Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Неке.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

§2. Ерлi-зайыптылар мүлкiнiң шарттық режимi

      39-бап. Неке шарты

      1. Некеге отыратын (ерлi-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлi-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады.       2. Неке шартында некеде (ерлi-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүлiктiк құқықтары көзделуi мүмкiн.

      40-бап. Неке шартын жасасу

      1. Неке шарты тiркеушi органға некенi (ерлi-зайыптылықты) мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш берiлген күннен бастап неке қию (ерлi-зайыпты болу) мемлекеттiк тiркелгенге дейiн де, некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiндегi кез келген уақытта да жасалуы мүмкiн.       Неке қию (ерлi-зайыпты болу) мемлекеттiк тiркелгенге дейiн жасалған неке шарты неке қию (ерлi-зайыпты болу) мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.       2. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және мiндеттi түрде нотариатта куәландырылуға жатады.

      41-бап. Неке шартының мазмұны

      1. Ерлi-зайыптылар неке шартымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бiрлескен ортақ меншiк режимiн өзгертуге, ерлi-зайыптылардың барлық мүлкiне, оның жекелеген түрлерiне немесе ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкiне бiрлескен, үлестiк немесе бөлек меншiк режимiн белгiлеуге құқылы.       Неке шарты ерлi-зайыптылардың қолда бар мүлкiне қатысты да, болашақтағы мүлкiне де қатысты жасалуы мүмкiн.       Неке шартында ерлi-зайыптылар өзара күтiп-бағу жөнiндегi өз құқықтары мен мiндеттерiн, бiр-бiрiнiң табыстарына қатысу тәсiлдерiн, өздерiнiң әрқайсысының отбасылық шығыстар шығару тәртiбiн айқындауға; неке (ерлi-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлетiн мүлiктi айқындауға, сондай-ақ неке шартына ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелердi, сондай-ақ осы некеден (ерлi-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүлiктiк жағдайын енгiзуге құқылы.       2. Неке шартында көзделген құқықтар мен мiндеттер белгiлi бiр мерзiмдермен шектелуi не белгiлi бiр жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкiн.       3. Неке шарты ерлi-зайыптылардың құқық қабiлеттiлiгiн немесе әрекетке қабiлетiн, олардың өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгiну құқығын шектей алмайды; ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк емес жеке қатынастарды, ерлi-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн реттей алмайды; еңбекке қабiлетсiз мұқтаж жұбайдың күтiп-бағу қаражатын алуға құқығын шектейтiн ережелердi және Қазақстан Республикасы неке-отбасы заңнамасының негiзгi бастауларына қайшы келетiн басқа да жағдайларды көздей алмайды.

      42-бап. Неке шартын өзгерту және бұзу

      1. Неке шарты ерлi-зайыптылардың келiсiмi бойынша кез келген уақытта өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келiсiм неке шартының өзi сияқты нысанда жасалады.       Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, неке шартын орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiлмейдi.       2. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң талап етуi бойынша неке шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде шартты өзгерту және бұзу үшiн белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша соттың шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.       3. Неке шартында неке (ерлi-зайыптылық) тоқтатылғаннан кейiнгi кезеңге көзделген мiндеттемелердi қоспағанда, неке шартының қолданылуы неке (ерлi-зайыптылық) тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.

      43-бап. Неке шартын жарамсыз деп тану

      1. Неке шартын сот Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген мәмiлелер жарамсыздығының негiздерi бойынша толық немесе iшiнара жарамсыз деп тануы мүмкiн.       2. Егер шарттың талаптары ерлi-зайыптылардың бiреуiн өте қолайсыз жағдайда қалдырса немесе осы некеден (ерлi-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүлiктiк құқықтарын бұзса, сот ерлi-зайыптылардың осы бiреуiнiң талап етуi бойынша неке шартын толық немесе iшiнара жарамсыз деп тануы да мүмкiн. Осы Кодекстiң 41-бабы 3-тармағының талаптарын бұзатын неке шартының талаптары жарамсыз деп танылады.