Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikhologia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
210.94 Кб
Скачать

26Холерик, сангвиник,меланхолик, флегматик типтеріне сипаттама

Ағзада сұйық заттардың бірігуінде қанның пропорциясы басым болса, сангвиникалық темперамент деп аталды (латын сөзі "сангвик" - қан); сұйық заттардың бірігуінде шырынның пропорциясы басым болса, флегматикалык темперамент деп аталады (грек сөзі "флегма" — сөл); сары өттің пропорциясы басым болса, холерикалық темперамент деп аталады (грек сөзі "холэ"-сары өт); қара өттің пропорциясы басым болса, меланхоликалық темперамент деп аталады (грек сөзі "мелайна холэ" - қара өт).

Сангвиникалық темпераментөкілдері қозғалғыш, сергек, қызыққыш келеді. Сангвинниктер негізінен көңілді тип. Эмоциялық көңіл-күйі тұрақсыз, өзгеріп отырады, сезімге тез беріледі. Олардың сезімдері күшті, терең емес. Шапшаң ашуланып, тез арада күйіп-пісіп қалады. Ашуы тез басылады, кек сақтамайды, тез ұмытып кетеді, сәтсіздіктерді тез жеңе біледі, ұжымда беделді. Ұжым мүшелерімен жақсы қарым-қатынаста болады, адамдармен тез арада тіл табыса біледі.Сангвиникалық типтегі адамдар тез пайда болатын күшті, бірақ тұрақсыз эмоциялық қозуымен ерешеленеді. Сангвиниктердің көңіл-күйі тез өзгеріп отырады.

Холерикалық темперамент өкілдері тез пайда болатын күшті және тұрақты эмоциялық қозуымен ерекшеленеді. Холериктердің сезімі бет-пішінінен, дене қимылынан, сөйлеген сөзінен анық байқалады. Холериктер күйіп-пісу, тез қозғалғыштық, әруақытта да іс-әрекетке бейім келеді. Оларда психикалық үрдістер тез, жылдам жүріп жатады. Холериктер іс-әрекетке жылдам, қызыға, құлшына кіріседі.Холериктердің жағымды жақтары — белсенділігі, іскерлігі, іс-әрекетке тез енетіндігі. Жағымсыз тұстары — ұстамсыздығы, дөрекілігі, ұшқалақтығы, ашуға тез берілгіштігі. Бұл типтегі балалар белсенді. Олар іске тез кіріседі және оны аяғына дейін жеткізеді. Олардың біреуге ренжіп қалуы да тез. Ашуланған адамына кекті ұзақ сақтайды, көпке дейін ұмытпайды.

Флегматикалық темперамент жай пайда болатын, әлсіз және қысқа мерзімді эмоциялық қозумен ерекшеленеді. Флегматиктің сезімі сырттай әлсіз аңғарылады. Бұл типтегі адамдардың қуануы да, қайғыруы да қиын. Флегматикалық типтегі балалар сабырлы, салмақты, мінез-құлқы әруақытта да бір күйде тұрады.Флегматиктердің психикалық үрдістері жай, бірсарынды жүреді. Бұлар өте ұстамды, салмақты, іс-әрекетте баяу. Істеген ісін сапалы, тындырымды орындайды. Бүл типтегі балалар сабақты жаксы оқиды, іс-әрекетте орнықты, табандылық анғартады.Адамдармен қарым-қатынаста флегматик әруақытта да орнықты, салмақты, ретімен адамдармен араласады, көңіл-күйі тұрақты. Олар әркез жанжалдан басын ала қашады. Кейбір қолайсыз жағдайларда флегматиктерде тән сылбырлық, енжарлық, жалқаулық сияқты жағымсыз қасиеттер қалыптасуы мүмкін.

Меланхоликалық темпераментжай, бірақ күшті және тұрақты эмоциялық қозумен ерекшеленеді. Меланхоликтер тұрақты, ұзақ көңіл-күйге бейім тұрады, бірақ олардың сезімі сырттай әлсіз аңғарылады. Меланхоликалық типтегі адамдар қозғалыста, іс-әрекетте баяу. Меланхолик іс-әрекетке бірден кірісе алмайды, ырғалып-жырғалып барып кіріседі, егер іске кірісе қалса, аяғына дейін жеткізеді. Бүл типтегі балалар жай іс-әрекетке енеді, оларды И.П.Павлов ынжық тип деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]