Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikhologia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
210.94 Кб
Скачать

14Cана және психика.Сананың деңгейлері (з.Фрейд)

Сана –психика дамуының сапалы ерекше түрі. Жануарлар дүниесінің эволюциясында сананың өзіндік ұзақ тарихы бар, алғаш рет адамда еңбек және қоғамдық қатынастардың қалыптасу үрдісінде пайда болды.Адамның саналы іс-әрекетінің айырмашылығы негізгі үш белгіден тұрады:осы белгілердің ішінде біріншісі – адамның саналы қызметі,биологиялық мотивтерге байланысты міндетті емес.Кей жағдайда адамдардың саналы қызметі биологиялық ықпалдарға және қажеттіліктерге бағынбайды, олармен қарама-қарсылықта болады немесе оларды басып тастайды.

Сана – психика дамуының жоғары түрі, еңбек іс-әрекетінде адамды қалыптастырудың қоғамдық-тарихи жағдайының нәтижесі.Сананың құрылымы, оның негізгі психологиялық сипаттамасы қандай.Адам санасы бізді қоршаған дүние туралы білімдердің жиынтығынан тұрады.Сананың құрылымына, негізгі таным үрдістері кіреді, оның көмегімен адам өзінің білімін әруақытта байытып отырады. Осындай үрдістердің қатарына түйсіну және қабылдау, ес,қиял және ойлауды жатқызуға болады.Сана қоғамның жемісі ретінде тек қана адамға тән.Жануарларда сана болмайды.Психиканың төменгі деңгейі санасыздықты құрайды.Санасыздық саласына психикалық құбылыстар кіреді,атап айтқанда ,түс көру, әртүрлі тітіркендіргіш туғызатын жауап реакциялар, кейбір патологиялық құбылыстар,ауру адамдардың психикасында кездесетін галлюцинациялар және т.б.

Сана – тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынасында қоғамдық еңбек іс-әрекеті үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі.Сана адамға табиғат пен қоғамның заңдарын жан-жақты білуге көмектеседі.Осы заңдарды білуге сүйене отырып,адам қоршаған ортаға қажеттілігі мен керегін қанағаттандыру үшін өзгереді және бейімделеді.Демек,сана- бейнелеудің белсенді танымдық және өзгертуші түрі.

ХХ ғасырда психологтардың ішінде австрия дәрігері Зигмунд Фрейдке ерекше орын беріледі. Оның негізгі еңбегі «Түс көруді талқылау» 1900 жылы жарық көрді. Сол кезден бастап, психологияда бір-бірін әртүрлі ғылыми беделді тұлғалар ауыстырды. Олардың ішінде бірде-бірі бүгінге дейін Фрейд және оның ілімі сияқты ынта туғызған емес.

Адам мінез-құлқының басты реттеушісі сана екендігі белгілі. Зигмунд Фрейд (1856-1939) – австрия невропатологі, психиатры және психологы, психоталдау бағытының негізін салушы. Фрейдизмнің концепция ретінде қалыптасуы ХХ ғасырдың бас кезіне жатады. Психоталдау бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 20-жылдары кең өріс алды. Жеке тұлғаның құрылымында Фрейд санасыздыққа ерекше көңіл бөлді және зерттеу нысанына айналдырды. Оның айтуынша, ауру адамдар өз іс-әрекетінің түрткілерін түсіндіре алмайды: Фрейд негізін салған психоталдау әдісі санасыздықты зерттеу үшін психикалық ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылады.

Фрейд тек ауру адамдардың ғана емес, дені сау адамдардың көңіл-күйі мен мінез-құлқын түсіндіретін теорияны негіздеді. Бұл теория Батыс елдерінде кеңінен тарады, үлкен беделге ие болды. Фрейд теориясы көптеген шет елдерде психология, психотерапия, психиатрия оқулықтарына берік енген. Фрейдизм бағыты адам туралы басқа ғылымдарға – социологияға, педагогикаға, антропологияға, этнографияға, сонымен қатар өнер мен әдебиетке ерекше ықпал етті.

Фрейдтің еңбектерінде күрделі психологиялық проблема ретінде адамның сексуалдық өмірі туралы мәселе қойылды. Фрейдтің түсіндіруінше, жас жеткіншек балалардың әртүрлі жағымсыз іс-әрекеттерге бейімділігі оларды жыныстық инстинктердің билеуінен деп түсіндіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]