Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сынып, емтихан мәтіндері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
61.44 Кб
Скачать

Алтын адам

Алтын адам жатқан Есік обасынан біздің заманымыздан бұрынғы Ү–ҮІ ғасырларға тән төрт мыңнан артық бұйым табылыпты. Соның ішіндегі күміс зеренің сыртқы бетіне екі қатар етіп жазылған жазуларды ғалымдар осы уақытқа дейін белгісіз жазулар деп атайды. Қалай болғанда да, бұл –бұдан екі–екі жарым мың жыл бұрын осы жерді мекендеген адамдардың жазуы болғанын дәлелдейді. Алтын киімді адам және оның қабірінен табылған нәрселер дүниежүзілік маңызы бар жаңалық болып табылады.

Туған жер табиғаты

Менің туған жерім қандай әсем! Қандай тамаша! Айнала биік таулар,жасыл жазықтар,әдемі қызғалдақтар,сарқырап аққан бұлақ суы. Табиғаттың әсемдігіне қарап таң қаласың.

Туған жер! Мен үшін сенің әрбір тасың, әрбір аң–құсың,әрбір гүлің ыстық әрі қымбат,мен үшін сенің көк аспаның қымбат. Алысқа кетсем, мен сені сағынамын, көруге асығамын.

Мен сенің гүлдеген көктеміңді, жасыл жазыңды,сары алтын күзіңді, ақ мамық қысыңды сүйемін. Сол себептен мен туған жер табиғатын қорғаймын.

Шоқан Уалиханов

Шоқан Уалихановтың туғанына 150 жыл болуы қарсаңында көрнекті зерттеушінің мұражайын ұйымдастыруға Петербург, Омбы, Бішкек, Семей, Көкшетау мұражайларының қызметкерлері үлкен көмек берді. Ал шығыс халықтары этнографиясының мұражайы үй заттарын және қазақтың ұлттық киімдерінің үлгілерін «Алтын емелге» сыйға берді. Бұл заттарды Шоқанның әкесі Шыңғыс Петербургтегі этнография мұражайына жіберген еді. Мұражай экспозициясы келушілерге Ш.Уалихановтың өмірі мен қызметі туралы толық мағлұмат береді...

Қазақ тілі сабағы.

Жазғы каникул бітті. Оқушылар мектепке жиналды. Мектептің сырты да, іші де таза. Бөлмелердің едендері сырланған, қабырғалары ақталған. Парталар жалт-жұлт етеді. Сынып іші сондай көңілді. Біз, балалар, бір-бірімізді көріп, қуанысып, шуласып жатырмыз. Міне, қоңырау соғылды. Сыныпқа мұғалім кірді. Бәріміз орнымыздан тұрдық. Біз орнымызға отырдық. Қазақ тілі сабағы басталды. Оқушылар қазақша кітап оқыды, тақтаға жазды. Қазақша сөйледі. Сабақ қызу өтті.

Мектеп

Қазақ тілі сабақтары өте қызық өтеді. Мұғалім әрқайсысымызға талап қоя біледі. Сабақта қазақ тілінде ғана сөйлейміз. Талапқа орай көптеген жұмыс түрін орындаймыз: бір-бірімізге сұрақ қойып, орыс тіліне аударамыз, сөйлемдерге грамматикалық, морфологиялық, фонетикалық, синтаксистік талдаулар жасаймыз, диктант, мазмұндама, шағын шығарма жазамыз. Сурет бойынша әңгіме құрап, әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз, өлеңдерді жаттаймыз.

Демалыс

Біз жазда демалысқа шығарамыз. Әркім әр жаққа: біреулері курортқа, енді біреулері туыстарына барады. Досым ауылға барғанды жақсы көреді. Мен де ауылға барғанды жақсы көремін. Ауылда жақсы демаласың, туыстарыңды көресің. Ақсақалдардың жақсы әңгімелерін естисің. Біз олардың ақылды сөздерінен үлгі аламыз, есте сақтаймыз. Ауылға барғанда, кешегі жас балалардың үлкен жігіт болып қалғанын көріп, қатты қуанасың. Кейде кейбірін тіпті танымай қаласың. Олардың біразы қазір ел басқарып жүр, үлкен азамат. Бәрі оқыған, еліне қадірлі. Қолдарынан көп іс келеді. Ауылдастардың жақсы ісін көргенде, көңілің көтеріліп, қуанасың.