Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДП автоматизация каз 2010.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
792.58 Кб
Скачать

1 Графикалық-графо-аналитикалық әдіс

2 Бос станция әдісі

3Автоматты координатограф

9 Тақырып Электронды тахеометриялық түсіріс (1сағ.)

Лекция жоспары

1.Электронды тахеометр

2. Электронды-блокты тахеометрия

Электронды тахеометр. Бұрышты және сызықты өлшемдердің автоматтандырылған құрылғыларының жаңа даму кезеңінде байланыссыз болды, негізінде бірінші автоматтандырылған сызықты өлшеулер үшін аспаптар жасалды. Келешекте бұл бағыт бұрышты-қашықтықты кешендерді жасау жолымен дамыды, оның ішіне оптикалық теодолит кіреді, онда тұрғызу түріне жарыққашықтықөлшегіш бекітілді; далалық жағдайда есептеулерді есептеу үшін программалық микрокалькулятор қолданылды. Геодезиялық өлшеулерді автоматтандырудың келесі қадамы электронды-оптикалық тахеометрлерді жасау, бір аспаптың өзінде жарыққашықтық-өлшегіш, теодолит және есептеу құрылғысы бар.

Жаңа электронды тахеометрлер электронды тахеометр, жарыққашықтықөлшегіш, қолдаңбалы бағдарламалары бар микроЭЕМ және ақпаратты тіркегішін біріктіреді (жады модулі). Аспаптың жұмысын басқару үшін мәліметтерді енгізу клавиатурасымен мәліметтерді және бақылау сигналдарын енгізу басқару пульті арқылы жасалады. Өлшеулердің нәтижесі дисплей экранына шығады және жады картасына автоматты түрде енгізіледі. Жинақталған ақпаратты компьютерге беру карта жадысынан немесе тахеометрді интерфейс кабелінің көмегімен қосу арқылы орындалады. Электронды тахеометрлік түсіріс оптикалық тахеометр орындайтын түсірістің өнімділік тәртібіне ұқсас. Электронды тахеометр түсіріс станциясына жұмыс жағдайында орнатылады; пикетті нүктелерде тізбектей арнайы алабағандар жарықшақпен орнатылады, нысаналау кезінде автоматты түрде арақышықтық, горизонтальды және вертикальды бұрыштар анықталады. МикроЭВМ тахеометрі өлшеу нәтижелері бойынша , координата өсімшелері мен h түзету есебімен есептеледі. Өлшеулер нәтижелері жинақтағыш ақпаратына енгізіледі, одан ақпарат ЭЕМ-на түседі. Арнайы бағдарлама бойынша мәліметтерді алудың соңғы өңделуі бойынша орындалады, ол топографиялық план немесе жергілікті жердің санды моделі үшін керекті.

Электронды-блокты тахеометрия. Жаңа автоматтандырылған әдістердің топографиялық түсірістерінің ішіндегі ең тиімдісі электронды-блокты тахеометрия болып табылады. Бұл әдістің негізі объектер жеке бөліктерге бөлінеді – блоктарға, әрбір түсіріс тахеометр орнатумен орындалады. Таңдалған аймақтарда түсірістерді жабу, екі қосалқы станцияларда орындалатын блоктардың арасындағы байланыс байланыс-тырушы нүктелер көмегімен қамтамасыз етіледі. Түсірістерді біріктіру үшін жеке блоктарда объект планының саны қосалқы қабырғаларының әрқайсысынан екіден аспауы керек. Сондықтан өлшеу бағдарламасында бұрыштардың өлшеулері мен бастапқы пункттердегі сызықтардың ұзындығы және қосалқы блоктарының байланыстырушы нүктелері қарастырылған.

Жергілікті жердің жағдайына байланысты және қолданылатын технологиялардағы электронды тахеометриялық түсірістер келесі варианттарда орындалуы мүмкін.

1. Түсіріс негізін жасау кезінде белгілі дәстүрлі әдістермен бірге түсіріс торының дамуы.

2. Бос станция әдісі бойынша, бұл кезде түсіріс негізі арнайы жасалмайды, өлшеу нәтижелері өлшеулерден алынады. Берілген әдістегі түсіріс станцияларының жағдайына сәйкес түсірістің ыңғайлылығы таңдалған, түсірілетін блоктың шегінде, оның сыртындада. Бұл кезде көріністің барлығы екі қосалқы түсіріс станцияларының арасында керек емес. Түсірілетін учаскенің маңында орналасқан байланыстырушы нүктелердің сапалылығы негізінде жергілікті жердің сипаттамалы заттарын қолдану мүмкін (бағаналар, трубалар, мачталы, биіктікті ғимараттардың тетігі және т.б.). Пикетті нүктелердің жиынтығы тахеометрдің горизонталды айналым лимбісін бағдарлау кезінде орындалуы мүмкін.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Поклад Г.Г., Гриднев С.П. Геодезия. – М.: Академический проект, 2007. – 592 с.

2. Федотов Г.А. Инженерная геодезия. – М.: Высш. шк., 2004.- 463 с.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (9-тақырып) [1-2]