Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДП автоматизация каз 2010.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
792.58 Кб
Скачать

8 Тақырып Топографиялық түсірістердің автоматтандырылған әдістері туралы жалпы мәліметтер (1сағ)

Лекция жоспары

1.Спутникты позиционерлеу әдісі

2. Ұйымдастыру жұмыстарының негізгі принциптері

Спутникты позиционерлеу әдісі. Жаңа геодезиялық технологияларға анықталған орбитамен қозғалатын арнайы Жердің спутнигімен сигнал бойынша координата нүктелерін анықтау әдістері жатады.

Ұйымдастыру жұмыстарының негізгі принциптері. Электронды тахеометрлік түсірістің қолдану тиімділігі дәстүрлі әдістермен салыстырғанда бірінші кезекте бір станциядан түсіріс ауданының жоғарлауы есебінен болады.

Түсіріс кезінде жұмыс өнімділігін жоғарлату үшін платформамен қозғалатын сыртқы белгілер пайдаланылады, ол жер бетінен тахеометрді 2-3м және одан да жоғарыға көтеруді қамтамасыз етеді, яғни жердің және 1-2км радиуста бір станция бөлігінен түсірілетін ауданның көрінісі жоғарлайды. Осы мақсатпен жарықшақты 7,5м-ге шейін көтеру үшін құрылғы қолданылады, яғни рефракцияның әсер етуінің төмендеу есебінен өсімшелерді өлшеу дәлдігін жоғарлатады. Түсіріс үдірісінде бақылаушы мен алабағаншының арасындағы байланыс радиобергіш көмегімен орындалады.

Өлшеу нәтижелерін өңдеу әдіссәне, орнына және уақытына байланысты үш вариантта орындалуы мүмкін.

I-ші вариант топографиялық түсірістердің өнімділігін дәстүрлі схемасына жауап береді, мұнда өлшегіш, есептегіш және графикалық процесстер бірінің соңынан бірі болады. Өлшеулер нәтижерелін өңдеу және жергілікті жердің топографиялық планын жасау стационарлы камералды жағдайларда орындалады.

II-ші вариант айырмашылығы, түсіріс материалдарын камералды өңдеу далалық бригада базасында жасалады; бұл кездегі далалық және камералды жұмыстардың алшақтығы бірнеше күннен аспайды.

III-ші вариант жұмысты ұйымдастырудың жаңа схемасына жауап береді, бұл кезде далалық және камералды жұмыстар бірдей орындалады. Ол үшін жақын арадағы тұрғылықты пункт түсіріс объектісінде командалы-диспетчерді камералды пост ұйымдастырылады. Посттың түсірістің барлық қатысушыларымен байланысы радиостанция арқылы жасалады. Посттың міндеті тек қана қабылдау және түсіріс туралы ақпаратты оперативты өңдеу, сонымен қатар түсіріс үдірісін активты бақылау, оның мақсаты жергілікті жердің бедері мен ситуация планын толық және сапалы түрдегі көрінісін қамтамасыз ету болып табылады.

Жер бетінің түсірісі кезіндегі далалық ақпаратты біріншілік өңдеу үшін, мәліметтерді сандық формаға және оны НИИПГ-ке графикалық түрде келтіру топографтың далалық автоматтандырылған жұмыс орны жасалған (ПАРМ-Т), оның құрамына персоналды ЭЕМ және портативты планшетты графикажасаушы кіреді. ПАРМ-Т жаңа электронды тахеометрмен қиылысуында тахеометриялық түсіріс нәтижелерін өңдеу және планды жасау далалық жағдайда ғана орындалады.

Графо-аналитикалық әдіс кезінде байланыстырушы нүктелер мен түсіріс станциялары планға есептелген және теңдестірілген координаталар бойынша енгізіледі. Одан кейін планға ситуация мен жер бедері салынады.

Графикалық әдіс кезінде байланыстырушы нүктелердің координаталары план жасау үшін есептелмейді. Бірінші кезеңде біркелкі байланыстырушы нүктелер бойынша жеке блоктарды біріктіру жасалады (5.1 суретті қара). Алынған план жарық қабырғалары бойынша бағдарланбаған. Сондықтан екінші кезеңде жарықкөшіргіш стол көмегімен бастапқы пункттер бойынша планды бағдарлау орындалады, планның негізіне координата бойынша енгізіледі. Әдістің кемшілігі салыстырмалы түрде дәлдігі төмен; сондықтан оның қолдануын тек блоктардың саны аз уақытта ғана рұқсат етеді. Алынған план қолданылатын шартты белгілер тәртібір пайдалана отырып сызылады.

Алдында айтылып кеткендей, электронды-есептеу техникасын тиімді пайдалану геодезиялық түсірістер үдірісі және оның нәтижелерін өңдеу кезінде, күрделі масштабты түсірістер көлемінің жоғарлауы мен инженерлі-геодезялық ізденістер есебінің күрделенуі жергілікті жердің ақпаратын сан жүзінде сақталуы мен қолданылуы дәстүрлі графикалық құжаттарға қосымша немесе орнына келді. Пландар мен карталарда координата нүктелерін табудың графикалық дәлдігі орташа есеппен алғанда 0,5мм және рельефтің қимасы биіктік бойынша 1/3 құрады, ол қазіргі кездегі көптеген есептерді шығару үшін жеткіліксіз. Сонымен қатар, рельефтің детальды түрде план мен карталарда көрсетілуі және түсініктеме қағазының тығыздалып жазылуы әдетте графикалық құжаттар және баса факторлармен жұмыс істеуге шекелген.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Поклад Г.Г., Гриднев С.П. Геодезия. – М.: Академический проект, 2007. – 592 с.

2. Федотов Г.А. Инженерная геодезия. – М.: Высш. шк., 2004.- 463 с.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (8-тақырып) [1-2]