
- •1. Сапа түсінігінің анықтамасы
- •2. «Менеджмент» түсінігі және оның ерекшелігі.
- •1. Сапа Менеджмент жүйесінің талаптары
- •2. Құжаттамаға талаптар
- •Iso 9001 халықаралық стандартын енгізу артықшылықтары
- •2 Аудит кезіндегі өткізілетін шаралар
- •6 Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •6.1 Негізгі әдебиеттер
- •6.2 Қосымша әдебиеттер
Iso 9001 халықаралық стандартын енгізу артықшылықтары
Алдыңғы қатарлы отандық және батыс компаниялары сапа менеджмент жүйесін енгізуден пайданы жоғары бағалады. Бүгінгі таңда ISO 9001 сертификатын кез-келген мекеме ала алады. Сапа менеджмент жүйесін енгізуге шығындар кейін пайда әкелетін инвестициялар болып табылады.
СМЖ Компанияның қызметін тұрақты жақсарту үшін, тұтынушы қанағаттануын арттыру үшін және басқа құзыретті жақтардың талаптарын орындау арқылы қанағаттандыру механизмін орнатады.
Сапа менеджмент жүйесін ISO 9000 сериялы халықаралық стандарт бойынша сертификаттай отырып, мекеме өзінің кәсіби біліктілігін дәлелдейді, компанияның беделі мен абыройы артады. Жоғарыда айтылғандай, ISO сертификаты тендерге қатысу кезінде басымдылық береді және халықаралық нарықта жұмыс жасау үшін қажет.
Осылайша, сапа менеджмент жүйесін енгізуден келетін пайда айдан анық.
Бақылау сұрақтары:
1. Тұрақты жақсарту
2. Бағалау мен диагностикалауды өткізу қандай негізгі шаралардан тұрады?
Дәріс №14
Тақырыбы:Сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жұмыстарын жүргізу тәртібі
Дәріс мақсаты:Студенттерге сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жұмыстарын жүргізу тәртібін үйрету
Жалпы мағлұматтар
Аудит - тәуелсіз құжатталған талдау.
Аудит дегеніміз – аккредиттелген органдардың және сынау зертханаларының жүйелі сәйкестікті растау жөніндегі тәуелсіз құжатталған талдауы. Сондай – ақ сертификатталған өнімнің, қызметтің, үрдістің, сапа менеджменті жүйесінің қойылған талаптарға сәйкестігін өтінім берушінің ұсынысы бойынша өткізілетін бақылау.
Сапа жүйесінің аудиті ұйымның сапа жүйесінің жұмысының тиімділігін жеке элементтерін бақылау әдістері көмегімен бағалау үшін керек.
Процестердің аудиті барысында бекітілген технологиялар мен ережелерге сәйкес орындалғаны бағаланады.
Ал өнім аудитінде өнімді өндіру әдістері мен құралдары сәйкестігі бекітіледі.
Аудиттің екі түрі бар: ішкі және сыртқы.
Ішкі аудит – ұйымның ішінде арнайы оқытылған қызметкермен жүргізіледі. Оны кейде бір жақты аудит деп те атайды және сәйкестік декларациясының негізі бола алады. Ол жұмыс қалпы туралы ақпаратты ұйымды сапамен қамтамасыз етумен алу үшін керек. Ол сондай-ақ сапаны өзіндік қадағалаудың негізгі элементі болып табылады.
Сыртқы аудит –ұйымды сапамен қамтамасыз ету бойынша шаралардың дұрыстығын тексеру үшін керек. Сыртқы аудитті арнайы шақырылған мамандар екінші немесе үшінші тұлға жүргізеді. Оны кейде екінші жақты аудит деп те атайды.
Аудит құжаттамасына: жоспар, аудит хаттамалары, сәйкес келмеушіліктерді тіркеу хаттамалары, анкеталар мен есеп берулер кіреді.
Егер сапа менеджменті жүйесі мен экологиялық менеджмент аудиті бір уақытта жүргізілсе, ол кешенді аудит деп аталады.
2 Аудит кезіндегі өткізілетін шаралар
1 кезең.Аудиттің басталуы:
2 кезең.Құжаттаманың талдауын жүргізу.
3 кезең.Аудитті орнында жүргізуге дайындау:
4 кезең.Аудитті орнында жүргізу:
5 кезең. Аудит бойынша есеп беруді бекіту жән тарату
Ол аудит бойынша есеп беруді дайындау, бекіту және таратудан тұрады.
6 кезең. Аудиттің аяқталуы
Бақылау сұрақтары:
1. Аудит дегеніміз не?
2. Аудиттің қандай түрлері бар?
3. Кешенді аудит дегеніміз не?
4.Аудит кезінде өткізілетін шаралар қандай?
Дәріс №15
Тақырыбы:Сапа менеджменті жүйесін енгізудің экономикалық тиімділігін бағалау
Дәріс мақсаты:Студенттермен сапа менеджменті жүйесін енгізудің экономикалық тұрғыдан тиімді ма, жоқ па екенін талдау
Жалпы мағлұматтар
Қазіргі уақытта кәсіпорынның көпшілігі қатты бәсекелестік жағдайларында ішкі және сыртқы нарықта маңызды экономикалық жетістіктерге тек шығарылатын өнімнің сапасын ұдайы жақсарту жолымен жетуге болатындығын ұғынды. Сондықтан соңғы үш-төрт жылдықта кәсіпорындарда 9000 сериялы ИСО талаптарына сәйкес сапа жүйесін (СЖ) жасау, енгізу және сертификаттау бойынша қызметтер елеулі белсендірілді. Бірақ мамандардың зетттеулері мен тәжірибеде СМЖ сертификаттау бойынша қарқынды жұмыстарына қарамастан кәсіпорындардың бірқатарының пайда, рентабельділік, өнімнің өзіндік құнын төмендету, еңбек өнімділігін көтеру, сату көлемін жоғарылату сияқты экономикалық көрсеткіштердің жақсаруына мүмкіндігі жетпегендігі көрсетіледі.
СМЖ жасау және сертификаттау негізінде жоғары экономикалық жетуге кедергі келтіретін 3 себеп бар.
Бірінші себеп- бұл кәсіпорын басшылығының мақсаттарды дұрыс құрмауы. Сапаны қамтамасыз ету бойынша шаралар жүргізу туралы басқарылатын шешім қабылдай отырып, олар тұтынушылар сұранысы мен күтулеріне сәйкес өнімнің сапасына кепілдік беретін СМЖ тиімді жүзеге асуына жол беруді емес, сертификат, куәлік алу мақсаттарын қарастырады.
Жоғары экономикалық көрсеткіштерге жетуге кедергі келтірудің екінші себебі болып 1994 ж. версиялы ИСО стандарттарында сапаға шығындарды басқару талаптары міндетті болмағандықтан 9000 сериялы МС ИСО енгізетін кәсіпорындардың көпшілігі сапаға шығынды есепке алмау жұмыстары табылады. 2000 ж. версияда СЖ элементі түріндегі сапаға шығындарды міндетті есепке алу енгізілді. Мұндай есеп берудің енгізілуі әрекет етуші формалар сапаға шығынның тек бір элементін есептейтін болғандықтан бухгалтерлік есеп берудің жаңа формасын жасауды қажет етеді-ақаудан құтылу. Сапаға шығындардың жаңа басқарылатын есеп беруін енгізу көп еңбек сіңіреді және материалдық шығындарды қажет етеді.
Үшінші, экономикалық тиімділікке жетуге кедергі келтіретін маңыздырақ себеп кәсіпорындарда СЖ жасау, сертификаттау және жұмыс істеу экономикалық тиімділігін сандық бағалаудың сенімді әдісінің болмауына негізделеді. Оның жүзеге асырылуы алдыңғы екеуінің болуымен байланысты.
Швейцариялық экономистердің әдістеріне сәйкес сапаға шығындарды екі категорияға бөлуге болады:
енгізу және ағымдық шығындары.
Енгізу шығындары кәсіпорынның СМЖ сертификаттаумен байланысты бір жолғы шығындарды, яғни сертификаттау бойынша органдардың қызметіне төлеу шығындарын көрсетеді. Ереже бойынша ішкі органмен СМЖ сертификаттауға бағаның қалыптасуы келісім негізінде болады, сондықтан шығынның осы элементін табу қиынға соқпайды.
ИСО 9000 сериялы ХС енгізумен байланысты ағымдық шығындарды нақты анықтау қиын. Бұл стандарттар СЖ жасау, енгізу және сертификаттау (соның ішінде стандарттарды енгізу) бойынша қызметтерге кәсіпорынның барлық жұмысшыларын қатыстыруға негізделеді, демек, осы шығындар кәсіпорынның жұмыс жасауы кезінде пайда болатын ағымдық шығындарға жатады.
Бақылау сұрақтары:
1. СМЖ жасау және сертификаттау негізінде жоғары экономикалық жетуге кедергі келтіретін қанша себеп бар?
2. Швейцариялық экономистердің әдістеріне сәйкес шығындар категориясы қандай?
3. Үшінші себеп қандай?