
СЖАСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ СДАСФЕНДИЯРОВА |
МОДУЛЬ «ФАРМАЦЕВТ-ТОКСИКОЛОГ» |
Химиялық тепе-теңдік
1.”Тепе-теңдік” ұғымы келесі жағдайды білдіреді...
А) реагенттер мөлшері реакция өнімінің мөлшеріне тең
В) + уақыт өткен сайын концентрация өзгеріссіз қалады және масса мен қуат ағындары болмайды
С) реакция өнімдерінің массасы бастапқы заттардың массасына тең
Д) ішкі энергия нөлге тең
Е) энтропия нөлден артық.
2.Химиялық тепе-теңдік жағдайы үш міндетті белгімен сипатталады. Бұл...
А) активтену энергиястың нөлдiк мәнi; химиялық жүйе ашық болуы тиіс;
Оң жылулық эффект
В) активтену энергиястың оң мәнi; катализатордың болуы; тура және кері реакциялардың жылдамдықтары бірдей болуы тиіс
С) + химиялық жүйе оқшау болуы тиіс; тура және кері реакциялардың жылдамдықтары бірдей болуы тиіс; жүйеде ешқандай да көрiнетiн өзгерiстерде болмайды
Д) химиялық жүйе жабық болуы тиіс; тура және кері реакциялардың жылдамдықтары бірдей болуы тиіс; активтену энергиястың нөлдiк мәнi
Е) тура және кері реакциялардың жылдамдықтары бір-біріне кері пропорционал болуы тиіс;
қысым және температура тұрақты шама болуы керек.
3. Химиялық тепе-теңдікті динамикалық деп атайды, себебі...
А) + екі қарама-қарсы процестер балансталған болады
В) нәтижесінде жұмыс атқарылады
С) нәтижесінде энергия бөлінеді және жұтылады
Д) екі қарама-қарсы процестер әртүрлі жылдамдықта жүреді
Е) екі қарама-қарсы процестер міндетті түрде қыздырумен жүреді.
4. Қарама-қарсы бағытта жүретін реакция аталады...
А) кинетикалық
В) термохимиялық
С)+ кері
Д) каталитикалық
Е) тотығу - тотықсыздану.
5. Химиялық тепе-теңдік жағдайы мөлшерлі сипаттайды...
А) реагенттердің бастапқы концентрациясымен
В) Больцман тұрақтысымен
С) + тепе-теңдік тұрақтысымен
Д) активтендіру тұрақтысымен
Е) реакция өнімінің концентрациясымен.
6. aA + bB ↔ dD+eE түріндегі жалпы кері реакцияға тепе-теңдік константасы К жазылады:
А)
+
B)
C)
D)
E)
Тік жақшалар тепе-теңдік концентрациясын білдіреді; a,b,d,e – стехиометриялық коэффициенттер.
8. Химиялық реакцияның тепе-тендiк тұрақтысының сандық мәнiн анықтайды …
А) реакция жылдамдығы
В) активтендіру энергиясы
С) + реакция өнімі
Д) реакцияның молекулярлығы
Е) реакция реті.
9. Реакция өнімі жоғары болады, егер…
А) тепе-теңдік константасы К<<1
В) + тепе-теңдік константасы К>>1
С) катализатор қолданылады
Д) ингибитор қолданылады
Е) тепе-теңдік константасы К=1.
10. Химиялық тепе-теңдік жағдайына жеткенде заттардың концентрациясы…
А) + тұрақты болады
В) өнімдер үшін артады, ал бастапқы заттар үшін азаяды
С) анықталынбайды
Д) Бастапқы заттар үшін максималды мәнге жетеді
Е) тепе-теңдік константасыкция өнімдері үшін максималды мәнге жетеді
11. Тепе-теңдік тұрақтысы қандай өлшемге ие?
А) + Ол әрқашан өлшемсіз
В) реакцияның түріне байланысты өлшемді немесе өлшемсіз болуы мүмкін
С) моль∙с
Д) моль/с
Е) моль/л.
12. СаСО3(тв) ↔ СаО(тв) + СО2(г) кальций карбонатының термиялық диссоциациясы үшін тепе-теңдік константасын анықтаңыз:
А)
B)
C)
Д)
+
Е)
13. Жылжымалы тепе-теңдік қағидасы бойынша, тепе-теңдік жүйеге сыртқы әсер көрсетсе тепе-теңдік әсер эффектісі әлсірейтін бағытқа қарай ығысады. Аталғандар үш негізгі сыртқы әсерге қатысты:
А) қысым мен көлемнің өзгеруі, катализатор қосу
В) қысым, концентрация және көлемнің өзгеруі
С) + температура, концентрация және қысымның өзгеруі
Д) температура мен қысымның өзгеруі, катализатор қосу
Е) температура, қысым және активтендіру энергиясының өзгеруі.
14. Жылжымалы тепе-теңдік қағидасы орындалады...
А) тек химиялық процесстер үшін
В) тек физикалық процесстер үшін
С) тек катализатор қатысындағы химиялық процесстер үшін
Д) + химиялық және физикалық процесстер үшін
Е) тек биологиялық процесстер үшін.
15. Ыдыстың көлемінің ұлғаюы тепе-теңдікке қалай әсер етеді Fe2O3(қ)+ 3CO2(г)↔ 2Fe(қ) + 3CO2(г) ?
А)+ Әсер етпейді
В) тепе-теңдік оңға ығысады, себебі реакция барысында заттардың көлемі артады
С) тепе-теңдік оңға ығысады, себебі реакция барысында молекула саны артады
Д) тепе-теңдік солға ығысады
Е) тепе-теңдік максималды жаққа ығысады.
16. Температура жоғарылағанда тепе-теңдік константасы қалай өзгереді?
А) азаяды
В) + эндотермиялық реакциялар үшін артады, ал экзотермиялық реакциялар үшін азаяды
С) артады
Д) алдымен артады, содан кейін азаяды
Е) артады, егер қысым тұрақты болса.
17. Қай реакцияда қысым тепе-теңдікке әсер етпейді:
А) CO2(г) + С(қ)↔ 2СО(г)
В) N2O4(г)↔ 2NO2(г)
С) + Н2(г) + S(с) ↔ H2S(г)
Д) 2SO2(г) + O2(г)↔2SO3(г)
Е) N2+ 3H2 ↔2NH3
18. Төменде көрсетілген заттардың қайсысы оттекпен кері әрекетке түседі?
А) + күкірт(IV) оксиді
В) фосфор
С) цезий
Д) азот оксиді
Е) сутек
Ерітінділер
1.Еріткіштің агрегатты күйіне қарай ерітінділер ... болады
А) сұйық, түссіз, боялған
В) қатты, аморфты, шыны тәрізді
С) + қатты, сұйық, газ тәрізді
Д) газ тәрізді, сұйық, бұлдыр
Е) сұйық, бұлдыр, газ тәрізді.
2. Заттардың ерігіштігіне ... әсер етеді
А) температура, катализатор қатысы, ерігіштіктің әлсіз жылулық эффектісі
В) температура, катализатор қатысы, активтендіру энергиясының әлсіз мәні
С) + еритін заттың және еріткіштің табиғаты, температура, қысым
Д) еріткіш элементтерінің тотығу дәрежесі, атмосфералық қысым, еритін заттың элементтерінің валенттілігі
Е) еріткіш элементтерінің валенттілігі.
3. Ерітінділердің екі негізгі теориясы белгілі:
А) химиялық және электролиттік
В) + физикалық және химиялық
С) кинетикалық және каталитикалық
Д) молекулярлы және ионды
Е) ионды және сутектік.
4. Төменде аталған қатты заттардың қайсысы суда жақсы ериді
А) барий сульфаты
В) кальций силикаты
С) мыс сульфиді
Д) + темір нитраты
Е) кальций карбонаты
5. Сулы ерітінділердің зерттеуі онда су молекулалары мен еріген затың бөлшектері түзілетінін көрсетті. Бұл қосылыстар аталады...
А) гидроксидтер
В) + гидраттар
С) ангидридтер
Д) метеориттер
Е) қышқылдық қалдықтар.
6. Кейбір кезде су еріген затпен өте берік байланыспен байланысады, ол кезде суды ерітіндіден бөліп алғанда ол кристалдардың құрамына кіреді. Осындай кристалдардың құрамына кіретін су .... деп аталады.
А) гидратты
В) гидроксидті
С) + кристаллизацияланған
Д) дистилденген
Е) оксидті.
7. Мыс (II) сульфатының кристаллогидраты (мыс купоросы) CuSO4∙5H2O қандай түске ие:
А) қызыл
В) + көк
С) күлгін
Д) алтын - сары
Е) кірпіш - қызыл.
8. Кейбір қатты заттардың ерігіштігі температураны жоғарылатқан сайын төмендейді;
Оларға … жатады
А) + Ca(OH)2
B) KCI
C) NH4HCO3
Д) KNO3
Е)MgSO4∙6H2O.
9. Ерітіндідегі газдардың ерігіштігі температура жоғарылаған сайын…
А) артады
В) өзгермейді
С) шексіз болады
Д) + кемиді
Е) іске аспайды.
10. Қатты және сұйық заттарға қарағанда газдардың ерігіштігіне қатты әсер етеді:
А) температура
В) катализатордың қатысы
С) + газ қысымы
Д) еріткіштің табиғаты
Е) газдың концентрациясы.
11. Дайындалған натрий нитраты ерітіндісін жаздың ыстық күнінде беті ашық колбада қалдырады. Бірнеше күннен кейін колбаның түбінде кристалдар пайда болады. Кристалдар бетіндегі ерітінді … деп аталады
А) қанықпаған
В) сұйытылған
С) қаныққан
Д)+ аса қаныққан
Е) концентрленген.
12. Ерітіндінің мөлшерлік құрамын төмендегі ұғым арқылы сипаттайды:
А) парциалды қысым
В) + концентрация
С) тығыздық
Д) аддитивтілік
Е) көлем
13. Ерітінді концентрациясы ұғымы…
А) еріген зат пен еріткіштік мөлшерлері арасындағы қатынасы
В) + масса мен көлем бірлігіндегі (белгілі мөлшердегі) еріген зат
С) еріген заттың мөлшеріне байланысты қаныққан еріткіштің газының қысымы
Д) ерітінді тығыздығы
Е) молярлық масса мен эквиваленттің молярлық массасының арасындағы қатынас
14. Концентрация ұғымын айқындау үшін жиі қолданылады…
А) + массалық үлесті, молярлық концентрацияны, мольдік үлесті
В) парциалды қысым, проценттік концентрацияны, еріген заттардың жалпы саны
С) ерігіштік коэффициенті, ерігіштік, көлемдік үлесті
Д) ерітінді тығыздығының сандық ұғымы, сыну коэффициенті, ерітіндінің электроөткізгіштігі
Е) ток күшінің ұғымы немесе потенциал
15.Қаныққан ерітінділердің концентрациясын әдетте заттардың ерігіштігі бойынша S мына формуламен анықтайды:
А)
S
=
е.з/
еріткіш
В) S = mе.з./mерітінді
С) + S =( mе.з./mеріткіш)∙100
Д) S= ( е.з./ mерітінді) ∙100
Е)
S = mе.з./
ерітінді)
16. 190 г суда 10 г қантты ерітті. Қанттың ерітіндідегі массалық үлесі қандай?
А) 0,1
В) 10
С) 0,4
Д) + 0,05
Е) 5,0.
17. 100 мл суда 20г мыс (II) сульфаты пентагидратын ерітті. Алынған ерітіндідегі мыс сульфатының массалық үлесі тең…
А) 10,7%
В) + 16,7%
С) 9%
Д) 7,5%
Е) 8%.
18. Күкірт қышқылының молярлық концентрациясын анықтаңыз, егер бұл ерітіндідегі қышқылдың массалық үлесі 0,12 – ге тең (ерітіндінің тығыздығы 1,08 г/мл):
А) + 1,32 моль/л
В) 12%
С) 1,6 моль/л
Д) 0,66 моль/л
Е) 0,55моль.
19. Суспензия деп атайды…
А)+ белгілі өлшемдегі заттардың бөлшектерінің гетерогенді қоспасын
В) екіден аз емес қатты заттардың гомогенді қоспасын
С) кез-келген өлшемді заттардың бөлшектерінің гетерогенді қоспасын
Д) еріген заттың нақты өлшенген мөлшері ерітілген ерітінді
Е) бөлшектердің мөлшеріне байланыссыз міндетті түрде тұнба түзілетін гетерогенді қоспаны
20. Түтін – ол …
А) ауадағы никотин молекулаларының суспензиясы
В) ауаның газды ерітіндісі мен жанудың газ тәрізді өнімдері
С) + ауадағы қатты заттардың коллоидты дисперсиясы
Д) ауадағы сұйық заттардың коллоидты дисперсиясы
Е) күміс хлориді
21. Егер күн сәулесін коллоидты дисперсиядан өткізсе, жарық онда ішінара ыдырайды. Бұл құбылыс … деп аталады
А) Паули принципі
В)+ Тиндаль эффектісі
С) Джоуль-Ленц эффектісі
Д) парник эффектісі
Е) Ле-Шателье принципі
Ерітінділердегі электролитикалық диссоциация және иондық реакциялар
1.Электролиттер – бұл ... заттар.
А) электрлік ток өткізбейтін
В) суда еритін
С) органикалық еріткіштерде ерімейтін
Д) + ерітіндіде немесе балқымада иондарға диссоциацияланатын
Е) ерітіндіде молекулярлық түрде болатын
2.Иондар - бұл…
А) бір ядро зарядымен сипатталатын атомдар
В) + электрлік заряды бар біратомдық немесе көпатомдық бөлшектер
С) барлық байланыстар молекулалық –ковалентті жағдайындағы молекуладағы атомдардың шартты зарядтары
Д) электрлік сымдарды жасауда қолданылатын заттар
Е) барлық байланыстар молекулалық –металдық жағдайындағы молекуладағы атомдардың шартты зарядтары
3. Еріген заттардың өздігінен катион мен аниондарға ыдырауы ... деп аталады
А) электролиз
В) иондық өткізу қабілеті
С) гомогенді катализ
Д) + электролиттік диссоциация
Е) ассоциация
4. Электролиттік диссоциация үрдісі…
А) тепе- тең емес
В) экзотермиялық
С) эндотермиялық
Д) + қайтымды
Е) қайтымсыз
5. Электролиттің электролиттік диссоциациясының шамасын … деп атайды
А) + диссоциация дәрежесі
В) ерітіндінің молярлық концентрациясы
С) ерітіндінің рН
Д) гидролиз константасы
Е) тепе-теңдік константасы
6. Диссоциациялану дәрежесі - бұл…
А) еріген зат мөлшерінің ерітіндідегі жалпы заттардың мөлшеріне қатынасы
В) ерітіндідегі катиондардың концентрациясының кері логарифмі
С) + иондарға ыдыраған молекулалар санының еріген заттың жалпы молекуласына қатынасы
Д) электролиттің гидротталған молекулалар саны
Е) электролиттің ассоциацияланған молекулалар саны
7. Берілген температурадағы ерітіндідегі электролиттердің диссоциациялану дәрежесінің сандық мәні … тәуелді
А) атмосфералық қысымға
В) катализатордың қатысына
С) + ерітіндінің концентрациясына
Д) электролиттің агрегаттық күйіне
Е) ерітуді жүргізуіне
8. 1 моль/л концентрацияда калий сульфитінің диссоциациялану дәрежесі 0,75.
Ерітіндідегі калий иондарының концентрациясын анықтаңыз:
А) 0,75 моль/л
В)2,25 моль/л
С) + 1,5 моль/л
Д) 2 моль/л
Е) 1 моль/л
9.Әлсіз электролиттерге жатады…
А) темір (III) нитраты
Д) калий сульфаты
С) + күкіртсутек қышқылы
Д) күкірт қышқылы
Е) натрий нитраты
10. Күшті электролиттерге жатады…
А) хлорэтан
В) күкіртті қышқыл
С) + калий сульфаті
Д) сірке қышқылы
Е) аммоний гидроксиді
11.Диссоциацияны сипаттайтын және ерітінді концентрациясына тәуелді емес бірлік…
А) гидролиз константасы
В) суды иондарға бөлінуі
С) + диссоциация константасы
Д) еріген электролиттердің ерітіндінің жалпы массасына қатынасы
Е) ерітуді жүргізу
12. Кд константасы мен мен электролиттердің α диссоциациялану дәрежесі қатынасы белгілі. Бір катион мен бір анионға диссоциацияланатын электролиттер үшін бұл қатынас Оствальд заңы деп аталады және келесі формуламен сипатталады:
А)
В)+ Кд = α2 С
С) Кд = (1+ α)С2
Д) Кд = (1- α)С
Е) Кд = (1-α)/ С
Мұндағы С – ерітіндідегі электролиттің молярлық концентрациясы.
13.К
бірлігін
... деп атайды:
А) сутектік көрсеткіш
В) судың ерігіштік көбейткіші
С) + судың иондық көбейткіші
Д) дистилляция көбейткіші
Е) ерітіндінің қышқылдану көрсеткіші
14. Судың иондық көбейтіндісі температураға ғана тәуелді, бұл өлшемнің 250С температурадағы сандық мәні…
А)
К
В)
К
С)
К
Д)
+ К
Е)
К
15. Ерітінділердің қышқылдығы (негіздігі) сутектік көрсеткіш (рН) бойынша сипатталып, келесі формула бойынша есептелінеді:
А) рН = lg [H+]
B) рН = - lg [OH-]
C)+ рН = - lg [H+]
Д) рН = - ln [OH-]
E) рН = - log [H+]
16. 250С –тағы таза судың рН есептеңіз…
А) 1
В)+ 7
С) 0
Д) 10
Е) 5
17. Аталған заттар толық диссоциацияланатын жағдайдада рН есептеңіз: а) 0,1 моль/л концентрациялы тұз қышқылы; б) 1,0 моль/л концентрациялы калий гидроксидінің сулы ерітіндісі:
А) + а) 1; б)14
В) а) 7; б) 7
С) а) 14; б) 0
Д) а) 2; б)12
Е) а) 1; б)13
18.
1,5 моль/л
концентрациялы
аммиак ерітіндісіндегі сутек иондарының
концентрациясын анықтаңыз. Аммоний
гидроксидінің диссоциациялану
константасы 1,7
10-5:
А) [Н+] = 3∙ 10-10 моль/л
В) [Н+] = 2∙ 10-2 моль/л
С) +[Н+] = 2∙ 10-12 моль/л
Д) [Н+] = 4∙ 10-1 моль/л
Е) [Н+] = 2∙ 10-8 моль/л
19. Аз еритін заттардың диссоциациясын (мысалы AgCI немесе BaSO4) арнайы константамен сипаттайды. Ол қалай аталады?
А) Больцман константасы
В) + ерігіштік көбейтіндісі
С) иондану дәрежесі
Д) иондық көбейтінді
Е) гидролиз константасы
20. Барий карбонатының тұз қышқылымен әрекеттесуін сипаттайтын қысқартылған иондық теңдеу:
А) Ba2+ + 2CI- = BaCI2.
B) Ba2+ + CO32- + 2H+ + CI- = Ba2+ + CO32 + 2HCI↑.
C) + BaCO3 + 2H+ = Ba2+ + CO2↑ +H2О
Д) 2H++ CO32 = H2CO3
E) Ba2+ + CO32 = BaCO3↓
21. Барий хлориді қандай затпен алмасу реакциясына түседі?
А) HNO3
B) + CuSO4
C) CuCI2
Д) LiOH
E) HNO2
22. Төменде көрсетілген иондар бір мезгілде сулы ерітінділердің біреуінің құрамында бола алады:
А) Ba2+, NO3-,SO42-,NH4+,Br-
B) Zn2+,CI-, Fe2+,Ca2+,OH-
C) Cu2+, Br-,S2-,Ag+,NO3-
Д) + Fe2+,SO42-,Na+, NH4+, NO3-
E) Al3+, CI-, Fe3+,Mg2+,OH-
23.Қандай тұз сулы ерітіндіде алмасу реакциясына түсе алмайды?
А) аммоний нитраты
В) натрий хлориді
С) +калий нитраты
Д) калий нитриті
Е) натрий нитраты
24. Диссоциация теориясы бойынша қышқыл дегеніміз,…
А) сулы ерітіндіде диссоциациялану кезінде теріс зарядты иондардан тек ОН- гидроксид ионын түзеді
В) сулы ерітіндіде гидролизге ұшырайды
С)+ сулы ерітіндіде диссоциациялану кезінде оң зарядты иондардан тек Н+ гидроксид ионын түзеді
Д) электрлік ток өткізеді
Е) сулы ерітіндіде диссоциациялану кезінде оң зарядты иондардан тек қышқыл қалдығының иондарын түзеді
25. Көптеген тұздардың сулы ерітіндісі сілтілік немесе қышқылдық орта болуы мүмкін. Оның себебі …
А) тұздардың электролизі
В) тұздардың диспропорциялануы
С)+ тұздардың гидролизі
Д) тұздардың гидратталуы
Е) тұздардың ассоциациясы
26. Қандай зат суда толық гидролизденеді?
А)+ Al2S3
B) мұндай заттар болмайды
C) KCI
Д) H2SO4
Е) NaNO3
Бейорганикалық қосылыстардың сипаттамасы, олардың жіктелуі мен номенклатурасы.
1.Барлық химиялық заттарды қандай екі түрге бөлуге болады?
А) органикалық және бейорганикалық
В) + жеке заттар мен қоспалар
С) металдар мен бейметалдар
Д) жай және күрделі
Е) ашық және жабық
2. Барлық бейорганикалық заттар бөлінеді …
А) + жай және күрделі
В) тұз түзетін және тұз түзбейтін
С) иондық және ковалентті
Д) қатты және сұйық
Е) металлдық және бейметалдық
3. Күрделі бейорганикалық заттар төрт негізгі классқа бөлінеді:
А) металдар, бейметалдар, қышқыл, тұздар
В) оксидтер, пероксидтер, қышқыл, тұздар
С) + оксидтер, негіздер, қышқыл, тұздар
Д) тотықтырғыштар, тотықсыздандырғыштар, ингибиторлар, катализаторлар
Е) қос тұздар, комплексті тұздар, тотықтырғыштар, тотықсыздандырғыштар
4. Амфотерлі оксидтерге жатады…
А) SiO2, ZnO,Cl2O7
B) BeO, Al2O3, N2O5
C) Cr2O3, F2O, Cl2O
Д) + Cr2O3, Al2O3
E) CaO, P2O5
5. Қышқылдар индикаторлармен реакцияға түскенде ерітіндінің түсін өзгертетін реакци типі қандай механизмге жатады?
А) + қышқылдық – негіздік
В) тотығу - тотықсыздану
С) каталитикалық
Д) донорлы-акцепторлы
Е) металхромды
6.Тұз қышқылында толық еритін заттардың жұбын көрсетіңіз:
А) Fe, PbS
B) BaSO4, MgSO4
C) +CaCO3, CaSO4
Д) AgCI, AgBr
E) Hg2Cl2, BaCrO4
7. Төменде көрсетілген Na2SO4∙10H2O криссталлогидраттың аттардың ішіндегі тек біреуі ғана халықаралық номенклатураға сай келеді:
А) күкіртқышқылды натрийдің кристаллогидраты
В) + натрий сульфатының декагидраты
С) глаубер тұзы
Д) натрий кристаллогидраты
Е) натрий сульфатының нонагидраты
8.Аталған қышқылдардың ішіндегі ең әлсізін көрсетіңіз:
А) HI
B) H3BrO4
C) HNO3
Д) + HOCI
E) HBr
9. Калий (III) гексацианоферратына сәйкес келетін формула:
A) K[Fe(OH)4 ]
B) K4 [Fe(CN)6]
C) KCr(SO4)2∙12H2O
Д) + K3 [Fe(CN)6]
E) K2CrO4
Сутек. Су және сутек пероксиді.
1.Өзінің физикалық қасиеттеріне қарағанда сутек өте .... ұқсайды
А) сілтілік металдарға
В) фуллеренге
С) бензолға
Д) + галогендерге
Е) халькогендерге
2. Сутектің химиялық қасиеттері ненің қасиеттеріне қатты ұқсайды?
А) галогендер В) хром мен марганец
С) асыл газдар
Д) + сілтілік металлдар
Е) мыс пен күміс
3. Сутек атомдары электрондарын тек беріп қана қоймайды, олар сонымен қатар электрондар қосып алып ненің электрондық конфигурациясына ие болады?
А) литий атомының
В)+ гелий инертті газының
С) Na+ ионының
Д) F- ионының
E) Cl- ионының
4. Н2 молекуласында химиялық байланыстың қандай түрі?
А) сутектік
В) иондық
С) донорлы-акцепторлы
Д) + ковалентті полюссіз
Е) ковалентті полюсті
5. Молекулярлы сутек метаннан неше есе жеңіл?
А) + 8 есе
В) 3 есе
С) 16 есе
Д) 32 есе
Е) 6 есе
6. Сутектің активті металдармен әрекеттесуі нәтижесінде пайда болған қосылыс қалай аталады?
А) карбид
В) гидрат
С) + гидрид
Д) ангидрид
Е) оксид
7. «Кәдімгі» сутектің әрбір қосылысы үшін оның дейтерилік аналогы болады. Олардың ішіндегі маңыздысы дейтерий оксиді қалай аталады?
А) + ауыр су
В) магнитті су
С) құрғақ мұз
Д) қырау
Е) сұйытылған су
8. Екі бірдей көлемді газдардың қоспасының тығыздығы этанның тығыздығынан 10 есе кем.
Бұл қандай газдар?
А) сутек пен оттек
В) сутек пен азот
С) + гелий мен сутек
Д) гелий мен озон
Е) сутек пен хлор
9. Сутек келесі заттарды тотықтыруы мүмкін:
А) литий мен платина
В) бром мен барий
С) темір (II) оксиді мен мыс (II) оксиді
Д)+ калий мен кальций
Е) алюминий мен мырыш
10. Су келесі заттармен әрекеттесуі мүмкін …
А) арен мен азот
В) алкан мен аргон
С) + қышқыл ангидриді мен ацетилен
Д) апатит пен ацетон
Е) бензол мен анилин
11. Су молекуласындағы валенттік бұрыш < НОН …
А)+ 1050
В) 1090 28/
С) 1200
Д) 1800
Е) 900
12.Су – бұл мінсіз…
А) тотықтырғыш
В) + амфолит
С) көптеген органикалық қосылыстар үшін еріткіш
Д) катализатор
Е) ингибитор
13.250С температурадағы таза судың тығыздығы ... тең
А) + 1,0 г/мл
В) 1,0 г/моль
С) 22,4 л/моль
Д) сутек пероксидінің тығыздығына
Е) 1,98 г/мл
14. Судың қаттылығы қандай иондардың болуына байланысты?
А) +Ca2+ мен Mg2+
B) Ba2+ мен SO42-
C) Fe2+ мен Al3+
Д) Sr2+ мен CO32-
E) Al3+ мен Zn2+
15. Күкіртсутекке қарағанда су қалыпты жағдайда сұйықтық болып табылады. Ол немен түсіндіріледі
А) судың молекулярлық массасынан төмен болуымен
В) су молекуласында сутектік байланыстың болуымен.
С) + молекулааралық сутектік байланыс арқасында су молекуласынан ассоциаттардың түзілуімен
Д) судың дипольдік жағдайындағы нөлдік мәнімен
Е) судың дипольдік жағдайындағы мәнінің болмауымен
16. Кальций гидридінің 21 г-нан қандай зат және қанша грамм алуға болады
А) 10,5 г Н2О
В) + 2,0 г Н2
С) 15,0 г Н2О2
Д) 4,0 г СаС2
Е) 1,0 г Н2
17. Сутек пероксиді молекуласы қанша атомнан тұрады?
А) + төрт
В) үш
С) екі
Д) молекула атомдардан емес, атом ядроларынан тұрады
Е) бес
18. Сутек пероксидіндегі оттектің тотықсыздану дәрежесі тең…
А) нөлге
В) +2
С) -2
+Д) -1
Е) -1/2
19.Cутек пероксиді қандай заттың сумен әрекеттесуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін?
А) ВаО немесе К2О
В) О3 немесе Н2S
C) + ВаО2 немесе К2О2
Д) О2
Е) О2 + Н2О
20. Тотығу – тотықсыздану реакцияларындағы сутек пероксиді (Н2О2)…
А) әрқашан тотықтырғыш қасиеттерге ие
В) тек тотықсыздандырғыш бола алады
С) + күшті тотықтырғыштардың әсерінен тотығады
Д) әрқашан диспропорциялайды
Е) тотығу-тотықсыздану қасиеттер көрсетпейді
21. Н2О2 калий перманганатымен күкірт қышқылының қатысында әрекеттескенде келесі заттарды түзеді:
А)+ MnSO4 + K2SO4 + O2↑ + Н2О
B) MnO + K2SO4 + O2↑ + Н2О
C) MnO2↓+ KOH + O2↑ + Н2О
Д) Н2О2 қышқылдық ортада калий перманганатымен әрекеттеспейді
Е) H2MnO3 + KOH + O2↑
22. Реакция нәтижесінде тек темір (III) гидроксиді түзілген болса реакцияға қандай екі зат қатысты?
А) Fe мен Н2О2
B) Fe2O3 мен Н2О
C) + Fe(OH)3 мен Н2О2
Д) Fe мен Н2О
Е) FeO мен Н2О
23. Судағы 30%-дық сутек пероксидінің ерітіндісі қандай техникалық атауға ие?
А) мүсәтір спирті
В) + пергидроль
С) формалин
Д) олеум
Е) ацетон
Халькогендер
1.Халькогендерге жататын элементтер…
А)+ периодтық жүйедегі VI топтың негізгі топшасы
В) VI топтың қосымша топшасы
С) VII топтың негізгі топшасы
Д) асыл газдар
Е) VII топтың қосымша топшасы
2.Оттек пен күкірт…
А) электрді жақсы өткізгіштер
В) аллотропты түрөзгергіштікке ие
С) + суда жақсы ериді
Д) тотықсыздандырғыштар
Е) I ретті өткізгіштер
3. Күкірт үш аллотропты түрөзгергіштікке ие, аттары...
А) карбин, куб тәрізді күкірт, озон
В) карбен, кристалдық күкірт, кремнезем
С) кристалдық күкірт, гидратты күкірт, гомогенді күкірт
Д)+ аморфты күкірт, ромб тәрізді күкірт, моноклинді күкірт
Е) гетерогенді күкірт, кристалдық күкірт, кремнезем
4. Ауадағы оттектің көлемі…
А) +21%
В)78%
С) 50%
Д) ауа түгелімен оттектен тұрады
Е) 60%
5.Қай заттың бір молін қыздырғанда ең көп мөлшерде оттек алуға болады?
А) + KCIO3
B) KMnO4
C) KNO3
Д) HgO
E) FeO
6. Озонды сапалық анықтауда қолданылатын реакция теңдеуі:
А) +2KI + O3 + Н2О = I2+ O2 + 2KOH
B) 2 FeSO4 + O3 + H2SO4 = Fe2 (SO4)3 + O2 + Н2О
C) PbS +2O3 = PbSO3+ 2O
Д) мұндай реакция жүрмейді.
Е) озон тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатыспайды
7. Қалыпты жағдайда күкіртсутек - …
А) сарымсақ иісті жасыл түсті газ
В) тез ұшып кететін сұйықтық
С) + шіріген жұмыртқа иісті түссіз газ
Д) күкірт аллотроптарының бірі
Е) жанып жатқан күкірт иісті түссіз газ
8.Күкіртсутек – бұл…
А) қатты тотықтырғыш
В) өте қатты қышқыл
С) амфотерлі қосылыс
Д) + тотықсыздандырғыш
Е) амфолит
9. Күкірт (IV) оксиді қай қышқылдың ангидриді?
А) + күкірт қышқылы
В) күкіртсутек қышқылы
С) күкіртті қышқыл
Д) тиокүкірт қышқылы
Е) күкіртсутекті қышқыл
10.Күкірт (IV) оксидіндегі оттектік массалық үлесі тең...
А) + 60%
В) 25%
С) 66,6%
Д) 10%
Е) 70%
11. Натрий тиосульфатының формуласы -…
А) Na2SO3
B) Na2S2
C) Na2SO4
Д) + Na2S2O3
Е) Na2S4O6
12. Күкірт (VI) оксидін 2SO2 + O2↔ 2SO3 + Ỡ қайтымды реакциясы бойынша SO2 тотықсыздануы арқылы алады . Тепе-теңдікті оңға ығыстыру үшін қажет…
А) міндетті түрде катализатор қолдану
В) температураны жоғарылату
С) қысымды төмендету
Д) + температураны төмендету және қысымды көтеру
Е) ингибитор қолдану
13. 100%-дық күкірт қышқылындағы SO3 ерітіндісі қалай аталады…
А) патша арағы.
В) балқытқыш қышқыл
С) + олеум
Д) олеин қышқылы
Е) стеарин қышқылы
14. Қандай концентрлі заттан сұйытылған күкірт қышқылын дайындаудың өзгеріссіз қалатын ережесі бар:
А) + суы бар ыдысқа асықпай концентрлі H2SO4 құяды
B) концентрлі H2SO4 бар ыдысқа асықпай су құяды
С) құю реті маңызды емес
Д) күкірт қышқылы суда ерімейді
Е) күкірт қышқылы міндетті түрде суытылған болуы тиіс
15. Пириттің формуласы…
А) Na2SO4 ∙10 H2O
B) FeS
C) + FeS2
Д) Na2S2
E) Fe2S3
16. Реакция нәтижесінде BaSO4 + H2SO4 + H2O түзілген болса реакцияға қандай заттар қатысты (реакция өнімдері коэффициенттерсіз көрсетілген):
А) Ba(HSO4)2+ BaSO4+ O2
B) BaO+ Ba(HSO3)2
C)+ Ba(HSO3)2 + H2O2
Д) Ba + H2SO4(конц)
E) BaCI2+ HNO3
17. Сульфат-ионына сапалық реакция:
А) SO42- + 2H+ = SO3↑+ H2O
B) + Ba2+ + SO42- = BaSO4↓
C) Ba2+ + SO32- = BaSO3↓
Д) 2NH4+ + SO42- = 2NH3↑+ H2SO4
E) 2Na+ + SO42- = Na2SO4
Азот топшасы
1. N2 молекулалық атомы– …
А) төмен температурада электроөткізгіштік
В) + қалыпты жағдайда реакцияға түсуге қабілетсіз
С) комната температурасында атомдық азотқа диссоцияланады
Д) суда жеңіл ериді
Е) қалыпты жағдайда аммиак оңай қалыптасады
2. Молекулада азот атомы байланысады…
А) + екі π- байланыс және бір σ байланыс
В) екі σ –байланыс және бір π- байланыс
С) екі π- байланыс және бір сутектік байланыс
Д) донорлы-акцепторлы механизм бойынша коваленттік байланыс
Е) ковалентті полюсті байланыс
3. Ақ фосфор азотқа қарағанда…
А) көрінетін электрөткізгіштікке ие
В)+ химиялық реакцияға түсу қабілеттілігі жоғары
С) табиғатта бос күйде кездеспейді
Д) суда жақсы ериді
Е) сіріңкені өндіруде кең қолданылады
4. Фосфор, азот сияқты ненің құрамына кіреді…
А) барлық минералды тұздардың құрамына
В)+ барлық тірі организмдердің құрамына кіреді
С) ауаның құрамына
Д) патша арағының құрамы
Е) теңіз суының құрамына
5. Лабораториялық жағдайда азот қай затты қыздыру арқылы алынады…
А) аммоний нитраты
В) аммоний фосфаты
С)+ аммоний нитраты
Д) күміс нитраты
Е) қорғасын нитраты
6. Фосфордың аллотроптық түрөзгергіштерінің ішіндегі қайсысының реакцияға түсу қабілеті төмен?
А) ақ фосфор
В)+ қара фосфор
С) қызыл фосфор
Д) фосфордың азот секілді аллотроптық түрөзгергіштері жоқ
Е) бір мезгілде ақ фосфор қызылмен
7. Фосфордың барлық аллотроптарының (әсіресе ақ фосфор) молекулярлы азотқа қарағанда реакцияға түсу қабілеті жоғары. Оның себебі…
А) + N2 молекуласындағы байланыс энергиясының мәні барлық аллотроптарының атомдарының арасындағы байланыс энергиясының мәнінен жоғары
В) азот молекуласы ковалентті байланыспен, ал фосфор молекуласы әлсіз сутектік байланыспен байланысқан
С) азоттың молярлық масса фосфордың молярлық массасынан әлдеқайда төмен
Д) кез-келген қатты заттың сұйық затқа қарағанда реакцияға түсу қабілеті жоғары
Е) себебі фосфор концентрлі азот қышқылында ериді, ал азот ерімейді
8. а) Азоттың, б) фосфордың металмен қосылыстары аталады: …
А) а) амид; б) фосфит
В) а) нитрит; б) фуран
С)+ а) нитрид; б) фосфид
Д) а) нитрат; б) фосфин
Е) а) нитрит б)фосфин
9. Келесі сызбадағы Х аралық затты көрсетіңіз: аммоний дихроматы→Х→ аммиак:
А) хром (III) оксиді
В) сутек
С)+ азот
Д) хром(IV) оксиді
Е) хром (II) оксиді
10. Қалыпты жағдайда аммиак – бұл…
А) + өткір тұншықтырғыш иісті түссіз газ
В) мүсәтір иісті қою сұықтық
С) күлгін-сұр түсті кристалдық зат
Д) шіріген жұмыртқа иісті уландырғыш газ
Е) өткір тұншықтырғыш иісті қоңыр түсті газ
11. Аммиак молекуласының пішіні…
А) тетраэдр
В) + үшбұрышты пирамида
С) үшбұрыш
Д) куб
Е) екі дұрыс тетраэдр
12. Аммиакты полюсті молекуласы …
А) іс жүзінде суда ерімейді
В) + суда өте жақсы ериді
С) сұйық аммиакта иондық байланыспен байланысқан
Д) сулы ерітіндіде бірден N-3 және Н+1 иондарына диссоциацияланады
Е) көк лакмус NH3 буында қызарады
13. Аммиакка қарағанда, фосфин…
А)+ іс жүзінде суда ерімейді
В) гидроксидтер түзеді
С) газ тәрізді болып табылады
Д) тотықсыздандырғыш қасиеттеріне ие
Е) тотықтырғыш қасиеттеріне ие
14. Аммоний құрамындағы азот қышқылының валенттілігі мен тотығу дәрежесі:
А) V және +5
B)+ IV және +5
C) V және +4
Д) III және -3
E) II және +2
15. Аммоний құрамындағы азоттың валенттілігі мен тотығу дәрежесі:
А) III және +5
B) V және -4
C)+ IV және -3
Д) III және -5
E) III және +4
16. Азот (III) оксиді қалыпты жағдайда – көк ерітінді, ол...
А) тұз түзбейтін оксид
В) азотты қышқылының ангидриді
С) амфотерлі оксидпен
Д)+ азотты қышқылдың ангидриді
Е) негіздік оксидпен әрекеттеседі
17. Фосфор(Р2О3) оксиді (нақты формуласы Р4О6) – бұл…
А)+ фосфорлы қышқылдың ангидриді
В) метафосфор қышқылының ангидриді
С) ортофосфор қышқылының ангидриді
Д) тұз түзбейтін оксид
Е) пирофосфор қышқылының ангидриді
18. Азот қышқылына тән реакция…
А) тотықсыздану
В) диспропорциялау
С) бейтараптау
Д) + тотықтыру
Е) комплекс түзу
19. Концентрлі азот қышқылы мырышпен әрекеттескенде … түзіледі
А) оттек
В) сутек
С) + азот (IV) оксиді
Д) аммиак
Е) азот (II) оксиді
20. Сұйытылған азот қышқылы мыспен әрекеттескенде … түзіледі
А) сутек
В) + азот (IV) оксиді
С) азот (II) оксиді
Д) аммиак
Е).азот (I) оксиді
21.Қандай металл суытылған концентрлі азот қышқылымен әрекеттеспейді?
А) Cu
B)+ Fe
C) Ag
Д) Al
E) Zn
22. «Патша арағы» деп қандай құрамды сулы қоспаны атайды…
А)+ азот қышқылы мен хлорсутектің 1:3 мольдік қатынасы
В) азот қышқылы мен хлорсутектің 3:1 мольдік қатынасы
С) азот қышқылы мен калий перманганатының 1:1 мольдік қатынасы
Д) азот қышқылы мен калий дихроматының 2:1 мольдік қатынасы
Е) азот қышқылы мен хлорсутек қышқылының 1:10 мольдік қатынасы
23.Қатты нитраттардың көбісін қыздырған кезде … бөледі
А) азот
В) азот(II) оксиді
С)+ оттек
Д) азот(I) оксиді
Е) аммиак
24. Заттардың қайсысы калий гидрофосфиті деп аталады?
А) K2HPO4
B) KH2PO3
C)+ K2HPO3
Д) KH2PO2
Е) KH2PO4
25.Қандай нитраттарды селитра деп атайды?
А) Ca(NO3)2 ; Cu(NO3)2 ; AgNO3
B) Fe(NO3)2; Fe(NO3)3; Al(NO3)3
C) Ba(NO3)2; Mg(NO3)2; Zn(NO3)2
Д)+ NaNO3; KNO3; NH4NO3
E) Na2SO4; K2SO3; (NH4)2SO4
26. Төменде көрсетілген минералды тыңайтқыштардың ішіндегі преципитатты көрсетіңіз:
А) Ca(H2PO4)2
B) (NH4)2 HPO4
C) NH4NO3
Д) + CaHPO4 ∙2Н2О
Е) Ca3 (PO4)2
Көміртек пен кремний топшасы
1.Жер шарындағы оттектен кейінгі ең кең тараған элемент - …
А) + кремний
В) көміртек
С) қорғасын
Д) темір
Е) марганец
2. Төменде аталған заттардың ішіндегі қайсысы көміртектің аллотропты түрөзгергішіне жатады…
А) фуллерен
В) озон
С) силикат желімі
Д) +алмаз
Е) пирит
3.Көміртекке қарағанда кремний…
А)+ бос күйде кездеспейді
В) аллотропты түрөзгергіштерге ие
С) қатты зат болып табылады
Д) тотықсыздандырғыш қасиеттер көрсетеді
Е) тотықтырғыш қасиеттер көрсетеді
4. Алмаз – бұл…
А) қоңыр түсті амфотерлі зат
В)+ белгілі заттардың ішіндегі ең қаттысы
С) электр тогын жақсы өткізгіштердің бірі болып табылады
Д) көміртек қышқылының ангидриді
Е) қара-сұр түсті ұнтақ
5. Карбин мен графитте көміртек атомдары қандай жағдайда болады?
А) + sp - гибридизация мен sp2- гибридизация
В) sp2- гибридизация мен sp - гибридизация
С) sp3 - гибридизация
Д) sp2- гибридизация мен sp3 - гибридизация
Е) sp3 – гибридизация мен sp4 - гибридизация
6. Графит пен кремний – …
А) тотықтырғыштар
В)+ тотықсыздандырғыштар
С) металдар
Д) жартылай қымбатты тастар
Е) асыл тастар
7. а) Көміртектің, б) кремнийдің металдармен қосылыстары:
А) а) карбонат; б) силикат
В) а) карборунд; б) кремнезем
С) а) карбин; б) силан
Д)+а) карбид; б) силицид
Е) а) гидрид; б) силан
8. Көміртектің концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттесуінің нәтижесінде 13,44 л газдар (қ.ж.). реакцияға түскен көміртек массасын есептеңіз
А) 1,0
В) 2,0
С) +2,4
Д) 3,6
Е) 7,2
9. Кремнийдің толық еруі үшін ... қолдануға болады
А) концентрлі балқытқыш қышқылын
В) концентрлі күкірт қышқылын
С) патша арағын
Д)+ концентрлі азот және балқытқыш қышқылдарының қоспасын
Е) хлорсутек қышқылын
10. Көміртек (II) оксиді– …
А)+ түссіз және иісі жоқ уландырғыш газ
В) сарымсақ иісті газ
С) ақ түсті қатты зат
Д) оңай қайнайтын сұйықтық
Е) көміртек қышқылының қышқылдық оксиді
11. Көміртек (II) оксиді санауға болады…
А) тұз түзбейтін оксид
В) амфотерлі оксид
С) + құмырсқа қышқылының ангидриді
Д) көміртек қышқылының ангидриді
Е) сірке қышқылының ангидриді
12. Катализатор қатысында немесе СО-ны сәулелендіргенде хлор тотықсызданады, нәтижесінде … түзіледі
А) көміртек тетрахлориді мен озон
В)+ уландырғыш газ фосген
С) көмірқышқыл газ және төртхлорлы көміртек
Д) көміртек (II) оксидін хлормен тотықтыру,а мүмкін емес
Е) газ метан және хлорсутек қышқылы
13.Қыздырған кезде көміртек (II) оксиді көптеген металлдармен ұшқыш сұйықтық түзеді, олар аталады…
А) карбен
В) карбокатион
С) карбоанион
Д)+ карбонил
Е) карбид
14. Көміртек (II) оксидін сутекпен жоғарғы қысымда қыздырғанда қайтымды реакция жүреді, нәтижесінде … түзіледі
А) сулы газ
В) этил спирті
С) +метил спирті
Д) құмырсқа қышқылы
Е) құмырсқа альдегиді
15. Металдардың карбонилі кең қолданылады…
А)+ жоғарғы тазалықтағы металдарды алуда
В) органикалық химияда катализатор ретінде
С) парфюмерия саласында
Д) техникалық алмаздарды алуда
Е) қанықпаған көмірсутектерді алуда
16.Қай газ көмірқышқыл газынан ауырырақ?
А) ауа
В) тұншықтырғыш газ
С) пропан
Д) +озон
Е) сутек
17. Қалыпты қысым мен бөлме температурасында қатты көміртек (IV) оксиді…
А) ауада өздігінен жанады
В) өздігінен көміртек пен оттекке ыдырайды
С) оңай сұйық күйге көшеді
Д) + сұйықтан газ тәрізді күйге өтеді
Е) көміртек (II) оксидіне көшеді
18. Көміртек (IV) оксиді– бұл…
А) амфотерлі оксид
В) негіздік оксид
С) сірке қышқылының ангидриді
Д) +көміртек қышқылының ангидриді
Е) құмырсқа қышқылының ангидриді
19.Көміртек қышқылы бос күйде…
А) ұшқыш сұйықтық
В) ауыр, қою сұйықтық
С) + болмайды, себебі ол тұрақсыз және оңай ыдырайды
Д) ауадан ауыр газ тәрізді зат
Е) ауыр майлы сұйықтық
20. Көміртек қышқылы – екінегізді; ол ... аталатын орта және қышқылды тұздар түзеді.
А) карбид және гидрокарбид
В)+ карбонат және гидрокарбонат
С) карбонил және гидрокарбонил
Д) карборунд және гидрокарборунд
Е) карбид және гидрокарбид
21. Көміртек қышқылының тұздарына сапалық реакциялар - …
А)+ күшті қышқылдардың әсері
В) сілтілер әсері
С) күміс нитратымен әрекеттесуі
Д) озонмен әрекеттесуі
Е) күміс айна реакциясы
22. Карбонаттар ішінде суға еритін карбонат…
А) активтілік қатарында сутектен кейінгі тұрған металдар
В) активтілік қатарында сутекке дейінгі тұрған металдар
С)+ сілтілік металдар мен аммоний
Д) сілтілікжер металдар
Е) темір топшасының металдары
23. Көмір қышқылы кремний қышқылы секілді…
А) тотықсыздандырғыш
В) күшті қышқыл
С) тотықтырғыш
Д) + әлсіз қышқыл
Е) амфотерлі қышқыл
24. Сілтілік металдардың гидрокарбонаты қыздырған кезде…
А) + карбонаттар, көмірқышқыл газы мен суға ыдырайды
В) сілтілік металдың оксидіне, көміртек (II) оксиді мен суға ыдырайды
С) диспропорциялайды
Д) балқып сұйық күйге өтеді
Е) көмірқышқыл газ бен суға ыдырайды
25. Көміртек қышқылдарының ішіндегі практикалық маңызы зоры...
А) глаубер тұзы
В) бертолет тұзы
С) мыс (II) гидроксокарбонаты
Д) +сода
Е) Мор тұзы
26. NaHCO3 қосылысы ...аталады
А) натрий гидроксокарбонаты
В) әктас
С) натрий карбоны
Д)+ ас содасы
Е) техникалық сода
27.Жасыл өсімдіктер күннің әсерінен көмірқышқыл газын жұтады. Жүретін реакция:
А)
CO2
C+O2↑
B)+ 6CO2 + 6H2O = C6H12O6 + 6O2↑
C) CO2 + C 2CO
Д) CO2 + H2O = H2CO3
E) CO2 + H2 = HCOOH
28. Кремний (IV)оксиді – …
А) түсі мен иісі жоқ газ тәрізді зат
В) негіздік оксид
С) + кремний қышқылының ангидриді
Д) қатты, өте қиын балқитын зат
Е) амфотерлі оксид
29. Кремнезем ериді…
А) тұз қышқылында
В) патша арағында
С) суда
Д) + балқытқыш қышқылда
Е) азот қышқылында
30.Натрий мен калийдің силикаттарының концентрлі ерітінділері … аталады
А) сұйық кристалдар
В) кристаллогидраттар
С)+ сұйық шыны
Д) сұйық сабын
Е) қатты сабын
31. Кремнийдің жай сутектік қосылысы … аталады
А) метан
В) боран
С)+ силан
Д) алкан
Е) алкен
32.Сілтілер силанмен қай реакция теңдеуі арқылы әрекеттеседі:
А) SiH4 + 2KOH = SiO2 + 2KH + 2H2↑
B)+ SiH4 + 2KOH +H2O = K2SiO3 + 4H2↑
C) SiH4 + 4KOH = K4Si + 4H2↑+ 2O2↑
Д) SiH4 + 3KOH =K2SiO3 + KH + 2O2↑
E) SiH4 + 3KOH =H2SiO3 + 3KH + H2↑
33. Карбид пен силицидтер арасында карборунд SiC ерекше орын алады, себебі…
А) жоғары температурада ериді
В) + қаттылығы бойынша алмазға жақын
С) химиялық реакцияға қабілеттілігі өте жоғары
Д) суда жақсы ериді
Е) тотықтырғыш қасиеттерге ие
Марганец топшасы
1.Марганецтің табиғи қосылысы:
А) MnO
B) MnCI2
C) KMnO4
Д) K2MnO4
E) + MnO2
2. MnO2 концентрлі хлорсутек қышқылымен әрекеттескенде ... түзіледі:
А) MnO
В) MnO2
С) K2MnO4
Д)+ CI2
E) MnCI4
3. KMnO4 + H2O2 +H2SO4 реакция теңдеуінде тотықтырғыш ретіндегі (KMnO4) эквиваленттік факторы:
А) 1
В) 1/2
С)1/4
Д)+ 1/5
Е) 1/6
4. Марганецті оның оксидінен алу үшін қолданылатын тотықсыздандырғыш:
А) H2
B) K
C) H2S
Д) HBr
E)+Si
5. «Гаусманит» минералының формуласы ...
А) MnO
В) Mn2O3
С)+Mn3O4
Д) MnS
E) MnCO3
6. Қышқылдардың қайсысы марганецті пассивтендіреді?
А) HCI
B) H2SO4
C) + HNO3
Д) CH3COOH
E) H2S
7. Аквакомплекстің түсі [Mn(H2O)6]2+…
A) түссіз
В) көк
С) таңқурай
Д) + әлсіз қызғылт
Е) қоңыр
8. KMnO4 бейтарап ортада тотықсыздануының нәтижесінде түзіледі:
А) MnO
В)+ MnO2
С) Mn3O4
Д) Mn2O3
Е) Mn2O7
9. Негізгі қасиеттерге ие марганец оксиді:
А) MnO2
В) Mn2O3
С) Mn2O7
Д)+ MnO
Е) Mn3O4
10. KMnO4 қыздырғанда түзіледі:
А) Mn2O3
В) MnO
С) K2MnO4
Д)+О2
Е) Mn3O4
Хром топшасы
1.Келесі элементтердің қайсысының тотығу дәрежесі «3»?
А) + хром
В) марганец
С) ванадий
Д) магний
Е) қорғасын
2. Келесі реакция нәтижесінде ерітінді қандай түске боялады: K2Cr2O7 + KI + HCI→
А) көк
В) + қоңыр
С) күлгін
Д) сары
Е) жасыл
3. Оксидтердің қайсысы амфотерлік қасиетке ие?
А) CrO
B)+ Cr2O3
C) CrO3
Д) MnO2
Е) Mn2O7
4. Оксидтердің қайсысы негізгі қасиеттерді көрсетеді?
А) + CrO
B) Cr2O3
C) CrO3
Д) MnO2
Е) Mn2O7
5. K2Cr2O7 + KI + HCI→ реакциядағы дихроматтың эквиваленттік факторы?
А) 1
В1/2
С) 1/3
Д) 1/5
Е)+ 1/6
6. CrCI3 және (NH4)2S сулы ерітіндіде әрекеттесуінің нәтижесінде түзіледі:
A) Cr2S3
B) CrOHCI2
C) CrS
Д) Cr2(SO4)3
E) + Cr(OH)3
7. Хромды теміртас формуласы:
А) FeO
B) + Fe(CrO2)2
C) NaCrO2
Д) Na2CrO4
E) Cr2O3
8. Хром тұздарының қайсысы толық және қайтымсыз гидролизге ұшырайды?
А) CrCI3
B) Cr2(SO4)3
C) CrPO4
Д) +Сr2S3
E) CrBr3
9. Төменде келтірілген оксидтердің қайсысы қышқылды, қатты улы, тотықтырғыш және қою қызыл түске боялған?
А) CrO
В) + CrO3
С) Cr2O3
Д) CrO2
Е) CrO(OH)
10. Хромның қай қосылысы сүйел немесе полипке қарсы күйдіргіш зат ретінде қолданылады?
А) CrCI3
В) Cr2(SO4)3
С) CrO
Д)+ CrO3
Е) Cr2O3
Химия заңдары
1. Химиялық реакцияларды сандық сипаттайтын зат массасының сақталу заңын ашқан ғалым:
А) Жозеф - Луи- Пруст
В) Д.И.Менделеев
С) М.В.Ломоносов +
D) Авогадро
Е) Гей – Люссак
2. Газдардың көлемдік қатынас заңын ашқан ғалым:
А) Жозеф – Луи –Пруст
В) Д.И.Менделеев
С) М.В.Ломоносов
D)Авогадро +
Е) Гей- Люссак
3. Құрам тұрақтылық заңын ашқан ғалым:
А) Жозеф – Луи – Пруст +
В) Д.И.Менделеев
С) М.В.Ломоносов
D) Авогадро
Е) Гей – Люссак
4. Бірдей жағдайдағы бірінші газдың бірдей көлемі массасының екінші газдың бірдей көлемі массасына қатынасы:
А) молярлық масса
В) заттың зат мөлшері
С)+ бірінші газдың екінші газ бойынша тығыздығы
D) газдың мольдік көлемі
Е) молярлық концентрация
5. Сірке қышқылының молекуласы тұрады:
А) бір көміртегі атомынан, екі сутегі атомынан және бір оттегі атомынан
В) бір көміртегі атомынан, үш сутегі атомынан және бір альдегид тобынан
С) екі көміртегі атомынан, төрт сутегі атомынан және екі оттегі атомынан +
D) қышқыл қалдығының анионынан және сутектен
Е) метил тобынан және спирт тобынан
6. Массасы 12 г күкірт (VI) оксидінің зат мөлшері (моль), Мr(SO3) = 80 г/моль:
А) 15
В) 1,5
С) 0,15 +
D) 0,015
Е) 0,0015
7. Массасы 22 г темір (II) сульфидіндегі М(FeS)=88 г/моль күкірт атомының зат мөлшері (моль):
А) 25
В) 2,5
С) 0,25 +
D) 0,025
Е) 0,0025
8. Кальций карбидіндегі көміртегінің массалық үлесі (%):
А) 23 % +
В) 76 %
С) 50 %
D) 40 %
Е) 4 %
9. Қалыпты жағдайдағы көлемі 30 л азоттың массасы (г):
А) 375,2
В) 37,52 +
С) 3,752
D) 0,3752
Е) 0,0375
10.Массасы 51 г аммиактың қ.ж. көлемі (л):
А) 6720
В) 672,0
С) 67,2 +
D) 6,72
Е) 0672
11. Бромсутектің сутегі бойынша тығыздығы:
А) 4050
В) 405,0
С) 40,5 +
D) 4,05
Е) 0,405
12. Бромсутектің ауа бойынша тығыздығы:
А) 2800
В) 280,0
С) 28,00
D) 2,80 +
Е) 0,28
Атом құрылысы
1. Массалық саны 208-ге тең Pb атомы ядросындағы нейтрон саны:
А) 82
В) 125
С) 207
D) 289
Е) 126 +
2. Массалық саны 208-ге тең Pb атомы ядросындағы протон саны:
А) 82 +
В) 125
С) 207
D) 289
Е) 126
3. Pb атомындағы энегетикалық деңгейлердің саны:
А) 5
В) 6 +
С) 7
D) 8
Е) 9
4. Pb атомындағы n = 3 энергетикалық деңгейдегі электрондар саны:
А) 2
В) 8
С) 18 +
D) 32
Е) 50
5. Pb атомындағы n = 4 энергетикалық деңгейдегі деңгешелер саны:
А) 1
В) 2
С) 3
D) 4 +
Е) 5
6. Pb атомының 4f-деңгешесіндегі электрондар саны:
А) 2
В) 6
С) 8
D) +14
Е) 18
7. Pb атомының n= 6 деңгейінің электрондық конфигурациясы:
А) 6s26р2 +
B) 6s16р3
C) 6р4
D) 6s26d2
Е) 6s26р6
8. Pb атомының n= 6 деңгейінің қозған күйдегі электрондық конфигурациясы:
А) 6s26р2
B) 6s16р3 +
C) 6s26р26d1
D) 6d16р16d1
E) 6s26P36d1
9. Қорғасынның қосылыстарындағы ең жоғары валенттілігі:
А) 1
В) 2
С) 3
D) 4 +
Е) 6
10. Массалық саны 184-ке тең вольфрам (W) атомы ядросындағы нейтрон саны:
А) 110
В) 261
С) 187
D) 110 +
Е) 186
11. Вольфрам (W) атомы ядросындағы протон саны:
А)110
В) 18
С) 75
D) 112
Е) 74 +
12. Вольфрам (W) атомындағы энергетикалық деңгейлер саны:
А) 5
В) 6 +
С) 7
D) 8
Е) 9
13. Вольфрам (W) атомының n = 3 энергетикалық деңгейіндегі электрондар саны:
А) 8
В) 9
С) 18 +
D) 32
Е) 56
14. Вольфрам (W) атомының n = 5 деңгейіндегі деңгейшелер саны:
А) 5
В) 6
С) 2
D) 3 +
Е) 4
15 Вольфрам (W) атомының 5d-деңгейшесіндегі электрондар саны:
А) 8
В) 2
С) 4
D) 6 +
Е) 7
16. Вольфрам (W) атомының 4f-деңгейшесіндегі электрондар саны:
А) 14 +
В) 2
С) 6
D) 8
Е) 10
17. Вольфрам (W) атомының n = 5 деңгейінің электрондық конфигурациясы:
А) 5s2 5р6 5d3 5f2
B) 5s2 5р6 5d4
C) 5s2 5р4 5d6 +
D) 5s2 5р4 5d8
E) 5s2 5р6 5d3
18. Вольфрам (W) атомының n = 6 деңгейінің электрондық конфигурациясы:
А) 6s2646d2
B) 6s26р66d1
C) 6s2 +
D) 6s26р5
E) 6s16p6
19. Вольфрам атомының қосылыстарындағы жоғары тотығу дәрежесі:
А) 2
В) 3
С) 4
D) 6 +
Е) 7
20. 919F атомындағы элементарлық бөлшектер және олардың саны:
А) 9 нейтрон, 10 протон, және 19 электрон
В) 9 нейтрон және 19 электрон
С) 9 протон, 10 нейтрон және 19 электрон +
D) 9 протон,10 нейтрон және 9 электрон
Е) 10 протон, 9 нейтрон және 9 электрон
21. Берілген электрондық конфигурацияға 1s22p63s23p6 сәйкес келетін металл ионы:
А) рубидий
В) калий +
С) натрий
D) литий
Е) цезий
22. Азот қышқылындағы азоттың валенттілігі және тотығу дәрежесі:
А) IV және +5 +
В) III және -3
С) V және +5
D) IV және +3
Е) IV және +4
23. Электрондық орбиталь дегеніміз:
А) электронның кеңістіктегі ең көп болатын ауданы +
В) электон қозғалатын атомдағы траектория
С) төрт квант санының жиынтығы
D) кеңістіктегі электронның орнын көрсететін функция
Е) магниттік квант саны
24. Электронның атомдағы күйін сипаттайтын квант сандары және олардың саны:
А) бір, ол – n
В) екі, олар – n, e
С) үш, олар – n, l,ml
D) төрт, олар - n,l mL,ms +
Е) бес, олар - n, l, mL, ms, S
25. Бас квант саны нені сипаттайды:
А) молекулярлық орбитальды
В) орбитальдардың кеңістіктегі бағытталуын
С) атомдағы электрон санын
D) атомдағы электрондардың жалпы энергия қорын +
Е) электрондық бұлттардың кеңістіктегі бағытталуын
26. Атомның негізгі күйіндегі электрондардың орбиталь бойынша таралуын анықтайды:
А) Паули принципі
В) Хунд ережесі
С) Кіші энергия принципі
D) Барлық жауаптар дұрыс +
Е) Клечковский ережесі
27. Негізгі күйінде атомының сыртқы электрондық қабатында екі жұптаспаған электроны болатын элемент:
А) оттегі
В) гелий
С) көміртегі +
D) магний
Е) аргон
28. Атомдарының сыртқы электрондық орбиталі ns1-мен сипатталатын элементтер:
А) Na және К +
В) Со және Ni
С) Сa және Вa
D) CI және Br
Е) I және CI
29. Атомдарының сыртқы электрондық орбиталі ns2-мен сипатталатын элементтер:
А) Na және K
B) K және Li
C) Mg және Ca +
D) Br және I
E) Al және B
30. Атомдарының сыртқы электрондық орбиталы ns2np1-мен сипатталатын элементтер.
А) Na және Mg
В) K және Ca
С) Са және Sr
D) Al және B +
E) Mg және Ca
31. Атомдарының сыртқы электрондық орбиталы ns2np2-мен сипатталатын элементтер:
А) Na және K
В) С және Si +
C) Mg және Ca
D) Са және Sr
E) Al және B
32. Атомдарының сыртқы электрондық орбиталы ns2np3-мен сипатталатын элементтер:
A) N және P +
B) K және Na
C) Ca және Mg
D) Al және Ga
E) I және At
33. Атомдарының сыртқы электрондық орбиталы ns2np4-мен сипатталатын элементтер:
А) Na және Cs
В) I жәнеAt
С) Ca және Mg
D) Al және B
Е) S және O +
34. Атомдарының сыртқы электрондық орбиталы ns2np5-мен сипатталатын элементтер:
А) Na және Rb
В) K және Cs
С) I және Cl +
D) Al және Ga
Е) S және O
35. Атомдарының сыртқы электрондық орбиталы ns2np6-мен сипатталатын элементтер:
А) Ne және Ar +
В) Са және Sr
С) I және Cl
D) Al және B
Е) S және O
36. s – элементтінің электрондық конфигурациясы:
А) 1s22s22p5
B) 1s22s22p6
C) 1s22s22p63s23p64s2 +
D) 1s22s22p63s23p4
E) 1s22s22p63s23p6
37. p – элементтінің электрондық конфигурациясы:
A) 1s22s22p63s2
B) 1s22s22p63s1
C) 1s22s22p63s23p64s2
D) 1s22s22p63s23p4 +
E) 1s22s22p63s23p64s1
38. Реттік номері 56-ға тең Ва2+ ионындағы электрондар саны:
А) 58
В) 57
С) 56
D) 55
Е) 54 +
39. Реттік номері 53-ке тең I- ионындағы электрондар саны:
А) 55
В) 54 +
С) 53
D) 52
Е) 51
40. Реттік номері 26-ға тең Fe3+ ионындағы электрондар саны:
А) 29
В) 27
С) 26
D) 25
Е) 23 +
41. Бейтарап атомдағы протон саны әрқашанда тең:
А) протон санына
В) электрон санына +
С) изотоп санына
D) протондар мен нейтрондар санының қосындысына
Е) протон мен нейтрон сандарының айырымына
42.Белгілі бір элемент атомы екінші элемент атомына айналады, егер ол:
А) нейтронын жоғалтса
В) протонын жоғалтса +
С) электронын жоғалтса
D) нейтронды қосып алса
Е) электронды қосып алса
43. Нуклондар деп аталады:
А) протондар мен электрондар
В) протондар мен нейтрондар +
С) нейтрондар мен электрондар
D) тұрақты нуклидтер
Е) ядро мен электрондар.
44. Элементтердің нуклидтері – олар:
А) нуклондар
В) изомерлер
С) изотоптар +
D) аллотропты модификациялар
Е) ядролар
45. Элементтердің нуклидтері –олар:
А) нуклондар
В) изомерлер
С) изотоптар +
D) аллотропты модификациялар
Е) ядролар
46. Электробейтарап атом анионға айналғанда, оның:
А) ядро заряды кемиді
В) ядро заряды артады
С) ядро заряды өзгермейді
D) атомдағы электрон саны артады +
Е) атомдағы электрон саны кемиді
47. Электробейтарап атом катионға айналғанда, оның:
А) ядро заряды кемиді
В) ядро заряды артады
С) ядро заряды өзгермейді
D) атомдағы электрон саны артады.
Е) атомдағы электрон саны кемиді +