Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
diskretka lekciya.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
8.34 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Физика және математика факультеті

«Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасы

«ДИСКРЕТТІК МАТЕМАТИКА»

ПӘНІНІҢ студенттерге

АРНАЛҒАН ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Мамандығы: 050703 - Ақпараттық жүйелер

050704 - Есептеу техникасы және ПҚ

Кокшетау-2010 ж.

Студенттерге арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) осы мамандықттардың ҚР МЖМБС 3.08.329-2006, ҚР МЖМБС 3.08.33-2006 Мемлекеттік стандартына сәйкес құрылған.

Құрастырған «Ақпараттық жүйелер және ЕТ» кафедрасының аға оқытушысы Омиртай А.

«Дискретті математика» пәні болашақ инженерлердің математикалық білімінің бөлінбес бір бөлігі болып саналады. Компьютерлерді жасау және пайдалану программалау тілдері, ақпаратты өңдеу және тарату жабдықтары, автоматтандырылған басқару және жобалау жобалау жүйелері мамандарының зерттеу жұмыстары үшін дискретті математика әдістері негізгі құрал, ал дискретті математика тілі осы мәселелер бойынша пайдаланатын ғылыми және техникалық тіл болып табылады.

Пәнді оқытудағы мақсат студенттерді қолданбалы есептерді шығаруға бағытталған, математикалық әдістермен модельдердің, тілдердің өзара тығыз байланысқан жиынтығы ретінде қарауға болатын математикалык аппаратпен қаруландыру.

Пәнді оқып білудегі мақсат - логикалық функциялар, алгоритмдер, графтар, кодтау теорияларының негізгі ұғымдарын білу; программалау процесінде жасанды интеллект есептерін шығаруда, программалардың дұрыстығын дэлелдеуде молдельдеуді пайдалануға дағдылану.

«Дискретті математика» пәнін оқып білу үшін жоғары математиканың бірқатар бөлімдерімен таныс болуы және алгоритмдерге программалар құру дағдысы болу керек

«Дискреттік математика» ПӘНІНІҢ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ/ Омиртай А. Көкшетау, Ш.Уәлихнанов атындағы КМУ-баспасы, 2010, 123 бет.

© Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Мазмұндама

Тапсырмалар нұсқалары 95

Н.4.07-03

Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

«Бекітемін»

Факультет деканы

_______ Мусабаев К.К.

(қолы) (аты-жөні, тегі)

«16» қазан 2007ж.

Студенттерге арналған пәннің

БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)

Пән: Дискреттік математика

Мамандығы: 050703- Ақпараттық жүйелер

050704- Есептеу техникасы және программалық қамтама

Көкшетау -2007 ж

Студенттерге арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) осы мамандықттардың ҚР МЖМБС 3.08.329-2006, ҚР МЖМБС 3.08.33-2006 Мемлекеттік стандартына сәйкес құрылған.

Құрастырған «Ақпараттық жүйелер және ЕТ» кафедрасының аға оқытушысы Омиртай А.

«Ақпараттар жүйесі және есептеу техникасы» кафедрасының отрысында бекітілген

«10» 09. 2007 ж. / Хаттама № 2

«Ақпараттар жүйесі және есептеу техникасы» кафедрасының меңгерушісі:

Нұрымбетов Ә.Ү. _________

Факультеттің оқу әдістемелік комиссиясымен келісілген

«16» қазан 2007 ж. Хаттама № 2

Оқу әдістемелік комиссия төрағасы _________ Аубакиров Т.

( қолы)

Ақпараттық жүйелер, Есептеу технткасы және программалық қамтама мамандықтарында оқитын студентерге арналған “Операциялық жүйелер” пәні бойынша оқу бағдарламасы (SYLLABUS) /Дайындаған Омирай А. – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 2007.

© Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

1. Оқытушы жөнінде мәлімет:

Оқытушы: Омиртай Айбек

«Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасының аға оқытушысы

Жұмыс орны: Ш.Уалиханов атындағы КМУ

«Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасы 312 кабинет.

Жұмыс телефоны: 25-53-06

E-mail: omirtai_aibek

Консультация уақыты: 14.00-дан 16.00-ге дейін

2. Пән жөнінде мағлұмат

2.1 Оқу жоспарынан көшірме

курс

семместр

Кредит

саны

Дәріс сағаты

Практ, семинар сабақтарының сағаты

СОӨЖ

сағат саны

СӨЖ Сағатсаны

Барлығы

Бақылау формасы

3

4

3

30

15

45

45

135

емтихан

3. Пәннің алдында оқытылған пәндер (переквизиттер)- «Дискретті математика» Ақпараттық технологиялар студенттер үшін базалық пән болып саналады және төртінші семестрде оқытылады. «Дискреттік математика» пәнін оқып білу үшін студенттер сызықтық алгебра , аналитикалық геометрия сияқты жоғары математиканың бірқатар бөлімдерімен таныс болуы және алгоритм-дерге программалар құру дағдысы болуы керек.

4.Пәннен кейін оқылатын пәндер (постреквизиттер)-Базалық курс болып саналатын «Дискреттікматематика» пәнінде оқылатын мәселелер студенттерге жалпы техникалық және программалаудың алгоритмдік тілдері, жүйелік программалау, программалар мен жүйелерді жобалау, мәліметтер және білім базалары, интеллекті ақпараттық жүйелер сияқты ақпараттық технологиялар бойынша оқытылатын арнаулы пәндерді қабылдап ұғынуға теориялык негіз қалайды.

5. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Мақсаты; міндеттері; пәннің қысқаша мазмұны; пәнді меңгергеннен кейін студент нені білуі керек

Пәннің оқытылу мақсаты. Компьютерлік ғылымның теориялық фундаменті болып саналатын дискретті математика ақырлы сипаттағы құрылымдар қасиеттерін зерттейтін математиканың бір саласы болып саналады. Оның жедел қарқынмен дамуы есептеу техникасын, ақпаратты өңдеу, тарату жабдықтарын жасау және табиғатында ақырлы құрылымды модельдерді компьютерде бейнелеу қажеттігімен байланысты. Компьютерлерді жасау және пайдалану-программалау тілдері, ақпаратты өңдеу және тарату жабдықтары, автоматтандырылған басқару және жобалау жүйелері мамандарының зерттеу жұмыстары үшін дискретті математика әдістері негізгі құрал, ал дискретті математика тілі осы мәселелер бойынша пайдаланылатын ғылыми және техникалық тіл болып саналады.

Пәнді оқытудағы мақсат студенттерді ақпараттық технологияда кездесетін қолданбалы есептерді шығаруға бағытталған, математикалық әдістермен модельдердің, тілдердің өзара тығыз байланысқан жиынтығы ретінде қарауға болатын математикалық аппаратпен қаруландыру. Студенттерде ақпараттану саласындағы проблемаларды дұрыс қою және шеше білуге қажетті теориялық фундамент қалыптастыру, логикалық функциялар, алгоритмдер, графтар, кодтау теорияларының негізгі ұғымдарын білу, программалау процесінде жасанды интеллект есептерін шығаруда, программалардың дұрыстығын дәлелдеуде модельдеуді пайдалануға дағдыландыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]