
- •19. Мемлекеттік механизмнің сипаттама белгілері??????
- •20. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі .
- •24. Мемлекет нысанының элементтері
- •27,28. Мемлекеттің мәні (23)
- •35. Мемлекет билігінің үстемдігі ????
- •37. Мемлекеттегі билікті бөлудің мәселесі???
- •42. Қылмыстық құқықтың қорғаудың пәні????
- •43. Қылмыстық заңнаманың мақсаттары???
- •45. Қылмыстық қарым-қатынастарды құқықтық реттеуінің әдістері???
- •47. Қылмыстық заңның керi күшi
- •48. Қылмыстық заңның кеңістікте, мерзімде, тұлғаларға әрекеті.???
- •62. Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады:
- •63. Мыналар қылмыстық-жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:
- •65. Азаматтық құқықтың қайнар көздрері:
- •70. Еңбек шарты. Еңбек шартының мерзімі. (тетрадь)
- •72. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы (мерзімі)
- •75. Қр да саяси жүйе мен саяси режим ???
70. Еңбек шарты. Еңбек шартының мерзімі. (тетрадь)
71. Еңбек Тәртібі– қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қарым-қатынастарының жүйесін құқықтық нормалар арқылы белгілеп, оның қағидаларын орындауға тараптардың өзара міндеттілігін білдіретін құқықтық категория. Еңбек тәртібі жұмыс беруші мен қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібіне мойынсыну, оның белгілеп берген талаптарын орындау жөніндегі өзара міндеттемелерінен көрініс табады.
72. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы (мерзімі)
1. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиiс.
2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшiн төленетiндей төлемақымен ұзақтығы аз жұмыс уақыты көзделуi мүмкiн.
**1. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы.
2. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
3. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер үшiн жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
Күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы
1. Бес күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауға тиiс.
2. Алты күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауға тиiс.
3. Күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзiлiстер уақыты жұмыс аптасының белгiленген ұзақтығы сақтала отырып, ұйымның еңбек тәртiптемесi ережелерiмен, еңбек шартымен, ұжымдық шартпен белгiленедi.
4. Өнер және мәдени демалыс кәсiптiк ұйымдарының шығармашылық қызметкерлерi, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерi, спортшылар, жаттықтырушылар үшiн Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, жұмыс берушiнiң актiлерiне, ұжымдық шартқа немесе еңбек шартына сәйкес күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) өзгеше ұзақтығы белгiленуi мүмкiн.
Демалыс күндерi
1. Қызметкерлерге апта сайын демалыс күндерi берiледi.
2. Бес күндiк жұмыс аптасында қызметкерлерге аптасына екi демалыс күнi, ал алты күндiк жұмыс аптасында - бiр күн берiледi.
3. Бес күндiк және алты күндiк жұмыс аптасында жексенбi жалпы демалыс күнi болып табылады. Бес күндiк жұмыс аптасындағы екiншi демалыс күнi жұмыс берушiнiң актiсiнде немесе ауысым кестесiнде белгiленедi. Егер ұжымдық шартта, еңбек шартында өзгеше белгiленбесе, екi демалыс күнi қатар берiледi.
4. Мұсылман күнтiзбесi бойынша атап өтiлетiн Құрбан айттың бiрiншi күнi, 7 қаңтар - православиелiк Рождество демалыс күндерi болып табылады.
5. Үздiксiз өндiрiстерде немесе өндiрiстiк-техникалық жағдайлар бойынша немесе халыққа ұдайы үздiксiз қызмет ету қажеттiгi салдарынан демалыс күндерi жұмысты тоқтату мүмкiн болмайтын өндiрiстерде iстейтiн қызметкерлерге демалыс күндерi жұмыс берушiнiң қызметкерлер өкiлдерiмен келiсе отырып қабылданған актiлерiнде бекiтiлген ауысымдық кестеге сәйкес қызметкерлерге (қызметкерлер тобына) аптаның әр күндерi кезекпен берiледi.
6. Iссапарда жүрген қызметкер демалыс күндерiн өзi жiберiлген жұмыс берушiнiң еңбек тәртiптемесiне сәйкес пайдаланады.
Демалыс түрлерi
1. Қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлерi:
1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары;
2) әлеуметтiк демалыстар берiледi.
2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердiң тынығуына, жұмыс қабiлетiн қалпына келтiруiне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердiң өзге де жеке қажеттiктерiне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгiлi бiр күнтiзбелiк күндер санына берiледi.
2-1. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының мынадай түрлерi берiледi:
1) жыл сайынғы негiзгi ақылы еңбек демалысы;
2) ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы.
3. Әлеуметтiк демалыс деп ана болуға, балалардың күтiмiне, өндiрiстен қол үзбей бiлiм алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтiк мақсаттар үшiн қызметкердi белгiлi бiр кезеңге жұмыстан босату түсiнiледi.
4. Қызметкерлерге әлеуметтiк демалыстардың мынадай түрлерi:
1) жалақы сақталмайтын демалыс;
2) оқу демалысы;
3) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар берiледi.
73. Конституциялық құқық дегеніміз қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік қарым-қатынастарды реттейтін, мемлекет нысанын айқындайтын маңызды құқық органдарының жиынтығы.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Конституциялық құқық қағидалары????
74. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.