Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikhologia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
210.94 Кб
Скачать

1.Психология пәнінің мақсаты, міндеті. Қазіргі кезде алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көптігіне байланысты психология ғылымының тез қарқынмен дамуы байқалады. Психологияның зерттейтін құбылыстарының саласы жан-жақты. Ол адамның әртүрлі қиындық сатысы бар психикалық үрдістерін, психикалық қалпын және психикалық қасиеттерін қамтиды. Психологияның негізгі міндеті - адамның психикалық іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Психологияның заңдылықтары көрсеткендей, адам миында объективтік дүниені қалай бейнелеуге, адам қоршаған ортадағы объективтік дүниені қалай танып білуге болады? Психологиялық заңдылықтар, психикалық іс-әрекет қалай дамиды, жеке тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасады, міне, осыларды ашып көрсетеді. Психология психикалық үрдістерді мидың бейнелеу іс-әрекетінің негізі болып табылатын жүйке-физиологиялық үрдістерімен бірлікте зерттейді. Жоғарыда айтылғандардан біз психологияны практикалық қолдану мүмкіндіктері орасан зор екендігін білеміз. Ерекше атап айту керек, бұл бағытта әртүрлі деңгейдегі міндеттерді шешуге тура келеді.Қазіргі адамзаттың алдында тұрған жаһандық проблемаларды шешуде де психологияның атқарар жүгі ерекше. Бүгінгі күннің ғаламдық проблемаларының психологиялық астарын анықтауда (дүниеде бейбітшілік сақтау үшін күрес, қоршаған ортаны қорғау, космосты игеру), оның ішінде, адамдардың күнделікті өмір мәселелері (эмоциялық қиыншылықты жеңу, адамдар арасындағы дау-дамайды шешу т.б) психология ғылымының алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып есептеледі. Психологияның адам туралы ғылымдар жүйесінде алатын орнын бағалай келіп, профессор Б.Ф.Ломовтың айтуынша, зерттеу нысаны адам туралы барлық ғылыми

пәндердің интеграторы психологияның алатын орнын дұрыс бағаланды.

2.Психологияның даму тарихы.

Біздің психикалық өмірімізді, рухани дүниемізді психология ғылымы зерттейді. "Психология" сөзі гректің екі сөзінен пайда болды: "пcюхе "-жан, психика және "логос"-ғылым, ілім. Олай болатын болса, психология - адамның жан дүниесін зерттейтін ғылым. , демек, олардың пайда болу, қалыптасу және даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарын білу, оны оқыту және тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін қажет. Тек қана психикалық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілі-бір шәкірттің дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруға болады. Сонымен, психология - психика және оның қалыптасу және даму заңдылықтары туралы ғылым. Психология ертеде қалыптасқан ғылымдардың қатарына жатады: ол 2500 жылдан астам бұрын ертедегі Грецияда пайда болған. Ертедегі гректің данышпан ғалымы Аристотель өзінің "Жан туралы" атты еңбегінде алғаш рет психикалық құбылыстарға бір жүйелі талдау жасайды. Аристотелді психологияның негізін салушы деп атауға болады. Екінші жағынан, психологиялық құбылыстарды және оның заңдылықтарын ғылыми эксперименталдік түрде зерттеу шын мәнінде XIX ғ. ортасынан бастап, қалыптаса бастады. Психология ғылымыны дамуы негізгі 4 кезеңнен тұрады: 1 кезең. Психологиялық жан туралы ғылым, адам өміріндегі түсініксіз құбылыстарды жанмен түсіндіру. 2 кезең. Психологиялық сана туралы ғылым, 18 ғасырдың басында сезіну, қабылдау мен ойлау сана деп аталды. Негізгі әдісі адамның өзін-өзі бақылауы. 3 кезең. Психологиялық мінез-құлық туралы ғылым, 20 ғасырда психология адамның мінез-құлқын, реакциясын т.б бақылады. 4 кезең. Психологиялық-психикалық құбылыстарды зерттейтін ғылым, 20 ғасырдың 2 жартысынан басталады.

3.Психология пәні және оны зерттеу әдістері.

Жеке тұлғаның психологиялық үрдістерін, дара психологиялық ерекшеліктерін зерттей отырып, психология әртүрлі зерттеу әдістерін қолданады. Психология ғылымында кеңінен таралған негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологияда жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкета әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.Бақылау адамның психикалық өмірін зерттеу әдісі ретінде психологияда жиі қолданылады. Бақылаудың көмегімен жеке психикалық үрдістерді (ес, зейін, ойлау), жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін зерттейді, олар сырттай әртүрлі адамзаттың іс-әрекеттері (еңбек, оқу, ойын), психикалық қалпы (көңіл-күй, эффект) түрінде аңғарылады. Эксперимент әдісі. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тиімді тәсіл-дерді табуға мүмкіндік береді. Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек дағдыларының қалыптасу жылдамдығы. Психологияда екі түрлі эксперимент қолданылады: зертханалық және табиғи. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық экспсримент адамның психикалық ерскшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистаскоп көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады. Табиғи эксперименттің зертханалық зксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте бақылау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығын және екіншісінің белсенділігі. Ұқсас қасиеттері бойынша біріккен адамдардың, сол сияқты адамдар топтарының арасында, психологиялық айырмашылықтарын реттеп, белгілеу және сипаттау үшін қазіргі психологиялық диагностиканың ерекше кеңтараған түрін айтады: зерттеу міндеттеріне байланысты диагностиканың белгілері жасы, жынысы, білімі және мәдениеті, психикалық қалпы, психо-физиологиялық ерекшеліктері сияқты психологиялық айырмашылықтар кіреді. Психологиялық тест әдісі.Тест - бұл күрделі техникалық бейімделуді қажет етпейтін, стандартқа және мәліметтерді математикалық өңдеуге дайын тұратын қысқа, стандартты сынақ.

4.Психологиядағы тұлға мәселесі

Жеке тұлға — бұл сол адам, бірақ тек ғана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынастардың нәтижесі, коғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады. Психологияда "адам" және "жеке тұлға" ұғымдарымен қатар «даралық» ұғымы да қолданылады. Әрбір адамның, мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын ерекшелігі бар, сондықтан да тіптен екі бірдей жеке тұлға болмайды және болуы да мүмкін емес. Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешелігі айтылады. Жеке тұлға-тек тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика және т.б. сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны. Жеке адам - қоғамдық дамудың қайраткері, қоғамда белгілі жағдайда тұратын саналы индивид және белгілі қоғамдық ролді атқарады. Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн: Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады. Екіншіден, бұл-жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. Мәселен, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, жоғары моралдық сезімдермен, дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға "жеке бөліктерге" бөлініп қалыптаспайды, тәрбиеленбейді, әруақытта да жеке тұлға тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді. Үшіншіден, бұл - жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені өзгеруге, түрлендіруге бағытталған көптеген және жан-жақты іс-әрекетке бейнеленеді. Психологияның басқа ғылымдардан ерекшелігі (философия, этика, заң ғылымдары және т.б) жеке тұлғаның рухани бейнесін, оның қылықтары мен мінез-құлқын зерттейді. Психология ең алдымен жеке тұлғаның себептерін, сезімін, қажеттілігін, қызығуын зерттейді. Психология іс-әрекетті ойдағыдай орындаудың психологиялық алғышарттарын жеке темпераменті мен мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Сонымен қатар психология жеке тұлғаның қалыптасу және даму үрдісін зерттейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]