
Біздің отбасымыз.
Біздің отбасымыз онша үлкен емес. Көпшілігіміз жұмыс істейміз. Кішкентайымыз биыл мектепке барады. Бұрын біраз уақыт әжесінде болған әжесінен көп ертегі үйреніпті. Үйде әрқайсымыздың атқаратын жұмыстарымыз бар. Еңбек туралы әкемнің: «Оқыңдар, адам боласыңдар. Еңбек етіп, үлкенді сыйлау керек. Біреуге жамандық ойламаңдар», - деген сөздерін өз балаларыма айтатын болам. Әрқашан бір-бірімізге көмектесіп отырамыз. Демалыс күндері отбасымызбен таудан шаңғы тебеміз. Бұл біздің денсаулығымызды күшейтеді, көңілімізді көтереді, отбасымыздағы татулықты нығайтады.
Қыс
Биыл қыс өте салқын да емес, тым жылы да емес, өте жақсы болып тұр. Қалың қар, ауа таза. Демалыс күні далада бірнеше сағат жүріп келсең, қандай тамаша! Балалар да қыстың жақсы күндерін көңілді өткізеді. Олар аққала жасап, бір-біріне қар лақтырып, ойнайды, үсті-басы ақ қар. Бірақ балалар оған көңіл бөліп жатқан жоқ. Қыста Кәрім екеуіміз аңға шығатынбыз. Оның жасы менен үлкен. Ол мені аңшылыққа үйретті. Бір күні бізге үлкен қасқыр кездесті, біз оны соғып алдық.
Жаз.
Биыл жаз өте ыстық емес, жаңбыр жиі жауып тұр. Егін де, көкеніс те, жеміс те мол Мен атаммен, әжеммен бақшада көп еңбек етемін. Атама жеміс ағаштарының бұтақтарын көтерісіп, қияр, қызанның жапырақтарын байлаймын. Өсіп келе жатқан жемістерді суарысамын. Әжеме де арам шөптерді жұлысуға көмектесемін. Шілде, тамыз айында қарақат, бүлдірген, құлпынай піседі. Алма мен сары, қара өріктерді де осы айларда жинаймыз. Осындай еңбектен кейін суға түсіп, ыстық құмға аунап жатқан да рақат қой! Кешке жақын барып өзеннен балық ұстаймыз. Кейде кішкентай шабақтар қармаққа ілінеді. Оны мысығыма әкеліп беремін.
Көктем.
Қар еріп болды. Көктем келе жатыр. Күн жылынып, жер көгеріп келеді. Балалардың қуанышы қойнына сыймай жүр. Олардың үйге кіргілері келмейді. Ауылды жерде егін салу басталды. Мен соқаға отырып, жер жырттым. Марат трактормен егін екті. Кешке дамылсыз жамбыр жауып, жұмыс аз істелді. Бұған біз ренжідік. Бүгін күн ашылды, жұмыс қыза түсті. Күн батты, бірақ жұмыс біткен жоқ. Көмекке басқа адамдар келді. «Бірлік бар жерде, тірлік бар», - дейді халық. Бірігіп, үлкен жұмыс істедік.
Қазы.
Қазақ халқының ұлттық тағамдары көп. Әсіресе еттен жасалатын тамақтың түрлері: қуырдақ, шұжық, қарта, қазы. Қазыны сыйлы қонақ келгенде немесе ыстық қалпында әкеледі. Жылқының етті, майлы қабырғасын тұздап, бір тәуліктей ұстайды. Шекке салынған қазыны тоңазытқышта сақтап, жаңа сойылған кезіндегі дәмімен беруге болады. Жазға дейін таза, салқын жерде сақтап, сүрлеуге де болады. Ондай қазыны «сүр» қазы дейді.
Асханада.
Асханада түрлі тағамдар болады. Олар кеспе, ет, тұшпара, қуырдақ және түрлі сусындар. Сұлы ұннан шелпек, қаймақ, тоқаш, таба нан пісіреді. Сұлының дәнінен жасалған ұнтақ балаларға ең пайдалы тағам болып есептеледі.
Адам әр уақытта тамақ ішпей тұрмайды. Ол алуан түрлі болып келеді (сұлы жармадан жасалған ботқа да дәмді болады). Адамға күніне жүз грамм ақуыз, сексен грамм май, төрт жүз грамм көмірсутегі қажет. Өсімдіктен алатын сұйық май да за емес. Адамға тәулік сайын екі литр су қажет.
Қаңтар
Жыл мезгілдерінің ішіндегі ең суық мезгіл – қыс. Көптеген ақындар, жазушылар қыстың қандай болатынын әсем түрде суреттеген. Мысалы, Абай қысты қартпен салыстырады. Қыстың ең суық айы – қаңтар.
Қаңтарда Қазақстанның көп жерлерінде көбінесе аяз болады. Семейде кей жылдары қаңтар айында суық 40-45 градусқа жетеді. Мұндай суықтарда бет, қол, аяқ үсу өте жиі кездеседі. Терезенің әйнектері, ағаштар, өзен бетіндегі мұздар жарылып кетеді. Мұндай қатты аязда мектептерде оқу болмайды. Балалар, кәрі адамдар жылы үйде отырады.
Фермадағы малшылар малды қораға күтеді. Олар малды суарады, малға жем береді, малдың тұрған жерін тазартады.
Жайлау
Жыл он екі ай көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді. Әр маусымда үш ай, яғни тоқсан күн болады. Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын көктеу, жайлау, күзеу, қыстау деп атаған.
Ертеректе біздің ауыл наурыз, көкек, мамыр айларында қыстаудан қозы көш жердегі көктеуге көшіп-қонып, мал төлдететін. Содан соң жайлауға көшіп барып маусым, шілде, тамыз айларын сонда өткізетін.
Жайлау қыстаудан алыс. Оны шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерден тыңдайды. Жазда жер беті масаты кілемнің түріндей құлпырады. Халық бие байлап, қымыз ішеді, айран ұйытып, құрт жинайды, ірімшік қайнатады. Қысқа арнап азық-түлік жияды.