
- •3.Психология пәні және оны зерттеу әдістері.
- •4.Психологиядағы тұлға мәселесі
- •5Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
- •9Психологиядағы іс-әрекет мәселесі.
- •11Психикалық қасиеттерге сипаттама.
- •12.Психикалық құбылыстардың құрылымы.
- •13Психология дамуының негізгі кезеңдері.
- •14Cана және психика.Сананың деңгейлері (з.Фрейд)
- •15Қабілет және нышан.
- •16Қажеттілік түсінігі. Масловтың қажеттілік пирамидасы.
- •17Психология ғылымының негізгі кезеңдері 4кезеңіне сипаттама
- •18Психологияның философиялық шеңберде дамуы
- •19Зейін, түрлері мен қасиеттері.
- •20Қарым-қатынастың функциялары.
- •21Қабылдау және оның физиологиялық негізі.
- •22Ойлаудың психологиялық теориялары.
- •23Эмоция және оның түрлері
- •24Тұлғаның жас ерекшелік дамуы. (Эриксон бойынша).
- •25 Ес операцияларының түрлері. Ес туралы теориялар.
- •26Холерик, сангвиник,меланхолик, флегматик типтеріне сипаттама
- •27.Мінез типологиясы а.Е.Личко бойынша:жас өспірімдерді бақылауға негізделген нақты бір мінез күшейуін қарастырады,ол сыртқы жағдайларына байланысты.
- •28Ойлау мен сөйлеудің өзара қарым-қатынастары.
- •30Түйсіктің түрлері мен заңдылықтары
11Психикалық қасиеттерге сипаттама.
Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез және қабілеттілік жатады. Темперамент — дегеніміз психикалық үрдістер мен мінез-құлықтың жүру қарқынын анықтайтын адамның дара ерекшеліктері.Темпераменттің қасиеттері адамның психикалық іс-әрекетінің динамикалық жағын анықтайтын табиғи қасиеттер болып табылады, 4 түрге бөлінеді. Мінез дегеніміз — адамдардың істеген іс-әрекетіне із қалдыратын өзіндік дара ерекшелігі. Мінез — кең мағыналы ұғым, онда адамның әртүрлі қасиеттері мен сапалары тоғысып жатады.Мінез — жеке адамның тіршілік жағдайындағы қылығын бейнелейтін тұрақты және мәнді психикалық ерекшеліктерінің үйлесімі. Мінез өмір, тәрбие үрдісінде калыптасады, адамның өмір қалпы мен жағдайын көрсетеді. Олардың өзгеруіне байланысты мінез де өзгередіқабілеттілік дегеніміз — бір адамды екінші адамнан ерекшелейтін дара психологиялық айырмасы.
Екінішіден, қабілеттілік деп кез-келген жалпы, дара ерекшеліктер емес, тек қана қандай да болмасын іс-әрекетті немесе көптеген іс-әрекетті жемісті орындауға қатысы барларын атаймыз.
12.Психикалық құбылыстардың құрылымы.
Психикалық құбылыстар үшке бөлінеді;
1.Психикалық процестер дегеніміз-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.
2.Психикалық ерекшеліктер дегеніміз-бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды,ең тұрлаулы ерекшеліктері.
3.Психикалық күй дегеніміз-адамның түрлі көңіл күйінің тұрақты компоненттері.
Психикалық құбылыстардың құрылымы былай анықталады.
Психикалық процестер:Танымдық-Түйсік,қабылдау,ес,қиял,ойлау,тіл,зейін.
Эмоционалдық-Эмоция және сезім
Ерік-мотивпен күресу,өз мінез-құлқын басқару,қиындықты жеңу,шешім қабылдау.
Психикалық қасиет:Темперамент,мінез,қабілет,бағыттылық.
Психикалық күй:Қорқу,қуану,зерігу,зорығу.т.б
Психикалық процестер адам мінез-құлқының алғашқы регуляторы болып шығады.Оның белгілі бастамасы,ағымы және соңы болады,яғни алдымен психикалық процестердің ұзақтығы мен тұрақтылығын анықтайтын өлшемдер кіретін белгілі бір динамикалықсипаттарға ие болады.Осы процестердің арқасында адам өзі және қоршаған орта жайлы ақпарат алады.Бұл психикалық процестердің аясында аффектер,эмоциялар сезімдер,көңіл-күйлер және эмоционалды стрестер қарастырылады.Сонымен қатар тұлғаның Психикалық қасиеті дегенде белгілі бір сандық және сапалық қызмет деңгейі мен адамның мінезін қамтамасыз ететін оның ең басты ерекшеліктерін түсінген жөн.Психикалық қасиеттерге бағытталу,темперамент,қабілеттілік,мінез-құлық жатады.Осы қасиеттердің даму деңгейі,сонымен бірге психикалық процестің даму ерекшеліктері жіне басыңқы (адамға тән)психикалық күйлер адамның қайталанбастығын және оның жекелігін анықтайды.
13Психология дамуының негізгі кезеңдері.
Психология басқа ғылымдар сияқты белгілі даму жолдарынан өткен. Әлемдік психологияның даму тарихы 2 кезеңге бөлінеді. Біріншіден, басқа ғылымдардың аясында психология білімінің қалыптасу кезеңі (4-5 ғ б.з.д 20 ғас-ң 60-шы ж.ж) Бұл шамамен 240 жылдай уақытқа созылып, Аристотельден (348-322) басталатын философиялық ілім тарихы. Ежелгі Грецияның философтары психиканы түсіндірудың амалын отпен немесе бумен салыстырудан іздеді. Шығыс әлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар әл-Фараби мен Әбу Әлі Ибн Сина, Баласағұни т. б ғалымдар тоқталған. Екәншәден психологияның өз алдына дербес ғылым ретінде (20 ғ 60-шы ж.ж-қазіргі уақытқа дейін) көрінуі өте беріде, яғни 1870 ж басталады. Сол жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт Лейбцинг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатынын дәлелдеп, мұның дербес экспериментті ғылым болуына жол ашты. 19 ғасырдың аяғында Г.Эббингауз психология тарихына нақты анықтама берген Ол психолгия тарихын шартты түрде 4 кезеңге бөлді. 1 Психологияның жан туралы ғылым болып қалыптасуы. Адам өміріндегі түсініксіз құбылыстарды жанның болуымен түсіндірді. 2 кезең: Сана туралы ғылым. Мұнда ұзақ уақыт интроспекция әдәстемесі негізгі ғана емес, жалғыз психологиялық әдіс болды. Ол негізіг 2 бағытпен: сана процесі сыртқы бақылау үшін (жабық ), 2 сана субъектінің өзінде ашылды. 3 кезең. Мінез-құлық туралы ғылым. Психолгияның зерттеу объектісі мінез-құлық деп қарастырылып, сонымен бірге американ псиохологы Джон Уотсон негізін салған бихевиоризм бағыты еді. 4 кезең Психология психикалық құбылыстарды зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстардың механизмдері мен заңдарын зерттейді. Қазіргі психология ғылымының негізгін қалаған атақты ғалымдар Рубинштейн, Выготский, Лурия зерттеулері айрықша айтылса және 20 ғасырдың 30-60шы жылдарындағы психологтар Ананьев, Льонтьев еңбектерін бай-ты қаралады