Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сынып, емтихан мәтіндері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
61.44 Кб
Скачать

Таза бұлақ.

Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай салқын,шынайы мөлдір өте таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу қойып қорғаныш қылып, тастың су ағар жеріне жазу жазыпты: «Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!» - деп.

Манағы үш жолаушы бұлақтан су ішіп қанған соң, жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:

  • «Сен де, адам, тынбай қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де ,мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін», - деді.

Екінші жолаушы молда екен,ол:

  • Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе деген - депті.

Үшінші жолаушы жас жігіт:

  • Көңіліңді,бойыңды осы бұлақтай таза таза сақта деген - деп жауап беріпті.

Жалқау бала

Бұрынғы кезде бір бала болыпты. Өзі жалқау екен. Ол балаға бәрі де дайын. Өйткені оның әкесі бай еді. Бір күні оның әкесі қайтыс болыпты. Бала барлық байлықты шашыпты. Ақшаны қалай болса солай жұмсапты. Сосын бір күні оның ақшасы бітіп қалыпты. Бала не істерін білмепті. Оның барлық киімі тозыпты. Сосын жаман киімін киіп,қолына дорбасын алып қайыр тілепті. Бірақ балаға ешкім тиын бермепті. Бір күні бала түс көреді. Оған әкесі түсінде: «Ақша,байлық,бақыт - бәрі еңбекпен келеді, еңбек ет», - деп әкесі ақыл береді. Бала күні – түні еңбек етіп,байып,мұратына жетеді.

Кішкентай бағбан

Кішкентай Арман жолда ойнап жүріп, бір өрік дәнін тауып алды. Өрік дәні үлкен екен. Ол атасына келіп: «Осыны ексем,шыға ма?» – деп сұрады. «Шыққанда қандай! Үлкен өрік болады. Тұқымы таза екен» – деді –атасы.Ол тұқымды екті.

Жас шыбық әдемі болып өсті. Екі – үш жылдан кейін балдай тәтті жеміс берді. Ол жылда бір–екі ағаштан егетін болды. Оның еккен ағаштары баққа айналды. Оның бағына көршілер қызығатын болды. Арман бағына қауын–қарбыз, алма, шие де екті. Оны ауыл адамдары «кішкене бағбан» деп атайды.

Менің өмірім

Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жапа сол кезде осы тауларда көшіп–қонып жүрген.

Мен Жамбыл тауының етегінде, қатты аязды күні туыппын. Мен сол жерде туғандықтан маған Жамбыл деп есім беріпті.

Тұрған жеріміз жазық дала болған.

Менің ағам,әкемнің інісі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра тартып ән салу мені қатты қызықтырды. Он төрт жасымнан домбыра тартып,ән салып ел араладым.

Мен он беске толғанда атақты Сүйінбаймен танысып, одан бата алдым.

Қияр мен капуста

Ертеде қияр мен капуста дос болыпты. Жаздың бір жылы күні екі дос суға өзенге шомылуға барады. Келген бетте қияр шешініп суға күмп беріпті де, жүзе бастапты. Капуста бір–бірлеп барлық тоқсан қабат «көйлегін» шешкенше,күн батыпты. Осыған дейін су ішінде отырған қияр қалшылдап терісі әбден күлдіреп кетіпті. Қияр қабығындағы бүршіктер, міне, содан бері пайда болыпты. Сондықтан капуста бірінші қар түскенше бақшада өсе береді. Себебі ол суықтан қорықпайды.