Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_Testovye_zadania_1_kurs_neorg_khim_14_03_20...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
298.17 Кб
Скачать

Тотығу-тотықсыздану процестері. Потенциалдар.

1. Әрекеттесетін заттар құрамындағы элемент атомдарның тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакцияларды ... деп атайды:

А) кинетикалық

В) стехиометриялық

С) тотығу-тотықсыздану +

D) иондық

Е) тотығу

2. Кез-келген тотығу-тотықсыздану реакциясы екі жартылай реакциядан тұрады. Олар:

А) гидролиз және диссоциация

В) иондану және диссоциация.

С) тотығу және тотықсыздану. +

D) жылудың бөлінуі және жұтылуы.

Е) ассоциация және диссоциация.

3. Тотықтырғыштар – атом, молекула және ион, олар реакцияда:

А) тотығу дәрежесін арттырады

В) электрон қосып алады +

С) тотығады

D) электронды береді

Е) тотығу дәрежесі валенттілігіне сай келеді

4. Тотығу дәрежесі:

А) ерітіндідегі тотықтырғыш ионының теріс ондық логарифмі

В) молекуладағы барлық байланыстар иондық деп есептегендегі атомдардың шартты заряды +

С) ерітіндідегі тотықсыздандырғыш ионының теріс ондық логарифмі

D) молекуладағы барлық байланыстар коваленттік деп есептегендегі атомдардың шартты заряды

Е) молекуладағы барлық байланыстар сутектік деп есептегендегі атомдардың шартты заряды

5. Күшті тотықсыздандырғышқа жатады:

А) марганец (IV) оксиді, көміртек (IV) және кремний (IV) оксидтері

В) су, патша арағы және олеум

С) калий перманганаты, калий манганаты және калий хроматы

D) аммиак, сілтілік және сілтілк жер металдары +

Е) галогендер

6. Берілгендерден ең күшті тотықтырғыш:

А) балқытқыш қышқыл

В) фтор +

С) оттек

D) платина

Е) мыс

7. Судағы және сутек пероксидіндегі оттектің тотығу дәрежесі:

А) -2 және -2

В) -2 және +2

С) -2 және -1 +

D) +2 және 0

Е) -1/2 және 0

8. Хромның клий хроматы мен калий дихроматындағы тотығу дәрежелері:

А) +6 +

В) +3

С) +6 және +2

D) +6 және +3

Е) +2

9. Марганецтің калий перманганаты және натрий манганатындағы тотығу дәрежесі:

А) +7 және +6 +

В) +7 және +4

С) +6 және +2

D) +7 және +7

Е) +2 және +4

10. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері:

А) алмасу, ыдырау және қосылу

В) молекулалық, иондық және электрондық

С) молекулааралық, молекулаішілік және диспропорциялық +

D) эфирлеу, бейтараптану және радикалдық

Е) иондық, радикалды және алмасу

11. Берілгендерден дисропорциялық реакцияны таңдаңыз:

А) S + 2HNO3(конц) = H2SO4 + 2NO↑

B) Mg + S = MgS

C) 2H2O2 = 2H2O+ O2

D) 6KOH + 3S = K2SO3+ 2K2S +3H2O +

E) Cu + 4HNO3= Cu(NO3)2 + 2NO2+ 2H2O

12. Берілген тотығу-тотықсыздану реакциялардан диспропорциялық реакцияға жататыны:

А) 2Р + 5О2 = Р2О5

В) 2С2Н5CI + 2Na = C4H10 + 2NaCI

C) CI2 + 2KOH = KCI + KCIO3 + H2O +

D) C6H6 + 3CI2 = C6H6CI6

Е) NaOH + HCI = NaCI + H2O

13. CrCI3 + H2O2 + NaOH→Na2CrO4 + H2O + NaCI реакциясындағы Н2О2 –тің көрсететін қасиеті:

А) еріткіш

В) орта түзеді

С) тотықтырғыш +

D) тотықсыздандырғыш

Е) катализатор

14. KMnO4 + Н2О2 + H2SO4 → MnSO4 + K2SO4+ O2+ H2О реакциясындағы Н2О2–тің көрсететін қасиеті:

А) еріткіш

В) орта түзеді

С) тотықтырғыш.

D) тотықсыздандырғыш +

Е) катализатор

16. Берілгендерден тотықсыздандырғыш та, тотықтырғышта қасиет көрсететін қосылыстар:

А) H2О, Li, HNO3

B) H2О2, SO2, HNO2 +

C) F2, HF, HCIO

D) Na, Ne, O3

E) HNO2, Mg, Cu

17. Күшті тотықтырғыш қасиет көрсететін әлсіз қышқыл:

А) HF

В) HCIO4 +

C) HCIO

D) HNO3

E) H2SO4

18. Молекуласының құрамында тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бар қосылыс қатысатын тотығу-тотықсыздану реакциясы:

А) 4FeS2 + 11O2 = 2Fe2O3+ 8SO2

B) 2KCIO3 = 2KCI + 3O2 +

C) CuO + CO = Cu + CO2

D) NaOH + HCI = NaCI + H2О

Е) CaO + H2О = Ca(OH)2

19. Калий перманганаты қышқылдық ортада тотықсызданады:

А) манганат-ионына MnO42-

В) марганец (II) MnO оксидіне

C) марганец Mn2+ ионына +

D) марганец (IV) MnO2 оксидіне

E) марганец (III) Mn2O3 оксидіне

20. Этиленнің калий перманганатымен бейтарап ортада тотығуынан түзілетін өнімдер:

А) HOCH2CH2OH + MnO2↓+ KOH +

B) CH3CH2OH + K2MnO4

C) CH3CH2OH + MnO2↓+ KOH

D) CH3COOK + Mn(CH3COO)2

E) HOH2C- CHOH-CH2OH + MnO2+ KOH

21. Калий дихроматы қышқылдық ортада тотықсызданады:

А) хромат ионына CrO42-

В) тетрагидросохромит-ионына [Cr(OH)4]-

С) хром (III) Cr2O3 оксидіне

D) хром Cr3+ катионына +

Е) хром Cr2 катионына

22. Кез-келген тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы Ох + ne→ Red (Ох – тотықтырғыш, Red – оның тотықсыздану өнімі) жартылай реакцияларын сандық түрде сипаттайды:

А) тотығу дәрежесімен

В) тотықтырғыштың валенттігімен

С)стандартты тотығу тотықсыздану потенциалымен +

D) Фарадей санымен

Е) Авогадро санымен

23. Стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалының φ0 (В) мәні неғұрлым үлкен болған сайын, оның:

А) Ох түрі - тотықтырғыш ретінде күшті, ал Red түрі- тотықсыздандырғыш ретінде әлсіз +

В) Ох - тотықтырғыш ретінде әлсіз, ал Red- тотықсыздандырғыш ретінде күшті

С) тотықтырғыштың тотықсыздану өнімі аз болады

D) тотықтырғышының тотығу дәрежесі кіші

Е) тотықтырғышының тотығу дәрежесі нөлге ұмтылады

24. Салыстыруға алынатын жартылай реакцияның 2Н++2е→Н2 стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалы тең (В):

А) 831

В) 0 +

С) 22,4

D) 6,02∙1023

Е) RT/nF

25. Тотығу- тотықсыздану реакциясының жүруін сандық түрде анықтайды:

А) тотықсыздандырғыштың тотығу-тотықсыздану потенциалының оң шама болуынан.

В) тотықтырғыштың тотығу-тотықсыздану потенциалының теріс шама болуынан

С) тоықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың электртерістілігінің айырымы теріс шама болуынан

D) жартылай тотығу және тотықсыздану реакциялары потенциалдарының айырымы оң шама

болуынан +

Е) жартылай тотығу және тотықсыздану реакциялары потенциалдарының айырымы нөлге тең болуынан

26. Стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалынын есептейді:

А) Менделеев теңдеуімен

В) Ломоносов теңдеуімен

С) Нернст теңдеуімен +

D) Ле-Шателье теңдеуімен

Е) Авогадро теңеуімен

27. Металл және оның өз тұзы ерітіндісінің бөліну бет аралығында пайда болатын потенциал

секірмесі:

А) стандартты сутектік электродтың потенциалы

В) мембрандық потенциал

С) электродтық потенциал +

D) диффузиондық потенциал

C) электрқозғаушы күш

28. Ерітінді-ерітінді бөліну бет аралығында пайда болатын потенциал секірмесі:

А) стандартты сутектік электродтың потенциалы

В) мембрандық потенциал

С) электродтық потенциал

D) диффузиондық потенциал +

5) электрқозғаушы күш.

29. Стандартты потенциалы шартты түрде нольге тең электрод:

А) шыны

В) хлоркүмісті

С) каломельді

D) хингидрон

Е) стандартты сутекті +

30. Бірінші текті электрод:

А) мембранамен бөлген екі ерітінді

В) заттың тотыққан және тотықсызданған түрлері бар ерітіндіге батырылған күміс электроды

С) жақсы еритін өз тұзының ерітіндісіне батырылған металл пластинкасы +

D) өзінің нашар еритін тұзымен қапталып, осы тұзбен аттас ионы бар ерітіндіге батырылған

металл

Е) заттың тотыққан және тотықсызданған түрлері бар ерітіндіге батырылған платина

31. Екінші текті электрод.

А) екі ерітіндіні бөлетін мембрана

В) заттың тотыққан және тотықсызданған түрлері бар ерітіндіге батырылған күміс электроды

С) өз тұзының ерітіндісіне батырылған металл пластинкасы

D) өзінің нашар еритін тұзымен қапталып, осы тұзбен аттас ионы бар ерітіндіге батырылған

металл +

Е) заттың тотыққан және тотықсызданған түрлері бар ерітіндіге батырылған платина

32. Потенциалы ерітіндідегі анықтайтын ионның активтігіне тәуелсіз және потенциалы белгілі және тұрақты электродтарды қолданады:

А) бірінші текті электрод ретінде

В) салыстырушы электрод ретінде +

С) анықтауыш электрод ретінде

D) концентрациялық элемент ретінде

Е) гальваникалық элемент ретінде

33. Потенциалы ерітіндідегі анықтайтын ионның активтігіне тәуелді электродты пайдаланады:

А) бірінші текті электрод ретінде

В) салыстырушы электрод ретінде

С) анықтауыш электрод ретінде +

D) концентрациялық элемент

E) гальваникалық элемент

34. Гальваникалық элементтің электрқозғаушы күші:

А) гальваникалық элементті құрайтын электродтардың потенциалдарының қатынасы

В) гальваникалық элементті құрайтын электродтардың потенциалдарының көбейтіндісі

С) оң зарядталған электродтың потенциалы

D) гальваникалық элементті құрайтын электродтардың потенциалдарының қосындысы

Е) гальваникалық элементті құрайтын электродтардың электродтық потенциалдарының

айырымы +

35. Гальваникалық элементтің электрқозғауыш күшін есептейтін формула

А) Е = φ1 + φ2

В) Е = φ1 – φ2 +

С) Е = φ1 * φ2

D) Е = φ1 / φ2

Е) Е = φ2 / φ1

36. Салыстырушы электрод ретінде қолданылатын электрод:

А) платина

В) күмісті

С) мырыш

D) стандартты сутекті +

Е) тотығу- тотықсыздану

Страница 132 из 132

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]