
- •3.Психология пәні және оны зерттеу әдістері.
- •4.Психологиядағы тұлға мәселесі
- •5Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
- •9Психологиядағы іс-әрекет мәселесі.
- •11Психикалық қасиеттерге сипаттама.
- •12.Психикалық құбылыстардың құрылымы.
- •13Психология дамуының негізгі кезеңдері.
- •14Cана және психика.Сананың деңгейлері (з.Фрейд)
- •15Қабілет және нышан.
- •16Қажеттілік түсінігі. Масловтың қажеттілік пирамидасы.
- •17Психология ғылымының негізгі кезеңдері 4кезеңіне сипаттама
- •18Психологияның философиялық шеңберде дамуы
- •19Зейін, түрлері мен қасиеттері.
- •20Қарым-қатынастың функциялары.
- •21Қабылдау және оның физиологиялық негізі.
- •22Ойлаудың психологиялық теориялары.
- •23Эмоция және оның түрлері
- •24Тұлғаның жас ерекшелік дамуы. (Эриксон бойынша).
- •25 Ес операцияларының түрлері. Ес туралы теориялар.
- •26Холерик, сангвиник,меланхолик, флегматик типтеріне сипаттама
- •27.Мінез типологиясы а.Е.Личко бойынша:жас өспірімдерді бақылауға негізделген нақты бір мінез күшейуін қарастырады,ол сыртқы жағдайларына байланысты.
- •28Ойлау мен сөйлеудің өзара қарым-қатынастары.
- •30Түйсіктің түрлері мен заңдылықтары
9Психологиядағы іс-әрекет мәселесі.
Іс-әрекет- бұл адамның қоршаған дүниеге белсенді қатынасының түрі. Адамның іс-әрекеті жануарлар мінез- құлқынан ол қанша күрделі болғанмен ерекше айырмашылығы бар.Адамның іс- әрекеті саналы сипатқа ие болады, ол мақсатқа бағытталған,демек, адам мақсатты және оған жетудің тәсілдерін түсінеді,іс- әрекетті қайта құрады, нәтижені алдын ала көре біледі. Адамның іс- әрекеті еңбек құралдарын дайындаумен, пайдаланумен және сақтау мен байланысты. Адамның іс- әрекеті қоғамдық сипатқа ие болады, ол ұжымда және ұжым үшін іске асады. Іс- әрекет үрдісінде адам басқа адамдармен күрделі қатынастарға енеді. Іс- әрекет қоғамдық- тарихи жағдайлармен анықталады. Адамның іс-әрекеті алдына қойған мақсаттарымен, міндеттерімен анықталады, адамды осы іс- әрекеттке итермелеген, себеп болған белгілі түрткілермен байланысты. Алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін іске асыра отырып, адам іс -әрекетіне өзінің белсенділігін білдіреді. Адамның іс- әрекеті алдына қойған мақсаттарымен, міндеттерімен іске асыраотырып, адам іс -әрекетіне өзінің белсенділігін білдіреді. Кез келген белгілі бір түрткілер пайда болады және іске асады, белгілі себептермен анықталады. Сіз неге оқыдың Неге алдыңызға университетті бітіру туралы мақсат қойдыңыз. Осы сұрақтарды алдыңызға қойып көріңіз, бірден сіздің есіңізде осындай шешімге келуге итермелеген түрткілер пайда болады. Олар әртүрлі болуы мүмкін, бірақ барлығыңызда сіздің іс -әрекетіңіздің мақсатын анықтайтын қандайда болмасын түрткілер болады. Іс- әрекет оның құрлымына қарай қарастырылады. Кез келген іс- әрекетте төмендегідей бөліктерді атап көрсетуге болады /құрамдас бөліктері, бөлімдері,іс-әрекеттің кезеңдері/: мақсат қою кезеңі /нақты міндеттерді анық түсіну/; жұмысты жоспарлау, әрекеттің тиімді тәсілдерін таңдау кезеңі; іс-әрекетті орындау, іске асыру кезеңі; одан әрі нәтижелерін тексеру, қатесін түзеу, алынған нәтижелерді жоспарланған нәтижелермен салыстыру, жұмысты қорытындылау. Адамзат іс-әрекетінің қажетті шарттары- психикалық үрдістер. Олар адамның кез келген іс- әрекетінің міндетті жағы болып табылады: ойын үстіндегі бала, оқушының оқуы, адамның еңбек етуі -әруақытта да іс -әрекеттіңбарлық түрлері зейінмен, қабылдаумен, еспен, ойлаумен және басқа да үрдістермен тығыз байланысты, онсыз адамның ешқандай іс-әрекеті іске аспайды.. Психикалық үрдістер адамды қоршаған ортаға бағдарлайды, оның іс-әрекетін бағыттайды, оны ойлап істейді, әрекеттерді іске асатын жағдайларға сәйкес ретке келтіреді. Екінші жағынан, бүкіл психикалық үрдістер іске асады, қалыптасады және іс-әрекет үрдісінде реттеледі. Осылай психикалық үрдістер мен адамның іс-әрекеті өзара байланысты және өзара тәуелді іске асады.
10Танымдық процестерге шолу( түйсік, қабылдау, ес, қиял).
Түйсіктер дегеніміз дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің миымызда бейнеленуі.Біз қызыл, көк, тәтті, ащы, ауыр, жеңіл, жылы, салқын және т.б. түйсінеміз.Түйсіктер — бұл алғашқы психикалық таным үрдістерінің бірі, олар көп жағдайда затты қабылдаудың құрамына кіреді.
Түйсіктердің танымдық мәні туралы мәселеде идеалистік көзқарастар орын алды, ол көзқарастар бойынша, түйсіктер біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттар мен құбылыстардың бейнесі емес деп қарастырды. Осылай депқарастырғандар субъективтік идеализмнің көрнекті өкілдері Беркли, Юм, Max, Авенариус және олардың ізбасарлары. Философтар — идеалистердің айтуынша, біздің саналы өміріміздің нағыз қайнар көзі түйсіктер емес, ол сананың ішкі жағдайы, табиғатынан берілетін ақыл-ойдың қабілеттілігі деп атады. Бұл көзқарастар рационализм философиясының негізіне жатты.
Экстерорецепторлар организмнің сыртқы бөліктеріне орналасқан — оған жататындар көру, есту, иіс, дәм, сипай сезу (тері) органдары жатады. Бұл органдарды көп жағдайда сыртқы сезімдердің органдары деп атайды. Олардың көмегімен біздің организмнен тыс жатқан заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейді. Түйсіктер бұл органдарға сәйкес (көру, есту және т.б.) экстерорецепторлар деп аталады.
Проприорецепторлар бұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда орналасқан. Бұл органдардың көмегімен біз әртүрлі қозғалыстарды және біздің ағзамызды, оның жекелеген мүшелерін түсінеміз. Осы түйсіктер проприорецепторлар деп аталады. Бұл түйсіктер — бұлшық ет, қозғалыс (кютестетикалық) және тепе-теңдік (статикалық).
Интерорецепторлар дененің ішкі органдарында ішек-қарында, өкпеде орналасқан. Ол рецепторлардың көмегімен ас қорыту, тыныс алу, қан айналысы және т.б. ішкі органдарда тітіркендіргіштердің әсерімен алынатын түйсіктер және т.б. айтады. Бұл түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Олар негізінен органикалық түйсіктер.
Қабылдау дегеніміз –дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың тұтас қасиеттерінің адам санасындағы бейнесі. Мысылы, үйді, қаланы, ағашты, музыканы, суретті қабылдаймыз. Қабылдаудың құрамына әруақытта да түйсіктер кіреді, біз белгілі түсі, исі, түрі, температурасы және т.б қасиеттері бар заттарды қабылдаймыз.
Қабылдаудың түйсіктерден айырмашылығы ол күрделі психикалық үрдіс болып табылады. Бұл күрделілік ең алдымен әрбір қабылдауда бірнеше түйсіктер қатынасады.
Қабылдау –заттар мен қабылдауға көру түйсіктері (жасыл, қызыл және басқа түстерді) , иіс түйсіктері , дәм түйсіктері (тәтті,ащы,тұщы), бұлшық ет қозғалыс түйсіктері ( қаттыны , ауырлықты түйсіну ) және т.б..
Сонымен қабылдау –бұл бір ғана емас, бірнеше сезім органдарының, бірнеше анализатордың іс -әрекетінің нәтижесі. Қабылдануда эмоциялық көңіл –күй ерекше орын алады. Оған ең алдымен сол түйсіктердің сезімдік ырғақтары қабылдаудың құрамына кіреді. Оған қабылданатын зат туралы бұрынғы көңіл күйлері және ойлармен байланысты сезімдер жатады. Кейде қабылданатын заттарға бізде кездесетін эмоциялық жағдайларды енгізуге болады: қуанышты, көңілді, қайғы және т.б. Сондықтан да біз көңілді немесе көңілсіз пейзаж, қайғылы шөл дала,қуанышты, күлімсіреуді және т.б. қабылдаймыз.
Еріксіз қабылдау –алдымызға алдын ала мақсат қоймай, нысанды алдын ала таңдамай іске асатын қабылдауларды айтады. Өзінің айқындығымен, әсемдігімен, әуенімен, қозғалғыштығымен, контрастылығымен ерекшеленетін заттар мен құбылыстар еріксіз қабылданады.
Ерікті қабылдау –алдын ала мақсат қойылып, қабылдау нысаны таңдалып іске асатын қабылдауларды айтады.
Жеке тұлғаның тәжірибесін есте қалдыру, есте сақтау және кейін есте қайта жаңғыртуын ес деп атаймыз.Ес дегеніміз бұынғы тәжірибені бейнелеу болыптабылады.Адамның өмірінде естің мәні орасан зор. Естің арқасында біздің санамызда бүгінгі жағдайлар ғана бейнеленіп қоймайды, сонымен қатар өткендегі біздің қабылданған және бұрын бастан кешкен көңіл-күй жағдайлары да бейнеленеді.
Ес туралы соңғы кезде әртүрлі теориялар қалыптасты: олардың ішіңде естің зерттеу амалдары мен зандылықтарын зерттейтін психологиялық, физиологиялық, биохимиялық, кибернетикалық теорияларды ерекше атауға болады.Естің жекелеген түрлері үш негізгі өлшемдерге сәйкес жіктеледі:
1) іс - әрекетте үстемдік ететін психикалық белсенділіктің сипаты бойынша есті қозғалыс, эмоциялық, бейнелік және сөздік-логикалық ес деп бөледі;2) іс-әрекеттің мақсаттарының сипаты бойынша ырықсыз және ырықты ес деп бөледі; 3) материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойьнша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөледі.
Қозғалыс ес - бұл әртүрлі қозғалыстар және олардың жүйелерін есте қалдыру, есте сақтау және қайта жыңғырту. Естің басқа түрлеріне қарағанда естің осы түрі анық байқалатын адамдар кездеседі.
Эмоциялық ес — бұл бастан кешкен сезімдердің есі. Жағымды немесе жағымсыз сезімдер ізсіз жойылып кетпейді, ал белгілі жағдайда есте қалады және қайта жаңғыртылады.Эмоциялық ес адамның жеке басының қалыптасуына ықпал етеді.
Бейнелік ес — бұл дүниедегі заттар мен құбылыстардың бұрын қабылданылған бейнелерін есте сақтау және қайта жаңғырту. Бейнелік ес көру, есту, сипай сезу, иіс, дәм болып бөлінеді.
Кейбір адамдар өте анық байқалатын бейнелік есті меңгереді. Мұндай есті эйдетикалық ес деп атайды. (эйдос — грек сөзі, қазақшалағанда бейне деген мағынаны білдіреді).
Сөздік — логикалық ес — ойлауды есте қалдыруда және қайта жаңғыртуда аңғарылатын ес. Сөздік-логикалық естің мазмұны біздің ойымыз болып табылады.
Қысқа мерзімді ес — материалды есте сақтау белгілі аз кезеңге шектеулі ес. Қысқа мерзімді ес ұзақтығы үлкен емес (бірнеше секунд немесе минут), бірақ қазір ғана қабылданған заттар мен құбылыстарды дәл қайта жаңғырту үшін жеткілікті үрдіс.
Ұзак мерзімді ес салыстырмалы түрде қабылданған материалды есте сақтаудың ұзақтығымен және беріктігімен сипатталады. Ұзақ мерзімді ес ақпаратты есте сақтаудың ұзақ мерзіміне есептеледі.
Жедел ес дегеніміз қысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді естің аралығыңдағы (аралық жағдайда) есті айтамыз. Ол алдын ала анықталған мерзім бойында материалды есте сақтауға есептелген.
Қиял деп елестетулердің негізінде бұрын-соңды қабылданбаған заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін жасауын айтамыз.Қиял -адамның өте бағалы психикалық үрдісі. Қиял тек адамға тән. Қиял еңбек үрдісінде пайда болды және дамиды.
Қиялдың жинақтаушылық іс-әрекетінің қарапайым түрі агглютинация болып табылады. Агглютинация деп бірнеше заттардың жекелеген элементтері немесе бөлімдерінің біртұтас бейнеге ұласуы мен бірігуін айтамыз. Мысалы, халық түсінігінде су перісінің бейнесі әйелдің (басы мен омырауы), балықтың (құйрығы) және көк балдырлардан (шаштары) жасалуы.Қиялдың күрделі талдаушылық және жинақтаушылық іс-әрекеті, ерекше белгілері жазушылардың көркем әдеби бейнелерді жасауынан айқын аңғарылады. Әрбір көркем бейне бөлімдердің, элементтердің немесе тұтас елестетулердің бір бейнеге өзіндік бірігуі болып табылады.