Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikhologia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
210.94 Кб
Скачать

5Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.

Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі негізгі қызметінің мағынасы мынада: ғылыми білімнің басқа аумақтарындағы нәтижелерін белгілі бір қатынаста талдай отырып, Б. Ф. Ломовтың айтуы бойынша зерттеуінің объектісі адам болатын, барлық ғылыми пәндердің интеграторы болып саналады. Белгілі психолог Б. Г. Ананьев психология адам туралы мәліметтерді нақты-ғылыми білім деңгейінде талдауға ыңғайлы екенін көрсете отырып, бұл мәселені толығымен өңдеді. Сонымен бірге адамдардың кез келген іс-әрекеті әрқашанда адам өмірінің объективтік жағдайларына ғана емес, сондай-ақ олардың субъективтік сәттерімен арақатынасына байланысты болады. Материалдық психология субъективтік және объективтік жағдайлардың әрекеттестігіне шынайы ғылыми негіз береді. Қандай күрделі болса да барлық психикалық құбылыстардың материалдық негізінің қызметін бас миы қабыршығындағы уақытша байланыстар жүйесі атқарады. Осы байланыстардың қалыптасуы жэне қызмет жасауы салдарынан психикалық құбылыстар адамның іс-әрекетіне ықпал етуі мүмкін - оның қылықтарын реттеп, бағыттайды, адамның объективтік шындықты қабылдауына ықпалын тигізеді. Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмірі мен іс-әрекетінің объективтік жағдайларынан заңды тәуелділікте болатынын анықтай отырып, психология осы эсерлердің бейнеленуінің физиологиялық механизмдерін де ашуы керек. Психология физиологиямен, соның ішінде, жоғары жүйке әрекетінің физиологиясымен тығыз байланысын сақтауы қажет.

6Психология ғылымының негізгі бөлімдері мен салалары. Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.

Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді: а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді; ә) тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады .

Медициналық психология - дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: психикалық құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін

Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады, әрекеттерінің сырын ашады.

Әскери психологиясы - әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және т.б. мәселелерді зерттейді.

Спорт психологиясы - спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырыды. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді . Енді психология салаларының келесі қатарын қарастырамыз:

Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әр түрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерттейді. Бұл сала келесі реттегі тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жасөспірім психологиясы, ересек адам психологиясы және геронтопсихология. Арнайы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына шалдыққандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.

Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихологыя - ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология - саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология — нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.

Салыстырмалы психология — психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Әлеуметтік психология - адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді.

7Психологияның негізгі зерттеу әдістері,салалары. Эксперимент әдісі. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тиімді тәсіл-дерді табуға мүмкіндік береді. Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек дағдыларының қалыптасу жылдамдығы. Психологияда екі түрлі эксперимент қолданылады: зертханалық және табиғи. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық экспсримент адамның психикалық ерскшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистаскоп көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады. Табиғи эксперименттің зертханалық зксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте бақылау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығын және екіншісінің белсенділігі. Ұқсас қасиеттері бойынша біріккен адамдардың, сол сияқты адамдар топтарының арасында, психологиялық айырмашылықтарын реттеп, белгілеу және сипаттау үшін қазіргі психологиялық диагностиканың ерекше кеңтараған түрін айтады: зерттеу міндеттеріне байланысты диагностиканың белгілері жасы, жынысы, білімі және мәдениеті, психикалық қалпы, психо-физиологиялық ерекшеліктері сияқты психологиялық айырмашылықтар кіреді. Психологиялық тест әдісі.Тест - бұл күрделі техникалық бейімделуді қажет етпейтін, стандартқа және мәліметтерді математикалық өңдеуге дайын тұратын қысқа, стандартты сынақ. Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.

Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді: а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді; ә) тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады .

Медициналық психология - дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: психикалық құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін

Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады, әрекеттерінің сырын ашады.

Әскери психологиясы - әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және т.б. мәселелерді зерттейді.

Спорт психологиясы - спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырыды. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді . Енді психология салаларының келесі қатарын қарастырамыз:

Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әр түрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерттейді. Бұл сала келесі реттегі тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жасөспірім психологиясы, ересек адам психологиясы және геронтопсихология. Арнайы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына шалдыққандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.

Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихологыя - ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология - саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология — нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.

Салыстырмалы психология — психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Әлеуметтік психология - адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді.

8Қиялдың физиологиялық негізі. Қиялдың түрлері..

Қиялдың жүйкелік- физиологиялық негізі адам миында бұрын ұйымдасқан уақытша байланыстардың жандануы және бұл байланыстардың жаңа тіркестерге ауысуы деп білеміз. Қиялдың іс-әрекетінің ерекшелігі естің елестетулерін талдау және жинақтау болып табылады. Сондықтан да қиял үрдісінде қайта жаңғыртумен бірге немесе одан кейін талдау үрдісі іске асады, демек, елестетулердің бөлінуі- елестетулердің жекелеген бөліктері мен элементтерінің бөлшектелуі. Одан әрі қиялдың жинақтаушылық іс-әрекеті іске асады: Бөлінген елестетулердің элементтерін басқа елестетулермен немесе елестетулердің элементтерімен араластыру және біріктіру жүреді. Осы жинақтаушылық іс-әрекеттің нәтижесінде жаңа елестетулер –қиял елестетулері жасалады. Қиял өзіндік дәрежесіне және оның нәтижесінің ерекшелігіне қарай екі түрге бөлінеді: қайта жасау қиялы және шығармашылық қиялы. Қайта жасау қиялы дегеніміз адамның жаңа заттар мен құбылыстарды сөздік суреттеу немесе шартты бейнелеу (сызу, үлгі) түрінде елестетуі болып табылады . Көркем әдебиетті оқығанда қайта жасау қиялының рөлі ерекше зор. Кітаптарды оқи отырып, мектеп оқушысы қайта жасау қиялының көмегімен өздері шығарманың қаһармандарын елестетеді, оларды көрген сияқты болады, табиғаттың көріністерін көреді, кітапта суреттелген оқиғалардың өздерін тікелей қатынасушыларындай сезінеді. Шығармашылық қиялы дегеніміз дайын суреттеуге немесе бейнелеуге сүйенбей шығармашылық қиял үрдісінде жаңа бейнелер жасау. Қиялдың бұл түрі адамдардың шығармашылық қызметінің барлық түрлерінде ерекше рөл атқарады. Шығармашылық қиялда адам өзі қандай да бір жаңаны жасайды. Мысалы, жазушының қиялы осындай, ол өзінің шығармалары үшін кейіпкерлердің типтік тұлғасын жасайды. Жаңалық ашушының да қиялы осындай, ол жаңа жасайтын машинаның, жаңа аспаптың жобасын жасайды. Сол сияқты зерттеушінің да қиялы осындай, ол болашақ зерттеу жұмысының немесе эксперименттің жорамалын немесе жоспарын жасайды

Қиял ырықты және ырықсыз болып бөлінеді: Ырықсыз қиял – алдын-ала мақсат қоймай, ерік-жігер жұмсамай іске асатын қиялдың түрі. Бұл жерде бейнелер өздігінен жасалады. Қиялдың еріксіз іс-әрекеті ең алдымен қазіргі сәтте қанағаттанбаған қажеттіліктердің нәтижесінде пайда болады. Ырықты қиял алдын-ала қойылған мақсат бойынша, белгілі бейнені жасау үшін қажетті материалдарды таңдауға күш-жігерді жұмсау арқылы іске асады. Өнердің барлық туындылары - ең алдымен қиялдың нәтижесі. Ырықты қиял ырықсыз қиялдан бөлек, оқшау іске аспайды: ырықты қиял үрдісінде әруақытта да ырықсыз қиялдың сәттері байқалады. Ақындар, суретшілер өз шығармаларын белгілі тақырыпқа жасау үрдісінде кей жағдайда оларды ырықсыз пайда болған сезімдер, ойлар билеп кетуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]