
- •3.Психология пәні және оны зерттеу әдістері.
- •4.Психологиядағы тұлға мәселесі
- •5Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
- •9Психологиядағы іс-әрекет мәселесі.
- •11Психикалық қасиеттерге сипаттама.
- •12.Психикалық құбылыстардың құрылымы.
- •13Психология дамуының негізгі кезеңдері.
- •14Cана және психика.Сананың деңгейлері (з.Фрейд)
- •15Қабілет және нышан.
- •16Қажеттілік түсінігі. Масловтың қажеттілік пирамидасы.
- •17Психология ғылымының негізгі кезеңдері 4кезеңіне сипаттама
- •18Психологияның философиялық шеңберде дамуы
- •19Зейін, түрлері мен қасиеттері.
- •20Қарым-қатынастың функциялары.
- •21Қабылдау және оның физиологиялық негізі.
- •22Ойлаудың психологиялық теориялары.
- •23Эмоция және оның түрлері
- •24Тұлғаның жас ерекшелік дамуы. (Эриксон бойынша).
- •25 Ес операцияларының түрлері. Ес туралы теориялар.
- •26Холерик, сангвиник,меланхолик, флегматик типтеріне сипаттама
- •27.Мінез типологиясы а.Е.Личко бойынша:жас өспірімдерді бақылауға негізделген нақты бір мінез күшейуін қарастырады,ол сыртқы жағдайларына байланысты.
- •28Ойлау мен сөйлеудің өзара қарым-қатынастары.
- •30Түйсіктің түрлері мен заңдылықтары
24Тұлғаның жас ерекшелік дамуы. (Эриксон бойынша).
Психоаналитикалық (жүйкелік талдау) теориясы. Оның заты – адам эмоциялары мен тұлғааралық қарым-қатынас. Психоаналитикалық теория өкілдерінің екі кезеңденуі кеңінен мәлім: Зигмунд Фрейдтің және Эрик Эриксонның. З.Фрейд (1856-1939) тұлғаның дамуын биологиялық факторлардың және ерте отбасылық араласу тәжірибесінің ықпалымен түсіндірді. Ол, балалар психикалық, турасында психосексуалдық жетілудің 5 сатысынан өтеді деп пайымдады.
Қалалардың қызығушылығы әрбір сатыда ләззат алу негізі болып қызмет ететін дененің белгілі бөлігінің айналасында шоғырланған:
1. оральдық саты (0-2 жас);
2. анальдық саты (2-3 жас);
3. фаллостық саты (4-5 жас);
4. латенттік саты (6-12 жас);
5. гениталдық саты (12-18 жас).
Э.Эриксон (1902-1979) тұлғаның психосоциалдық дамуының 8 сатысын бөліп көрсетті. Оның әрбірінде адам мағынасы сананың, психиканың қарама-қарсы жағдайларының арасындағы кикілжіңнің (конфликт) болып табылатын спецификалық тоқырауды (кризис) бастан кешіреді.
1. Қоршаған әлемге сенім сенімсіздік (0-1 жас);
2. тәуелсіздік сезімі – ұят пен күмәнді сезіну (1-3 жас);
3. ынталық – күнә сезімі (4-5 жас);
4. еңбек сүйгіштік – жарты кештік сезім (6-11 жас);
5. белгілі бір жынысқа сәйкестігін түсіну – бұл жынысқа сәйкес келетін мінез-құлық түрлерін түсінбеу (12-18 жас);
6. интимдік қатынасқа ұмтылу – айналадағылардан оқшаулану (ерте есею);
7. өмірлік белсенділік - өзіне ғана бағытталу, жас шама проблемалары (қалыпты есею);
8. өмірді толыққанды сезіну (кеш есею).
25 Ес операцияларының түрлері. Ес туралы теориялар.
Генетика және молекулярлық физиологияның, сонымен қатар кибернетиканың дамуына байланысты соңғы бірнеше онжылдықта естің биологиялық негіздері мен физиологиялық амалдарын зерттеу өзіне ерекше назар аударды. Бұл зерттеулердің бір бөлігі нейрондық деңгейде, демек, жекелеген жүйке жасушаларының жұмысын зерттеу деңгейінде және олардың кешендері еске сақтау үрдісінде жүргізілді. Бірақ ақпараттың есте қалдыру және қайта жаңғыру үрдістерінде мидың әртүрлі жасушаларының рөлі туралы, сонымен қатар молекулярлық деңгейде іске асып жатқан өзгерістердің ес үшін маңызы туралы сұрақтарға толықтай біржақты, сендіретіндей жауаптар әзірше алынған емес..Психологиялық деңгейде ес механизмдерін зерттеу хронологиялық тұрғыдан басқа теориялардан ертерек қалыптасқан, әрі кеңінен тараған. Алғашқы ес теорияларының бірі, өз мәнін қазіргі кезге дейін жоймаған, XVII ғасырда пайда болған. Ассоциативті психологиялық теория болды. XIX ғасырдың аяқ кезінде естің ассоциативтік теориясының орнына кезекке гештальттеория келді. Теорияның негізгі ұғымы мен басты қағидасы алғашқы элементтердің ассоциациясы емес, ал оның тұтас ұғымы — гештальт болып табылады. Бихевиоризмді жақтаушылардың көзқарастары ес проблемасына ассоциативтік теория өкілдерінің кезқарастарына жақын болды. Олардың арасыңдағы бірден-бір мәңді жалғыз айырмашылық — бихевиористер материалды еске сақтауда бекітудің рөлін бағалады, үйрету үрдістеріндегі естің қалай жұмыс істейтіндігін зерттеуге ерекше мән берді. 3.Фрейд және оның жақтаушыларының еңбегі адам есін зерттеуде еске сақтау мен ұмытудың мнемикалық үрдістерінде жағымды және жағымсыз эмоциялардың ролін анықтауға ерекше мән берді.Психоталдау теориясының арқасыңда адамның түрткілер саласымен байланысты ұмытудың көптеген қызықты психологиялық амалдарын анықтады және суреттеді. Есте қалдыру амалының ерекшеліктерін ашып көрсететін әртүрлі қызықты деректерді А.А.Смирнов өзінің зерттеулерінде атап көрсеткен болатынды.