Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Неке.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
627.71 Кб
Скачать

§1. Ерлi-зайыптылар мүлкiнiң заңды режимi

      32-бап. Ерлi-зайыптылар мүлкiнiң заңды режимi ұғымы

      1. Егер неке шартында өзгеше белгiленбесе, ерлi-зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгiнiң режимi олардың мүлкiнiң заңды режимi болып табылады.       2. Ерлi-зайыптылардың шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң бiрлескен ортақ меншiгi болып табылатын мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде айқындалады.

      33-бап. Ерлi-зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгi

      1. Ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезiнде жинаған мүлiк олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады.       2. Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезiнде жинаған мүлкiне ерлi-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметiнен, кәсiпкерлiк қызметтен және зияткерлiк қызмет нәтижелерiнен түскен табыс сомалары, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен және ерлi-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкiнен алынған табыс сомалары, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, зейнетақы жинақтары, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертiгу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабiлетiнен айрылуына байланысты нұқсанды өтеуге төленген сомалар және басқалары) жатады. Сондай-ақ ерлi-зайыптылардың ортақ табыс сомалары есебiнен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлiктер, бағалы қағаздар, пайлар, салымдар, кредиттiк ұйымдарға немесе өзге де ұйымдарға салынған, капиталдағы үлестер және ол отбасында кiмнiң атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлi-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде жинаған басқа да кез келген мүлiк ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi болып табылады.       3. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне құқық некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып-күтудi жүзеге асырған немесе басқа да дәлелдi себептермен жеке табысы болмаған жұбайға да тиесiлi болады.

      34-бап. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн иелену,                пайдалану және оған билiк ету

      1. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету ерлi-зайыптылардың екеуiнiң келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.       2. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне билiк ету жөнiнде ерлi-зайыптылардың бiреуi мәмiле жасасқан кезде екiншi жұбайының келiсiмi қажет болады. Екiншi жұбайдың тек қана оның талап етуi бойынша оның келiсiмi болмаған себептерi бойынша және егер басқа тарап осы мәмiленi жасасуға екiншi жұбайдың келiспеуi туралы бiлгендiгi немесе көрiнеу бiлуге тиiс болғандығы дәлелденген жағдайларда ғана сот ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне билiк ету жөнiнде жасасқан мәмiленi жарамсыз деп тануы мүмкiн.       3. Ерлi-зайыптылардың бiреуi жылжымайтын мүлiкке иелiк ету жөнiнде мәмiле және нотариатта куәландыруды және (немесе)  заңда белгiленген тәртiппен тiркеудi қажет ететiн мәмiле жасасуы үшiн екiншi жұбайдың нотариатта куәландырылған келiсiмiн алу қажет.       Аталған мәмiленi жасасуға нотариатта куәландырылған келiсiмi алынбаған жұбай осы мәмiленiң жасалғандығы туралы өзi бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап үш жыл iшiнде мәмiленi сот тәртiбiмен жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.

      35-бап. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысының меншiгi

      1. Мыналар:       1) некеге отыруға (ерлi-зайыпты болуға) дейiн ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi болған мүлiк;       2) ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде мұрагерлiк тәртiбiмен немесе өзге де өтеусiз мәмiлелер бойынша сыйға алған мүлкi;       3) некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражаты есебiнен сатып алынса да, қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, жеке пайдаланатын заттары (киiм-кешек, аяқкиiм және басқалар) ерлi-зайыптылардың әрқайсысының меншiгi болып табылады.       2. Некенiң (ерлi-зайыптылықтың) iс жүзiнде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезеңде ерлi-зайыптылардың әрқайсысы жинаған мүлiктi сот олардың әрқайсысының меншiгi деп таниды.

      36-бап. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкiн               олардың бiрлескен ортақ меншiгi деп тану

      Егер некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi немесе ерлi-зайыптылардың бiрiнiң мүлкi не олардың кез келгенiнiң еңбегi есебiнен осы мүлiктiң құнын едәуiр арттырған салыным жасалғаны (күрделi жөндеу, реконструкциялау, қайта жабдықтау және басқаларды) анықталса, ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып танылады.

      37-бап. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу

      1. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу ерлi-зайыптылардың кез келгенiнiң талап етуi бойынша некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде де, ол бұзылғаннан кейiн де, сондай-ақ кредит берушi ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы талабын мәлiмдеген жағдайда да жүргiзiлуi мүмкiн.       2. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi олардың келiсiмi бойынша ерлi-зайыптылар арасында бөлiнуi мүмкiн. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлiктi бөлу туралы келiсiмi нотариатта куәландырылуға тиiс.       3. Дау туған жағдайда ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың осы мүлiктегi үлестерiн айқындау сот тәртiбiмен жүргiзiледi.       Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде сот кәмелетке толмаған баланың мүдделерiн ескере отырып, ерлi-зайыптылардың талап етуi бойынша қандай мүлiктiң ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлуге тиiс екендiгiн айқындайды. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiне құны оған тиесiлi үлестен асатын мүлiк берiлсе, екiншi жұбайға тиiстi ақшалай немесе өзге өтемақы берiледi.       4. Тек қана кәмелетке толмаған балалардың қажеттерiн қанағаттандыру үшiн сатып алынған заттар (киiм-кешек, аяқкиiм, мектеп және спорт керек-жарағы, музыкалық аспаптар, балалар кiтапханасы және басқалары) бөлуге жатпайды және балалары өзiмен бiрге тұратын жұбайға өтемақысыз берiледi.       Ерлi-зайыптылар өздерiнiң кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi есебiнен салған салымдары сол балаларға тиесiлi болып есептеледi және ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлген кезде есепке алынбайды.       5. Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде ортақ мүлкiн бөлген жағдайда ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнiң бөлiнбеген бөлiгi, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлi-зайыпты болған) кезеңiнде бұдан әрi жинаған мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгiн құрайды.       6. Некесi (ерлi-зайыптылығы) бұзылған ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы ерлi-зайыптылардың талаптарына неке (ерлi-зайыптылық) бұзылған кезден бастап талап-арыз ескiруiнiң үш жылдық мерзiмi қолданылады.

      38-бап. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде                үлестердi айқындау

      1. Егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу және осы мүлiктегi үлестерiн айқындау кезiнде ерлi-зайыптылардың әрқайсысының үлесi тең деп танылады.       2. Егер жұбайлардың бiреуi дәлелсiз себептермен табыс таппаса немесе ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн екiншi жұбайдың келiсiмiнсiз отбасының мүдделерiне нұқсан келтiрiп жұмсаса, сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн негiзге ала отырып және (немесе) ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мүдделерiн негiзге ала отырып, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi олардың үлестерiнiң теңдiгi негiзiн ескермеуге құқылы.       3. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде ерлi-зайыптылардың ортақ борыштары олардың арасында өздерiне берiлген үлеске барабар түрде бөлiнедi.