Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikhologia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
210.94 Кб
Скачать

30Түйсіктің түрлері мен заңдылықтары

Түйсіктер дегеніміз дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің миымызда бейнеленуі.

Біз қызыл, көк, тәтті, ащы, ауыр, жеңіл, жылы, салқын және т.б. түйсінеміз.

Түйсіктер — бұл алғашқы психикалық таным үрдістерінің бірі, олар көп жағдайда затты қабылдаудың құрамына кіреді. Түйсіктердің пайда болуы үшін төмендегі жағдайлар қажет:

Біріншіден, қандай да болсын сезім органдарына әсер ететін зат немесе құбылыс қажет.

Екіншіден, түйсінуші құрал қажет. Бұл құрал 3 бөліктен тұрады:

1) сезім органдарынан (рецептордан), онда сезгіштік жүйкенің соған сәйкес перифериялық тармақтары орналасқан.

2) өткізгіш жолдан, демек, сезгіштік жүйкенің сол бөліктерінің, ол арқылы қозу перифериялық аяқталған жүйкеден ми орталығына жеткізу.

3) бас ми қыртысындағы сәйкесті ортадан (жасушалар жүйесі), онда жүйкелік қозу психикалық құбылысқа — түйсінуге өтеді.

Жоғарыда көрсетілген үш бөлігі бар қабылдау аппаратын құрайды, оны И.П. Павлов анализатор деп атады.Түйсіктер әртүрлі болады. Түйсіктердің барлық түрі органдарына сәйкес бөлінеді, олардың көмегімен түйсіктерді көру, есту, иіс, дәм, тері, бұлшық ет, қозғалыс және органикалық түрлеріне бөлеміз.

Түйсіктердің органдары қайда орналасқанына және қайдан тітіркендіргішті алуға байланысты үш топқа бөлінеді: экстерорецепторлар, проприорецепторлар және интерорецепторлар.

Экстерорецепторлар организмнің сыртқы бөліктеріне орналасқан — оған жататындар көру, есту, иіс, дәм, сипай сезу (тері) органдары жатады.

Проприорецепторлар бұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда орналасқан. Бұл органдардың көмегімен біз әртүрлі қозғалыстарды және біздің ағзамызды, оның жекелеген мүшелерін түсінеміз. Осы түйсіктер проприорецепторлар деп аталады. Бұл түйсіктер — бұлшық ет, қозғалыс (кютестетикалық) және тепе-теңдік (статикалық).

Интерорецепторлар дененің ішкі органдарында ішек-қарында, өкпеде орналасқан. Ол рецепторлардың көмегімен ас қорыту, тыныс алу, қан айналысы және т.б. ішкі органдарда тітіркендіргіштердің әсерімен алынатын түйсіктер және т.б. айтады. Бұл түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Олар негізінен органикалық түйсіктер.

Иіс пен дәм айыру түйсіктері адамның дүниетану үрдісінде де, жалпы психикалық әрекетінде де онша елеулі орын алмайды. Ал жануарлардың, әсіресе, дамудың төмен сатысында тұрған организмдердің тіршілігінде (тамақ табу, яғни шағылысу) ерекше орын алады. Бұл түйсінулердің соқыр, саңырау, сақау адамдардың тіршілігінде маңызы ерекше.

Дәм түйсінулеріне тәттіні, қышқылды, ащыны, тұздыны түйсіну жатады. Осы негізгі дәм түйсінулерінен басқа жинақталған жіктелуі жоқ көптеген әртүрлі дәм түйсінулері болады. Дәм түйсінулері иіс түйсінулері сияқты белгілі дәмге тән заттар мен құбылыстар бойынша аталады. Мәселен, біз сүттің, майдың, еттің, нанның және т.б. дәмі туралы айта аламыз.

Тері түйсіктеріне түйсіктердің екі тобы жатады: сипай сезу және температуралық.

Бұл түйсіктерідің тері түйсіктері деп аталуының себебі: осы түйсіктердің аяқталған жүйке аппараттары (рецепторлар) теріде және біздің ағзамыздың сілекей қабықтарында орналасқан.

Бұл түйсіктер сипай сезу немесе тактилдік түйсіктер, сонымен қатар тегістік және бұдырлық түйсіктер. Сыртқы тітіркендіргіштің күшеюінен денеге тию түйсігі қысым түйсігіне көшеді, ал тітіркендіргіштің одан әрі күшеюінде қысым түйсігі ауыру түйсігіне айналуы мүмкін.

Бұлшық ет, қозғалыс түйсіктері немесе кинестетикалық түйсінулер. Осы топтағы түйсінулерге қысым (ауырлық) түйсінулері, қарсы тұру түйсінулері (қатты, жұмсақ) және жекелеген органдардың қозғалысының түйсінулері жатады.

Статикалық түйсіктер дегеніміз кеңістіктегі біздің денеміздің жағдайы және оның тепе-тендігін сақтауды айтады. Кеңістіктегі денені түйсінудің және оның тепе-теңдігін сақтаудың рецепторы құлақтың ішкі бөлігінде орналасқан жарты дөңгелек арналар болып табылады, онда ерекше сұйық зат - эндолимфа болады.

Органикалық түйсіктерге аштықты, шөлдеуді, тоюды, денсаулықты, ауру жағдайды, сергектікті, шаршауды түйсінулер жатады. Органикалық түйсінулердің үлкен бөлігі сараланбаған, шашыраңқы сипатта болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]