жүйке жүйесінің, анализаторлардың кейбір туа біткен анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Нышандар қабілеттіліктердің табиғи алғышарттары болып табылады және оның қалыптасу және даму үрдісіне әсер етеді. Нышанның болуы қабілеттіліктің қалыптасуына ерекше қолайлы жағдай жасайды, оның дамуын жеңілдетеді. Нышандарға туа біткен көру және есту анализаторларының кейбір ерекшеліктері жатады. Жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттері нышанның қызметі ретінде қатысады, оған уақытша жүйке байланыстарының құрылу ерекшеліктері, оның беріктігі шоғырланған зейіннің күші, жүйке жүйесінің шыдамдылығы, ақыл-ой қабілеттілігі байланысты. Нышан¬дар — бұл тек қабілеттіктерді қалыптастырудың шарттарының бірі. Егер табиғаттың берген нышанын әрі қарай дамытпасақ, оған қолайлы жағдайлар жасалмаса, ол сөніп қалуы мүмкін.Мысалы, шәкірттерде ерте байқалатын типологиялық ерекшеліктер нышандар немесе алғашқы табиғи қасиеттер болып табылады. Типологиялық ерекшеліктердің жан-жақты мәні зор. Олар қабілеттіктер мен мінездің табиғи алғышарттарын құрайды. Жалпы типтердің ерекшеліктері (белсенділіктің күші немесе жылдамдығы, ұстамдылығы, сезгіштік дәрежесі және бейнелеу үрдісінің қозғалғыштығы) қабілеттіліктерді ұйымдастыруға әсер етеді.Жүйке үрдістерінің күші ұстамдылықпен, және қозғалғыштығымен ұштасқанда жеке тұлғаның көптеген еріктік және коммуникативтік қасиеттерінің ұйымдасуына қолайлы жағдай жасайды, ұйымдастырушылық қабілеттіліктерді қалыптастыру үшін өте қажет.

16Қажеттілік түсінігі. Масловтың қажеттілік пирамидасы.

Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бір нәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау тұрғысында іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады. Адам қажеттілігі әртүрлі. Ең алдымен адамның өмір сүруін тікелей қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап өтуге болады: тамаққа, ұйқыға, киімге, суықтан және ыстықтан сақтау құралы ретінде тұрғын үйге қажеттілік. Бұл негізінен биологиялық қажеттіліктер, сонымен қатар олар жануарлардың қажеттіліктерінен түбірлі айырмашылықтары бар. Оның ішінде, біз оны қанағаттаңдырудың әлеуметтік сипаты туралы айтып отырмыз. Адамда табиғи қажеттіліктермен қатар таза адами, рухани немесе әлеуметтік қажеттіліктер болады. Басқа адамдармен сөздік қарым-қатынас қажеттілігі, еңбекке деген қажеттілік, мәдени қажеттіліктер (кітап және ұнқағаз оқу, радио, теледидар тыңдау, музыка тыңдау, киноға және театрға бару) болады. Адам қажеттілігі — адамзат қоғамының қоғамдық-тарихи дамуының жемісі. Осы даму үрдісінде адамдардың табиғи және рухани қажеттіліктері пайда болды, өзгерістерге ұшырады және күрделене түсті. Жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі, оның қажеттілігі болып табылады. Тек қана қажеттілік адамды белгілі бағытта әрекет етуге итермелейді. Қажеттілік — бұл өмір сүрудің нақты жағдайларына тәуелділігін білдіретін жеке түрде байқалады. Адамның нақты қылығы, ісі, белгілі іс-әрекеті туралы айтқанымызда, түрткілері (мотивтері) немесе нақтылы қылығы, іс-әрекетті итермелейтін себептері туралы деп түсінеміз. Маслов бойынша 1 физиол. 2 қорғаныс. 3 топқа, махаббатқа. 4 сыйласу. 5 эстетикалық. 6 өзін-өзі реттеу қажеттіліктері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]