
- •3.Классикалық әдебиет
- •4. Қазақстан экологиясы
- •Семей сынақ алаңының зардаптары
- •Арал теңізі
- •5. Бесінші сабақ Адам және табиғат
- •Саяхат және туризм
- •Туризмнің даму тарихы
- •Қазақстандағы туризм
- •Сегізінші сабақ тоғызыншы сабақ Кемел көшбасшы
- •Оныншы сабақ Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда
- •Он бірінші сабақ Қазақстан – Азия барысы
- •Тәуелсіз Қазақстанның дамуы
- •Он үшінші сабақ Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Он төртінші сабақ
- •Он бесінші сабақ Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
Бірінші сабақ.
Қазақ өнері
Әрбір халықтың өнері сол халықтың өзімен бірге өмір сүретін құбылыс. Өнердің түрлеріне музыканы, театрды, сәулет өнерін, әдебиетті жатқызатын болсақ, халық тарихының әр кезеңінде олар дамып отырған. Халықтың өзімен бірге келе жатқан ежелгі өнерлерінің бірі – ән өнері.
Зерттеушілердің айтуынша ән алғашқы қауымдық құрылыстан бері белгілі. Бұдан кейінгі кезең – авторлық әндердің кең таралуы. Қазіргі кезде авторлық әндер бүгінгі мәдениеттің ірі бөлігіне айналған. Қазақ әндеріне келсек, Біржанның, Ақанның, Абайдың, Мәдидің, Иманжүсіптің әндері алғашқы ұлттық авторлық әндер. Бүгінде ән өнері тақырыптық жағынан да, жанрлық жағынан да айрықша дамыды. Халқымыздың өнер тарихында әнмен бірге күйдің де орны ерекше. Күй өнері ертедегі Қорқыт ата заманынан басталады. Күй – қазақ халқының айрықша өнері. Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Тәттімбеттің күйлері – классикалық өнердің үлгілері. Классикалық күйлер мен әндер ұлттық опера өнерінің тууына негіз болды. Сөйтіп, еуропалық опера қазақ жерінде ұлттық музыка арқылы өрістеді. Халық әндері мен күйлері кино өнерінде де кеңінен пайдаланылды.
Қазақ киносы жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары дүниеге келді. Алғашқы қазақ кинотуындысы – «Аманкелді» көркем фильмі. Бұл фильмнің сценариін Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов жазған. Бұдан соңғы кезеңдерде атақты режиссер, әрі актер Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Алдар көсе», «Тақиялы періште» сияқты фильмдері, Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым -Қожа» фильмі, Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмі сияқты әйгілі туындылар жарық көрді. Осы фильмдерде ұлттық ұлттық өнеріміздің, жалпы ұлттық болмысымыздың келбеті тамаша суреттелді. Бұл фильмдер осы күнге дейін өзінің көркемдігімен көрерменін баурайды.
Қазіргі кезде жалпы қазақ өнері сияқты қазақ киносы да ізденістер үстінде. Тәуелсіздік кезінде түсірілген белгілі фильмдер қатарында «Көшпенділер», «Фара», «Аккордеонистің балалық шағы» және тағы да басқа фильмдерді атауға болады. Сонымен бірге қазіргі қазақ киносының ерекшелігі ретінде шетелдік режиссерлермен, киностудиялармен бірігіп дайындалған фильмдерді де атап өткен жөн.
Ұлттық өнер – жалпы халықтың рухани дамуы мен жаңғыруының көрінісі. Сондықтан әр кезеңде ол жаңа қырынан көрініп, дамып отырады.
Сөздік
құбылыс – явление
кезең – период
ежелгі – древний
алғашқы қауымдық құрылыс – первобытная община
ірі бөлігі – большая часть
кеңінен пай даланылды – широко использованна
музыка арқылы өрістеді – развивались посредством музыки
айрықша – особенно
негіз – основа
күй – кюй
халық әні- национальная песня
келбет – облик
көрерменін баурайды – увлекает своего зрителя
ізденістер үстінде – в исканиях
жаңғыруы – возрождения
жаңа қырынан – с новой стороны
кеңінен пайдаланылды – широко использованы
көрініс – вид
ЕКІНШ САБАҚ
Ұлттық әдебиет
Әрбір халықтың өз дәстүрі, мәдениеті болатыны сияқты, әдебиеті де болады. Әдебиетті сол халықтың «сөз өнері» деп атайды. Ұлттық әдебиетте елдің, халықтың тұрмысы бейнеленеді. Қазақтың ұлттық әдебиеті қазақ хандығы қалыптасқан кезеңінен бері белгілі. Қазақ хандығы ХV ғасырда қалыптасқан болатын. ХV - ХVІІІ ғасырлардағы қазақ мемлекеті тұсында жыраулар поэзиясы күшті болды. Қазтуған жырау, Асан Қайғы жырау, Марғасқа жырау, Жиембет жырау, Үмбетей жырау, Бұқар жырау – қазақ әдебиетінің алғашқы өкілдері. Бұлардан соң ақындар поэзиясы қалыптасты. Махамбет, Майлықожа, Дулат сияқты ақындардың шығармаларында отаршылдыққа қарсылық жырланды. Бұл ақындардан соң қазақтың ұлттық әдебиетіне Ағартушылық кезең келді. Оның көрнекті өкілдері Ыбырай Алтынсарин, Абай, Шәкерім Құдайбердіұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Олардың шығармаларында дін, оқу-білім, мәдениет мәселелері жырланды.
ХХ ғасырдың басында Алаш қозғалысы қалыптасты. Соған орай, әдебиетте азаттық идеялары көтерілді. Осы кезеңді «Алаш әдебиеті» деп атайды. Ахмет Байтұрсынұлы, Ғұмар Қараш, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Қошке Кемеңгерұлы Алаш әдебиетінің көрнекті өкілдері. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы – ұлттық идеялардың орнына коммунистік идеологияны әкелді. Кеңес өкіметі тұсындағы әдебиетте Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов сияқты қаламгерлер белсенділік танытты.
1960 жылдардан бастап Қазақстанда жаңа көркем әдебиет қалыптаса бастады. Осы кезеңде Ілияс Есенберлин, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин және тағы да басқа аса дарынды ақындар мен жазушылар әдебиетке келіп, қазақ әдебиетінің жаңа дәстүрін бастады.
Қазіргі кезде қазақ әдебиеті жаңашыл ізденістер үстінде.
Сөздік
Әрбір халықтың – у каждого народа
сөз өнері – словесное искусство
халықтың тұрмысы – быт народа
бейнеленеді – изображается
хандығы қалыптасқан – становления ханства
кезеңінен бері –с периода
жыраулар поэзиясы – поэзия жырау
күшті болды – было мощным
алғашқы өкілдері – первые представители
бұлардан соң – после них
отаршылдыққа қарсылық – против колонизации
Ағартушылық кезең – эпоха Просвещения
көрнекті өкілдері – выдающиеся представители
тұсындағы – в период
белсенділік танытты – проявили активность
жаңа көркем әдебиет – новая художественная литература
жаңа дәстүрін бастады – начали новую традицию
жаңашыл ізденістер – новые искания
3.Классикалық әдебиет
Қазақтың жазба әдебиеті мен бергі мәдениетінің алғашқы ұлы тұлғалары Ыбырай Алтынсарин мен Абай. Осы екі тұлға да өздерінің ағартушылық идеялары арқылы халықты білімге, мәдениетке үндеді.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысында туған. Оның әкесі ерте қайтыс болған. Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиеленді. 1850 жылы Балғожа өзінің немересін мектепке оқуға береді. Мектепте ол алғаш рет татар тілінде оқиды. Кейін ол оқуды орыс тілінде аяқтады. Ыбырай жетіжылдық мектепті бітірген соң, туған халқы үшін қызмет істеді. Ол қазақ балаларына арналған алғашқы мектептер ашқан.
Ұлы педагог 1879 жылы мектеп оқушыларына арнап «Қазақ хрестоматиясы» мен «Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы» деген екі кітап жазып, жариялады. Оның балаларға арналған өлеңдері мен әңгімелері қазіргі уақытқа дейін өзекті. Олардың ішінде «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімелері мен «Кел, балалар, оқылық!», «Жаз», «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңдерін ерекше атауға болады. Қазақ халқы Ы.Алтынсаринды тұңғыш педагог ретінде жоғары бағалайды.
Абай – ұлы ақын, ойшыл, жаңа жазба әдебиетінің негізін салушы. Ол Семей облысындағы Шыңғыстау өңірінде атақты би Құнанбайдың отбасында дүниеге келген. Әкесі Құнанбай баласының тәрбиесіне, білім алуына үлкен көңіл бөлген. Ол Абайды алдымен медресеге, кейін орыс мектебіне оқуға береді. Он үш жасында Абайды әкесі ауылына қайтарып, ел билеуге баулыды.
Абай өте дарынды, білімді бала болған, Үш айдың ішінде орыс тілін үйреніп, орыс классиктерінің шығармаларын өз еркімен оқиды. Кейін олардың бірқатарын қазақ тіліне аударады. Мысалы, Ю.Лермонтовтың «Теректің сыйы», Пушкиннен «Татьянаның әні», И.Крыловтың «Құмырсқа мен шегіртке» шығармаларын т.б. аударған.
Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайдың тәрбиесінде үлкен рөл атқарған. Олардың айтқан әңгіме, ертегілерін кішкентай Абай бар ынтамен тыңдап өскен.
Абайдың табиғатқа арналған ғажап өлеңдері бар. Олар: «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым» деп аталатын жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері. Махаббат тақырыбына арналған өлеңдері де бар. Мысалы, «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас», т.б. Проза түрінде жазылған 45 қара сөзі бар. Бұл қара сөздері діни мазмұнда, философиялық тұрғыда жазылған.
Біз Абайды данышпан ақын, философ, қайраткер ретінде танимыз. Оның өз халқына арнаған орасан еңбегі үшін қазақ елі оны айрықша ардақтаған.
С
өздік
бүгінге дейін – до сегодняшнего дня
бағалау – ценить
тілмаш – переводчик
туды – родился
жетіжылдық – семилетний
тәрбиелік мәнін жойған жоқ – не потерял воспитательное значение
салдырды – построил
ерте – рано
атқарды – выполнял
дарынды – одаренный
дүниеге келді – родился
тәрбиесіне – воспитанию
сауаттылығына – грамоте
қалаған – желал
алдымен – сначала
баулыды – приучил
өз еркімен – по своей воле
ынтамен – с желанием
бас тартады – отказывается
күреседі – борется
жарқын өмірге – светлой жизни
ата-ана міндетіне – родительским обязанностям
жас ұрпақ – молодое поколение
ғажап – прекрасное
танимыз – узнаем
орасан еңбегі – большие труды
сүйеді – любит
суреттейтін – описывающий
ұмытпайды – не забудет