Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДП автоматизация каз 2010.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
792.58 Кб
Скачать

1 Қазіргі кездегі ғылыми техникалық прогресстің даму кезеңдері.

2 Геодезиялық өлшеулердің құралдармен әдістердің даму тарихы.

2 Тақырып Жаңа геодезиялық аспаптар. Электронды және лазерлік теодолиттер (1 сағ.)

Лекция жоспары

1.Жаңа геодезиялық аспаптар

2. Электронды және лазерлік теодолиттер

Бұрыш өлшеуді автоматизациялау жағынан қарағанда келешекте ерекше болатын электронды (сандық) теодолиттер. Оларды қолдану кезінде бақылаушының міндеті нысанаға нысаналау, өлшеудің дәлдігін бағалау және талдау болады.

Электронды теодолиттің негізгі ерекшелігі бұрышты санға айналдыратын (ЦПУ-БСА) құрылысы яғни цифрлы кодқа. БСА негізгі элементтеріне кодтайтын диск, индексті диафрагма және фотоэлетрлі есептейтін жүйе кіреді. Кодтайтын диск және индексті диафрагма мөлдір және мөлдір емес сегменттермен центрлі кодты жолдар салынған бір біріне айналмалы жазықтықта орналасқан шыны дискіден тұрады. Бұл кездегі бағдарланатын бағыттың мәні (кодты лимбтегі есеп) екі белгінің бірлесунен тұрады : «қараңғы-жарық». Осымен кодтың негізіне есептеудің қос жүйесі кіреді.

Кодты лимбтың ақпаратын фотопленкаға, перфотаспаға, магнитті таспаға , жарықты таблоға немесе кәдімгі компьютерлі дискіге тіркейді.

Қазіргі кезде әр түрлі электронды тахеометрлердің түрлері құрылысы бойынша ойлап шығарылған. Кодты есеп алу құрылғысына, ақпаратты есептеу әдісіне және өлшеудің қорытындысын тіркеу түріне және дәлдігіне байланысты. Алғашқы отандық кодты теодолит аспаптары болып ТК және ТТ11 атап кетуге болады.

Теодолиттік және тахеометрлік жүрістерді жүргенде горизонтальды бұрыштарды өлшеуге арналған Кодты тоедолит ТК фотографиялық тіркеушісі бар. Түсіріс торабын құрғанда , бір әдіспен өлшегенде орташа квадраттық қатесі 0,0015 град (5//). Таспаның кодын жіктеу өлшеу қорытындысы бар СФ-400 фильмді есептеу немесе аспаптың микроскобы бар болса қолмен орындалады.

ТТ11кодты теодолиті 2Т2 дәл теодолиті негізінде құрылған және 1-ші және 2-ші разрядты полигонометриялық және триангуляциялық жүрістерде 5// дәлдіктен аспайтын жүрістерде бұрыштарды өлшеу үшін қолданылады. Аспап құрылысының ерекшелігі алынатын есеп аспаптың бағанының екі қарама-қарсы жағында орналасқан сандық кестеде көрсетілетіндігінде. Сандық есепті өзгертетін «бұрыш-код-сан» қолдану жолымен алынады. Кодты лимбтың үш штрихты кодты жолы бар. Аспаптың оптикалық каналына фотоэлектрлік сканерлейтін (есептейтін) және сандық кестемен электронды үлгі есеп-логикалық құрылғылар енгізілген. Теодолиттің екілік кодты блогі автоматты тркеу көрсеткішті құрылғысы (ақпаратты сақтайтын) бар.

Аспаппен бекетте төрт рет толық әдіспен өлшеу жұмыстың өнімділігін 60% көтереді.

Қазіргі заманда одақта Т1ОЭ электронды теодолиті шығарылады.

Лазерлі теодолиттер деп көздеу дүрбісінің нысаналау өсіне параллельді немесе осы өс жаныңда жіңішке лазерлі шағылдырғыш бір шоқ бағытталғанды айтады.

Оптикалық сериялық теодолиттер көру дүрбісінің нысаналау өсімен немесе параллельді орналасқан өстермен лазерлі қондырма және лазерлі бір шоқ өсімен бірлескен болады. Өстердің бірлескен жағдайында бір шоқ көру дүрбісіне иілгіш жарық шығарушы немесе призмалар жүйесі көмегімен шығарылады.

Шағылдырғыш қызметіне оптикалық квантты генераторлар (ОКГ)-лазерлері қолданылады. Олар жоғарғы бағыттаушылықты (айырмашылығы аз болатын) және лазерлі ағынның спектрлі тығыздығының жоғарылығын қамтамассыз етеді. Лазерлі теодолиттерде көпнесе газды лазерлер (гелий –ноенды ) үздіксізі қолданылады.

Нысаналау нүктесінде бір шоқты центрге тіркеу үшін, оған квадратты торын немесе концентрлік айналмалы түрдегі маркамен салумен экранды қолданады. Ал автоматты тіркеу – фотоэлектрлі тексеру аспабымен (датчик) орындалады. 100м –ге 0,1мм дәлдікке дейін, лазерлі сәуле жағдайын белгілеу фотоэлектрондық қабылдау құрылғысымен қол жеткізуге болады.

Біздің елімізде шығарылған лазерлі теодолиттер бөлу жұмыстарын орындау үшін, арналған. Көрінетін тірек сызықтарынан, бір шоқты лазермен құрылатын керекті өлшеулер орындалады. Лазерлі теодолиттер кәдімгі теоолиттер негізінде құрылады.

ЛТ-75 лазерлі теодолиттері ТТ2/6 теодолитті негізінде орындалады. ЛГ-75 лазеі қолданады 30мВт (милливатт) қуаттылығымен. Алынбалы лазерлі шағылдырғыш және оның орнына теодолиттің көру дүрбісін орнатуға болады. Нысанаға көздеу қосымша дүрбімен жүзеге асады. Теодолитте құрылған квадрант бір шоқтың лазерін керекті көлбеулікте 10// дәлдікке дейін орнатуға мүмкіндік береді. Аспап гидротехникалық ғимаратты құрылыста үлкен ұзындықты бағытты беру үшін арналған.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Поклад Г.Г., Гриднев С.П. Геодезия. – М.: Академический проект, 2007. – 592 с.

2. Федотов Г.А. Инженерная геодезия. – М.: Высш. шк., 2004.- 463 с.

3. Киселев М.И., Михелев Д.Ш. Геодезия. - М.: Издательский центр « Академия», 2004.- 384 с.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (2-тақырып) [13]