Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
summ_ba_1179_ylau_-_11_synyp.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
40.37 Кб
Скачать

Тапсырма-2.

31. Әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты қалай деп атайды? ........... Шиеленіс

32. БҰҰ типологиялық әдістемесі бойынша, елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің ең маңызды көрсеткіші болып табылатын, бір елдің жер аумағында өндірілген барлық тұтынатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер, мемлекеттік сатып алу мен іске жұмылдырылған капиталдың жиынтық күны қалай деп атайды? ....... ЖІӨ.

33. ХХ ғасырдағы бұл идеологияның жүзеге асырылуына зор үлес қосқандар белгілі саясатшы Збигнев Бжезински, АҚШ президенті Рональд Рейган, Англияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер, Германияның бұрынғы канцлері Гельмут Коль және т.б.......... неоконсерватизм.

34. Осы идеологияның басты мақсаттары: куатты мемлекет құру, саяси жүйенің, биліктің жоғарғы әлеуметтік топтың қолында болуы, тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы іс жүзінде жүзеге асып, бұл елдерді әртүрлі кездейсоқ, ретсіз реформалардан, кенет оқиғалардан, өкіметтік төңкерістерден, шиеленістерден сақтап қалды, бейбіт жағдайда нәтижелі әлеуметтік- экономикалық қарқынды дамуға жол ашты. Осы идеология қоғам өмірінде әдет-ғұрып, дәстүрлер маңызды рөл атқарады деп түсініп, оларды мызғымастай сақтап қалуды мақсат етті...... консерватизм.

35. Бұл — типология елдерінің жер көлемі жер шары халқының 70%-дан астамын құрайды. Олардың кейбірі бұрын жартылай отар күйін кешкен, ал біразы XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың алғашқы жартысында өз тәуелсіздіктерін алған отар елдер. Осы типтегі басым көпшілік елдер отаршылдықтан өткен ғасырдын екінші жартысында ғана Африка, Мұхиттық Аралдар, Кариб алабы, Азияның кейбір елдері азаттық алған дүние жүзінін 100-ден астам жас мемлекеттері....... дамушы елдер.

36. Қоғамдағы саяси плюрализмді (әртүрлілікті) дамыту және саяси процестерді реттеу үшін мемлекеттің рөлін күшейту мақсатындағы идеология. Консерватизм идеологиясы бойынша бұрынғы және қазіргі құндылықтарды “сақтаудың” орнына “әртүрлілік” принципі ұсынылды. .....Неоконсерватизм 

37. Бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді...... Диктатура 

38. Қоғамдағы ақ сүйектер әулетінен құрылған топтардың мемлекетте саяси билікті жүргізуі, негізінде тарихта Греция, Афина, сияқты т.б. мемлекеттерде дамыды. Осы саяси режим қалай деп аталады? ....Аристократиялық.

Тапсырма -3.

Идеология дегеніміз — биліктің қолдауымен іске асырылатын идеялар жиынтығы.

Идеология ұғымын ғылыми айналымға, әдебиетке енгізген француз ғалымы, философы Дестют де Треси (1754-1836 жж.). Кейінірек идеология деген түсінікті терең зерттеген неміс ғалымы Карл Манхейм болды.

Консерватизм - қоғамда тарихи қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы. Консервативтік идеяны бірінші ұсынған ағылшын мемлекет қайраткері және ғалымы Эдмунд Берк болатын. Кейін бұл идеяны одан әрі зерттеп, идеологияға айналдыруға өз үлестерін қосқан француз саясаттанушысы Жозеф де Местр (1754-1821), неміс тарихшысы, заңгері Фридрих фон Савиньи (1779- 1861), австриялық саясатшы және қоғам қайраткері Клеменс Меттерних (1773- 1859) және т.б. болды.

Осы консерватизм идеологиясының басты мақсаттары: куатты мемлекет құру, саяси жүйенің, биліктің жоғарғы әлеуметтік топтың қолында болуы, тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы іс жүзінде жүзеге асып, бұл елдерді әртүрлі кездейсоқ, ретсіз реформалардан, кенет оқиғалардан, өкіметтік төңкерістерден, шиеленістерден сақтап қалды, бейбіт жағдайда нәтижелі әлеуметтік- экономикалық қарқынды дамуға жол ашты. Консерватизм идеологиясы қоғам өмірінде әдет-ғұрып, дәстүрлер маңызды рөл атқарады деп түсініп, оларды мызғымастай сақтап қалуды мақсат етті.

Неоконсерватизм –қоғамдағы саяси плюрализмді (әртүрлілікті) дамыту және саяси процестерді реттеу үшін мемлекеттің рөлін күшейту мақсатындағы идеология. Консерватизм идеологиясы бойынша бұрынғы және қазіргі құндылықтарды “сақтаудың” орнына “әртүрлілік” принципі ұсынылды.

Неоконсерватизм идеологиясының негізгі мақсаты – саяси, экономикалық, рухани реформаларға жол ашу, сол арқылы қоғамның дамуына әсер ету. Неоконсерватизм идеологиясының негізгі мақсаты – саяси, экономикалық, рухани реформаларға жол ашу, сол арқылы қоғамның дамуына әсер ету. Неоконсерватизм идеологиясын дамытуға көптеген ғалымдар мен саяси қайраткерлер қатысты.

ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында неоконсервативтік идеяларды ұстанған Германия канцлері Отто фон Бисмарк, Ұлыбритания премьер-министрі Ллойд Джордж болатын. ХХ ғасырдағы бұл идеологияның жүзеге асырылуына зор үлес қосқандар белгілі саясатшы Збигнев Бжезински, АҚШ президенті Рональд Рейган, Англияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер, Германияның бұрынғы канцлері Гельмут Коль және т.б.

Либерализм – азаматтарға қатысты мемлекеттік және қоғамдық әртүрлі басымдықтарды жою немесе жұмсартуды мақсат ететін идеология түрі. Бұл идеологияның негізін қалаушы ағылшын философы Джон Локк.

Неолиберализм – азаматтар мен қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы . Либерализм мемлекеттік үстемдікті жұмсарту жолын талап етсе, ал неолиберализм керісінше — мемлекеттік реттеуді күшейтуді ұсынады.

Марксизм дегеніміз қарулы төңкеріс арқылы қанаушы таптарды, жеке меншікті жойып, социализм және коммунизм құрып, қоғамдағы әлеуметтік теңдік орнату мақсатындағы идеология.

Бұл идеологияға негіз болған жоғарыда айтылған неміс ойшылы, ғалымы К.Маркстың (1818-1883) идеясы.

Реформизм дегеніміз -эволюциялық даму,реформалар және әлеуметтік-саяси модернизация арқылы қоғамдағы тұрақтылықты сақтау идеологиясы. Реформистік идеологияның негізін қалаушы — неміс саяси қайраткері Эдуард Бернштейн(1850-1932)

Кестені толықтыр:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]