
- •6.Бегазы –Дандибай мадениети Кошпели мал шаруашылыгына кошу
- •7.Алгашкы когам адамдарынын рухани мадениети.
- •8. Сактардын саяси алеуметтик курлысы, шаруашылыгы
- •10 .Сактардын рухани жане материалдык мадениети
- •12. Канлы мем
- •14.Гундардын казак халкынын калыптасуындагы ролі
- •16. Турик каганаты
- •17. Батыс Турик каганаты (603-704) саяси қурлсы мен алеумееттик этникалык курлысы.
- •18. Туркеш каганаты (704-756).
- •19. Карлук мем.
- •21. Кимак каганаты (9-11гг басы).
- •26) Кыпшақтардын мем: курылуы саяси қурлысы жане шаруашылыгы
- •27. Кыпшак мем териториясы жане этникалык курылымы
- •29 Билет 10-13 г Казакстан мадениети.
- •32.Улы Жибек жолынын бойымен халыкаралык керуен саудасынын калыптасуы мен дамуынын тарихи жагдайлары.
- •41. Моголстан мем
- •44. Казак этноними.
- •45. Казак хандыгынын курылуы.
- •47. 16Г Казак хандыгы.
- •49. 17Г казак хандыгы
- •54 Касым ханнын каска жолы.
- •55. Кукыктык норма Адет (кепил,сауын,аманат,аменгерлик,айып)
- •63.64.Қаз Ресейге косылуы: тарихи жагдайлар мен негизги сатылары.
- •86. 19 Г екинши жартысы мен 20 г басындагы казак халкынын мадениети
- •91.Улттык интеллигенциянын калыптасуы жане тагдыры.
- •100.Казак акср-дын курылуы. Каз улттык-мемлекеттик курылыс.(1920-30-жылдар)
- •116. Улы Отан согысынын майданындагы казакстандыктар. (1941-1945жж.)
- •126.Халықтың өмір сүру дәрежесі: тенденциялары мен қарама-қайшылықтары (70-80 жж.).
- •144.Дуниежузилик казактардын 1-2 Курылтайы.
- •146 . Казакстан Республикасынын Президенті н. Назарбаевтын мем жане саяси қызмети.
18. Туркеш каганаты (704-756).
Жетісуда билік басына Үш Елік қаған(699-706) бастаған түркештер келді. Олар Шаштан Тұрпан мен Бесбалыққа дейінгі аралықта түркештердің билігін орнатты. Басты астанасы – Суяб. 2-ордасы – Күңгіт қаласына орналасты. Үш Елік қаған елді әрқайсысында 7 мың әскері бар 20 үлесті жерге бөлді. Үш Еліктің орнына Сақал қаған(706-711) отырды. Түркештердің өз арасында ауызбірлік болмады. Батысында соғдылықтармен бірге арабтарға қарсы соғысты. Оңтүстігінен Таң имп-ясы қауып төндірді. Түркеш қағанаты саяси тұрақсыздықты басынан кешіргенімен, Сұлу қағанның тұсында(715-708) қайта нығайды. Сұлуға екі майданда күрес жүргізуге тура келді. Сұлу арабтарға қарсы батыл да шешімді әрекеттермен көзге түсіп, арабтар оған Әбу Мұзахим(Сүзеген) деп ат қойды. 738ж Сұлу Субқа қайтып келе жатқан кезде, өз қолбасшыларының бірі Баға Тарханның қолынан қаза тапты.751ж Тараздың маңындағы Атлах қаласының түбінде әскербасы Зияд Ибн Салих басқарған арабтармен қолбасшы Гао Сяньчжи басқарған қытайлар арасында соғыс болды. Ұрыс 5 күнге созылды. Шешуші сәтте қытайдың қол астындағы қарлұқтар бас көтеріп, арабтар жағына шықты да, қытайлар жеңілді. Екі жақты соғыстан әлсіреген түркеш мемл-ті 756ж түркі тілдес тайпа қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай, біржолата құлады.
19. Карлук мем.
Қарлұқтар жайлы алғашқы деректер(Болат деген атпен белгілі) 5ғ-ға жатады. Олар Алтайдан Балқаштың шығ.жағалауына дейін жайлаған көшпелі тайпа болған. 7ғ-дың ортасында қарлұқ бірлестігінде үш ірі тайпа: болат, шігіл, ташлық енді. 742ж осы үш тайпа одағы – қарлұқ, ұйғыр және басмылдардың біріккен күші Шығ.Түріктерге қарсы шықты. Түріктер жеңілді. Олардың қағанатының орнына жаңа мемл-т Ұйғыр қағанаты п.б.(744-840)756ж қарлұқтар ұйғырлардан жеңіліп Жетісуға келді де, ерте феод. мемл-т қарлұқ қағанатын құрды. Астанасы – Суяб. 766-775жж қарлұқтар қашғарияны, ал 8ғ-дың аяғына қарай Ферғананы да жаулап алды. Қарлұқ көсемі жабғу деп аталды. 840ж-дан кейін ғана қаған атағын алды. Араб географы әл-Маруази(12ғ) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болған дейді. Қарлұқтар үстемдік еткен халық этникалық жағынан біртектес болған жоқ. Оның ішінде таяу шығыс пен орта азиядан көшіп келген иран тілдес соғдылықтар да болды. Араб географы ибн Хаукаль(10ғ): «Қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін 30 күн керек болды»,- деп жазған. 840ж Ұйғыр қағанатының құлауы Азия даласы үшін маңызды оқиға болды. Енисей қырғыздары ұйғырларды Тұрпан жазирасы мен Ганьчжоу аймағына қоныс аударуға мәжбүр етті. 9ғ-да арабтар қарлұқ жеріне жорық жасап Исфиджабты жаулап алды, Таразды қоршады. Ұзақ қорғаныстан кейін қала халқы исламды қабылдады. Қарлұқ қағанатының ордасы Тараздан Қашғар маңына көшірілді. Қоғамдық құрылысы. Қарлұқ мемл-нде басқарудың әскери әкімшілік жүйесі болды. Дерекке қарағанда қарлұқ елінде 25 қала мен елді мекен болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлах, Барысхан және т.б.
20.Арабтардын Онтустик Казак жерин жаулап алуы.
VII ғ-ң басында Арабия түбегіндегі араб халқы қалыптасып,ісләм дінінің негізінде Араб мем-ті құрылды. 633 жылы арабтардың «Дін үшін соғыс» деген ұранмен басқа жерлерді басып алу жорықтарыбасталды. Олар аз уақыттың ішінде Иран,Сирия, Палестина, Египет пен Иракты басып алып, Орта Азияның оңтүстік обл-на жақындады. Арабтар 709 жылы Мәуеренахрға тағы аттанып, Бұқардың маңына таяп келді.714 жылы арабтар Шашты бағындырып, әскерлерін Испиджапқа аттандырды.723 жылы қарлұқтар мен түріктер шаштықтармен одақ жасап, күш біріктіріп, арабтарға күйрете соққы берді.724 жылы араб әскерлері Ферғанаға кіріп, оның астанасы Қасанды қоршап алды. Арабтар 737-748 жылдары Қаз-ның оңт-не бірнеше рет басқыншылық жорықтар жасады. 748 жылы қытайлардың Қ-н жеріне басқыншылық жорығы басталды.751 жылы Таразға жақынг жердегі Атлах қаласының түбінде арабтар мен қыт-ң арасында қанды шайқас басталды. 766 ж-ы Жетісуды билеп отырған қарлұқтар арабтарға қарсы күресті басқаруды өз қолына алады.806 ж-ы бесталған бүлікке Шаштың әмірі өзінің түріктерімен, қарлұқтар, тоғыз-оғыздар және тибеттіктер қатысты. 812 жылы арабтар Отырар аймағына басып кіреді.ІХ ғ-да араб халифатының саяси жағдайда намарлац басталды. Арабтардың басқыншылық әрекеті Қ-н тұрғындарының әлеум-экон-қ, саяси және мәдени өміріне, ондағы этникалық және тілдік процестерге өзгеріс енгізді.