
Жиынтық бақылау жұмысы. 11 сынып. Іі тоқсан. 2012-2013 о.Ж.
1. Дамыған елдер өз ішінде жалпы көрсеткіштері жағынан неше топқа бөлінеді?
А) 1 В)2 С)3 D)4
2. Қазіргі кезде халықаралық мәселелер проблемалары жөніндегі мамандар мен саясаттанушылар жер шары бойынша территориялық шекаралар және басқа да талас – тартыс тудырып отырған «ыстық нүкте» бар:
А) 300 в) 450 с) 100 ден астам D) 500
3. Либерализм теориясының негізін қалаушы:
А) К.Маркс б) Джон Локк с) К.Манхейм D) К.Маркс
4. Мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрі:
А) Республика В) Монархия С) Демократия D) Аристократия
5. Азаматтар мен қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы:
А) консерватизм в) неоконсерватизм с) либерализм D) неолиберализм.
6. Экономикасы дамыған елдер, сол сияқты өтпелі экономикалы елдердің дүние жүзі бойынша жалпы саны:
А) 100 астам в) 50 астам с) 40 астам D) 30 астам
7. Бір ұлттың билік жүргізуде үстемдігі жарияланатын және ашық түрде террористік диктатура жүргізетін режим:
А) тоталитаризм в) фашистік с) демократия D) авторитаризм.
8. Биліктің қолдауымен іске асырылатын идеялар жиынтығы:
А) саяси режим в) демократия с) басқару формасы D) идеология
9. Теңізге шыға алмайтын елдер саны:
А) 100 астам В) 50 астам С) 40 астам D) 30 астам
10. Қарулы төңкеріс арқылы қанаушы таптарды, жеке меншікті жойып, социализм және коммунизм құрып, қоғамдағы әлеуметтік теңдік орнату мақсатындағы идеология:
А) реформизм В) либерализм С) Марксизм Д) Неоконсерватизм
11. Марксизм идеологиясының негізін қалаушы:
А) К.Маркс в) В.Ленин с) Д.Локк D) Э.Бернштейн
12. Кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағы:
А) Конфедерация в) Уния с) Одақтастық D) Федерация
13. «Үлкен жетілікке» кірмейтін ел:
А) Қытай В) АҚШ С) Жапония D) Ұлыбритания
14. Жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальді түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған құрылыс:
А) Монархия в) Абсолюттік монархия с) конституциялық монархия D) республика
15. Қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим:
А) Авторитарлық В) Тоталитарлық С) Либералдық Д) Демократиялық режим
16. Халқының саны 100 млн адамнан асатын елдер саны:
А) 9 В) 10 С)11 D) 12
17. Мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады
А) Монархия в) республика с) федерация D) авторитаризм
18. Дұрыс емес жауапты көрсетіңдер: Мемлекеттің басқару формалары
А) Республика В) Монархия С) демократия D) анархия
19. БҰҰ-ный статистикалық есебі бойынша Қытай мемлекеті қай елдер санатына жатады?
А) дамыған елдер в) өтпелі экономикалы елдер С) дамушы елдер D) артта қалған елдер
20. Саяси билік бір орталыққа бағынатын, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымы жол мемлекет құрылысы.
А) Конфедерация В) Унитарлық С) одақтастық D) федерация
21. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізілетін, бір идеологияны ұстанатын, репрессия, күш қолдантын саяси режим:
А) Фашистік В) Тоталитарлық С) Либералдық D) Авторитарлық
22. Азаматтарды тырп еткізбей мемлекет саясатына бағындыру. Саяси билікке халық жаппай тартылмайды, шектеулі дәрежеде болады, бірақ бір ғана саяси лидердің, немесе арнайы топтардың, отбасының қолында болады.
А) Авторитарлық В) Тоталитарлық С) Демократиялық Д) Либералдық
23. Еркін кәсіпкерлікпен парламенттік демократияны дамытуды қамтамасыз етуді мақсат етіп, мемлекеттің барлық тетіктерін сол мақсат үшін қалыптастыратын режим.
А) Авторитарлық В) Тоталитарлық С) Демократиялық Д) Либералдық
24. Барлық халықтардың тендік пен бостандыққа негізделінген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықтың болуы.
А) Авторитарлық В) Тоталитарлық С) Демократиялық Д) Либералдық
25. Әлемде жер көлемі 3 млн км2-ден асатын ең ірі елдер саны:
А) 7 В)8 С)9 D) 10
26. Эволюциялық даму, реформалар және әлеуметтік-саяси модернизация арқылы қоғамдағы тұрақтылықты сақтау идеологиясы
А) Реформизм В) Либерализм С) Марксизм Д) Неоконсерватизм
27. Парламент немесе халық сайлайтын, үкіметті өзі тағайындап, өзі басқаратын билік түрі:
А) Парламенттік республика В) Президенттік республика С) Абсолюттік монархия D) Конституциялық монархия
28. Азаматтарға қатысты мемлекеттік және қоғамдық әртүрлі басымдықтарды жою немесе жұмсартуды мақсат ететін идеология түрі.
А) Реформизм В) Либерализм С) Марксизм Д) Неоконсерватизм
29. Объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым, мәдениеттің құрамдас бөлігі.
А) Құндылық В) Салт-дәстүр С) Әдеп Д) Саясат
30. Адамға пайда әкелетін, оның санасына жоғары адамдық қасиеттерді сіңіретін, адамдардың бақыты мен игіліктілігін қамтамасыз ететін, адамның тұрғасын ажарландыратын, адаммен қоғамның ілгерілей дамуын қамтамасыз ететін құндылықтар.
А) Алдамшы құндылықтар В) Шынайы құндылықтыр С) Саяси құндылықтар Д) Рухани құндылықтар