Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сынып, емтихан мәтіндері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
61.44 Кб
Скачать

9 Сыныпқа арналған мәтіндер

2011-2012 о.ж.

Шие тергенде

Әмина әже немерелері Жанат пен Қанатты ертіп, шие теруге орманға келді. Көп ұзамай қалың шиеге кезікті.

Жанат терген шиесін қолындағы ыдысқа салды. Қанат өзі жинаған шиесін тойғанша жеп, содан соң ойнап кетті.

Таза ауада әрі жақсы демалып, әрі шиеге тойып, олар үйлеріне көңілді оралды.

Жанат қолындағы шиесін атасына әкеліп береді. Атасы шиенің біреуін алып дәмін көрді. Жанатқа қатты риза болып, оның өзін де шие жеуге шақырды. Жанат орманда тойғанша жегенін айтты, дегенмен атасының көңілін жықпай, аузына бір-екі шие салды.

Құлын, қозы, лақ

Жаз кезі еді. Өрісте лақ, құлын, қозы кездесе кетті. Іші пысқан олар бірігіп ойнамақ болды. Сөзді ақ лақ бастады.

  • Ойынның қызығы – тауға шығу, тастан-тасқа секіру. Әрі қан тарайды, әрі етті боласың.

Қошақан айтты:

  • Секіріп, атылып ойнау – ойын емес. Ойынның ең қызығы сарт – сұрт сүзісу. Соның арқасында күшің толады,бұлшық етің қатаяды.

  • Сендердің ойындарың көңілге қонбайды. Ойнаған соң шапқылап, жарысайық. Тұра қалып төбелесейік, - деді құлын .

Үшеуі біраз дауласты. Ақыры ешнәрсеге келісе алмай, әрқайсысы өз жөніне кетті.

Нан – қасиетті тағам

Нан – дастарқан құны. Нан – тоқтық, нан – байлық. Бірақ осы асыл тағамның қасиетін кейбір балалар түсінбейді.

Бірде Сәкен мектептен келе жатыр еді. Сөмкесіндегі қатыңқырап қалған нанды алып, лақтырып тастады.

  • Ай, балам-ай, нанның қадірін білмейсің. Мына біздер, бүкіл ауыл азаматтары, егінжайда астық үшін алпарысып жүрміз. Ал сендер аппақ нанды үзіп – жұлып жеп, қалғанын жерге тастайсыңдар,-деді ренжіп әкесі. Ол үндемей келе жатты да:

  • Кешір, көке! – деп артына қарай жүгіре жөнелді де, жаңағы тастаған нанын алып келді.

Жалғыз алма.

Күздің ашық бір күнінде Оля мен Нина бақта қыдырып жүрді. Алма ағаштарының жапырақтары жерге түсіп, аяқ астында судырап жатыр. Алма бұтақтарында бірен-саран сарғайған жапырақтар көрінеді.

Қыздар бір үлкен алма ағаштың қасына келді. Сары жапырақтар арасында тұрған қызыл алманы көрді.

  • Қалай ғана қалып қойды екен? – деді Оля таңданып.

  • Қазір біз оны жұлып аламыз, - деді Нина.

Қыздар алманы жұлып алды. Алманы қолдарына ұстап қарағысы келді.

Оля алманы өзі алғысы келді, бірақ оны айтуға сіңілісінен ұялды.

Нина да алманы алғысы келді, бірақ айтуға апасынан ұялды.

  • Оля, алманы сен ала ғой, - деді Нина.

Алма қолдан қолға өтті. Қыздар келісімге келмей-ақ қойды. Ақыры олар шешесіне жүгіріп келіп, алманы ұсынды.

Шешесі алманы қақ бөліп, әрқайсысына жарты алмадан берді.

Қара алтын деген не?

Алтын дегеніміз не? Алтын – сары түсті металл. Сондықтан адамдардың тіршілігі үшін өте қажет астықты «алтын дән», «алтын астық» дейді. Ал кәдімгі ақ ұлпа мақтаға «ақ алтын» деп ат қойған. Өйткені ақ матадан жіп иіреді. Жіптен мата тоқиды. Ал матадан неше түрлі киім тігеді.

Қара алтын деген не? Ол – көмір. Көмірдің түсі қара, бірақ пайдасы өте мол. Көмірмен үй жылытады. Көмір электр жарығын береді.Егіс даласындағы трактор, комбайн, автомобильдер, аспанда ұшып жүрген ұшақтар заводта жасалады. Бұларды жасау үшін темір рудаларын үлкен пештерде қорытады.

Құрыш қорытушының домна пешіне жағатыны – көмір.

Сондықтан халқымыз көмірді «қара алтын» деп атайды ...