Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikhologia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
210.94 Кб
Скачать

23Эмоция және оның түрлері

Сезімдер немесе эмоциялар дегеніміз— адамның басқа адамдарға, өзіне, коршаған ортаға қатынасын білдіретін психикалық жағдайы және көңіл-күйі. Адамдар шыңдық дүниенің заттары мен құбылыстарына әртүрлі қарым-қатынаста болады. Адамның қажеттіліктерін тура және жанама қанағаттандырумен байланысты қарапайым, органикалық ретінде және қоғамдық тұрмысқа байланысты қабілеттіліктер оларда жағымды эмоцияларды шақырады (қанағаттану, қуаныш, махаббат). Осындай қажеттіліктерді қанағаттандыруға кедергі келетіңдері жағымсыз эмоцияларды (қанағаттанбау, қайғы, жек көру) қалыптастырады. Сезімдер — бұл қоғамдық өмір жағдайында адам дамуының жемісі. Эмоция дегеніміз, - деп жазды. И.П. Павлов, — инстинктің жұмысы, сезім — қайғы, қасірет және т.б. — бұл оның мәні басқаша, үлкен жартышарлардың қызметінің қиындауымен байланысты, сезімдер жоғары белгілермен байланысты және олардың барлығы II сигнал жүйесіне тәуелді.Сонымен, эмоциялар — бұл органикалық қажеттіліктерді қанағаттандырумен немесе қанағаттандырмаумен байланысты қарапайым көңіл-күйлер.Сезімдердің эмоциялардан айырмашылығы сезімдер адамзаттың тарихи даму барысында пайда болған қажеттіліктермен байланысты. Сезімдердің пайда болуы адамның қоғамдық тұрмысына қатысты.Эмоциялық жағдайларда тыныс алу да өзгереді: сезімнің бір түрлерінде ол жиілінеді, кейде - бәсеңсиді. Ас қорыту үрдістері мен ішкі секреция бездерінің қызметі ағзаның қызметіне әсер етеді.Біздің эмоциялық көңіл-күйіміз мимикада (бет пішіні), пантомимикада (дене қозғалысы) және ишарада (қол қимылы) ерекше айқын аңғарылады. Адамның эмоциялық көңіл-күйі төмендегідей айқын физиологиялық үрдістерде және оның қозғалыстарында байқалады (жылау, күлу жене т.б.).

Эмоциялық көңіл-күйлер адамдарда сөйлеген сөздерінен, дауысынан аңғарылады. Әртүрлі эмоциялық жағдайларда сөздің жылдамдығы өзгереді, оның синтаксистік дұрыстығы бұзылады, ритмика мен дауыс ырғағы өзгереді. Әртүрлі эмоциялық жағдайларда, көңіл-күйлерде дауыстың ырғағы бұзылады. Осындай сезімнің сыртқы көріністері көп жағдайда еріксіз іске асады. Жекелеген сезімдердің белгілі көріну түрлері тән болады. Мысалы, қорқу сезімінде көздің қарашығының кеңеюі, дененің дірілдеуі, беттің бозаруы тән. Қуаныш сезімінде көздердің жарқырауы, беттің қызаруы, қозғалыстың өзгеруі және т.б. белгілерден байқалады.

Ағзаның өмірінде эмоцияның мәні мен маңызын түсіндіретін алғашқы кең тараған теориялардыц бірі — Ч. Дарвин ұсынған теория болды.

Сезімдердің жылдамдылығының, күшінің және тұрақтылығының үйлесіп келуіне байланысты эмоциялық жағдайлар да түрлерге бөлінеді. Олардың негізгілеріне көңіл – күй, аффект, құмарлық, жігерлену, стресс(титықтау) жатады.

Көңіл — күй — бұл эмоциялық жағдай, ол негізінен өзінің әлсіз немесе орташа күшімен және көп жағдайда тұрақтылығымен ерекшеленеді. Кей жағдайда адамның көңіл-күйі күні бойына, аптасына, айына және одан көпке созылуы мүмкін. Адамның көңіл-күйі әртүрлі болатындығы белгілі. Мысалы, шалт, қайғылы, жабырқау жене т.б., көңіл-күй жақсы және жаман болып келеді.

Аффект - латын сөзі, қазақшалағанда жан толқынысы деген мағынада қолданылады. Аффектілер деп ерекше күшті, тез пайда болатын және адамды билеп кететін, қысқа мерзімде жүріп ететін эмоциялық жағдайды айтамыз. Мысалы, қуаныш, қорқыныш, қайғы және т.б. аффектілерін атауға болады.

Құмарлық та ұзақ мерзімді және тұрақты эмоциялық жағдай болып табылады. Бірақ, көңіл-күйден айырмашылығы, құмарлық күшті эмоциялық жағдай. Мысалы, адамдарда байқалатын білімге, жаңалық ашуға, музыкаға, еңбекке құмарлықты айтуға болады. Бұл жағымды құмарлықтың үлгілері.

Стресстік жағдайлар. "Стресс" - ағылшын сөзі, қазақшалағанда - күйзеліс мағынасында қолданылады. Стресс - кез-келген күшті әсерден адамда пайда болатын психологиялық күй. Стресс ұғымын канадалық физиолог Г. Селье 1936 жылы енгізді. Эмоциялық стресстік жағдайлар қиын ахуалдарда пайда болады және орасан зор ішкі күйзелістің нәтижесінде аңғарылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]