
- •19. Мемлекеттік механизмнің сипаттама белгілері??????
- •20. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі .
- •24. Мемлекет нысанының элементтері
- •27,28. Мемлекеттің мәні (23)
- •35. Мемлекет билігінің үстемдігі ????
- •37. Мемлекеттегі билікті бөлудің мәселесі???
- •42. Қылмыстық құқықтың қорғаудың пәні????
- •43. Қылмыстық заңнаманың мақсаттары???
- •45. Қылмыстық қарым-қатынастарды құқықтық реттеуінің әдістері???
- •47. Қылмыстық заңның керi күшi
- •48. Қылмыстық заңның кеңістікте, мерзімде, тұлғаларға әрекеті.???
- •62. Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады:
- •63. Мыналар қылмыстық-жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:
- •65. Азаматтық құқықтың қайнар көздрері:
- •70. Еңбек шарты. Еңбек шартының мерзімі. (тетрадь)
- •72. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы (мерзімі)
- •75. Қр да саяси жүйе мен саяси режим ???
42. Қылмыстық құқықтың қорғаудың пәні????
43. Қылмыстық заңнаманың мақсаттары???
1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандыктары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республи-касының Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
2. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы кодексте қылмыстық жауаптылык негіздері белгіленеді, жеке адам, коғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандайәрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық ықпал ету шаралары белгіленеді делінген.
Қылмыстық құқық өзінің алға қойған қорғаушылық, сақтандырушылық және тәрбиелік міндеттерін тек қана белгілі бір қылмыстық-құқықтық принциптерін сақтау арқылы жүзеге асырады.
Бул принциптерге: заңдылык кағидасы, азаматтардың заң алдында теңдігі, жауаптылықтан кұтылмайтындық принципі, жеке жауаптылық кағидасы, әділеттілік, ізгілік принциптері, кінәсіздік презумпциясы және т. б. жатады.
44. Қылмыстық құқықтың қайнар көздері: ҚР Конституциясы, Қылмыстық құқық кодексі, Құрамында қылмыстық құқықтық нормалары бар нормативтік актілер
45. Қылмыстық қарым-қатынастарды құқықтық реттеуінің әдістері???
46. Қылмыстық заң— Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органы қабылдаған, қылмыстық жауапкершіліктің негіздері мен жағдайын белгілейтін, қандай іс-әрекеттің адам, қоғам және мемлекет үшін қауіпті қылмыс екендігін және қандай жаза түрлерінің және қылмыстық құқықтық сипаттағы өзге шарттардың болатындығын анықтайтын нормативтік құқықтық акт.
47. Қылмыстық заңның керi күшi
1. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңiлдететiн немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яғни осындай заң күшiне енгенге дейiн тиiстi әрекет жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.
2. Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшiн жазасын өтеп жүрген әрекеттiң жазаланатындығын жеңiлдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегiнде қысқартылуға тиiс.
3. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгiлейтiн, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетiн немесе осы әрекеттi жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның керi күшi болмайды.
48. Қылмыстық заңның кеңістікте, мерзімде, тұлғаларға әрекеті.???
49,50,51.Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген заң шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекшебөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап тиісті санмен нөмірленген бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады және бөліктер мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді. Сондықтан, іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар оның бөліктерін де ескеру қажет. Құқықтық норманың құрылымы мынадай үш түрлі элементтен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция.
'''Гипотеза''' қылмыстық заңда негізінен жалпы бөлі мге қатысты. Яғни, құқық нормалары қолданатын гипотезаны, қылмыстық заңда жалпы бөлім баптары іске асырады. Мысалы, белгілі бір адам занда көрсетілген жасқа толып, қылмысты қасақана немесе абайсыздықпен жасаса және қылмыс жасаған сәтінде жауаптылыққа қабілетті болып танылса, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
2. '''Диспозиция''' — нақты қылмыстық қол сұғушылықтың белгілеріне сипаттама береді. Диспозиция өзінін құрылым ерекшеліктеріне байланысты жай, сипаттамалы, бланкеттік және сілтемелі болып негізгі төрт түрге бөлінеді:
Жай диспозиция қылмыстық іс-әрекеттін атын ғана атап, оның нақты белгілерін ашып көрсетпейді. Мысалы, ҚК-тің 125-бабындағы "Адамды ұрлау", 261-бабындағы "Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға кендіру ", 389-бабындағы "Әскери мүлікті жоғалту".
Сипаттамалы диспозиция деп қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде-ақ, нақты көрсететін диспозицияны айтамыз: ҚК-тің 175-бабындағы "Ұрлық", 120-бабындағы "Зорлау ", 237-бабындағы "Бандитизм".
Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген нақты қылмыс құрамын анықтау үшін басқа заңдарға немесе нормативтік актілерге, жарлықтар мен үкімет қаулыларына, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқауларға жүгінеді. Бұлар қылмыстық құқықтың басқа салалармен тығыз байланысты екендігінің айқын дәлелі. Қылмыстық заңның талаптарын орындау басқа заңдармен не басқа актілермен де анықталады. Бланкеттік диспозицияның мысалы ретінде мынадай баптардың диспозициясын көрсетеміз: ҚК-тің 152-бабы "Еңбекті корғау ережелерін бұзу", ҚК-тің 284-бабы "Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы".
Сілтемелі диспозиция қылмыстың белгілерін қамтымайды, керісіңше қылмыстық заңның басқа, тиісті бабына немесе оның белгілеу сілтеме жасайды. Мысалы, ҚК-тің 106-бабындағы "Ұрып соғу", 107-бабындағы "Азаптау", 297-бабындағы "Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу".
3. '''Санкция''' — ерекше бөлім баптарында белгіленген жазаның түрі мен мөлшерін анықтайды. Қылмыстық заңның баптарында санкцияның екі түрі қолданылады: салыстырмалы-айқындалған (относительно-определенные) және балама (альтернативные).
Салыстырмалы айқындалған санкция жазаның түрін және мөлшерін көрсетеді. Оны екі негізгі түрге бөлуге болады: жазаның жоғарғы және төменгі шегін анықтайтын санкция. Алдыңғысының мысалы: ҚК-тің 101-бабының бірінші бөлігі "Абайсызда кісі өлтіру", 134-бабының бірінші бөлігі"Баланы ауыстыру", және т. б. баптар бола алады.
Тағайындалған жазаның ең төменгі мөлшері болып жазалаудың ен төменгі шегі айтылады. Жазаның төменгі шегінің мөлшері егер жаза түрі бас бостандығынан айыру болса — 6 ай, бас бостандығын шектеу болса — 1 жыл, қамауға — 1 ай, айыппұлға — Қазақстан Республикасы Зандарымен белгіленген жиырма бес айлық есептік көрсеткіш болып белгіленеді. Салыстырмалы-айқындалған санкцияның екінші түрінің мысалына ҚК-тің 162-бабы "Жалдамалылық", 181-бабының екінші бөлігі "Қорқытып алушылық", 241-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктер" сияқты баптарының санкцияларын жатқызуға болады.
Балама санкция Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарындағы жазаның екі немесе одан да көп түрлерінің тек біреуін ғана қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру үшін балама жаза болып, бас бостандығын шектеу, қамау немесе бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін (ҚК-тің 98-бабы). Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК-тің 253-бабы) түзеу жұмыстарына немесе қамауға не бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыстық заңның ерекше бөлімінің баптарындағы диспозицияның бар болуы немесе санкция түрлерінің бекітілуі мұкият ойластырылған. Оларды қылмыспен күресуде дұрыс пайдалану, қылмыстық нормаларды қолданудың нәтижелі болуына мүмкіндік туғызады.
52. Қылмыстық жауаптылық дегеніміз — қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекетті жасаған адамға арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданатын, қылмыстық заңда қарастырылған қылмыстық құқықтық сипаттағы мәжбүрлеу шараларды өтеу міндетін жүктеуді түсіну қажет.
Бұл анықтамадан қылмыстық жауаптылықтың негізгі белгілерін ашып көрсетуге болады:
1. Қылмыстық жауаптылықтың басталу сәті болып қылмыс құрамының белгілерін құрайтын әрекет жасалған уақыт танылады.
2. Қылмыстық жауаптылық кінәлі адам үшін жағымсыз салдарды өтеу міндеті жүктелгендігін білдіреді. Яғни, қылмыстық әрекет — себеп болса, қылмыстық жауаптылық — салдар.
53,54,55,56. Қылмыстың құрамы деп – қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретіне қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.
Ондай белгілер төрт топқа бөлінеді:1)қылмыстың объектісі; 2) қылмыстың объективтік жағы; 3) қылмыстың субъектісі; 4) қылмыстың субъективтік жағы.
1. Қылмыстың объектісі - қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен корғалатын коғамдык қатынастар. Олар мыналар болуы мүмкін:саяси және экономикалық қүрылымдар, меншік, адам және оның құқықтары мен бостандықтары, құқықтық тәртіп, сот төрелігі, әскери қызмет.
2. Қылмыстың объективтік жағы - ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын белгісі: қылмыскердің қоғамға қауіпті әрекеті немесе әрекетсіздігі; әрекет пен әрекетсіздік арқылы туындаған қоғамға қауіпті нәтиже; әрекет пен әрекетсіздік және қоғамға қауіпті нәтиже арасындағы себепті байланыс.
3. Қылмыстың субъектісі - ол қылмыс жасаған уақытта есі дұрыс және 16 жасқа толған адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау, кісі тонау, корқытып тартып алу т. б.) қылмыстық жауаптылықка адам 14 жастан тартылады. Қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дүрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уакытша бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінін іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есенгірететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде жасалған қылмыс үшін адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.
4. Қылмыстың субъективтік жағы - бұл адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздігіне және солардан туатын қауіпті нәтижеге психикалық қатынасы. Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді.
Қылмыстың субъективтік жағынан мынадай заңдылық белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.
57. Қылмыстық-құқықтық тәжірибеде құқыққа қайшы әрекеттің белгілі бір жағдайларда қоғамға қауіптілігі мен кінәлілігін жоққа шығаратын және адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын жағдайлары аз кездеспейді.
Мұндай мән-жайларға жататындар:
Қажетті қорғану;
қолсұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру;
жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру;
аса қажеттілік;
орынды тәуекел ету;
күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу;
бұйрықты немесе өкімді орындау.
Мұндай мән-жайлар қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға төнген нақты қауіп-қатерді жоюға бағытталған қоғамдық-пайдалы және мақсатқа сай әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығарады.
58. Қылмыс істеу сатылары. Қылмысты істеу сатылары деп касақана істелетін қылмысқа дайындалу, оқталудан біткенге дейінгі өтетін кезеңдерді айтамыз. Қасақаналықпен істелетін қылмыста бірнеше саты болады. Олар: қылмыс істеуге дайындалу, қылмыс істеуге оқталу және қылмысты аяқтау. *** Адамның қасақана, яғни саналы және мақсатқа сай қызметі өзінің даму барысында бірқатар сатылардан өтеді. Алдымен, адамда қылмыс жасау ниеті пайда болады. Ол алдына белгілі бір мақсат қояды, оған қол жеткізу үшін тәсілдерді, орнын, уақытын ойластырады, қылмыс себебін нақтылайды.
Нақты шешім қабылдап болып, адам дайындық әрекеттерін бастайды, ал содан кейін ойлаған әрекетін тікелей орындауға кіріседі. Кейбір жағдайларда адам ойлаған ісін бірден орындауға кіріседі (мысалы, жасырын пәтерге кіріп бағалы заттарды алады). Мұндай әрекеттер аяқталған қылмысты құрайды: (мысалы, ұрлық). Басқа жағдайларда, адам қылмыс жасауға алдын ала дайындалады (мысалы, көшірме бедер арқылы кілт жасау, пәтер қожайындарының келу, кету мерзімдерін анықтау), немесе қылмыстың өзін жасауға кіріседі (мысалы, дайындалған кілттермен пәтер есігін ашады, бірақ сигнал беру жүйесініңқосылғанын білмейді). Бұл екі жағдайда да қылмыс аяқталмай қалады. Осы әрекеттердің барлығы қылмыс жасау сатылары деп аталады.
Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары. Заңда үш саты белгіленген: қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу; аяқталған қылмыс.
Қылмысқа дайындалу — бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен қаруларын іздеуі, дайындауы немесе ыңғайлары қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға не байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да қолайлы жағдлйлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән-жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе. Қылмыс құралдарын сатып алу тәсілдері заңды болуы қаруды заңға сәйкес сатып алу, сыйлық ретінде алу, немесе заңсыз да болуы мүмкін: қаруды, мөрлерді, кілттерді және т.б. ұрлау.
Дайындау — бұл шикізаттардан қылмыс жасау үшін қарулар мен құралдардың жартылай фабрикаттарын жасау.
Бейімдеу — заттарды өңдеу, сол арқылы олар қылмыс жасау үшін жарамды болады (мысалы, кілттің түрін өзгерту).
Бірге қылмыс жасаушыларды іздеу басқа адамдармен танысу немесе таныстықтарын жалғастыру, оларды нақты қылмыс жасауға итермелеу, әрқайсысының рөлін талқылау және т.б. тұрады. Іздеу тәсілдері ретінде уәделесу, қорқыту, бірге баюға уәде беру, бопсалау қолданылуы мүмкін. Қылмыс жасауға сөз байласу, қылмыстық жауапкершілік жасына толған екі немесе одан да көп адамдардың бірге қылмыс жасауға сөз байласуларын көздейді. Қылмыс жасау үшін басқа да шарт-жағдайлар жасау әр түрлі әрекеттерден көрінуі мүмкін. Мұндай әрекеттер ойға алған қылмыстың жоспарын жасаудан, пәтер иелерінін кету, келу уақытын аныктаудан, белгі беру жүйесінің бар жоқтығын білуден және т.б. сипатталады. Мұндай әрекеттерді шамалап, тізімін беру мүмкін емес.
Субъективтік жағынан қылмысқа дайындалу тек тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмысқа қылмыс нәтижесің тілемей дайындалуға болмайды. Қылмысқа оқталу деп — адамның еркінен тыс мән жайларға байланысты, аяғына дейін жеткізілмеген жағдайда адамның қылмыс жасауға тікелей бағытталған қасақана әрекеті немесе әрекетсіздігі танылады.
Қастандық қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекеттерден тұрады, ол адамның қылмыстық нақты құрамының объективтік жағын орындай бастағанын немесе орындап болғанын білдіреді. Адам өлтіруге қастандық жасағанда, мысалы, адам жәбірленушіге оқ атуға оқталады немесе атқанымен мүлт кетеді, ұрлық жасағанда құлыпты бұза бастайды. Көпшілік жағдайда қастандық әрекет жолымен жасалады (соққы беру, у беру, оқ ату және т.б.) Жеке жағдайларда қастандық әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін (мысалы, анасы жаңа туған баласын өлтіру үшін, оған емшек сүтін бермей қояды).
Аяқталған қылмыс. Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, онда қылмыс аяқталған болып есептеледі. Кейбір қылмыстар белгілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғында ғана аяқталған болып есептеледі. Яғни, бұл қылмыстың материалдық құрамы (мысалы, адам өлтіру өлім туындаған жағдайда аяқталған деп есептеледі. Егер өлім болмаса, онда адам өлтіруге қастандық жасау болып табылады). Ал басқа қылмыстар әрекетті жасаған сәттен бастап (әрекет немесе әрекетсіздік) қоғамға қауіпті салдардың туындағанынан немесе туындамағанынан тыс аяқталған болып есептеледі (мысалы, қарақшылықта шабуыл жасау фактісінің өзі, адам мүлікті алған, алмағандығына қарамастан, аяқталған қылмыс құрамын құрайды).
Кейбір қылмыстар әрекетті жасау сәтінен бастап емес, дайындау немесе қастандық сатысында-ақ аяқталған болып есептеледі (мысалы, бандитизм банды шабуыл жасаған кезде емес, оны ұйымдастырған сәтте аяқталған болып есептеледі).
59. Қылмыс — бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатері мен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет — қылмыс деп танылады».
Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.
Қылмыс әрқашан іс-қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Әрекет — бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.
Қылмыс — бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.
Қылмыс — әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық—бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кодексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.
Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.
Жазалалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.
60,61. Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады.
Жаза - соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Жазаның белгілері: мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді;мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаңы мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды; заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындалған қылмыстық жазаңы жеңілдету тагы да сот арқылы жүзеге асырылады; қылмыстық жаза жария түрде ашыктан-ашық тағайындалады;мемлекеттік күштеу шаралары ретінде кыл-мыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс жасаган кінәлі адамға қолданылуы мүмкін.
Жазаңың мақсаты әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру болып табылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.
Қылмыстық заңнын өзінде барльщ соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметіп жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
1. Сотталған адамға келтірілетін бас бостандығынан айырудың мәніне қарай жазаңың түрлері мынандай топтарға бөлінеді: сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту; арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыны-бынан және мемлекеттік наградадан айыру.
2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым аткару немесе белгілі бір қызметпен шүғылдану қүқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
3. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппүл, мүлікті тәркілеу.
4. Сотталған адамның қүқығынан немссе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптікәскери бөлімде ұстау. Бұлардан басқа жазаларды негізгі, қосымша деп топтауға болады. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке-дара жаза ретінде, жазаңың мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз (39 бап, 1 бөлігі).
Негізгі жазалар: айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, коғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру, өлім жазасы.
Қосымша жазалар негізгі жазаға қосылып тағайындалады және жазаңың мақсатын жүзеге асыруда көмекші рөль атқарады. Қосымша жазалар: арнаулы әскери атағынан,сьныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру; мүлкін тәркілеу.
Айыппұл заңда көзделген шекте айлық есептік көрсеткіштің (сол мерзімге) немесе белгілі бір табысының мөлшерінде ақша өндіріп алу.
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуына тыйым салудан тұрады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту деп жергілікті өкімет органдары белгілеген жұмыстарды сотталған адамның қоғамның пайдасына тегін істеуін айтады,
Түзеу жұмыстары соталған адамды мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, үкімде көрсетілген мерзімде оның ай сайынғы табысының бір бөлігін мемлекет пайдасына үстауды білдіретін жазаңың бір түрі болып табылады.
Бас бостандығын шектеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай арнаулы мекемеде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге, оны кадағалауды жүзеге асыру жағдайында, ұстаудан тұрады.
Бас бостандығынан айыру дегеніміз сотталған адамды сот белгілеген мерзімде күшпен қоғамнан оқшаулап, оны арнайы белгіленген түзеу мекемелеріне орналастыруды жүзеге асыру болып табылады. Бас бостандығынан айрылғанда сотталған адамның күқылык жағдайы елеулі шектеуге түседі, ол қоғамнан оқшауланады, өз қалауы бойынша еңбек қызметін атқаруға шек қойылады, уақыт мөлшері өз бетімен пайдалануына тежеу салынады, т. б.
Бас бостандығынан айыру жазасы тек негізгі жаза ретінде 6 айдан 15 жылға, не ауыр қылмыстар үшін -жиырма жылға дейін, не өмір бойына белгіленеді.
Өлім жазасы - жазаңың ең ауыр, ерекше түрі болып табылады. Өлім жазасы - ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқыыдык, бейбітшілікке және адамзаттык қауіпсіздікке қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретіңде қолданылуы мүмкін.
Өлім жазасы әйелдерге, 18 жасқа толмағандарға және 65-тен асқан еркектерге қолданылмайды.
Мүлікті тәркілеу - сотталған адампың меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігіи мемлекеттік меншікке ықтиярсыз түрде тегін алу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыс кодексінде кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген. Бұл дегеніміз мемлекеттің әділеттілік және ізгілік принциптерін басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмагандардың жас жағынан және ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыкка алуының көрІнісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Қылмыстық кодекстің 78-бабының 1-бөлігіне сойкес "Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаган кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады", яғни қылмыстық жауаптылыкқа тартылатын еңтөменгі жас 14-ке толу.
Кәмелетке толмағандардың психикалық жағдайы мен жас ерекшеліктеріне байланысты оларға тағайындалатын жаза түрлері де ересектерге қарағанда жеңіл болып белгіленген.
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері; айыппұл; белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; коғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; қамау; бас бостандығынан айыру болып табылады.