
- •3.Психология пәні және оны зерттеу әдістері.
- •4.Психологиядағы тұлға мәселесі
- •5Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
- •9Психологиядағы іс-әрекет мәселесі.
- •11Психикалық қасиеттерге сипаттама.
- •12.Психикалық құбылыстардың құрылымы.
- •13Психология дамуының негізгі кезеңдері.
- •14Cана және психика.Сананың деңгейлері (з.Фрейд)
- •15Қабілет және нышан.
- •16Қажеттілік түсінігі. Масловтың қажеттілік пирамидасы.
- •17Психология ғылымының негізгі кезеңдері 4кезеңіне сипаттама
- •18Психологияның философиялық шеңберде дамуы
- •19Зейін, түрлері мен қасиеттері.
- •20Қарым-қатынастың функциялары.
- •21Қабылдау және оның физиологиялық негізі.
- •22Ойлаудың психологиялық теориялары.
- •23Эмоция және оның түрлері
- •24Тұлғаның жас ерекшелік дамуы. (Эриксон бойынша).
- •25 Ес операцияларының түрлері. Ес туралы теориялар.
- •26Холерик, сангвиник,меланхолик, флегматик типтеріне сипаттама
- •27.Мінез типологиясы а.Е.Личко бойынша:жас өспірімдерді бақылауға негізделген нақты бір мінез күшейуін қарастырады,ол сыртқы жағдайларына байланысты.
- •28Ойлау мен сөйлеудің өзара қарым-қатынастары.
- •30Түйсіктің түрлері мен заңдылықтары
27.Мінез типологиясы а.Е.Личко бойынша:жас өспірімдерді бақылауға негізделген нақты бір мінез күшейуін қарастырады,ол сыртқы жағдайларына байланысты.
1.Гипертимді тип-қозғалмалылыққа,қарым-қатынасқа бейім жасөспірім.Шуды жақсы көреді,тынымсыз ортада болуды қалайды.Көңіл күйі өте жақсы болады,оқуы бір қалыпты емес,бір орында отыра алмайды,тәртіпсіздік байқалады.Үлкен адамдармен қақтығыстарға жиі түседі.Көптеген нәрселерге қызығады,бірақ ол тез өтеді.Өздерінің қабілеттеріне тым сенгіш,тіпті шектен тыс өзіне сенеді.Елдердің алдында өзін-өзі көрсеткенді ұнады,мақтаншақ болып келеді.
2.Циклоидты тип-апатияға бейім,тез қозады,көбінесе өзімен-өзі жалғыз қалғанды ұнатады.Барлық нәрселерді жүрегіне қатты қабылдайды.Екі-үш апта сайын көтеріңкі көңіл-күйден тұйық қалыпқа ауысады.Ескертулер жасағанда ашуланады.
3.Лабильді тип-көңіл күйі ауа-райы секілді тез өзгереді,оған әр түрлі қарапайым нәрселер (біреудің көзқарасы,амандаспауы,бір нәрсеге ден қоюы)себеп болады.Олардың мінез-құлқы уақытша көңілге байланысты.Қазіргісі мен болашағы өзінің көңіліне ұқсас болады,біресе көңілді болып,біресе түңіліп те қалады.Кейде сәтсіздіктер мен қиыншылдықтар болмаса да көңіл күйі төмен болады,көп әуреленеді,сондай кездерде айналғандығы қажет.Олар өзіне деген қарым-қатынасты ерекше сезінеді.
4.Астено-невротикалық тип-қозғыш,шаршағыш,қырсық.Ақыл-ой жұмыстарына тез шаршайды.
5.Сензитивті тип-жоғары сезімталдық тип.Қозғалыс,құмар ойындарын жақсы көрмейді,үлкен компанияларда болуды қаламайды.Бейтаныс адамдармен ұяң,ұялшақ болғандықтан,тұйық болып көрінеді.Тек жақын адамдарына ғана ашық,сөзшең болады,өзінің қатарластарынан гөрі үлкен кісілермен,кішкентайлармен болуды ұнатады.Үлкендердің тілін алады,ата-аналарына жақын келеді.
6.Психо-астеникалық тип-интеллектісі тез дамиды,өзін-өзі және басқаларды бағалауға бейім,көп ойланып талқылауды ұнатады,бірақ іс жүзінде емес,сөз жүзінде ғана мықты.
7.Шизоидті тип-тұйық,өз қатарластарымен болғаннан гөрі үлкендермен болғанды ұнатады.Басқа адамдарға қызығушылығының жоқ екенін,немқұрайды екенін көрсетіп,олардың жағдайына көңіл білдіре алмайды.
8.Эпилептоидті тип-көп жылап басқаларды мазасыздандырады.Мұндай балалар кішкентайлар мен жануарларды ренжітеді,өздерін диктатор деп санайды.Олар қатігез,билеуші өзін-өзі жақсы көреді.Басқаларды қорқыту арқылы өзіне бағындырып,қиын ережелер қояды.
9.Истероидті тип-үнемі ортада болуды қалайды,басқалардың алдынада өзін суреттеп көрсетеді.Олар басқа біреуді мақтағанды,басқаларға көңіл бөлгенді жақтырмайды.Тек қана мақтап жүргенді ғана ойлайды.
10.Тұрақсыз тип-ерік-жігерсіз,өзен ағысы бойынша өмір сүреді.Той-томалаққа жұмыссыздық жақсы көреді.Талғаусыз,бәріне қызығады.Өзінің болашағы жайлы ойламайды,кәсіби қызығушылығы жоқ.
11.Конформды тип-негізгі ерекшелігі барлығы сияқты болу.Өзі үшін досын да сатып кетеді,бірақ не істесе де оған себеп табады.
28Ойлау мен сөйлеудің өзара қарым-қатынастары.
Сөз –бұл жеке заттарға, дара аты ретінде жапсырылған нәрсе емес: ол әруақытта да жалпы аталатын зат немесе құбылысты сипаттайды, демек, ойлау актісі ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар сөз-бұл да қатынас құралы, сондықтан да ол сөйлеудің құрамына кіреді». Ойлау мен сөйлеудің әртүрлі генетикалық тамырлары бар. Алғашқы кезде олар әртүрлі қызметті атқарады және бөлек дамыды. Сөйлеудің бастапқы қызметі коммуникативтік қызмет болды, ал сөйлеудің өзі қатынас құралы ретінде адамдардың бірлескен еңбек үрдісінде іс-әрекеті болу және реттеу қажеттілігіне байланысты пайда болды. Сонымен қатар сөйлеу мен байланыссыз ойлаудың түрлері бар, мәселен, көрнекілі-әрекеттік (ойлаудың бұл түрі жануарларда болады). Кішкентай балаларда және жоғары сатыдағы жануарларда ойлаумен байланыссыз өзіндік ерекшелігі бар қатынас құралдары байқалады. Тірі жәндіктің ішкі жағдайын бейнелейтін, бірақ белгі немесе жалпылау болмайтын бұл айқын аңғарылатын қозғалыстар, ишара, мимика. Ойлау мен сөйлеудің филогенезінде интеллектінің дамуында сөйлеуге дейінгі кезеңі анық байқалады. Л.С.Выготскийдің айтуынша, бала шамамен 2 жаста, сол сияқты Ж.Пиаженің ойынша да бұл кезеңде ойлау мен сөйлеудің қатынасында қиында түбірлі өзгеріс кезеңі басталады: сөйлеу-интеллектуалдық, ал ойлау-сөздік болады деген. Бұл екі функцияның дамуында түбірлі өзгерістердің басталу белгілері болып табылатын баланың өзіндік сөздік қорының тез және белсенді кеңеюі болып табылады және сондай тез қарқынмен коммуникативтік сөздігі көбейеді. Әрбір интеллектуалдық міндеттерді шеше отырып, бала ауызша ойлай бастайды, ол енді сөйлеуді ойлаудың құралы ретінді пайдаланады. Практикалық тұрғыдан бала үшін сөздің мағынасы түсінікті болады. Бұл деректер тек қана ұғымдарды меңгерудің және ойлау мен сөйлеудің үрдісінде оларды қолданудың белгілері болып табылады. Одан әрі бұл үрдіс, тереңдей отырып, біршама ұзақ мерзімге дейін, жеткіншек жасқа дейін жалғаса түседі. Ғылыми ұғымдарды баланың дұрыс меңгеруі кеш іске асады. Бұл кезеңді Ж.Пиаже формалдық операциялардың дәуіріне жатқызған болатын, демек, ол жеткіншек жастағы кезең 11-12-ден 14-15-ке дейінгі кезеңді қамтиды. Ұғымдық ойлаудың дамуының бүкіл кезеңі адамның өмірінде шамамен 10 жылдай уақытты алады екен. Адам ойлауы сөйлеумен бөлінбейтін байланысты. Ойдың тілден тыс, сөйлеуден тыс пайда болуы, өмір сүруі мүмкін емес. Біз сөзбен ойлаймыз, оларды дауыстап немесе іштей сөйлейміз, ойлау сөйлеу түрінде іске асады.
Тіл – бұл сөздік белгілердің жүйесі, адамдардың бір-бірімен қатынас құралы. Сөйлеу-адамдардың қатынас жасау мақсатында тілді пайдалану үрдісі.
29Ойлау және оның түрлері. Ойлау операциялары мен формалары. Ойлау – бұл ерекше дәл, терең, толық және жалпы жанама түрде шындықты бейнелеуге, негізінен біздің түйсінуіміз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі.Ойлаудың негізгі үш түрі кездеседі: ұғым, пікір, ой қорытындысы.Ұғым – бұл заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі. Ұғым бір-бірімен байланысты зат туралы түсініктерден-оның қасиеттері, жағдайлары, байланыстары және қатынастарынан тұрады. Әрбір зат, әрбір құбылыс әртүрлі көптеген қасиеттерді, белгілерді иеленеді. Пікір – мұнда қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстар мен қатынастар және олардың қасиеттері мен белгілері бейнеленеді. Пікір-бұл қандай да болсын ережені бекіту немесе жоққа шығару түрінде іске асатын ойлаудың түрі. Пікірде біз заттың шын болуы туралы қолдаймыз немесе жоққа шығарамыз. Пікір сөздерде, сөйлемдерде байқалады. Ой қорытындысы – бұл тарихи қалыптасқан ойлаудың логикалық түрі, ол арқылы бір немесе бірнеше белгілі пікірлерден жаңа пікір туады. Индуктивті ой қорытындысы деп жекелеген фактілерден, пікірлерден барып, ой қорытындысына көшуді айтады. Индукция дедукциямен байланысты. Негізінде индукция жалқыдан жалпыға өтетін логикалық операция. Эксперимент әдісі негізінен индуктивті болып табылады. Ал логика ақыл-ой қорытындысы ретінде қарастырылады. Психология индуктивті ойлаудың дамуы мен бұрылуын зерттейді. Логика индукциясын толық және толық емес индукция деп саралап, оны ой қорытудың бір түрі деп қарастырады. Дедукция-бұл жалпы пікірлерден, деректерден жеке пікірлерге, деректерге көшудің, жалпы заңдылықтармен ережелерді білу негізінде жекелеген деректер мен құбылыстарды пайымдаудың тәсілі. Белгілі бір зат туралы, белгілі бір обьект туралы біз әруақытта ойлаймыз, оларды қабылдаймыз немесе елестетеміз, немесе ол туралы түсінігіміз болады. Затсыз ойлау болуы мүмкін емес. Ойлау үрдісі ерекше ойлау тәсілдері түрлері арқылы іске асады, олардың негізгілеріне салыстыру, талдау және жинақтау, абстракция, нақтылау және жалпылау жатады. Салыстыру – бұл жекелеген заттар мен құбылыстардың арасында ұқсастық немесе теңсіздікті, бірдейлік немесе қарама-қарсылықты табуда байқалатын ойлау тәсілі болып табылады. Талдау – бұл затты құрамдас элементтерге, бөліктерге және құрамды белгілерге бөліп қарастыру. Талдау үрдісінде тұтас заттардың оның бөліктеріне, элементтеріне қатынасы анықталады. Мәселен, химик суды сутегі және оттегіне бөліп қарастырады. Жинақтау – бұл жекелеген элементтерді, бөліктерді және белгілерді біртұтас обьектіге біріктіру, жинақтау талдауға қарама-қарсы, кері үрдіс. Жинақтау үрдісінде жеке заттар мен құбылыстардың тұтас заттар мен құбылыстарға қатынасы анықталады. Мәселен, машинаның әрбір бөліктерін құрастырып, тұтас машина жасап шығару ойша жинақтау тәсілі арқылы іске асады. Сол сияқты сағат шебері бұзылған сағатты бөлшектерге ойша бөліп, оңдап болғаннан кейін біртұтас сағатқа біріктіруі ой қызметінің тікелей қатысымен талдау арқылы іске асады. Абстракция – бұл заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттері мен белгілерінің ойша бөлініп берілуі. Абстракция-ойлаудың негізгі тәсілдерінің бірі, субьект зерттелу үстіндегі обьектінің белгісін айрықша бөліп алып, басқаларын назардан тыс қалдырады. Соның нәтижесінде абстракция терминін білдіретін ақыл-ой термині пайда болды. Бастапқыда абстракция ортаның тікелей сезімдік – бейне қасиетері қабылдау мен әрекет ету үшін бағдар тұту түсінігіне айналады да қалғандары жоққа шығарылады.Жалпылау және нақтылау. Жалпылау-бұл ойлау арқылы бейнеленетін көптеген заттардың ұқсас, мәнді белгілерінің осы заттар туралы бір ұғымда ойша бірігуі. Жалпылау да абстракция сияқты сөздер көмегімен іске асады. Кез-келген сөз жалпылық мағынаны білдіреді. Мысалы, мал деген сөз айта отырып, көптеген жеке белгілерден тұратын ойды білдіреміз. Нақтылау– бұл жалпыға сәйкес келетін жалпыдан жалқыға ойша көшу. Нақтылау-бұл ойлау тәсілі, оны іске асыру барысында белгілі абстракциялық-жалпылық ойлауға заттың көрнекілік сипат беруін айтады. Нақтылау мен абстракциядан және жалпылаудан кері заттар мен құбылыстарға көшуді айтады.